Көне Отырар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Отырар: Отырар
:
21. 08. 2007 г.: 21. 08. 2007 г.
21. 08. 2007 г.:

Көне Отырар оазисінің осы замандағы Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында орналасқан. Оның жерлері Сырдария өзенінің орта ағысының жағалауында орналасқан. Өзеннің орта ағысы Шардара елді-мекенінен басталады, себебі бұл жерде өзен аңғары тарылады (осы жерде Қызылқұм шөлі Ташкент шөлдері үстіртіне аса жақындайды), сөйтіп Түркістанға дейін созылады, аңғары 150 шақырымға дейін кеңейеді. Осы өлшемде (250 шақырым) Сырдарияға жалғыз Арыс сағасы құйылады. Тура осы екі өзеннің сағасында Отырар оазисі орналасқан.

Өзен аңғарының үлкен бөлігі тақыр тектес сұр топырақ болып келеді. Өзен аңғарының шетінде сортаң шабындықтар орналасқан, ал өзенге жақын орналасқан жерлерде жиде, жыңғыл, қамыстардан құралған қалың тоғай өседі.

Ауданның ауа-райы континентальді, әрі шөлді. Қыста температура 25 градусқа дейін түсіп кетеді. Әдетте Сырдария өзенінде желтоқсанның басында мұз қатып, наурызға дейін ерімейді. Көктемде Сырдария мен Арыс арналарынан жи асып, кең алқапқа тасиды.

Арыс және Сырдария өзендері оазистің сумен қамтамасыз ететін негізгі қайнар көзі болып табылады. Олардан тартылған арықтар мен каналдар қалалар мен елді-мекендерді сумен қамтамасыз етіп, егістік алқаптарын да суландыры отырған. Жер өңдеу мәдениеті тек қана судың молдығының арқасында ғана дамып отырған.

Отырар оазистің Сырдария аңғарындағы географиялық орналасуы аса ыңғайлы. Оның айналасында шексіз далалар жайылып жатыр, көне заманда малшылар мекендеген. Олар бір-бірімен экономикалық және саяси байланыс жасап, жергілікті шаруалармен туыстық қарым-қатынаста болған. Дала Қаратау жоталарына жалғасқан. Оның Сырдарияға қараған бетінде тілініп шыққан тау аңғарынан Бөген, Боралдай, Шаян өзендері ағып шығады. Өзен аңғары шалғынды шөптерге, итмұрын өсінділерін бай, осы жерлерде шоқ теректер мен қарағаштар кездеседі. Қаратау сілемдері мал жаюға, ыңғайлы болып келеді, ал өзен аңғарлары жер өңдеуге ыңғайлы.

Отырар оазисінің орналасуы оның тұрғындарының өміріне өшпес із қалдырды. Отырар Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында және де Бөген сағасынан алыс емес жерде болғандықтан ыңғайлы жерді алып жатыр және құнарлы жерді суаратын суы бар. Бөген және Арыс өзенінің бойымен Таласқа, үйсіндердің шекараларына дейін, ал кейінірек қарлұқтардың иелігіне дейін жететін. Сырдария бойымен көне заманнан Шашқа, Ферғанаға, Соғдыға қарай жүретін, сол жолдың солтүстік бойымен Аландардың арал түбімен Еділ далаларына қарай, таулы Жайыққа қарай және солтүстік Қара теңізге қарай бағытталған.

Отырартөбе

Отырартөбе бес бұрышты, бұрыштары әлемнің бұрыштарын сәл ауытқумен дұрыс меңзеп тұр. Оның оңтүстік беті 380 м, оңтүстік-батысы 145 м, батысы 400 м, солтүстік-шығысы 380 м және шығысы 350 м болған.

Төбешік қаланың орталық бөлігі. Ол жерден 18 метр биіктікке ктерілген, ал орташа биіктігі 10 м-ден 15-м-ге дейін. Төбе бірнеше жылдар бойы қираған үйлерден, құрылыс қоқыстарынан, адамдардың шаруашылық қалдықтарынан өскен және қазіргі уақытта көптеген қабаттардан тұрады.

Қаланың орталық бөлігі дуалмен қоршалған, дуалдан қаланың мұнаралары көрінеді. Дуал сыртында ор қазылған. Тереңдігі 2-3 м, ені 10-15 м. болған.

Қалаға кіретін негізгі үш қақпа болған. Екеуі бір-біріне қарама-қарсы оңтүстік және солтүстік-шығыс қабырғаларда орналасқан. Үшіншісі батыс қабырғаның ортасында орналасқан. Оңтүстік қақпа қаланың негізгі қақпасы болып есептелінген. Оның қабырғадағы өтетін жері қазірдің өзінде 20 метрге жетеді.

Орталық көшенің жыра түріндегі ені 5-8 м; ол орталық қақпаны солтүстікпен байланыстырып тұр, сөйтіп қаланы екі тең емес бөлікке бөледі. Орталық көшеден тік бұрыш құрал қабырғаларға барып тірелетін көшелер кетеді. Оған қарама-қарсы алты магистральді көше жолдары өтеді, периметрі бойынша шеңбер. Өз кезегінде магистральді көшелерден көптеген көлденең көшелер бөлінетін, олардың кейбірі тұрғын үйлердің төбешіктерге айналған биік құландыларын айналып өткен. Солтүстік және батыс қақпалар адында тегіс үй салынбаған алаңдар кездеседі.

Құйрықтөбе қалашығы

Құйрықтөбе қалашығы Отырардан оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан Отырар оазисінің аса ірі ескерткішінің бірі болып табылады. 1951 жылы Құйрықтөбеде А. Н. Бернштамның басқаруымен Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы алғашқы қазба жұмыстарын жүргізді. Құйрықтөбе қалашығы Х-ХІ ғ-да Фарабтың астанасы болған ортағасырлық Кедер қаласымен байланыстырылады. Бұл қала туралы белгісіз парсы тілді авторлың "Худуд ал-Алам" географиялық шығармасында жазылған.

Қалашық төбе жоспарында трапеция түрінде көрініс береді. Айналасының көлемі солтүстік-батысы 250 м, батысы 125 м, оңтүстік-батысы 225 м, оңтүстік-шығысы 180 м. Төбенің қоршалған жерден биіктігі 7. 5 м. Оңтүстік-батыс бұрышында биікігі 30 м, ал диаметрі шамамен 30 м қаланың цитаделі болған. Цитадель қабырғаларының бұрышында осы кезеңге дейін мұнаралар қалдықтары анық көзге түседі. Төбенің қалған бөлігінің бәрі шахристан үйінділері болып табылады, олар да цитадель сияқты мұнаралы қабырғалармен периметрі бойынша құралған. Шахристан айналасына құрылыс іздері көрінеді. Бұл рабадтың қол өнер елді-мекендерінің қалдықтары болып табылады.

Алтынтөбе қалашығы

Алтынтөбе қалашығы Отырардан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. 1949 жылы шахристанның оңтүстік бөлігіндегі қазбаның негізі қаланды. Үйлердің ішкі кесек қалдықтары қалған 3 мәдени қабаты аршылған. Олардың астында күлдің қалдығы да болған.

Алынған материалдардан сұрыптағанда және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесі бойынша хронологиялық екі кезеңі анықталды. Ол біздің заманымыздың алғашқы ғасырлары мен VІІІ-ІХ ғасырлар.

1969-70 жылдары қалашықты Отырар археологиялық экспедициясы зерттеді, аспаптық сызба-жоспары түсірілді.

1986 жылы К. А. Ақышевтың басқаруымен Оңтүстік Қазақстан комплексті археологиялық экспедициясы зерттеулерді жалғастырды.

Қалашық 2 қабатты "төбе алаңы" төбе типтес, жан-жағы төрткүл дүние жақтарына сай бағытталған. Солтүстік және биігірек (цитадель) бөлігінің көлемі 135х150 м және 75х60 м. Цитадельдің орташа биіктігі 17. 13 м. Цитадельдің солтүстік бағытының ортасында терең жыра ерекшеленеді. Оның "солтүстік" қақпасы орнында пайда болуы әбден мүмкін.

Мардан-күйік қалашығы

Мардан-күйік қалашығы Отырартөбеден солтүстік баыс бағытына қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Қалашықтағы қазба жұмыстарын 1986 жылы комплексті археология экспедициясының тобы жасады.

Қалашық төмпешіктер тобын құрайды. Оның жүйесінде цитадель, шахриста және рабад айрықшаланып тұр.

Қаланың орталық бөлігі жалпақ тікбұрышты жоспарлы төбешігінің биіктігі 8 м. төбешіктің солтүстігінен оңтүстігіне қарай 340 м, төбесіндегі алаңның көлемі 120х150 м.

Шахристанның оңтүстігі мен шығыс жағында мұнаралармен қоршалған рабад орналасқан. Рабадтағы төбешіктің көлемі солтүстігінен оңтүстігіне 220 м, шығысынан батысына 460 м. Қалашыққа кіре беріс жері батыс жағында орналасқан. Ол мұнаралармен қоршалған. Қазіргі таңдағы пішіні күмбез іспеттес төбешіктің биікігі 13 м. және диаметрі табанынан есептегенде 40 м.

Көкмардан қалашығы

Қалашық Отырартөбеден оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде, Арыс өзенінің сол жағасындағы Көкмардан сай-саласында орналасқан. Қалашықтағы қазба жұмыстарын Оңтүстік археологиялық экспедициясы 1977, 1978-83 жылдары жүргізілген.

Қаланың орталық бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан сопақ төбешіктің биіктігі 15 м және көлемі 3. 2 га.

Солтүстік қаланың ең биік жеі цитадель. Биіктігі 16 м. Жоғарғы бөлігіндегі алаңның көлемі 25х25 м. Қаланың басқа бөлігінен жырамен бөлінген.

Қазіргі таңда Арыстың тасқын суларымен толып тұған ормен қоршалған орталық төбешіктің айналасында тікбұрышты және шеңбер пішініндегі "оқуға болатын" жоба іздерімен рабад орналасқан. Оның алаңы шамамен 4 гектардай жерді құрайды. Ол қаланың орталық бөлігімен 2 м ені бар, ескі қалаға кіретін жалғыз шығыс қақпасына тірелетін бөгет арқылы жалғасқан.

Зергерлік бұйымдар

Қаладағы арнайы зергерлер түймеліктер, ат-әбзелерді, әйел және ер кісі белдіктері, бас киімдер және т. б. зергерлік бұйымдарын жасаумен айналысқан. Олар мыс, қола, қорғасын сияқты қымбат тастармен де жұмыс жасаған.

Зергерлер күміс пен мысты саз және темір ыдыстарда балқытты, олардың тиісті пішінін күйдірілген саз бен тастан жасалған.

Өкінішке орай зергер шеберлерінің бұйымдарының жасалу техникасын зерттеу үшін көптеген бұйымдар бізге жетпеген. Дегенмен жасалу жолдарын білу мүмкін. Олар оймыштау, бедерлеу, түту, асыл тастар мен жасанды қашау сияқты кеңінен танымал әдістерді пайдаланған. Отырарда табылған зергерлік бұйымдар да бар. Олар: жүрекше тәрізді темір түйме, сырғалар, жүзіктер, білезіктер, моншақтар . . .

Отырарлық зергерлер сердолик, отты жылтыр тас, яшма, нефрит, ағат, серпентинит, тау хрусталі сияқты асылтастарды жүзік-сырғаларды сәндеу үшін кеңінен пайдаланған.

ӘБУНАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

(870 - 950)

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі - бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби

Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған

. А. Н. Бернштам, шекарадағы аса манызды мекен және керуен жолдарының торабы болған Отырарға орта ғасыр авторларының көп назар аударғанын атап көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өнір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған.

А. Н. Берштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі карым-катынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту әбден орынды.

Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылм монғолдар қаланы қиратты, бұл "Отырар апаты" деп аталды; онаң соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының- саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған.

Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің кажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанак, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз.

Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздік заманымыздан 300-400 жыл немесе одак да көп бұрын қалыптасты ма деген мәселені келешекте тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да, қазақ топырагынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістани, әл-Сығнақи, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.

Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі "Екінші Ұстаз" атанып, даңққа бөленгенін айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар.

Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнін көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамйскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен аброй-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек керіп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр сонында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің "Фусул ал-мадани" ("Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері") деген соңғы шығармасында ол: "Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс", - дейді. Әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік Сирияның жетекшісі саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында кайтыс болды.

Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз.

"Мүсылман Ренессансы" деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және "Бірінші Ұстаз" деп шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің несторионшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жаксылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы сол - ол Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол диалектика элементтеріне, мәселені қарама - қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді.

Фараби Аристотельдің, Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш- 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров-- 200 трактат деп көрсетеді.

Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "категориялар", "метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мәні - маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор роль атқарды.

Сондықтан да XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн-Сина (980-1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері аркылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен.

Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгіргенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды үйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны "Ал муалим ас-саны"- "екінші ұстаз" деп атаған.

Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да "Ғалымдардың шығуы", "Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Кемеңгерлік меруеті", "Ізгі қала тұргындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", "Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу кажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік-этникалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген "теорияның" негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.

Араб шапқыншылығы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы территорияда феодалдық қатынастардың дамуына дем берді. Терең ішкі қайшылықтар, еркін қауым мүшелерінен феодалдарға тәуелді адамдарға айналған шаруалар қозғалысы және басқа да тәуелді күштер халифаның ыдырауына себепкер болғанымен, феодалдық қатынастардың дамуын тоқтата алған жоқ. X ғасыр мәдени өрлеу заманы болды. Бұл Европадағы қайта өркендеу заманына ұқсас мұсылман Ренессансы деп аталды. Осы өрлеуге ықпалын тигізген жағдайлардың қатарында сауаттылықтың біршама кең өріс алғанын, қолжазба жинау, аудару ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік және қоғамдық кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне қала отырар
Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялар
ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Тараз қаласымен экскурсия
Мен білетін тарихи қалалар құпиясы
Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары
Отырар руханияты музей-кітапханасы - мәдени мекеме
Арыстан баб кесенесі сәулет өнері ескерткіші
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Көне Отырар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz