Тәпсір әдістемесі


ТӘПСІР ӘДІСТЕМЕСІ
Проф. Док. Исмайл Чалышкан
ХҚТУ-Дінтану кафедрасы
Түркістан - 2011 ж
ББК
УДК
Пікір жазғандар:
Кенжетай Досай профессор, философия ғылымдарының докторы
Асалыоғлы Адем философия ғылымдарының докторы
Иылдырым Ахмет теология ғылымдарының докторы
- Бұл кітапта тәпсір методикасының не екендігі, қалайша пайда болғандығы және Құранды тәпсірлеудің негіздері қарастырылады. Кітап негізгі үш бөлімнен тұрады. . Кітапты жазу кезінде қазіргі таңда тәпсір мен тәпсір методикасы саласында жарыққа шыққан жаңа ғылыми жетістіктерді де ескердік. Өйткені, классикалық мәліметтер қазіргі таңда толық жеткілікті болмай жатыр. Кітапта қамтылған барлық тақырыптардың күрделі әрі тартысты тұстарына кірмей, мүмкіндігінше қарапайым, түсінікті әрі жүйелі бір методпен ұсынуға тырыстық. Бұдан да терең ізденем деушілерге тақырыптардың соңында және осы еңбектің соңында берілген әдебиеттерге жүгінуіне болады.
Бұл кітап мазмұнымен әрі жоғары оқу орындарындағы студенттер мен оқытушыларға әрі Құран және тәпсір ілімімен айналысушы әрбір жанға пайдалы болады деп үміт етеміз.
ISBN
- Алғы сөзҚұран Аллаһ Тағаланың жер бетіне жіберген ең соңғы кітабы. Оны адамзатқа жеткізген Хз. Мұхаммед те (с. а. у) Аллаһ Тағаланың ең соңғы пайғамбары. Құран Кәрім жер бетіне түсісімен адамдарға тура жолды көрсетті, әлі де болса тоқтаусыз көрсетуде. Мына екі аят мұны былайша тілге тиек етеді:«Әлиф Ләм Мим. Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. » (2 Бақара, 1-2) ; «Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді. » (17 Исра, 9) Осы екі аят Құран Кәрімнің негізгі екі ерекшелігін баяндайды. Құранның уахи арқылы туындағандығына еш күмән жоқ, яғни адамзаттың туындысы емес. Екіншісі, адамзатқа тура жолды көрсетуші. Оның тура жолды көрсетуші, тура жолға бастайтын ерекшелігін жүзеге асыруы үшін оған алдымен сеніп, кейін мағынасын түсіну қажет. Демек, Құран Кәрімді түсіну тек қана ғылыммен айналысатындарға тиісті нәрсе емес, әрбір иман еткен кісінің міндеті. Құран Кәрімнің негізгі мақсаты мұсылманша ойлау жүйесін қалыптастыру, бұл әрбір мұсылман үшін қажет. Әлбетте әрбір адам оны өзінің білімі мен ақыл деңгейіне қарай ұғына алады. Мына нәрсені естен шығармау керек, Құран Кәрім түсініксіз бір кітап емес, керісінше өзін түсінуге тырысқан әрбір кісіге есігін айқара ашары сөзсіз. «Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» (54 Қамар, 17) аяты осы жәйтті баяндайды. Біз қаншалықты Құран Кәрімді кез-келген адамның түсіне алатындығын айтсақ та, оның ғылыми тұрғыдан жүйелі әрі шарттарына сай айқындалуы қажет. Ислам мәдениетінде маңызды орын алатын тәпсір ғылымы осы мәселемен айналысады. Хз. Пайғамбардан бастап, сахабалар, табиғиндар және солардан кейінгі ұрпақтар да тәпсір ғылымымен айналысқан. Хз. Пайғамбардың басты міндеті жеткізу, мәлімдеу (тәблиғ) және баяндау, түсіндіру (тәбиин) болатын. Тәблиғ етіп жеткізген нәрселерін түсіндіру қажет. Негізінен оның уақтысында Құран Кәрімді түсінуде ешқандай қиындық туындамаған болатын. Себебі Құран Кәрімді Хз. Пайғамбар күнделікті өмірде іс-әрекетімен жандандыратын еді. Егер тәпсірді, «иләһи мәтінді адамдардың түсіне алатындай формаға енгізу» деп қарастыратын болсақ, Хз. Пайғамбардың тәпсірші болуы тек сөздік мағынасын беріп баяндау ғана емес, сонымен қатар іс-әрекетімен де Құран Кәрімді тәпсірлегендігін анық көруге болады. Бұдан басқа сахабалар да Құран Кәрімнің мән-мағынасын түсінуге және оны өз өмірлерінде іске асыруға тырысатын еді. Олар үшін ең маңызды да қымбат нәрсе Құранды ұғыну және оны жүзеге асыру болатын. Бұдан тыс маңызды мақсаттарының бірі Құранды өзгелерге жеткізу болатын. Сондықтан өз араларында тартысудан гөрі басқалардың одан пайдалануы үшін тер төкті. Бірақ, Құранның жер бетіне түскен уақытынан ұзақтаған сайын табиғи түрде кейбір мәселелер туындай бастады. Міне, осы сияқты мәселелерді шешу мақсатында білгір ғұламалар аяттарды адамдар түсіне алатындай етіп түсіндіре бастады. Осылайша ғылым ретінде тәпсірдің негіздері қаланды. Уақыт өте келе тәпсірге қажетті көптеген мағлұматтар жинақтала бастады. Біз осыларды Құран ілімдері (Улуумул-Қуран) деп атаймыз. Сонымен қатар тәпсірлеудің қағидалары да анықтала бастады. Осы уақыт ішінде бір жағынан тәпсір, алғаш пайда болған күннен бастап ғылым ретінде дамыса, екінші жағынан оның ереже-қағидалары бірте-бірте құрылды. Міне, тәпсірді ереже-қағидаларына сай жазуды үйрететін ғылым саласы тәпсір методикасы (Усуулут-тәфсир) - деп аталады. Қазіргі таңда тәпсір методикасы жаңа әдістер мен мазмұнға ие. Соңғы үш ғасырда «Мәғәл» деп аталатын Құранның түрлі тілдерге аудармасы жасалды. Осылайша он төрт ғасырдан астам уақыт ішінде тәпсір мен мәғәл саласы бойынша мыңдаған еңбектер жарыққа шықты. Бұл кітапта тәпсір методикасының не екендігі, қалайша пайда болғандығы және Құранды тәпсірлеудің негіздері қарастырылады. Кітап негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде уахи, Құран тарихы және Құран мазмұны сияқты тақырыптар қарастырылатын болса, екінші бөлімде Құран ілімдерінің қалыптасуы мен ерекшеліктері түсіндіріледі. Соңғы бөлімдерде Құранды түсіну, тәпсірлеу және тәпсір методикасының қалыптасуы, қазіргі жағдайы және тәпсірлеу кезінде қажет болған методология қарастырылады. Кітапты жазу кезінде қазіргі таңда тәпсір мен тәпсір методикасы саласында жарыққа шыққан жаңа ғылыми жетістіктерді де ескердік. Өйткені, классикалық мәліметтер қазіргі таңда толық жеткілікті болмай жатыр. Кітапта қамтылған барлық тақырыптардың күрделі әрі тартысты тұстарына кірмей, мүмкіндігінше қарапайым, түсінікті әрі жүйелі бір методпен ұсынуға тырыстық. Бұдан да терең ізденем деушілерге тақырыптардың соңында және осы еңбектің соңында берілген әдебиеттерге жүгінуіне болады. Бұл кітап мазмұнымен әрі жоғары оқу орындарындағы студенттер мен оқытушыларға әрі Құран және тәпсір ілімімен айналысушы әрбір жанға пайдалы болады деп үміт етеміз. Проф. Др. Исмайл ЧалышканТүркістан - 2010Бірінші бөлім: Уахи және Құран тарихыБірінші тақырып: Уахи ұғымыТақырып:Уахи сөзі және уахи ұғымыМақсат:Уахи сөзінің cөздік және терминдік мағынасымен қатар уахидің келу түрлерін үйренуА. Уахи сөзінің сөздік мағынасыНегізіو ح ى түбірінен шыққан уахи و ح ى (وحى) сөзі түбір сөз ретінде «уахи ету, жасырын сөйлесу, әмір ету, шабыттандыру, рухтандыру, жаман ой салу, күдік тудыру, көрсету, асығу, ымдау және ишарат ету, үн қату, сыбырлау, шапшаң түсіндіру, хат жазу» сияқты мағыналарды білдіреді. Арабтар Ислам діні келместен бұрын уахи сөзін осы мағыналарда қолданған. Бұл мағыналардың кейбірі Құран Кәрімде де қолданылған. Енді осылардың бірнешеуіне назар аударып көрелік. فَخَرَجَ عَلَى قَوْمِهِ مِنَ الْمِحْرَابِ فَأَوْحَى إِلَيْهِمْ أَن سَبِّحُوا بُكْرَةً وَعَشِيًّا«Сонда (Зәкәрия) михраптан шығып, қауымына: "Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер" депнұсқады. » (19 Мариям 11) وَكَذَلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نِبِيٍّ عَدُوًّا شَيَاطِينَ الإِنسِ وَالْجِنِّ يُوحِي بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ زُخْرُفَ الْقَوْلِ غُرُورًا . . . «Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздердісыбырлайды. » ( 6 Әнғам 112) Осы аяттардан байқағанымыздай уахи сөзі дыбыс, сөз, мағына сияқты нәрселердің арнайы жолмен өзгеге жеткізілуі, бір орыннан екінші бір орынға көшірілуі деген мағыналарға саяды. Төмендегі берілген аяттарда Аллаһ Тағаланың түрлі тіршілік иелеріне табиғи болмыстарына қатысты заңдарды немесе орындаулары қажет болған кейбір нәрселерді баяндауы да осы мағынада қолданылған. فَقَضَاهُنَّ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ فِي يَوْمَيْنِ وَأَوْحَى فِي كُلِّ سَمَاء أَمْرَهَا«Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзінебілдірді» (41 Фуссилат 12) وَأَوْحَى رَبُّكَ إِلَى النَّحْلِ أَنِ اتَّخِذِي مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا وَمِنَ الشَّجَرِ وَمِمَّا يَعْرِشُونَ«(Мұхаммед Ғ. С. ) Раббың, араға: “Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!”, - депнұсқады. (Жаратылыс қабылет берді. ) » (16 Нахыл 68) يَوْمَئِذٍ تُحَدِّثُ أَخْبَارَهَابِأَنَّ رَبَّكَ أَوْحَى لَهَا«Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді; Раббыңның оғанбілдіруімен. » (99 Зілзал 4-5) إِذْ يُوحِي رَبُّكَ إِلَى الْمَلآئِكَةِ أَنِّي مَعَكُمْ فَثَبِّتُوا الَّذِينَ آمَنُوا سَأُلْقِي فِي قُلُوبِ الَّذِينَ كَفَرُوا الرَّعْبَ فَاضْرِبُوا فَوْقَ الأَعْنَاقِ وَاضْرِبُوا مِنْهُمْ كُلَّ بَنَانٍ«(Мұхаммед Ғ. С. ) сол уақытта Раббың періштелерге: «Расында Мен сендермен біргемін. Мүміндерге тоқтау беріңдер» депнұсқау берудееді. Кәпірлердің жүректеріне қорқыныш ұялатамын. Сонда мойындарының үстіне әрі қол-аяқтарына (қылышпен) шабыңдар» (8 Әнфал 12) إِذْ أَوْحَيْنَا إِلَى أُمِّكَ مَا يُوحَى أَنِ اقْذِفِيهِ فِي التَّابُوتِ فَاقْذِفِيهِ فِي الْيَمِّ . . . «Сол уақытта анаңның көкейіне тиісті нәрселерсалған едік: Оны сандыққа салып, дәрияға тастап жібер . . . » (20 Таһа 38-39) وَإِذْ أَوْحَيْتُ إِلَى الْحَوَارِيِّينَ أَنْ آمِنُوا بِي وَبِرَسُولِ«Сол уақытта Хауариларға: «Маған әрі Елшіме сеніңдер» депбілдірген едім. » (5 Мәйда 111) Жоғарыдағы аяттардан түсінгеніміз бойынша, Аллаһ Тағала өз қалауымен түрлі тіршілік иелеріне өздеріне түсінікті тілде кейбір нәрселерді айтқан немесе аян еткен. Әсіресе соңғы екі аят бойынша адамдардың жүректеріне аян бергендігін аңғаруға болады. Зер салып қарасаңыз бұлардың барлығы жекеге қатысты жағдайлар. Яғни тек өзіне аян берілген мен Аллаһ Тағала арасында болып жатқан нәрсе. Басқаша айтар болсақ тек қатысы болғандарды ғана қамтып, басқаларға қатысы болмаған хабарласудың бір түрі. Осы нәрселер шынайы уахиды түсінуде септігін тигізуі әбден мүмкін. Ә. Уахи сөзінің анықтамасы және мәніУахи қазақ тілінде тілінде «уахи, аян, шабыт» мағыналарына келеді. Ал, терминдік мағынасы болса, Аллаһ Тағаланың адамзатқа түрлі жолдармен ілім беруі. Ашып айтар болсақ, Аллаһ Тағаланың пайғамбарларға жеткізген уахиы. Ислами әдебиеттерде уахи сөзіне былайша анықтама берілген: «Уахи Аллаһ Тағаланың кейбір сөздерді адамзатқа жеткізу үшін Жәбірейіл періште арқылы немесе тікелей, бірақ бізге беймәлім бір жолмен пайғамбарларға білдіруі». Біз уахи жайлы сөз қозғағанда осы мағынаны көздедік. Уахи сөзінің анықтамасынан және жоғарыдағы аяттардан көмек ала отырып уахи сөзін біраз кеңінен қарастырып көрелік. Уахи жаратушылығында еш күмән болмаған Аллаһ Тағаланың әзәли (бастауы жоқ) сөзінің (кәламының) пайғамбарларға жеткізілу ісі. Пайғамбарлардың жеке тұлғаларына тиісті субъективті бір тәжірибе болғандықтан уахидің мәні жайлы дұрыс мағлұматтар Құраннан, пайғамбарлардан еш өзгеріске ұшырамай тікелей жеткен хабарлардан яки уахи ісіне куә болған пайғамбардың достарынан алынады. Көріп отырғанымыздай уахи көбінесе екеу арасында болатын байланыс. Дәлірек айтсақ, уахиды бастатқан негіз Аллаһ Тағала, оны алушы да адамзат болған пайғамбар. Яғни уахи, Аллаһ Тағаладан бастау алып адамзатта аяқталатын бір құбылыс. Екеуінің арасын байланыстырушы көбінесе Жәбірейіл атты періште. Уахидің соңын пайғамбардың жеткізген уахиын алушы адамдар құрайды. Бұл жағдайда уахи Аллаһ-Жәбірейіл- пайғамбар-адамзат түрінде төрт тізбекте жүзеге асады. Мұнда негізгі рөл ойнаушы ұлы жаратушы Аллаһ Тағала. Себебі, ол әрі уахидің қайнар көзі әрі уахидің басталуы мен мәнін айқындаушы. Бұл жайында оған ортақ болатын яки оның ісіне араласатын ешкім жоқ. Уахи қаншалықты бір жақты қатынас болса да, әсіресе Жәбірейіл-пайғамбар және адамдар арасында дұрыс қарым-қатынас орнап, мақсатына жетуі үшін аса назар аударарлық екі жайт бар:1. Ортақ түсінісу құралының, яғни тілдің болуы қажет. Барлық пайғамбарлар өздері туып-өскен халықтардың тілінде уахи алып, оны адамдарға жеткізген. Құран Кәрім де араб тілінде түскен. 2. Уахиды алушы кісі уахиды тікелей немесе жанама жолмен алса да, бұл әдеттен тыс жайтқа куә болып, оны әрі қарай алып жүру үшін оның бойында өзгерістердің болуы табиғи нәрсе және солай да болған. Олай болмаған күнде уахиды алу, жәй адаммен сөйлескен сияқты болатын еді. Сол себепті уахиды алу кезінде пайғамбардың адами қасиеттерден толықтай болмаса да жарым-жартылай арылуы қажет. Тікелей уахи Аллаһ Тағаланың адамның жүрегіне уахиды салуымен және тек оның құдіретімен болып, оған бұл нәрсе еш қиындық туғызбайды. Бірақ уахиды алушы адамның осы ауыр нәрсеге үйренісіп кетуі және төзе біліуі үшін ең болмағанда психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. Бұл деген сөз оның белгілі бір рухани дайындық кезеңінен өтуі және адами қасиеттерінің өте қарапайым болуы керектігін көрсетеді. Жанама уахиға келер болсақ, Жәбірейілмен байланыс құруы үшін Пайғамбардың кейбір адами қасиеттерден арылуы қажет болған. Қалай болған күнде де пайғамбар адам күйінде қалып, ақылын және сезімдерін еш уақыт жоғалтпаған. Сондай-ақ, пайғамбар періште болған емес, періште де адам болған емес. Мәселен, Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) уахи алу ісі аяқталған соң, қарапайым адамдар сияқты өмір сүруін жалғастырып, алған уахиларын адамдарға жеткізген және адами қасиеттерінде ешқандай кемшілік болмаған. Уахидың мәнін түсінбейтін кейбір адамдар пайғамбарларға сиқырланған, ақылынан азған, рухани ауруға шалдыққан деген сияқты кінараттар таққан. Уахидің мәніне қатысты тоқталатын тағы бір мәселе, уахидің өте жасырын және өте жылдам түрде жүзеге асатындығы. Әдеттен тыс рухани бір құбылыс болған уахи, тек қана Аллаһ Тағала мен пайғамбар яки Аллаһ-Жәбірейіл-пайғамбар арасында іске асады. Уахидың келуі жайлы мәліметтер Пайғамбарға берілген аманат болғандықтан басқа адамдарға ол құпия болған. Бұған қоса уахи әдеттен тыс бір оқиға болғандықтан өзге адамдардың оған сабырлылық танытуы мүмкін емес. Бұл әдеттен тыс оқиға (уахи) Аллаһ Тағала мен пайғамбарлар арасындағы жеке бір сыр. Адамдарға тек уахидың нәтижесі ғана қатысты. Ескерте кететін бір жайт, уахи жайында қаншалықты сөз қозғалса да оның ақиқатын толықтай түсіну едәуір қиын мәселе. Міне, уахидың мәні осылардан тұрады. Уахи пайғамбарға келген соң, оны адамдарға жеткізу кезеңі басталады. Бұл істі жүзеге асырушы пайғамбар алған уахиді адамдарға жеткізеді. Бұл жеткізу ісі тәблиғ (жеткізу, түсіндіру, білдіру, хабарлау) деп аталады. Б. Уахидің келу түрлеріУахидің пайғамбарларға қалай келгендігі жайында Шуара сүресі, 51 аятында былай баяндалған:وَمَا كَانَ لِبَشَرٍ أَن يُكَلِّمَهُ اللَّهُ إِلَّا وَحْيًا أَوْ مِن وَرَاء حِجَابٍ أَوْ يُرْسِلَ رَسُولًا فَيُوحِيَ بِإِذْنِهِ مَا يَشَاء إِنَّهُ عَلِيٌّ حَكِيمٌ«Алла (Т. ) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі. »Аяттағы يُكَلِّمَ «сөйлесу» сөзіне «Аллаһ Тағаланың адам баласымен байланыс құруы, ілім беруі, аяттарды түсіруі» сияқты мағыналар берсек, сол кезде аяттың нені меңзегендігін толықтай аңғаруға болады. Осы аят бойынша уахидың үш түрде келгендігін анық көруге болады:1. Арада періште яки басқа бір себепкер болмастан Аллаһ Тағаланың тікелей адамның жүрегіне ілім немесе аят салуы. Бұған жүрекке салу деп те аталады. Яғни, тікелей жүрекке бір нәрсені түсіру, жүрекке үндеу деген сөз. 2. Аллаһ Тағала мен пайғамбар арасында перде болып, Аллаһ Тағаланың пайғамбарға перде артынан үндеу салуы. 3. Аллаһ Тағаланың Жәбірейіл періштеге тапсырмаларын білдірген соң, оны елші ретінде пайғамбарға жіберуі және Аллаһтан алған тапсырмаларын өзгеріссіз жеткізуі. Бұлардың алғашқы екеуі ерекше жағдайлар. Пайғамбарларға келген уахилардың көпшілігі үшінші түрде келген. Осы уахидың үш түрі өз арасында жанама уахи және тікелей уахи деп екіге бөлінеді. Тікелей уахи, Аллаһ Тағала мен пайғамбар арасында қандай да бір елші болмастан Аллаһ Тағаланың тікелей уахи етуі. Жоғарыда үш топқа бөлінген уахидың алғашқы екеуі, яғни Аллаһ Тағаланың пайғамбардың жүрегіне салуы мен перде артынан сөйлеуі тікелей уахиға жатады. Ұйқы кезінде жүрекке уахидың келуі де тікелей уахидың түріне жатқызылған. Жанама уахи болса, Жәбірейілдің елші ретінде уахи алып келуі. Уахидың бұл түрі Хз. Мұхаммедке (с. а. у. ) бірнеше жолмен келген. 1- Жәбірейілдің Хз. Пайғамбардың жүрегіне уахи етуі арқылы. 2- Жәбірейілдің Хз. Пайғамбармен өзара сөйлесуі арқылы. Хз. Пайғамбардың өз аузынан жеткен хабарларға қарағанда немесе оның уахи алу ісіне куәгер болған кісілердің айтулары бойынша уахидің бұл түрі пайғамбарға келген сәтте қоңырау даусына ұқсас дауыс естілетін еді. Айта кететін бір жайт, уахи тек уахи алған кісіге ғана құпия нәрсе. Пайғамбардан өзге адамдардың оны толықтай түсінуі өте қиын. Міне, адамдардың қоңырау даусына ұқсас дауыстар естуі сол себептен. Олар уахидің негізгі даусынан бейхабар болғандықтан тек кейбір дауыстарды ғана естіген. Бірақ Пайғамбар сол сәтте Жәбірейілдің оқыған немесе үйреткен ілімдерін алып жатқан болатын. Хз. Пайғамбар осы түрдегі уахиды алғанда қиын жағдайларды басынан өткізген. Тіпті уахидың рухани ауыртпалығынан жүзінде өзгерістер пайда болып, тер шыққан, астына мінген түйесі де ауыртпалыққа шыдай алмай шөккен сәттері де болған. Кейде Хз. Пайғамбардың аз уақытқа ұйқыға шомып қалғыған сәттері де болған. 3- Ислам ғұламалары Жәбірейілдің адам бейнесінде де уахи алып келгендігін де айтқан. Уахидың осылайша келуі пайғамбарға ең оңай болған түрі. Жәбірейіл Дыхия есімді сахабаның бейнесінде Хазіреті Пайғамбарға келіп, онымен иман және ислам жайлы әңгімелескен және сол жердегі бірнеше сахаба да бұл оқиғаның куәсі болған. Бірақ, бұл жолмен Құранның бірде-бір аяты уахи етілмеген. Осы жерге дейін түйіндеуге тырысып баққан уахи мәселесі, адам баласының Аллаһ Тағаламен ең жоғарғы дәрежедегі және жекеше байланыс құрудың түрі. Оған тек арнайы және таңдалған кісілер ғана лайық бола алады. Олар да пайғамбарлар. Бұл тақырыпқа нүкте қоймастан бұрын уахи мен илхам (аян, шабыт), кәшф (ашылу), түйсік, шатахат (сөйлегенде шектен шығу), сана-сезім арасындағы айырмашылықты қысқаша түсіндіруіміз қажет. Уахи нақты түрде Аллаһ Тағала тарапынан келіп, пайғамбарға жеткізіледі. Пайғамбар да алған уахиларын адамдарға жеткізеді. Уахидың келу түрінде және адам баласына жеткізілуінде еш күмән жоқ. Уахи пайғамбардың жүрегінде бұлтартпас ілім ретінде көрініс табады. Айрықша, уахи қажеттілік ретінде өзге адамдарды өзіне бағынуға итермелейді. Яғни, уахиға сенім артқан кісілер оның бұйырған нәрселеріне иман етіп, құлшылық жасаулары керек және соған сай өмір сүрулері қажет. Оның білдірген нәрселері дін болып, дін де тек уахимен ғана құрылады. Уахи арқылы келген мәліметті бірде-бір мұсылман теріске шығарып, оған сенімсіздікпен қарай алмайды. Илхамға (аян, шабыт) келер болсақ, оның қайдан келгендігі нақты емес. Аллаһ Тағала тарапынан да, басқа жақтан да келуі мүмкін. Илхам нақты бір мәлімет емес, ол сана-сезім арқылы жүректе пайда болатын рухани ілім. Сондықтан илхам нақты діни мәлімет болмағандықтан оған иман ету де шарт емес. Аса маңыздысы илхам, кісінің өзімен ғана шектеулі болып, басқаларға тікелей қатысы болмағаны сияқты олардың иман етулері және соған қарай мәміле жасаулары да қажет емес. Себебі иман ету және құлшылық жасау діни бір мәселе, ол тек пайғамбарлыққа ғана тән ерекшелік. Пайғамбарлық тек қана уахи арқылы жүзеге асып және оның кімге берілетіндігі тек Аллаһ Тағалаға ғана аян болады және соның шешіміндегі мәселе. Қысқаша айтар болсақ, уахи толығымен ақиқат, тура және діни бір мәселе. Илхам, дұрыс немесе бұрыстығы жайлы нақты бір үкімі жоқ, діннің негізіне жатпайтын нәрсе. Ал, кәшф (ашылу), түйсік және сана-сезім сияқты ерекшеліктер жеке тұлғаға қатысты нәрселер болып, діндар болсын-болмасын кез-келген адамда көрініс табуы мүмкін. Тіпті кәшф, түйсік, сана-сезім арқылы пайда болған іліммен уахи сияқты амал жасалынбайды. Олар діннің шеңберіне кірмейтін нәрселер болғандықтан оларға сүйене отырып дінде сенім, ғибадат және діни ілімді жасауға болмайды. Сондықтан уахи мен уахидан тыс өзге рухани оқиғалар арасын нақты әрі тайға таңба басқандай етіп ажырату қажет. Уахидың ақиқаты да жоғарыдағыдай сөздермен түсіндірілмеуі керек. Айрықша қазіргі кезеңде ең көп байқалып жатқан уахидан тыс көзқарастар дінде кейбір нәрселерді қате түсініп, қате өмір сүруге себепші болғандығы сияқты қате сенімге тіпті дінді бұрмалауға дейін алып баруы әбден мүмкін. Сұрақтар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz