Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер



ЖОСПАР

КІРІСПЕ.

I. Тіршіліктану пәнінен білім беру және тәрбиелеудің педагогикалық.психологиялық аспектілері.
1.1 Тіршіліктану пәніне арналған оқу бағдарламасының құрылым ерекшеліктері.
1.2 Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелері, мұғалімнің іс.әрекеті.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ.Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер.
2.1 Креоцианизм теориясы.тіршіліктің табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте пайда болуы.
2.2 Тіршіліктің өздігінен пайда болу теориясы.
2.3 Тіршілік мәңгілік . «Тұрақты күй» теориясы.
2.4 Панспермия теориясы.
2.5 Биохимиялық эволюция теориясы.
III. Тіршіліктану пәнінен «Кіріспе» тақырыбын оқытуға арналған әдістемелер мен тәсілдер.
3.1 «Кіріспе» тақырыбындағы оқушыларға қалыптастыратын ұғымдар және тақырыпты оқыту әдістері мен тәсілдеріне жалпы сипаттама.
3.2 Күнтізбе жоспары.
3.3 Тақырыпқа арналған екі сабақтың әдістемелері.

IV. ҚОРЫТЫНДЫ.

V.ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе

Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған. Тіршіліктің пайда болуы, оның шығу тегі адамзатты ерте заманнан бастап-ақ толғандырған. Оған дәлел көне Грек ғалымдары мен философтарының еңбектеріндегі тіршіліктің пайда болуы туралы алуан түрлі ойлар мен тұжырымдамалар, болжамдар болып табылады. Мысалы, Аристотель, Қытай философтары, Үнді философтары осы мәселе бойынша бүткіл ғұмырында айналысқан.
Тіршіліктің даму тарихын оқып білуде әдетте доктринаға сүйенеді. Доктрина - саналы түрде, соқыр сеніммен бір ілімнің, қандайда бір болмасын сенімнің жолын ұстаушылық болып табылады. Мәселенің бабына бұл жолмен жету ғылымнан алшақ жатыр және ол ой - өріске қиянат жасау болып табылады.
Сондықтан жұмыстың барысында мектеп оқушыларына осы проблема бойынша білім қалыптастыруда тіршіліктің шығу теориясының көпшілікке танымал жорамалдары қарастырылып, сонымен бірге оқушылар тіршіліктің дамуы туралы алуан түрлі көзқарастар мен таныса алады.
Тіршіліктің пайда болу теориялары мен болжамдарының алуан түрлі нұсқалары қарастырылып семинар сабағында талқыға салынады. Түрлердің пайда болу жолдары туралы мәліметтер беріледі.
Теориялардың негізінде алған тұжырымдамалары тек ой жүзінде ғана қабылданады, себебі тіршіліктің пайда болу кезеңіндегі болған іс - әрекеттер мен оқиғаларды көрнекті түрде дәлелмен, суретін дәл күйінде беру мүмкін емес. Бұл жағдай ғылыми және теориялық болжамдардың құрылымына тән көрініс. Дегенменде эволюциялық теорияны - барлық ғылыми болжамдардың жиынтығы ретінде көп жұртшылық қабылдайды.
Тақырып бойынша оқушыларға білім беруде мұғалімнің көздеген негізгі мақсаты, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз беттерінше тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарасты таңдай білуге үйрету. Жұмыстың екінші бөлімінде, тірі ағзалардың пайда болуымен алуан түрлілігін, бір-бірімен тығыз байланыстағы құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда сипаттайтын тұрғыда берілген.
Осылай бола тұра тіршіліктің пайда болу көрінісін дәл мағынасындағы ақиқат деуге де болмайды, басқа да проблемаларды шешуде кездесетін күрделі жағдайлар сияқты бұл мәселені, жаратылыс ғылымдарына немесе метафизикаға жататыны дәл мағынасында анықталмаған.
Тіршіліктің дамуына, оның көріністеріне қабылдауға болатын болжамдар нәтижесінде мейлінше көптеген дәлелдемелер келтіріп нақты гипотезалық сипат берілді. Жалпы жұмыстың барысында қозғалған мәселелер бүгінгі күн талабына сай, адамзаттың көзқарасына сай берілген. Ал көзқарастардың алуан түрлілігі әрбір адамның білім деңгейіне рухани жан дүниесіне байланысты қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Богданова Т.Л: Задания и упражнения. Пособие для поступающих в вузы. М:Высшая школа,1991.
2. Беляев Д.К. и др. Общая биология.М: Прсвящение.1973.
3. Бернал Дж. Возникновение жизни.М: Мир 1969
4. Боген Г.Современная биология М:Мир 1970.
5. Воронцов Н.Н.Сухорукова Л.Н.Эволюция органического мира:
Факультатив.Курс: Учеб. Пособие для 9-10 кл. Сред.Шк. М: Прсвещение,0991. 223 с.
6. Верзилин Н.М.Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии.М: Просвещение,1976.
8. Дарвин Ч.Происхождение видов М: Сельхозгиз,1952
9. Грин Н.,Стаут У, Тейлор Д, Биология М: Мир1990
10. Заводский К.М. Вид и видообразования. Л. Наука 1968
11. Заводский К.М. Развитие эволюционной теории после Дарвина Л:Наука 1973
12. История эволюционных учений в биологии . Под. Ред. В.И. Полянского и Ю.И. Поланского М: Наука 1966
13. Касымбаева Л,Аманжолова. Тіршіліктану. Алматы. Рауан 1997
14. Ковалев Н.Е, Шевчук Л.Д,Щуренко О.И. Биология. М: Высшая школа.1986
15. Корсунская. В.М Жалпы биология сабақтары. Алматы. Мектеп 1980
16. Кулев А.В. Общая биология. Санкт Петербург. Паритет 2001
17. Кемп П. Армс К. Введение в биологию. Пер. с англ. М.1988.671 с.
18. Комиссаров Б.Д. Метологические проблемы школьного биологического образования. М: Просвещение. 1991. 159 с. 19. Мамонтов С.Г. Биология. М: Высшая школа.1991
20. Мамонтов С.Г., Захаров В.Б., В.Б.
21. Методика обучения разделу «Эволюция» в школьном курсе общей биологии. Ярославль; ЯГПИ им. К:Д: Ушинского,1992
22. Общая биология: Учебник для 10-11 кл. Средней школы под ред. Ю.И.Полянского. М: Просвещение,1991
23. Общая биология: Учебник для 10-11 кл. Школ с углубленным изучением биологии под ред. А.О. Рувинского М: Просвещение, 1993
24. Опарин А.И. Присхождение жизни на земле. М: Медицина, 1965
25. Под редакцией Беляева К., Керкиса Ю.Я. Общая биология. М: Просвещение 1973
26. Полянский Ю.И. Жалпы биология. Алматы. Мектеп. 1988
27. Северцов А.Н. Главные направления эволюционного процесса М: Издательство МГУ, 1967
28. Савременные проблемы эволюционной теории. Под ред. Поляеского В.И. и Полянского Ю.И. Л: Наука. 1967
29. Тимофеев-Ресовский Н.В. , Яблоков А.В. Микроэволюция. Серия «Биология». М: Знание, 1974
30. Яблоков А.В., Юсупов А.Г. Эволюционное учение. М: Высшая школа.1976

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ.

I. Тіршіліктану пәнінен білім беру және тәрбиелеудің педагогикалық-
психологиялық аспектілері.
1.1 Тіршіліктану пәніне арналған оқу бағдарламасының құрылым
ерекшеліктері.
1.2 Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты
қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелері, мұғалімнің іс-әрекеті.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ.Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы
мәліметтер.
2.1 Креоцианизм теориясы-тіршіліктің табиғаттан жоғары күштің әсерінен
бір мезетте пайда болуы.
2.2 Тіршіліктің өздігінен пайда болу теориясы.
2.3 Тіршілік мәңгілік – Тұрақты күй теориясы.
2.4 Панспермия теориясы.
2.5 Биохимиялық эволюция теориясы.
III. Тіршіліктану пәнінен Кіріспе тақырыбын оқытуға арналған
әдістемелер мен тәсілдер.
3.1 Кіріспе тақырыбындағы оқушыларға қалыптастыратын ұғымдар және
тақырыпты оқыту әдістері мен тәсілдеріне жалпы сипаттама.
3.2 Күнтізбе жоспары.
3.3 Тақырыпқа арналған екі сабақтың әдістемелері.

IV. Қорытынды.

V.Әдебиеттер.

Кіріспе

Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі,
оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта
биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған. Тіршіліктің пайда болуы,
оның шығу тегі адамзатты ерте заманнан бастап-ақ толғандырған. Оған дәлел
көне Грек ғалымдары мен философтарының еңбектеріндегі тіршіліктің пайда
болуы туралы алуан түрлі ойлар мен тұжырымдамалар, болжамдар болып
табылады. Мысалы, Аристотель, Қытай философтары, Үнді философтары осы
мәселе бойынша бүткіл ғұмырында айналысқан.
Тіршіліктің даму тарихын оқып білуде әдетте доктринаға сүйенеді.
Доктрина - саналы түрде, соқыр сеніммен бір ілімнің, қандайда бір болмасын
сенімнің жолын ұстаушылық болып табылады. Мәселенің бабына бұл жолмен жету
ғылымнан алшақ жатыр және ол ой - өріске қиянат жасау болып табылады.
Сондықтан жұмыстың барысында мектеп оқушыларына осы проблема бойынша
білім қалыптастыруда тіршіліктің шығу теориясының көпшілікке танымал
жорамалдары қарастырылып, сонымен бірге оқушылар тіршіліктің дамуы туралы
алуан түрлі көзқарастар мен таныса алады.
Тіршіліктің пайда болу теориялары мен болжамдарының алуан түрлі
нұсқалары қарастырылып семинар сабағында талқыға салынады. Түрлердің пайда
болу жолдары туралы мәліметтер беріледі.
Теориялардың негізінде алған тұжырымдамалары тек ой жүзінде ғана
қабылданады, себебі тіршіліктің пайда болу кезеңіндегі болған іс -
әрекеттер мен оқиғаларды көрнекті түрде дәлелмен, суретін дәл күйінде беру
мүмкін емес. Бұл жағдай ғылыми және теориялық болжамдардың құрылымына тән
көрініс. Дегенменде эволюциялық теорияны - барлық ғылыми болжамдардың
жиынтығы ретінде көп жұртшылық қабылдайды.
Тақырып бойынша оқушыларға білім беруде мұғалімнің көздеген негізгі
мақсаты, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Сонымен бірге
оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз беттерінше тіршіліктің пайда болуы
туралы көзқарасты таңдай білуге үйрету. Жұмыстың екінші бөлімінде, тірі
ағзалардың пайда болуымен алуан түрлілігін, бір-бірімен тығыз байланыстағы
құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда сипаттайтын тұрғыда берілген.
Осылай бола тұра тіршіліктің пайда болу көрінісін дәл мағынасындағы
ақиқат деуге де болмайды, басқа да проблемаларды шешуде кездесетін күрделі
жағдайлар сияқты бұл мәселені, жаратылыс ғылымдарына немесе метафизикаға
жататыны дәл мағынасында анықталмаған.
Тіршіліктің дамуына, оның көріністеріне қабылдауға болатын болжамдар
нәтижесінде мейлінше көптеген дәлелдемелер келтіріп нақты гипотезалық сипат
берілді. Жалпы жұмыстың барысында қозғалған мәселелер бүгінгі күн талабына
сай, адамзаттың көзқарасына сай берілген. Ал көзқарастардың алуан түрлілігі
әрбір адамның білім деңгейіне рухани жан дүниесіне байланысты
қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты:
Мектептегі оқу тәрбие жұмысының барысында тіршіліктану пәнінің
Кіріспе тақырыбы бойынша оқушыларға биологиялық білім беру, ғылыми
көзқарасты қалыптастыру, эволюциялық дамудың негізгі жолдарымен,
бағыттарымен таныстыру, сонымен бірге қазіргі биологиялық ғылымдардың
зерттеу әдістерін пайдалана отырып, органикалық тіршіліктің тарихи дамуын
танып, білуге болатынына көз жеткізу.

Жұмыстың міндеттері:
1. Биология ғылымдарының дамуына және оның әртүрлі бағыттарына жалпы
түсінік беру.
2. Тіршіліктің қасиеттері мен заңдылықтары тақырыбы бойынша
сабақтарға бөлу , жоспарын түзу.
3. Тіршілік дегеніміз не?, Тіршіліктің көріністері, Жер бетіндегі
тіршілік тарихы мен негізгі белгілері мен кезеңдері, және Органикалық
дүниенің даму тарихы тақырыптары бойынша ғылыми көзқарастарды қалыптастыру
мақсатында алуан түрлі әдістер мен әдістемелерді оқыту барысында қолданудың
және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар
жасау.

Зерттеу объектісі:
Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушыларға аталған
тақырыптар бойынша биологиялық білім мен ғылыми көзқарасты қалыптастырудың
әдістері мен тәсілдерін іс жүзінде қолдану және оның тәрбиелік білімдік,
дамутышылық деңгейін анықтау.

Жұмыстың жаңашылдығы:
1. Бағдарламада осы тақырып бойынша берілген 1 сағатқа үнемделген сағат
санынан бір сағат қосып, тақырып 2 сағатқа бөлінді.
2. Тақырыптар бойынша екі сабақтың методикалық өңдеулерінің жаңаша
формаларының нұсқасы жасалынды.

1.1. Тіршіліктану пәніне арналған оқу бағдарламасының құрылым
ерекшеліктері.

Қазіргі заманда орта мектептің мұғалімдеріне өзінің әрекетінде
бағдарлама және әдебиет таңдауына мүмкіндік беріледі. Мектеп биология
курсының әр бөлімінде бірнеше альтернативті бағдарламалар жасалған. Сонымен
қатар тәжірибелі мұғалімге өзінің жеке оқушыларға арналған оқу
бағдарламасын қолдануына мүмкіндік береді. Осыдан жауабын тез табылуын
қажет ететін сұрақтар туады.
1. Қазіргі заман биология пәніне арналған оқу бағдарламасы қандай болуы
қажет?
2. Оқу бағдарламасын дұрыс жасауға және педагогикалық тұрғыдан биология
пәнінің мұғалімі дайын ба?
Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Оқу бағдарламасы – бұл ең бірінші қазіргі заман білім есебіне және
мақсатқа жету үшін бағытталған оқушылар мен мұғалімдер арасындағы бірігу
әрекеті. Оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу құралының қымбаттылығы ондағы
берілген материал, мектеп бағдарламасына сай оңай түрде айтылады және
күрделі жалпыбиологиялық заңдылықтар оңай есте сақталады және түсінікті
етіп беріледі. Оқу материалы жақсы жүйеленіп берілген. Осы құралда берілген
сөздік-логикалық схемаларды, салыстырмалы жалпылама таблицаларды мұғалім
биология сабағында қолдана отырып үлкен табыстарға жетуі көзделген. Бұлай
материалды жүйелеу келесі нәтижелерге мүмкіндік береді:
- Оқушылардың жақсы меңгеруі үшін мәтіннен негізгі атаулармен
түсініктерді бөліп алуға;
- Негізгі оқу құралын қысқа түрде, дәптерге жазып алуға оңай және есте
сақтау үшін ұсынылады;
- Оқу материалының фрагменттері логикалық байланысын анықтап нақты
қалыптастыратын білім блогының құрылымындағы орнын анықтау.
Құралда берілген схемаларды мұғалім сабақ өту барысында тақтаға сызуына
болады. Құралдың мәтіні педагогқа бұл схемаларды сауатты және мазмұнды етіп
түсіндіруіне, ал оқушыларға берілген материалдың қисынын жақсы түсінуге
мүмкіндік береді. Тақырыптың соңындағы жинақтап қорытындылау сабағын
сабақтың үстінде немесе бос сағатта өтуге болады. Қорытындылау сабағы
оқушылардың осы тақырыпта алған жалпы білімдерін тексеруге тиімді. Оның
ішінде міндетті түрде мақсаттары, есептері, оқу әрекетінің мотивтері, оның
мазмұнды аспектісі, процесті аспекті, оқу процесінің қорытындылары және
олардың сұраныстары қажет. Осы оймен келісе отырып биология оқу
бағдарламасы тақырыптар және түсініктер тізбегі бола алмайды. Бағдарламада
процесуалдық жағын көрсету керек, себебі бір тақырыптың материалы оқушылаға
әртүрлі болып үйретілуі мүмкін, бірыңғайлы немесе әртүрлі оқу әрекетін,
практикалық немесе теориялық жоспар түрінде, көрнекі құралдарды пайдалану
арқылы.
Оқу қорытындылары бұл жағдайда әр түрлі болуы түсінікті. Сонымен қатар
әр нақты тақырыпты оқу базалық немесе тереңдетіліп оқыту саласында
бағдарламада көрсетілгендей өз тәсілі болады. Әйтпесе, берілген тақырыптың
құралдарын, әдістерін дұрыс анықтауға, педагогикалық технологияны таңдап
алуға, сабақтың логикалық жүйесін құруға мүмкіндік болмайды. Бағдарламада
берілген түсініктеме хатында қысқа түрде негізгі дидактикалық,
психологиялық және әдістемелік ойлары нақты оқу бағдарламасының бөлігі
болуы керек.
Егерде олар методикалық догма түрінде жинақталмай, тек нақты
практикалық ұсыныс түрінде болса да бұл мұғалімнің шығармашылық
потенциалының ашылуына методикалық қателерінен сақталуына, эмоциясымен
күшінің құртылуының сақталуына көмектеседі. Альтернативті бағдарлама
бойынша сабақ беру мектептегі материалдық базаны өзгертуге алып келеді.
Мысалы биология кабинетінің қосымша құралдармен жабдықталмай өтілуі мүмкін
емес. Бұл лабораториялық және практикалық жұмыстардың үлкен сағат санының
өтілуіне керек. Сондықтан, оқу бағдарламасында биология курсына керекті
құрал - жабдықтар, құралдар туралы бөлім болуы қажет.
Жаңа бағдарламамен жұмыс істеу мұғалімнің педагогика психология
биологияны оқыту әдістері туралы теориялық дайындығын қажет етеді.
Сондықтан, бағдарламаның авторларынан біз бағдарламамен жұмыс істеу үшін әр
түрлі әдебиеттер туралы нақты ұсыныстарының болуын сұрауымыз қажет.
Бағдарлама соңында биология пәнінің мұғаліміне арналған әдебиеттер болуы
қажет. Кез-келген педагогикалық процесс оқушылардың дамуына, тәрбиеленуіне
және оқу қорытындыларына бағытталған. Көптеген мұғалімдерге арналған
бағдарламаларда оқу қорытындыларына арналған бөлім мүлдем жоқ. Ол бөлім
болған жағдайда онда тек қана білім және оқушылардың іскерлігі туралы
жазылған. Кейбір кезде білімі мен іскерлігі туралы айтылмайды. Бағдарламада
ол болуы қажет, себебі басқа жағдайда мұғалімнің жұмысын бағалауға
мүмкіндік жоқ. Өкінішке орай, орта мектептердегі биология пәнінің оқу
бағдарламалары қазіргі заманнның талаптарына сай емес. Ол дегеніміз,
биология пәнінің мұғалімі оқу бағдарламасын дұрыс таңдауы қажет. Осы
мақсатпен оқу бағдарламасының анализіне арналған жоспар беріліп отыр. Ол әр
түрлі биологиялық бағдарламалармен жұмыс істеу процесінде мұғалімнің жауап
беруіне арналған сұрақтар ретінде берілген.
1. Берілген бағдарлама оқушылардың қандай контингентіне арналған? Жәй
мектептер мен сыныптарға, гимназиялық сыныптарға, биология пәні
тереңдетіліп оқытылатын сыныптармен мектептерге арналған.
2. Бағдарламаның негізгі тақырыптары мен бөлімдері қандай?
Бағдарламаның құрылуы логикаға сәйкес пе? Сіз неге олай ойлайсыз?
3. Барлық бағдарлама мен оның бөлек бөлімдерін оқылып бітуіне неше
сағат саны беріледі? Осы сағат саны беріледі? Осы сағат саы жеткілікті ме?
4. Бағдарламада оқытудың мақсаты мен міндеті жинақталған ба? Нақты
қандайлары? Олармен келісуге болады ма? Неге?
5. Бағдарламадағы ойдың таратылуы, пән аралық байланысының құрылуын
болжамдайды ма? Осы процесс мұғалімге тән бе? Сіз неге олай ойлайсыз?
6. Биологияны оқытуға берілген бұл бағдарламаларда дидактикалық және
психологиялық концепциялар, принциптер, ойлар көрсетілген бе? Нақты
қандайлары? Бұл бағдарламаның таратылуында нақты соның болуымен келісуге
болады ма? Неге?
7. Бағдарламаның іріктелген оқу мазмұны ғылыми принциптерге сай ма? Бұл
неден көрінеді?
8. Бағдарламаның мазмұнды оқу ойы таратыла ма? Қалай?
9. Бағдарламада оқытуға берілген курс немесе бөлімдерге қысқа
әдістемелік ұсыныстар жинақталған ба? Нақты қандайлары? Олар бұл курсты
оқытуға жеткілікті ме? Сіздің ойыңыз бойынша бағдарламада берілген
методикалық ұсыныстар мақсатталынған ба? Неге?
10. Биология пәніне арналған оқу процесінің қорытындылары
бағдарламасының сұраныстары анықталған ба? Ол қаншалықты нақты және дұрыс
жасалынған? Барлық керекті аспектілер есептелген бе? Сіздің көзқарасының
бойынша бұл қорытындыларға жетуге болады ма? Неге?
11. Бағдарламада оқушылардың интеллектуалды және практикалық жұмыстары
айтылған ба? Қазіргі заман мектебінің шартына сай бұл лабораториялық және
практикалық жұмыстарды ұйымдастыру мүмкін бе?
Орта мектепке арналған биология пәнінен әртүрлі оқу бағдарламаларды
анализдей отырып бірнеше маңызды қорытындыларға келеді. Оның біреуі мынау
болып табылады: егер биология пәнінің мұғалімнің қолында жоғарыда аталған
сұраныстарға сай келмейтін бағдарлама болса, онда оны педагогикалық
практикада қолданудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда қорытындысында дұрыс ұғым
бермейтін педагогикалық нәтижеге алып келетін әдісті қолданғаннан гөрі,
дұрыс құрылған дәстүрлі бағдарламамен жұмыс істеу қажет. Басқа да қорытынды
маңызды. Егер мұғалім логикалық жағынан жақсы және әрекетті құрастырылған,
педагогикалық тұрғыдан сенімді көрінетін, барлық керекті бөлімдері бар,
мұғалімнің қызығушылығы мен мектептің материалдық-техникалық жағдайларына
сай келетін жаңа бағдарламамен танысса, онымен жұмыс істеуді бастаудың
мәнісі бар. Мұғалімнің көңілін мынаған аударамыз, мектепке әр түрлі
бағдарламамен жұмыс жасағанда барлық керекті әдебиеттер қажет. Орта
мектепке арналған сауатты жүргізілген оқу бағдарламасының анализі мұғалімді
қажеттіліктерінен сақтайды.

1.2 Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты
қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелері, мұғалімнің іс-әрекеті.

Тіршіліктану курсы ғылымда зерттелетін негізгі тіршілік заңдарының
барлық құрылыс дәрежесін білуге мүмкіндік береді; биологиялық процестер мен
құбылыстар механизмдер саласындағы жаңалықтар мен таныстырады; адамның
биосферадағы орнын көрсетіп, оның жағдайына жауапкершілікпен қарайды.
Бұл курс интегралдаушы роль атқарады, өйткені мұнда бұрын оқылған
фактілерді тарихи көзқарас тұрғысынан қарастырып бір күйге келтіреді; ол
материалдар органикалық дүниенің негізгі заңдылықтарына бағынады, оны оқып
білу нәтижесінде табиғатты саналы пайдалану, оны қорғау және қалпына
келтіру іске асырылады. Курста органикалық дүние дамуының жалпы теориясы -
дүниеге ғылыми көзқарас негіздерінің бірі баяндалады. Оқушылар даму
процестерінің диалектикалық сипатын (тұқым қуалау мен өзгергіштік)
құбылыстарының қайшылығын, прогресс пен регресті, ассимиляция мен
диссимилация процесстерін т.с.с. оқып біледі. Оқушылар пайымды фактілер
негізінде тіршілік құбылыстарының материалдық сипаты жөнінде және бүкіл
органикалық дүние жөнінде білім алады; табиғаттың алуан түрлілігіне және
қарамай, оны оқып білуге болатыны жөнінде бұлтартартпайтын дәлелдерді
аңғарып көреді.
Тіршіліктану курсының мазмұны оқушылардың философиялық мәселелерге
жетелейді және олардың дүниеге көзқарастарын қалыптастырады. Бірқатар
мұғалімдер сабақта философиялық анықтамаларды хабарлауға, философиялық
категорияларды атауға әрекет жасайды, оларға мысал ретінде нақты
биологиялық материалдар келтіреді.
Алайда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру күрделі де нәзік іс. Бұл
үшін биологиялық құбылыстардың мағынасын ашу қажет және билогияның өз
материалы негізінде материяның нақтылығын, тірі материяның өзінен-өзі
жетілуін және өзінен өзінің қозғалысын және т.б. көре білуге оқушыларды
үйрету қажет.
Тіршіліктану курсында тірі табиғат құбылыстарының себепті қағидалары
әңгіме болады, оларды түсініп білудің тарихи жолы қалыптасады. Табиғаттағы
әрбір құбылыс өзінің алдындағы құбылыстың нәтижесі және болашақтағы
құбылыстың алғы шарты ретінде, себепті байланысқан тізбектің буыны ретінде
қарастырылады. Сөйтіп, теологиялық көзқарастың барлық мүмкіндігі жойылады,
дінге қарсы белсенді ғылыми көзқарастарың жақсы негізі қолданады.
Мектептерде биологияның оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастырудың негізгі
түрі әлде де сабақ болып табылады.
Сабаққа оқу ұйымшылдығы, оқушылардың біркелкі қатысуы, сабақтың
уақыттылығы, сабақ кестесі болуы қажет. Дидактикада бірнеше сабақтардың
жүйелері бар. Егер оқушылармен педагогтардың мазмұны әрекеттерін байқасақ
келесі сабақ типтерін атауға болады.
1) Аралас сабақ.
2) Оқушылардың жаңа білімдері және іскерлікті дамытуға арналған сабақ.
3) қайталауға, жүйелеуге және өтілген материалды жалпылауға арналған
сабақ.
4) Оқушылардың білімі мен іскерлігінің сапасын бағалауға және тексеруге
арналған сабақ.
Егер сабақтың нақты оқу тақырыбындағы орнын ескерсек мына сабақ
функцияларын ажыратуға болады, кіріспе сабақ, оқушылармен жаңа тақырыпты
оқу сабағы және қорытындылап жинақтау сабағы. Осы аталған сабақ түрлері
қазіргі педагогикалық практикаға арналған жалпы биология бөлімінде
кездеседі. Тіршіліктану пәнінен әдістемелік тұрғыдан дұрыс өтілген сабақ
мұғаліммен оқушылардың бірлескен жұмысында келесі оқу тәрбиелік міндеттерді
шешеді.
1) Биологиялық білімнің сапасын жоғарылатады, оқушының көзқарасын
кеңейтеді.
2) Оқушылардың қоршаған орта және өзін-өзі білуі мен іскерлігін өмірлік
практикасында қолдануына мүмкіндік береді.
3) Оқушылардың биология оқу процесіне эмоционалды қымбаттылық пен
қарауының, өзіндік білім көтеруін, дамуын қалыптастырады.
4) Оқушыларда жекелік қасиеттің қалыптасады.
Осы айтылған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты және оқу тәрбиелік
процессте олар ажыратылмайды. Жоғарыда айтылған міндеттерге тіршіліктану
сабақтарының шешілуіне әртүрлі методикалық практикалар әсер етеді. Олардың
бірнешеуін атап өтейік:
- ойлау сабағы;
- саяхат сабағы;
- тірі ағзалардың тобының үстінен сот сабағы;
- ойын сабағы;
- дөңгелек стол сабағы;
- диспут сабағы;
- конференция сабағы;
- зерттеу сабағы;
- серуен сабағы.
Әрбір мұғалім үлкен кластарға сабақ өту барысында өзінің шығармашылық
талаптарын қолдануына құқығы бар. Биология сабағында мұғалімдер мен
оқушылардың жұмыстарының нәтижелі болуына қандай шарттар керек деген сұрақ
мұғалімді мазалайды. Осы сұраққа жауап бере отырып сабақтың тиімділігіне
әсер ететін бірнеше комплексті факторларды келтіруге болады: мұғалімнің
педагогикасының жалпы сипаты, сынып оқушыларының интелектуалды
потенциалдылығы, биологияның оқытылуына оқушылардың қарым-қатынасы,
оқушылардың сыныптағы жастары мен саны, биология кабинетінің қазіргі
заманға сай құралдармен жабдықталуы, оқушылар мен мұғалімнің арасындағы
жекелік қарым-қатынастар, оқушылардың сабақ кестесіндегі сабақтың реттік
нөмірі және т.б.
Енді келесі жағдайды елестетіп көрейік. Биология пәнін жақсы меңгерген,
әдістемелік негізі бар мұғалім, қарым-қатынасы өте жақсы, мықты, күшті
сыныптың оқушыларымен жұмыс істейді. Сабақ белгілі деңгейде жабдықталған.
Сабақ оқушылар онша шаршай қоймаған оқу күнінің ортасында болып жатыр. Бұл
сабақ міндетті түрде жақсы, нәтижелі өтіледі деп есептеуге болады ма?
Бұндай кепілдік беру мүмкін емес. Бұл сабақтың педагогикалық эффективтілігі
жағынан төмен өтуінің себебі, мұғалімнің сабаққа жеткілікті дәрежеде
дайындалмағандығынан әрекетті жоспарына мысал келтірейік.
1) Сабақтың тақырыбын және оның оқу бөліміндегі орнын анықтап алыңыз,
сабақтың мақсатын жақсылап жүйелеңіз.
2) Осы тақырыпқа арналған мектеп оқулығының бағдарламасының мазмұнымен,
ғылыми белгілі әдебиеттермен, биология пәнінің мұғаліміне арналған
әдістемелік ұсыныстарымен танысыңыз. Осы оқылған әдебиеттерден сабақтың
мазмұнына сай материалдарды алыңыз.
3) Сабақтың мақсатынан және оның мазмұнынан сабақтың өтілуі кезінде
қолданатын әдістерді анықтаңыз.
4) Керекті оқу құралдарын таңдап алыңыз.
5) Сабақтың структурасын, оның негізгі бөлімнің логикалық кезектілігін
анықтаңыз.
6) Сабақтың әр түрлі кезеңдеріне уақыт бөліңіз.
7) Сабақтың жалпы жоспарын құрып, жазып алыңыз. Сабақты дәстүрлі түрде
құрғыңыз келсе келесі сызбанұсқаны қолдануыңызға болады.
- сабақтың тақырыбы;
- сабақтың мақсаты;
- сабақтың әдістері – керекті құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы:
- ұйымдастыру кезеңі (сабақтың мақсаты, жоспары және тақырыбын атау,
оқушылардың сабаққа дайындалуы, мұғалімнің журналға сабақтың тақырыбын
жазуы).
- өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы).
- жаңа сабақты өту барысы.
- өтілген сабақты қорытындылау (сұрақ-жауап арқылы).
- үйге тапсырма.
Егер сабақты берілген уақытта бітіре алмаймын деп ойлаған жағдайда үйге
тапсырманы тақырыпты атап болғаннан кейін, сабақтың басында беруге болады.
8) Сабаққа конспект жазу керек.
Төменде сабаққа конспект жазудың кейбір мысалдары берілген. Конспектте
сабақтың барлық құрылымы айқындалуы қажет. Материалдың жанындағы үлкен
жолда сабақта қолданылатын сол жерге керекті әдістері, оқу құралдары
жазылуы тиіс. Конспектіде сабақтың әр бір бөлімі көрсетіліп қойылуы керек.
Сабақтың жаңа кезеңін басқа сиямен белгілеп қойса да болады. Ол сіздің
сабақ өту барысында керекті жерді жоғалтып алмау үшін қажет.Оқу мазмұнында
берілген жаңа терминдер мен түсініктердің астын сызып қоюға
болады.Конспекттің мәтінін оқушылар мен қиын меңгерілетін дәлел және
ойлармен толықтыруға болмайды. Сонымен қатар сабақта тек оқулықтағы
мазмұнмен ғана шектеп қоюға болмайды, себебі оқушыларға қызық болмайды.
Конспектіде оқушылардың өзіндік практикалық және интелектуалды әрекеттеріне
арналған орнын жазуы керек. Қазіргі заман сабақтарында биология пәнінің
мұғалімі тек дәлелдер мен ойларды ғана атаумен шектеліп қоюына болмайды.
Сабақтың әр түрлі бөліктерге бөлініп емес, бірыңғай болып өтіліуі маңызды.
Конспектте дайындалған қосымша материалдар болғаны дұрыс. Оларды уақыт
жетіспеген жағдайда қолданбауға болады. Оқушыларға берілетін сұрақтар мен
тапсырмалар бірінен соң бірі, тез ажырытылатындай етіліп жазылуы керек. Осы
жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы конспектте берілетін болса, онда ол
шын мәнінде жұмысшы болып табылады. Осындай конспкект сабаққа керек және
сол бойынша жұмыс істеген жағдайда уақыттың бос кетуінен қорықпау керек.
Тіршіліктің жер бетінде шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы
мәліметтер.

Жердің пайда болуы мен бүкіл әлемнің пайда болу теориялары әртүрлі және
барлығы да толық дәлелденбеген. Стационарлық күй теориясына сүйінсек, бүкіл
элем үлкен қопарылыстың нәтижесінде нейтронды қоймалжыңнан пайда болды
делінген. Құдіретті күш жаратқан немесе қара тесіктің бірінен пайда болған
тұжырым да бар. Әлемнің алла тағаланың жаратқаны деген көзқарасты ғылым
жоққа шығара алмайды. Сол сияқты теологиялық көзқарастар да тіршіліктің
дамуы табиғат заңдылықтарының негізінде дамыды деген болжамды теріске
шығара алмайды.
Жер бетінде тіршіліктің дамуы теорияларының негізгі бес жолын көрсетуге
болады:
1. Тіршілік табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте жаралды
(креационизм).
2. Тіршілік өлі табиғаттан (заттан) бірнеше рет пайда болды (өздігінен
тіршіліктің пайда болуы).
3. Тіршілік мәңгілік (стационарлық күй теориясы).
4. Тіршілік біздің планетамызға басқа планетадан келді (панспермия).
5 Тіршілік химиялық және физикалық заңдылықтарға бағынатын
құбылыстардың нәтижесінде пайда болды (биохимиялық эволюция).

2.1 Креационизм теориясы-тіршіліктің табиғаттан жоғары күштің әсерінен
бір мезетте пайда болуы.

Бұл теория тіршілік өткен уақытта табиғаттан тыс оқиғаның нәтижесінде
пайда болды деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты кең тараған діни ілімдер
жақтайды. 1650 жылы Арма қаласының (Ирландия) архиепископы Ашер әлемді 4004
жылы біздің дәуірімізге дейінгі алла тағала жасады, 23 қазан күні таңғы
сағат 9-да адамды жасап шығарумен өз жұмысын аяқтады деп есептеп шығарған.
Ашер бұл сандарды Адам мен Христос (кімді кім жасады) аралығындағы
Библияның генеологиясындағы көрсетілген адамдардың жастарын қосып есептеп
шығарған. Арифметикаға сүйенсек бұл дұрыс сияқты, бірақ археологиялық
қазбадан табылған дәлелдемелер бойынша Адам Таяу Шығыста дамыған қала
цивилизациясы кезінде өмір сүріпті.
Тіршіліктің пайда болуы туралы иуда-христиандық көзқарастар Бытия
кітабында жазылған 1.1-26. пікірталастар туғызады. Барлық христиандар
Библияны жаратушы тәңірдің адамзатқа қалдырған өсиеті екенін мойындағанымен
де әлі күнге дейін алшақтық пен келіспеушілік қатарласып келеді.
Кейбіреулері әлем алты күнде ұзақтығы 24 сағаттан пайда болды дейді. Олар
басқа көзқарастың барлығын жоққа шығарып, алла тағаланың пайымдауы, және
оның сыры дейді. Басқа христиандар Библияны ғылыми кітап деп есептемеді;
Бытия кітабында барлық адамға түсінікті формада теологиялық сырдың мәнін
барлық тірі жан жануарларды жаратқан алла тағала деген көқарасты құптайды.
Тіршіліктің пайда болуын ғылыми бақылаулар мен эксперименттер арқылы
дәлелдеуге ұмтылса, дін құдайға сенім мен сырласу арқылы шындыққа жетуді
көздейді.
Сенім көрінбейтін құпияға сену, күткен нәрсенің орындалуы. Сенім
арқылы барлық дүние құдайдың сөзімен жаратылғанын білеміз (Еврейлерге
жолдау, 11,1-3).
Сенім ғылыми жолмен дәлелденбеген сөздерді заттарды мойындау. Сондықтан
ғылыми көзқарас пен діни көзқарас, ойлау бір-бірінен алшақ жатыр. Ғылым
үшін ғылыми көрініс әр уақытта болжам элементтерінен құралады, алдыңғы
шарт, ал діни сенім адамына теологиялық шындық абсолютті. Әлемді құдай
жаратқан, ол тек бір ақ рет болған деген тұжырымның өзі, ғылыми зерттеулер
жүргізуге болмайтындығының кепілі. Ал ғылым тек бақылауға болатын
құбылыстарды зерттейді, сондықтан ол діни концепцияны жоққа шығара алмайды,
ешқашан дәлелдей де алмайды.

Тіршіліктің өздігінен пайда болу теориясы.

Бұл теория креационизммен қатар Қытайда, Вавилонда және Египетте
таралды. Биологияның негізін қалаушы деп есептелетін Аристотель (б.э.д. 384-
322) тіршіліктің спонтанды пайда болу теориясын жақтады. Өзінің
бақылауларының нәтижесінде бұл теорияны ары қарай дамытты, оны
организмдердің үздіксіз қатарға орналасуымен байланыстырады – табиғат
баспалдағына: табиғат белгілі бір кезектілікпен өлі объектілерден
жануарларға өтуді жасаған, сол жануардың тіршілік ету кезеңінен басқа
алдыңғы уақыттағы мақұлықтарды орналастырсақ, көрші топтар арасындағы тығыз
жақындықты көреміз, олардың айырмашылығы шамалы (Аристотель).
Аристотель бұл тұжырымдамасымен Эмпедоклдің органикалық эволюция
пікірін бекітті. Аристотельдің спонтанды тіршілік пайда болу болжамы
заттардың бөліктері белгілі бір бастамадан тұрады, бұл бастама қолайлы
жағдайда түрлі организмге айналады. Аристотельдің көз қарасының дұрыстығы
ұрықталған жұмыртқада бастаманың бар екендігі, бірақ ол бұл бастама күн
сәулесінде, шірігін етте, батпақта бар деуі дұрыс емес.
Христиан дінінің таралуына орай бұл көзқарас біртіндеп көлеңкеде қалды.
Ван Гельмонт (1577-1644) үш аптаның ішінде тышқандарды шығарған
экспериментін жария етті. Ол үшін кір жерде, қараңғы шкаф, бір уыс бидай
керек. Тышқаннның пайда болуы үшін қарқынды бастама адамның терісі деп
есептеді.
1688 жылғы италияндық биолог, дәрігер Франческо Реди тіршіліктің
спонтанды пайда болуына күмән келтіреді. Реди шіріген еттегі ақ құрттар
шыбынның личинкалары екендігін дәлелдеді. Бір қатар эксперименттер жүргізіп
тіршіліктің тіріден пайда болатындығын дәлелдеді. (Биогенез концепциясы)
Редидің эксперименттері тіршіліктің өздігінен пайда болады деген
концепциясын жоққа шығара алмады. Клерикальды емес ортада бұл теория ең
негізгі теория күйінде қалды.
Антони Ван Левенгуктың микроскоптық зерттеулері биогенез және спонтанды
теорияларды жақтаушылар арасында пікір талас туғызды. Нәтижесінде басқа
ғалымдар тіршіліктің спонтанды жолмен пайда болу теориясын дәлелдеу үшін
эксперименттер жүргізді.
1765 жылы Ладзаро Спалланцани тәжірибе жүргізді. Ет және көкеніс
сорпаларын бірнеше сағат бойы қайнатып, бірден жақын оттан алып қойды.
Сұйықтықтарды бірнеше күн өткеннен соң зерттеп, онда ешқандай тіршіліктің
жоқ екендігін дәлелдеді. 1860 жылы Луи Пастер тіршіліктің пайда болу
проблемасымен айналысты. Бұл уақытқа дейін микробиология саласында көп
жаңалықтар ашып жібек және шарап өндірісіне қатерлі проблемаларды шешті.
Бактериалардың барлық жерде таралатынын, сонымен бірге өлі денелер тірі
бактериалармен тез арада уланатынын дәлелдеді, залалсыздандыру әдістерін
тапты (пастерилизация).
Спалланцанидің әдістерінің негізінде жасалған эксперименттердің
нәтижесінде Пастер биогенез теориясының шындыққа жақын екендігін
тіршіліктің өздігінен пайда бола алмайтынын дәлелдеді.
Биогенез теориясының нақтылануы басқа проблема тудырды.
Егер тірі ағзаның пайда болуы тірімен байланыста болса, ең бірінші
тіршілік қайдан пайда болды? Тек стационарлық жағдай ғана мұндай сұрақтарды
туғызбайды, басқа теориялардың барлығы тіршіліктің даму сатысының бір
кезеңінде өліден тірінің пайда болу стадиясы қарастырылған. Бұл бірінші
реттегі тіршіліктің пайда болуы болды ма?

2.3. Тіршілік мәңгілік – тұрақты күй теориясы.

Бұл теорияның тұжырымы бойынша жер еш уақытта пайда болмаған ол
мәңгілік. Оның бетінде барлық уақытта тіршілік үзілмеген, тіршілік өзгерсе
болымсыз ғана өзгерді, түрлер де бар кезеңде болған.
Жердің жасын анықтауда үлкен алшақтық болды. Орта есеппен Ашердің
есептеуі бойынша 6000 жылдан бастап, қазіргі кездегі есептеулер бойынша
радиоактивтік ыдыраудың жылдамдығын есепке алу кезінде 5000x106
дәрежесіндегі. Ең соңғы есептеулер жердің жасының ұзақтығын көрсетуде, бұл
жағдай стационар теориясын жақтаушылардың жер мәңгілік деген көз қарасын
нығайтуда. Бұл теория түрлерде мәңгілік, олар еш уақытта пайда болмаған,
түрлердің екі-ақ мүмкіншілігі бар сандарының өзгеруін немесе тіршілігін
жою. Бұл теорияны жақтаушылар қазбадан табылған қалдықтардың белгілі бір
түрдің пайда болу кезеңі мен түр ретінде жойылу кезеңін жоққа шығарды және
оның дәлелі ретінде саусақ қанатты балық Латимерияны келтірді.
Полеонтологиялық көрсеткіштер Латимерияның 70 млн. жыл бұрын бор дәуірінде
жойылғанын дәлелдейді. Мадагаскар аймағындағы табылған саусақ қанаттылардың
тірі өкілдері, бұл тұжырымның қайта қаралуына әкеліп тіреді. Стационар
теориясын жақтаушылар қазіргі кездегі тіршілік ететін түрлерді қазба
қалдықтарымен салыстыра отырып тұжырым жасау керек, бұл жағдайдың өзінде де
тұжырымдар шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін дейді. Стационар күйді дәлелдеу
үшін, бұл теорияны жақтаушылар, полеонталогиялық қазбалардың экологиялық
жағдайға байланысты пайда болғанын түсіндіреді. Мысалы: белгілі
қыртыстардан кенеттен табылған түрді олар сол түрдің популяцияларындағы
санының көбеуіне немесе сол түрдің қалдықтарының қолайлы жерге ауысуы деп
түсіндіреді. Бұл ағымда эволюцияның түсініксіз аспектілері полеонтологиялық
шежіренің арасында үзілістің маңызына көптеген тұжырымдамалар беріліп осы
бағытта кеңейтілген түсіндірмелері бар.

2.4. Панспермия теориясы.

Бұл теория тіршіліктің пайда болуының ешқандай механизмін алға
қоймайды, тіршіліктің жер бетінде кенеттен пайда болу теориясын ұсынады.
Сондықтан бұл көзқарасты жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу теориясына
жатқызуға болмайды: ол проблеманы ғаламның басқа бір бөлігіне әкеліп
тірейді.
Панспермия теориясы – тіршілік Галактика мен ғаламшардың әр түрлі
бөлігінде, әр кезде бір немесе бірнеше рет пайда болуыны мүмкін дейді. Бұл
теорияға негіз болатын жер бетінде бірнеше рет көрінген НЛО жартастардағы
заттардың бейнесі, ракеталарға және космонавттарға ұқсас. Сонымен бірге
бөгде планеталықтар мен кездесу туралы хабарламалар. Кеңестік және
Американдық ғарышта жүргізілген зерттеулер күн жүйесіндегі планеталарда
тіршілік иелерінің бар болуының ықтималдығы болымсыз, бірақ олар күн
сәулесінің жүйесінен тыс тіршіліктің бір немесе жоқтығы туралы ешқандай
мәліметтер берілмейді. Метеориттер мен кометалардағы жүргізілген зерттеулер
олардың бойынан тіршіліктің алғы шарттарын олардың бойынан цианогез
заттары, синиль қышқылы органикалық қосылыстар табылған. Мүмкін осы заттар
жалаңаш жер бетіне тұқым ретінде келіп түсуі. Метеориттердің бойынан
тіршіліктің қарапайым формаларына ұқсайтын объектілердің табылғандығы
туралы мәліметтер бар, бірақ оның биологиялық табиғаты туралы мәліметтер
ғалымдарды сендірмей отыр.

2.5. Биохимиялық эволюция теориясы.

1924 жылы орыс ғалымы А.И. Опарин жер бетінде тіршіліктің пайда болуы
жайлы өз пікірін жарыққа шығарды. Іле шала 1929 жылы ағылшын ғалымы Дж.
Хогдейн өз бетінше дәл сондай тұжырымға келіп, Опариннің одан әрі дамыта
түсті. Осы бағытта жүргізілген көптеген зерттеулер екі ғалымның ұсынған
пікірлерін дұрыстап, соңғы кездегі теориялардың ең тиянақтысы деп тапты.
Бұл теория бойынша жер бетінде тіршіліктің пайда болуы былай сипатталады.
Жер өз қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде айтарлықтай салқын болған.
Кейін келе өз ішіндегі радиоактивті заттардың ыдырауы нәтижесінде біртіндеп
қыза бастады. Жер қойнауының температурасы 1000 градус С-дан артқан кезде
ондағы қатты жыныстар балқып бір бірімен реакцияға түсе бастады. Реакция
нәтижесінде көп мөлшерде бөлініп шыққан газдардың қысымы артып, жерді жарып
шығып, оның айналасында атмосфера түзілді.
Атмосфера құрамында су, көмірқышқыл газ, көміртегі, метан, амоний т.б.
заттар болды, бірақ молекулалық оттегі жоқтың қасы еді. Радиоактивті
заттардың ыдырау қарқындылығының төмендеуіне байланысты жерде біртіндеп
салқындай бастады. Температура 100 градус С -дан төмендеген кезде су буы
қоюлана келіп, ыстық нөсер жаңбыр болып, күні, түні, айлар, жылдар бөсіп
жауады. Міне осылай алғашқы мұхиттар түзілді. Атмосферадағы газ күйіндегі
органикалық заттар жаңбыр суында еріп, ерітінді күйге көшті. Алғашқы
атмосферада өттегі мен озон болмағандықтан, энергияға бай сәулелер жер
бетіне мол түсіп тұрды. Жиі найзағай ойнап, күн күркірейтін болды, сол
себепті жерге жай түсіп жатты. Ыстық жаңбыр суында еріген заттар өзара
химиялық реакцияға түсіп, соның нәтижесінде алғашқы мұхитта көмірсулар,
аминқышқылдары азотты қосылыстар молая бастады. Олардың біртіндеп
абиогендік жолмен қарапайым ақуыздар, нуклейн қышқылдары, липидтер, т.б.
түзіле бастады. Бұл тіршіліктің пайда жолындағы бірінші қадам еді.
Америка ғалымы С.П.Миллер 1953 жылы метан, амиак, сутегі және су
қоспалары арқылы электр разряды өткізу жолымен бірнеше амин қышқылдарын
алды. Орыс ғалымдары Т.Е.Павловский мен А.Г.Пасынский формальдегид пен
амони тұздарының судағы ерітіндісіне қысқа толқынды ультракүлгін
сәулелерімен әсер ету арқылы әр түрлі амин қышқылдарын алды. Жапондық ғалым
К.Харида және Американ химигі С.Фокс зертханалық жағдайда метан, амиак,
сутегі, су буы, т.б. заттар қоспасына жоғары температура мен әсер ете
отырып амин қышқылдарын алды. Бұл тәжірибелер Опарин жасаған болжамның
дұрыстығын дәлелдей түсті. Түзілген органикалық қосылыстар көптеп жинақтала
келе мономолекулалық жиынтықтарға коацерваттарға айналды. Бұл сияқты
коацерваттарды әр түрлі ақуыздың судағы ерітіндісін, мысалы желімтік
(клейстер) пен гуммиарабиктің ерітіндісін араластыру арқылы зертханалық
жолмен алуға болады. А.И.Опариннің коацерваттар айналадағы ортадан өзіне
әрқилы заттарды сіңіре отырып көлемін ұлғайтып, тығыздала түсетінін
байқаған.
Коацерваттарды әлі де болса тірі ағза деуге де болмайтын еді, өйткені
оларда тек өсу, сыртқы ортамен зат алмасу сияқты қасиеттер ғана болды.
Коацерваттар құрамына кіретін әртүрлі ақуыздың ішінде ферменттердің ролі
зор болды. Бір коацерваттар құрамындағы ферменттер химиялық реакцияларды
тездетіп, күрделендіріп, оның өсуіне жақсы әсер етсе, екінші бірі
коацерваттарға әсер ете алмады. Мұның өзі коацерваттар құрамының
тұрақтылығына сақтауға мүмкіндік беретін тіршілік үшін күрес пен табиғи
сұрыпталуға әкеліп соқты.
Тіршіліктің пайда болу жолындағы келесі кезең өзін - өзі ұдайы өсіп -
өндіруге қабілетті молекулалардың қалыптасуы болды. Ондай молекулалар
ақуыздар мен нуклеин қышқылдары еді. Нуклеин қышқылдары өздеріне ұқсас түзе
отырып, ақуыз синтезін қатаң реттей алды. Ал ақуыз -ферменттер нуклеин
қышқылдарының жаңа көшірмесін жасау әрекетін іске асырды. Міне осылай
тіршілікке тән негізгі қасиет өзін-өзі ұдайы өсіп өндіруге қабілеттілік
пайда болды.
Біз жоғарыда айтып өткендей тірі ағзалар ашық жүйе болып табылады.
Өйткені барлық ағзалар сырттан келген энергияны пайдаланады және онсыз
тіршілік ету мүмкін емес. Энергияны пайдалану тәсіліне қарай осы күнгі
ағзалар екі топқа бөлінеді; күн энергиясын пайдалана алатын (жасыл
өсімдіктер) автотрофтылар және органикалық заттар ыдырағанда босап шығатын
энергияны пайдаланатын (жануарлар және жасыл емес өсімдіктер)
гетеротрофтылар.
А.И.Опариннің айтуы бойынша алғашқы ағзалар гетеротрофтылар болуы тиіс.
Олар өте ертедегі су қоймаларында орасан көп болған органикалық заттармен
қоректенген, бірақ келе-келе ағзалар санының көбеюіне байланысты, дайын
қорек азайып олардың қорек үшін бәсеке күшейе түскен. Мұндай жағдайда өте
икемділері тірі қалып, өсімтал ұрпақ берген. Ағзалардың сыртқы орта
әсерінен төзімділігі артып, құрылысы күрделене түскен. Ядро және сыртқы
қорғаныс қабаты пайда болғаннан бастап, оларды бір жасушалы ағзалар деп
санауға мүмкіндік туды.
Тіршіліктің пайда болу жолындағы аса бір ірі қадам ағзалардың
бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге көшуі. Сөйтіп алдымен
хемосинтездеуші, бертін келе фотосинтездеуші ағзалар пайда болды. Олардың
тіршілік әрекетінің нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлініп шығып,
ағзалардың тыныс алуына жұмсалып, табиғатты органикалық қалдықтарды
тотықтыра бастады. Міне осылай, энергия босатудың жаңа, өте тиімді әдісі -
оттекті ажырау жүрді. Жасыл өсімдіктердің қарқынды дамуына байланысты
атмосфера оттегіне байы түсті. Ол оттегінің біразы ағза тіршілігі үшін
зиянды ультракүлгін және иондаушы сәулені сіңіріп, ұстап қалатын озонға
айналды. Озон экранының түзілуі тіршіліктің судан құрлыққа шығып, бүкіл жер
бетіне таралуына жол ашты.
Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе деген
сұрақ жиі қойылады. Ол мүмкін емес, өйткені А.И.Опариннің теориясынан
біздің ұққанымыз қарапайым органикалық қосылыстардан тірі ағзалардың пайда
болуы – тіршілік ортасына бейімделудің өте ұзаққа созылған әрекеті болып
табылады. Пайда болған ағзалар арасында табиғи сұрыпталу, өзін-өзі ұдайы,
өсіп өнуге қабілеттілік сияқты бірнеше миллиондаған жылдарды қамтитын
әрекеттер жүруі тиіс. Сондай-ақ қай жерде болса да түзілген органикалық
заттарды гетеротрофты ағзалар бірден қорек ретінде пайдаланар еді. Олай
болса, ең алғаш абиогендік жолмен пайда болған тірі ағзалар енді одан әрі
өздеріне ұқсас ағзалардың тек биогендік жолмен дамиды деген қорытынды
туады.
Ең алғашқы ағзалардың табиғаты.

Қазіргі кездегі белгілі болған мәлімдемелерге жүгінсек ең алғашқы
ағзалар гетеротрофтар болған деген тұжырымға келеміз, себебі алғашқы
органикалық заттардың ерітіндісінен тұратын ортадан осы күйдегі энергиясы
тек гетеротрофтардың ғана пайдалануға мүмкіншіліктері болды. Қоректік
заттарды синтездейтін химиялық реакциялар өте күрделі, сондықтан
тіршіліктің ең алғашқы формаларда мұндай іс-әрекет жүруі мүмкін емес.
Биохимиялық эволюцияның барысында пайда болған күрделі органикалық
заттардың кейбіреулері клетканың жаңа материалдарын синтездеу үшін энергия
көзі ретінде күн сәулесінің радиациясын пайдалануы мүмкіншілігіне
икемделді. Пайда болған клетканың бойындағы жаңа құрылым клетканың жаңа
материалдарын құруға мүмкіндік туғызды, енді ол клеткаларға органикалық
заттарда бойына сіңіру қажет болмады - клеткалар автотрофтарға айналды.
Гетеротрофтардың санының біртіндеп көбеюі, қоректік заттардың ең
алғашқы ортадағы мөлшерін күрт төмен түсіруі мүмкін еді, пайда болған
бәсекенің қорытындысы ретінде автотрофтардың шығуы жылдамдады.
Ең алғашқы фотосинтездеуші ағзалар энергия көзі ретінде күннің
радияциясын пайдаланғанымен бос оттегіні пайда болатын метаболизм жолынан
алшақ еді. Дамудың соңғы кезеңінде оттегін бөліп фотосинтездеуші ағзалар
пайда болған. Ол ағзалар қазіргі кездегі көк - жасыл балдырларға ұқсаған,
осы процестің негізінде атмосферада біртіндеп оттегінің мөлшерінің көбеюі
және оның иондануы озон қабатының түзілуін қамтамасыз етіп біртіндеп жер
бетіне түсетін ультракүлгін радиациясының мөлшерін азайтты. Бұл жағдайда
жаңа күрделі синтезделетін заттардың түзілуін тежеп, тіршіліктің
бейімделген формаларының тұрақтылығын жоғарлатты. Қазіргі кездегі ағзаларға
жүргізілген физиологиялық зерттеулер энергияның пайда болуы мен ыдырауының
биохимиялық жолдарының алуан түрлі екенідігін көрсетті, бұл жағдайлар
табиғаттағы ең алғашқы ағзалардың бойында өткен процестердің көрінісі болуы
мүмкін.
Жоғарыда тоқталып өткен болжамдар мен тұжырымдарға қарамастан
тіршіліктің пайда болу проблемасы әлі шешілмеген, биохимияның барлық
жетістіктері тек ой жүзінде тоқтам мен болжам жасауға мүмкіндік береді,
оқушыларға тек қарапайым түрдегі болжамдардың құймасы ғана берілді. Басты
мазмұн бола алатындай болжам әлі жоқ, күрделі өлі заттардан қарапайым тірі
ағзалардың пайда болуы құпия күйінде қалды.

3.1 Кіріспе тақырыбында оқушыларға қалыптастыратын ұғымдар және
тақырыпты оқыту әдістері мен тәсілдеріне толық сипаттама.

Органикалық дүние - жердің биосферасын мекендейтін барлық тірі
(микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар және адам) организмдер. Бұлардың
әрқайсысы өз тіршілігінде бір-бірімен өзара және органикалық емес
табиғатпен тығыз байланыста болады. Органикалық дүние миллиондаған жылдарға
созылған эволюция процестері нәтижесінде қалыптасқан. Органикалық дүниенің
даму тарихын материалистік тұрғыдан Ч. Дарвин түсіндірген.
Ғалымдар жердің жасы 4,5-7 млрд. жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай
5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте
ертедегі түзілген жер қыртыстардан табылған қазба қалдықтарға сүйене
отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтауға болады.
Архей заманы - жер қыртысын тарихындағы көне заман. Архей заманының тау
жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың,
бактериялардың және көк жасыл балдырлардың қалдықтары табылған. Олардың
теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені
құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның
нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, аммиактың, судың
мөлшері азайып, көміртегіоксиді мен оттегінің мөлшері арқан.
Протерозой заманы ең ұзаққа созылған, бұл заманда тау түзілу әрекеті
жүре бастады. Тіршілік аса күшті қарқынмен дамыды, біржасушалардан көп
жасушалар пайда болды. Протерезойдың соңына таман жануарлар типтерінің
басым көпшілігінің өкілдері пайда болды.
Полеозой заманы - бұл ертедегі тіршілік заманы. Бұл заман 6 дәуірге
бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь ( қосарбетті
қара).
Мезозой заманы - органикалық тіршіліктің бұл орта ғасырында
бұрынғысынша тау түзілу әрекеті көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру
Адамның шығу тегі. Тіршіліктің пайда болуы туралы болжамдар
Биологиялың негізгі теориялары
Эволюциялык идеялар
Биосфера мен биота эволюциялары
БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ТРИГГЕРЛЕРІ
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Жабық тұқымды өсімдіктер
Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Пәндер