Тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары және тәрбие процесінің мазмұны


Тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары және
тәрбие процесінің мазмұны
Жалпы заңдылық ауқымының әрекеті ТП-нің барлық жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы процестің маңызды және ірі бірліктерінің арасын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. ТП жалпы педагогикалық процестің бөлігі ретінде осы процестің заңдылықтарына бағынады.
Тәрбиелеу тәжірибесі үшін ТП-інің кейбір бірліктерін тәрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пәрменділігімен байланыстыру қажет.
Тәрбиелеу пәрменділігі мыналарға байланысты:
1) қалыптасқан тәрбиелік қатынастарға;
2) әрекеттерді ұйымдастыру мен оған қойылған мақсаттардың бір-біріне үйлесуіне;
3) тәрбиелік әсердің әлеуметтік тәжірибесі мен сипатының (бағыттылығы, мазмұны) тәрбиеленушілерге ықпал етуіне;
4) объективті және субъективті факторлар әрекетінің байланысына;
5) тәрбиелеудің және өзіндік тәрбиенің қарқындылығына;
6) педагогикалық өзара әрекеттегі тәрбие процесіне қатысушылардың белсенділігіне;
7) тәрбиемен ұштасушы дамыту және оқыту процестерінің пәрменділігіне;
8) тәрбиелік ықпалдың сапасына;
9) тәрбиеленушінің "ішкі жан дүниесіне" әсер ету қарқындылығына;
10) тәрбиеленушілердегі сөздік және сезімдік процестердің даму деңгейі мен педагогикалық әсер етудің үйлесуіне;
11) тәрбиеленушілердің өзара бір-бірімен қарым-қатынасының қарқындылығы мен санасына байланысты болады.
Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.
Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.
Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады:
1. Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат - бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның "базалық мәдениеті" келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, керкеменер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.
2. Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады. ТП-де оқушының өзіндік белсенділігі көрінеді.
3. Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады.
Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент - адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным - бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамтымайтын өте кең ұғым. Өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретіңде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады.
4. Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
5. Өз еркіндігі. Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. ТП-і еріксіз ұйымдастырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды "тәрбиелеуге" міндеттеме керек. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.
6. Ұжымдық бағыты. Тәрбие жұмысының мазмұны ұжымда тәртіп құралы ретінде қолданылатын тұлғаны мәжбүрлеу әдісіне емес, оның рухани, адамгершілік күштерінің ырықты артуына бағытталады.
Мектептің нақты тұрмыс, өмірге қарай бағытталуы тәрбие мазмұны мен тәсілдерін жаңартудың тірегі. Ол келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
- тұлғаны тоқыраудан құтқарып, оның жан-жақты дамуына қуат береді;
- ескі догмаларды жаттай беруден гөрі, әлемді танып, өзгертуге бағыттайды;
- әміршілдік пен жатсынудан гуманистік және бірлескен іс-әрекетке жол көрсетеді.
Бүгінгі күнде тәрбиеленушіге ақпарат жеткізіп, оны ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық т. б. тәрбие әрекетіне қосу басты мәселе. Осыдан, бұл не үшін керек, ол не береді? - деген сұрақтар туады. Шетел тәрбие жүйесінде нақты осы тұрмыс-тәжірибелік сұраныс бірінші орында, сонымен тапсырыс осы қоғамдық тәрбие мазмұнына дұрыс ықпал жасап, оның іске асуында табысты қызмет ететіндігі алға тартылуда.
Өз дәрежесінде және жақсы ұйымдастырылған тәрбие адамды өмірдегі үш негізгі қызметке, яғни азаматтыққа, іскер жұмысшы болуға және үлгілі жанұялық адам болуға дайындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz