Мүшелге табыну мақсат емес, әлемеу қателік
1 Балалықтың ең интенсивті науқанды кезі
2 Үш.жеті жастарда бала толық құлақтанады
3 Ересектіктің бастапқы кезеңінде
4 Ересектіктің орта кезеңі
5 Кәрілік кезең

Халқымыз ежелден пайдаланатын Тәңірлік, айлық (лунный) немесе жалпы Шығыстық күнтізбе 12 жылдық циклдан тұратыны баршаға белгілі. Өйткені, Күннің аспан белдігіндегі бір жылдық қозғалыс шеңберін Юпитер планетасы тек 12 жылда 1 рет толық айналып өтеді. Сондықтан, бұл күнтізбе — ғарыш заңдылықтарынан туындаған, ғылымға негізделген және ғасырлар бойы тексеріліп, дұрыстығы тәжірибеде дәләлденген маңызды мерзім өлшемі. Мүшелдің он екі жылы абстракциялық түрде 12 хайуанаттың атымен аталады. Олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит және доңыз. Өткен ХХ ғасырдың ортасынан бастап дүние жүзінде Шығыс күнтізбесіне қызығушылық артып келеді. Бұл оның өміршіл және сұранысқа сай екендігінің белгісі. Сондықтан, мүшелді ғұмырнама компасы ретінде күнделікті тұрмыста пайдалануға әбден болады. Мерейтойларға себеп болып жүрген дөңгелек даталар нөл мен 5-ке аяқталғанымен, олар өмір кезеңдерінің сырын ашпайды.
Мүшелге табыну мақсат емес, елемеу қателік
Халқымыз ежелден пайдаланатын Тәңірлік, айлық (лунный) немесе жалпы
Шығыстық күнтізбе 12 жылдық циклдан тұратыны баршаға белгілі. Өйткені,
Күннің аспан белдігіндегі бір жылдық қозғалыс шеңберін Юпитер планетасы тек
12 жылда 1 рет толық айналып өтеді. Сондықтан, бұл күнтізбе — ғарыш
заңдылықтарынан туындаған, ғылымға негізделген және ғасырлар бойы
тексеріліп, дұрыстығы тәжірибеде дәләлденген маңызды мерзім өлшемі.
Мүшелдің он екі жылы абстракциялық түрде 12 хайуанаттың атымен аталады.
Олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит
және доңыз. Өткен ХХ ғасырдың ортасынан бастап дүние жүзінде Шығыс
күнтізбесіне қызығушылық артып келеді. Бұл оның өміршіл және сұранысқа сай
екендігінің белгісі. Сондықтан, мүшелді ғұмырнама компасы ретінде
күнделікті тұрмыста пайдалануға әбден болады. Мерейтойларға себеп болып
жүрген дөңгелек даталар нөл мен 5-ке аяқталғанымен, олар өмір кезеңдерінің
сырын ашпайды.
Адамның ең айқай-шулы, ұшқалақ, көз жасы көл эмоцияға толы ғұмыр кезеңіне
тек бір ғана жыл бөлінген себебі, бұл — балалықтың ең интенсивті науқанды
кезі. Бала сәби кезінде (1 жасқа дейін) өте тез дамиды. Оған тоғыз айлық
эмбрионалдық іштегі жатыр кезеңін қосқанымызда, осы қысқа мерзім өзінің
маңызы жағынан келесі бір мүшел — 12 жылдыққа пара-пар. Бір жасқа дейінгі
кезеңге барлық халықтар ерекше назар аударады. Мысалы, қазақ халқы бір
жаста баланың тұсауын кеседі. Кейбір шығыс елдерінде бір жасқа толмаған
баланы санға да қоспайды (корей, т.б. ұлттар адамға өмірде екі рет үлкен
құрмет көрсетеді: 1 жаста, сосын 61-де). Сәби психикасының үлкендерден
ерекшелігі, оның барынша эмоциялығында. Өмірдің алдау-арбау, қайғы-қасірет,
дос-қас, бай-кедей сияқты қайшылықтарынан бейхабар, сондықтан да уайымсыз,
кіршіксіз таза сәбилік кезеңіне Сұлтанмахмұт: Мен сыйлар деп дүние келдім,
міне. Бір жас деп есігіңнен ендім, міне. Мен азатпын, мен ақпын, мен
өсемін. Не қылсам да басымды бердім, міне! деген еді.
Балалықты (1 — 13 жас аралығы) шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: 1-3
жастағы — яслилік (бөбек), 3-7 жастағы — балабақшалық (бүлдіршін) және
7-13 жастағы — бастауыш мектеп оқушылары (балдырған).
Бұрын-соңды қалыптасқан арнайы терминдер болмағандықтан біз балалық бірінші
мүшелдің 3 кезеңіне 3 атау қойып отырмыз. Бұл түсініктердің де өзіндік сыры
бар: бала бір-үш жаста толық аяқтанады. Бір жаста тәй-тәй басқан ол, кейін
құлын-тайдай шапқылап жүгіріп кетеді. Бөбек сөзінің мағынасына үңілсек, 1-3
жас аралығындағы бала өз істеріне әлі жауап бермейді. Аяғы жерге тигеннен-
ақ адамдар қоршаған ортаны өздері зерттей бастайды. Ол тынышсызданып,
қолына түскен дүниені жыртып, сындырады, тіпті тістеп те, жеп те көреді.
Бұны ғылымда бағыт-бағдарлық зерттеу инстинктері мен рефлекстері дейді. Ол
— бала түйсігінің қарқынды дамуының салдарынан болатын құбылыс. Балалықтың
Мұқағали бейнелеген: Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды
қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын, айырбастап ала алмай
жүр алтынға шағы.
Үш-жеті жастарда бала толық құлақтанады. Басқаша айтқанда, ол өте көп
сөздерді түсініп қана қоймай, оларды өмір бойына есінде қалдырады. Осы бір
ми мен нерв жүйесінің дамуындағы жауапты кезеңде үлкендер баламен барынша
көп сөйлесулері керек. Бұл — нағыз құймақұлақ кезең. Сондықтан, біз осы
бүлдіршіндермен тиімді түрде дұрыс диалог құрып сөйлесуге міндеттіміз. Орта
есеппен балалар 7 жастан хат тану ісіне еркін бейімделеді. Осы жеті-он үш
жас аралығында бала кітап оқу мен жазу-сызу жұмыстарына барынша икем. Бұл
кезең нағыз балдырғандар заманы. Халқымыздың: Баланы жетіге келгенше
тыйма, жетіден он үшке келгенше құлыңдай қина, он үштен асқасын құрдасыңдай
сыйла деген тәжірибеден туындаған қағидасында ғылыми негіз жоқ емес.
Жастық шақта (13-25) психиканың жоғары динамизмі әлі де сақталады. Абай
ерекше мән берген ғұмырымыздың екінші мүшелі: Есіңде бар ма жас күнің,
көкірегің толық басың бос. Қайғысыз, ойсыз, мас күнің, кімді көрсең бәрі
дос. Бірақ, балалыққа қарағанда бұл кезде мінез-құлықта пластика қасиеті
пайда бола бастайды. Осы дәуірде мінездің екі бірдей құнды қасиеті —
динамика мен пластика қосақтала басым түрде қызмет етеді. Соның салдарынан
жастық шақта, балалыққа қарағанда, албырттық пен тікмінездік, ұстамдылық
пен мәмлегерлік сияқты қасиеттер қатар орын алады. 13-17 жастағы жеткіншек
бозбала, тек бүлдіршіндей естіп немесе балдырғандай оқып қана қоймай,
сөздің төркінін түсінетін дәрежеге жетеді. Ол оқиғаның ішкі мағынасына
көңіл бөле бастайды. Мысалы, астарлы сөзді ұға алады. Өйткені, ол
абстракциялы түрде ойлау қабілетіне ие болады. Осындай кәмелетке келіп
қалған 17-21 жастағы бойжеткен әртүрлі күрделі білім саласын игере алады.
Бұл кезде олар орта немесе жоғары оқу орындарына түсіп, студент болады. 21-
25 жастағы ер жеткен азамат жас маман немесе магистрант болып, ғылыми-
зерттеу жұмыстарымен шұғылдана алатын интеллекті толыққан зерделі тұлға
деңгейіне жетеді. Осы кезден бастап олар қоғамға пайда береді. Өрлік пен
жанпидалық ерлік те оларға жат емес, орайы келгенде тіпті заңды болмыс.
Жалынды жастық шақты Біржан сал әніне арқау еткен: Жасым бар жиырмада
жасырмаймын. Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын! деп. Өнегелі тұлғалар
тағдырын ескерсек, өмірдің мәні тіршіліктің санында емес, сапасында.
Қазақ пен Одақты қайран қалдырған Әлия Молдағұлова 19-да қыршын кетті,
Жанна Д’Арк (19), Төлеген Тоқтаров (20), Мәншүк Мәметова (21 ), Э.Галуа
(21), Ғани Мұратбаев (22), Нүркен Әбдіров (22), Н.Добролюбов (25 ).
Ересек (25-61) адамның психика процестерінің шапшаңдығы жастық шаққа
қарағанда бірсыдырғы баяулау болғанымен, ол психика пластикасы жағынан
жоғары тұрады. Бұл жаста адам өзін-өзі ұстай алады, мінезде салқынқандылық
пен қулық та пайда бола бастайды. Өмірлік тәжірибе жинап, оны пайдалана
біледі. Ересек шақтың да 3 кезеңі бар: бастапқы — машықтану, орта —
кемелдену және кейінгі — мосқалдану. Бірінші кезеңде мінез-құлық барынша
лабильді болса , ал үшіншісінде ол статистика жағына ауытқиды.
Ересектіктің бастапқы кезеңінде (25-37) психофизиологиялық процестердің
жоғары динамизмі пластикалы түрде жүреді. Бұл үшінші мүшел. Басқаша
айтқанда, мұндай психика суперпластикалы. Соның салдарынан бұл кезеңде
адамның белгілі бір мамандыққа өте тез машықтанып кетуіне мүмкіндігі үлкен.
Творчестволық тұрғыда бұл пысық кезең барынша жемісті болып келеді. Талай
ғұламалардың интеллектуалдық мүмкіндіктерінің шыңына дәл осы кезеңде
шыққандарын біз тарихтан жақсы білеміз. Ақындар — артына өлмейтін сөз,
сазгерлер — музыка, суретшілер — қылқалам туындыларын, ал ғалымдар ұлағатты
ой қалдырды. Еуразия халықтарында 37 жас тағдыр алаңдататын ерекше меже
болып танылады.
Оның айғағы: Шолпан Иманбаева 26 жыл өмір сүрді, М.Лермонтов (27),
Сұлтанмахмұт Торайғыров (27), Шоқан Уалиханов (29), С. Есенин (30),
Т.Айбергенов (30), Майра Уәлиева (31), А. Македонский (33), Смағұл
Садуақасов (33), А.Грибоедов (34), В.Чкалов (34), Ю.Гагарин (34), В. Моцарт
(35), Дж.Байрон (36), Принцесса Диана (36), А.Пушкин (37), В.Белинский
(37), В.Маяковский (37), А.Гайдар (37). Академик М.Айтхожин 37 жасында
Лениндік сыйлық алған.
Ересектіктің орта кезеңі (37-49) өмірдің де жерортасы осы төртінші мүшел.
Бұл кезде мінез-құлық барынша пластикалы.Ол — әр адам өмірінің алтын
дәуірі, өйткені осы кезеңде өмірлік тәжірибе, білімділік пен кәсіптік
машықтану деңгейі ең жоғары сатыға көтеріледі. Осы жаста адамның өзіндік
әлеуметтік бағыт-бағдары, тұрмыс-жағдайы болады.
Ересектің кейінгі кезеңінде (49-61) мінез-құлық пластикалы болғанымен,
психодинамика процесінің қарқыны едәуір бәсеңдеп қалған бесінші мүшел.
Бұндай психика — субпластикалы. Бұл кезде мінездің астарына сақтық қосыла
бастайды. Ол енді бұрыңғыдай кеуде соғуды бәсендетеді де, сыпайылыққа
көшеді. Сырт көзге мұндай адам инабаттылығымен ерекшеленіп тұрады. Халықта
бұл кезеңді екінші жастық деп те атайды. Өйткені, бұл кезеңде адам алғаш
рет өткен өміріне ойлы да сын көзбен қарай бастайды. Жүріс-тұрысымен, мінез-
құлқымен, тіпті киген киімімен кейде жастарға еліктеп те көреді. Ертеде
аталарымыз осы кезеңде қайта үйлену жағын да ойластырған...Әрине, олар іштей
қарттыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz