Сократтың сорақы соты


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сократтың сорақы соты.

Афиныда сот жүріп жатыр. Афиныда адамды соттағанды сондай жақы көреді. Бірақ бұл жолғы сот бұрынғыдан басқаша. Халық та әдеттегіден айрықша көп жиналған. Бүгін осыдан 30 жыл бұрын Анаксагорды, 12 жыл бұрын Протагорды соттағандай ақылман атақты философ Сокаратты соттап жатыр. Оны жастардың тәрбиесін бұзды, күллі жамағат мойындаған құдайлардан басқа өзі ойлап тапқан жаңа бір Құдайға табынады деп айыптап жатыр.

Биыл сократтың жасы 70-ге шықты. Ол шашын ақ басқан, жалаң-аяқ, сот алдында жымиып, бірінен соң бірі қызына айыптап сөйлеп жатқан Мелет, Анит, Ликонды тыңдап тұр. Бірақ олардың сөздірінен қатігездік қатты тсезіліп тұр. Айналасындағы халық та ебедейсіз шулап, толқып тұр. Спартамен болған ауыр соғыстың аяқталғанына 5 ақ жыл өтті. «30 тиранның» оңбаған билігінен құтылғалы да 4 ақ жыл өтті. Ел енді-енді есін жиып келе жатқан кез. Бұл қалай Афины ақсақалдарының кезінде Эллададағы ең мықты мемлекет осылар еді ғой. Бүгінгі мынадай бейшара халге қайдан тап болды. Мүмкін елдің осылай құлдырауына Сократ секілді сұмырайлар кінәлі шығар?

«Сократ-халық жауы»-дейді олар. - Біздің демократия әр бір заматтың билікке араласуына мүмүкіндік беруге негізделген. Барлық азамат тең болу үшін, біз жеребе тастап, ел билейтін көсемдерді таңдап аламыз. Ал Сократ болса осы тәсілді «Кемеде теңізшілерге тамақ тарататын қоймашыны ақылына қарап емес жәй әншейін жеребе тастаумен таңдап алған секілді күлкілі тірлік екен»-деп мазақ қып отыр. Ал біздің азаматтар арасында саясат саласында терең тәжірбие жинақтауына кімнің қолы бос боп, ерігіп жүр дейсің? Ондай іспен алаңсыз айналысуға дәулетті байлар мен алпауыт ақсүйектердің ғана бос уақыты бар. Сондайлар ғана Сократтың қасынан шықпайды. Оның оңбаған сабақтарын тыңдайды, соның кесірінен мемлекеттің шаңырағы шайқалады. Күні кеше ел басына күн туып соғыс боп жатқанда біздің түбімізге атаққұмар Алкивиад, ал соғыс біткен кезде қатігез Критии сорымызға тыша жаздады.

«Сократ -халықтың досы» дейді кейбіреулер. -Ал Алкивиад пен Критий Сокараттан сабақ алып жүргенде жап-жақсы жігіттер болатын. Олар одан бөлініп жеке кеткесін ғана қоғам үшін қауіпті адам болып шыға келді. «30 тиран Сократты жақсы көрді деп кім айтты? Жоқ, олар да одан қорқатын, және жастардың тәрбиесін Сократ бұзып жүр»-деп кіналайтын. Сократ ешқашан жұртқа жасырын сабақтар үйреткен емес. Не істесе де үнемі бұқара халықтың алдында жүріп жасайды. Қоғамдағы кез-келген азаматпен жап-жақсы тіл табысып, сөйлесіп кете береді. Ия, ол үнемі «Мемлекетті ақылды азаматтар басқару керек» -деп айтатын. Бірақ ол тоғышар байлар жақсы көретін «Жақсы адам болуды кім көрінген үйрене алмайды, ол үшін жақсы адам болып туылу керек» деген парықсыз пікірді айтқан емес. Ол да қара халықты жақсы адам болуға үйретті. Мейлі ол бай болсын, мейлі ол кедей болсын ол тек олардан өзі де бірнәрсе үйренгенді жақсы көретін. Осы үшін Сократ айыпты ма?

Сократ - адамды мазақ қылатын есуас, -дейтіндер де жетіп артылады екен. Ол кісіге сұрақ қояды да жауабын айтпайды. Оның қойған сұрақтарына қалай жауап берсең де тұйыққа тіреліп, миың айналып, есеңгіреп отырып қаласың. Басқа филосфтар «Ананы мынаны ойла»-деп үйретеді. Ал Сократ болса «Былай ойлан»-деп сөйлейді. Ананы-мынаны ойлап, ойлап бірнәрсені айтасың, ол саған тағы бір сұрақ қояды. Ол сұрағына тағы да ойланып, толғану керек болады. Қойған сұрақтарына жауап таппай жынды боп отырсаң «Кек сақтама, әйтпесе жаман болады деп» күліп тұрады. Бұлай кете берсе әлбетте үйдің де, мемелекеттің де шырқы бұзылмай қоймайтын шығар.

Бұның сұрақтары қызық әрине, бірақ адамның мазасын алып, тынышын кетіреді. Айып тағушылар: «Оны өлім жазасына кесу керек»-деп нық отыр. Әрине, бұл тым артық кету болар. Бірақ сонда да бұл зиянкесті біздің дұрыс өмір сүруімізге кедергі келтірмейтіндей қылып, аулаққа апарып қамап тастау керек.

Міне айып тағушылардың сөзі тамам болды. Енді Сократ орнынан тұрып, өз басын ақтап алатын сөздер айта бастады. Бәрі ибірдей сілтедей тынып, тыныш тыңдай қалды.

-Құрметті Афинылықтар, -деді Сократ, - маған қарсы екі түрлі айып тағылды; бірақ екеуі де ойланбай тағылған айыптар. Тіпті ол туралы салмақты бір нәрсе айтудың өзі қиын екен. Меніңше мәселе онда емес, гәп басқа жақта сияқты.

«Олардың айтуынша мен бейне бір мемлекеттің сиынатын құдайларын мойындамайды екенмін. Бірақ мен барлық діни дәстүрлер мен шалынатын құрбандықтарға елмен бірге қатыстым ғой, оны елдің бәрі көрді. Олардың айтуынша мен басқа бөтен құдайларға табынады екенмін, - бұл енді менің іштен сөйлеп тұратын дауысты ұйып тыңдағаным ғой. Бірақ сіздер де кейбір адамдар делфилік пифия құдайдың дауысын естиді дегенге және сол құдайдың бал ашатын балгерлерге құстың ұшуымен тағы басқа нәрселермен белгі береді дегеніне сенесіңдер ғой. ; Сонда сендер неге маған да құдай сөйлеп тұрады-ау деп сенбейсіңдер?».

Олардың айтуынша мен албырт жастардың тәрбиесін бұзады екенмін. Қалайша? Мен не оларды топас сараңдыққа, жиіркенішті атаққұмарлыққа, сұмырай зымияндыққа үйретіппін бе? Жоқ әлде өкіметке бағынбаңдар деппін ба? Мен оларға үнемі: «Қазіргі заңдар сендерге ұнамаса қоғамға қолайлы жаңа заңдар жасап алыңдар. Ал жаң заңдар әлі қабылданбаса онда ескі заңдарға бағынып жүре тұрыңдар. Мен ата-аналарға: «Сіздер сауаты күшті адамға балаларыңды оқыту үшін оларға сеніп тапсырасыздар. Ал жақсылық жасаудың жолын білетін рухани адамдарға неге сенбейсіздер?».

Жоқ, құрметті афинылықтар, мені мына сорақы сотқа басқа себеппен әкеп отыр. Тіпті мені не себепті соттап жатқанын іштей сезетін сияқтымын. Естеріңде ме делфилік ділмар қызық нәрсе айтып еді ғой: «Сократ эллиндік даналардың ең ақылдысы»-деген еді. Мені бұл сөз қатты таң қалдырды. Себебі мен өзімнің ештеме білмейтінімді жақсы білем ғой. Бірақ дана ділмардың сөзіне мән беріп, құлақ асу керек. Мен сосын адамдармен араласып ақылымды арттыруға бел байладым: Сөйттім де пысық саясатшыларға, жалынды ақындарға, құмыра жасағыш шеберлерге, темірден түйін түйген ұсталарға барып солармен сұқбаттасып көрдім. Сосын не болды? Сөз жоқ олардың барлығы да өз істерінің нағыз шебері екен. Бірақ олар қайрымдылық, әділдік, әдемі әдеп, сау ақылмен ойлау, адал достық турасында менен көп білмейтін боп шықты. Сөйте тұра олар өздерін барлық нәрсені білеміз деп сенімді сөйлейді екен. Бірақ менің қойған сұрақтарыма жарытып жауап бере алмаса қатты ашуланып маған ренжіп қалады. Осы кезде барып мен делфилік ділмардың не айтқысы келгенін есіме түсірдім. Қазір анық білемін, мен өзім көп ешнәрсе біліп жарытпасам да-олар менің білгенімді де білмейтін боп шықты. Мен сәлде болса ақылды екем.

«Содан бері елді аралап адамдармен сөйлесіп оларға түрлі сұрақтар қойып, сауал тастаймын. Себебі ел силаған ділмарды да тыңдау керек қой. Осы себепті де мені көп кісілер жақтырмайды: Әлбетте өмірдегі өте маңызды нәрселерден мақұрым екеніңді білу жақсы емес. Ал мына адамдар мені айыптайтын негізсіз кінараттар ойлап тапты. Мен бейне бір жастарды жаман нәрсеге үйретіп жүрген сяиқтымын. Ал мен ешкімді ешнәрсеге оқытып, үйретпеймін. Себебі өзім де ешнәрсе біліп жарытқам жоқ. Және ешнәрсені ол сондай деп, кесіп айта алмаймын. Бар болғаны өзіме де өзгелерге де өмір туралы маңызды сұрақтар қоямын. Сосын сол сұрақтарға өзім де ойланып, толғанып басымды қатырам. Ойланып отырсам адамдар қалай да болмасын ақымақ бола алмайды екен. Керісінше кез келген пенденің жақсы адам болуына толық мүмкіндігі толып тұр. Осыған қарап отырып, мен өзімді кіналімін деп айта алмаймын».

Соттар дауысым бере бастады. Олар да Мелет пен Анитаның айыптарын соншалықты шынайы қабылдап тұрған жоқ. Ия рас, Олар Сократты айыпты деп есептейді. Бірақ олардың жақтастарының дауысы соншалықты көп емес. Енді кесілетін жазаның түрін дауысқа салу керек. Бір қызығы мұндай қылмысқа арналған жазаның түрі жоқ. Айыптаушы жақ өздері таңдаған жаза түрін ұсынады, айыпталушы қылмыскер де өзінің қандай жазаны қалайтынын білдіруге құқылы. Сот екі жазаның біреуін таңдап алады. Айыптаушылар таңдаған жазасын айтып қойды. Ол-өлім жазасы. Сократ өзі төлеугі тиісті айып пұлын айтсын. Сонымен бұл дау да бітетін шығар. Бірақ, Сократ: -Құрметті афинылықтар, егер мен өзімді айыпты деп санамасам онда мен қалайша өзіме өзім жаза кесем? Мен керісінше өзімді мемлекетке пайдалы адаммын деп санаймын. Себебі мен жайылып жүрген жылқыны мазалап тұратын бөгелек сона сияқтымын ғой. Сіздердің ақылдарыңыз ұйып, ұйықтап қалмауы үшін үнемі оны мазалап оятып отырамын. Сондықтан мен өзіме жаза емес керісінше құрметті силық тағайындаған болар едім-мысал үшін айтар болсақ қазынаның есебінен тегін тамақ бергізер едім. Себебі мен өте кедей кісімін ғой. Болмаса мен қандай айып пұл төлей аламын. Менің бүкіл жиған терген байлығым 5 теңгеге де жетпейді. Егер барымыды шығарып, талпынып көрсем бір теңгені өйтіп-бүйтіп табатын шығармын. Ал қалған 4 теңгені толтыруға тамыр таныстарым мен жора-жолдастарым жәрдемдесетін шығар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың оригиналдық поэмасы
Адам ақыл - ойы бар тіршілік иесі
Алғашқы Абайтанушылар
Менталитет ұғымын талдау
Бесігіміз бұзылып бара жатқан жоқ па?
XX ғасырдағы қазақ мәдениеті
«Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Үндістандағы «Ману заңы»
Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі
Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті
Ежелгі үнді мәдениеті. Қоғамдык құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz