Өндіріс концентрациясы және өнеркәсіптегі кәсіпорындар мөлшері



1. Өндірісті шоғырландырудың мәні, формалары және көрсеткіштері.
2 Өнеркәсіптегі өндірісті шоғырландырудың экономикалық тиімділігі.
3 Қазақстандағы реиндустрияландыру стратегиясы.
1.3.Қазақстандағы өнеркәсіп саясатының механизмдері.
Өнеркәсіп өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі – оны ұйымдастыру формаларын жетілдіру болып табылады, яғни – шоғырландыру, мамандыру, кооперациялау, үйлестіру және орналастыру.
Шоғырландыру өндірісті ірі кәсіпорындарға жинақтау процесін көрсетеді. Бұл процесс өнімнің жалпы көлемінде ірі кәсіпорындар үйлесінің өсуі мен өнеркәсіп кәсіпорындарының мөлшерінің ұлғаюымен сипатталады.
Өндірісті шоғырландыру өндірісті ұйымдастырудың басқа да формаларымен тығыз байланыста болады және олардың арасында анықтаушы мәнге ие. Шоғырландырудың жоғарғы деңгейі жаңа жоғарғы өнімді техниканы қолданудың міндетті алғы шарты болып табылады.
Өндірісті шоғырландырудың мәні кәсіпорындар мөлшерінің іріленуінен (абсолютті шоғырландыру) және әртүрлі мөлшердегі кәсіпорындар арасында өнеркәсіп салалары өндірістің жалпы көлемінің бөлінісінен көрінеді (салыстырмалы шоғырландыру).
Салыстырмалы шоғырландыру абсолютті шоғырландырудың ықпалымен қалыптасады, сондықтан да талдау мен жоспарлауда абсолютті шоғырландыруды анықтау алғашқы деңгейдегі мәнге ие.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Өндіріс концентрациясы және өнеркәсіптегі кәсіпорындар мөлшері.

1. Өндірісті шоғырландырудың мәні, формалары және көрсеткіштері.
Өнеркәсіп өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының
бірі – оны ұйымдастыру формаларын жетілдіру болып табылады, яғни –
шоғырландыру, мамандыру, кооперациялау, үйлестіру және орналастыру.
Шоғырландыру өндірісті ірі кәсіпорындарға жинақтау процесін көрсетеді.
Бұл процесс өнімнің жалпы көлемінде ірі кәсіпорындар үйлесінің өсуі
мен өнеркәсіп кәсіпорындарының мөлшерінің ұлғаюымен сипатталады.
Өндірісті шоғырландыру өндірісті ұйымдастырудың басқа да формаларымен
тығыз байланыста болады және олардың арасында анықтаушы мәнге ие.
Шоғырландырудың жоғарғы деңгейі жаңа жоғарғы өнімді техниканы
қолданудың міндетті алғы шарты болып табылады.
Өндірісті шоғырландырудың мәні кәсіпорындар мөлшерінің іріленуінен
(абсолютті шоғырландыру) және әртүрлі мөлшердегі кәсіпорындар арасында
өнеркәсіп салалары өндірістің жалпы көлемінің бөлінісінен көрінеді
(салыстырмалы шоғырландыру).
Салыстырмалы шоғырландыру абсолютті шоғырландырудың ықпалымен
қалыптасады, сондықтан да талдау мен жоспарлауда абсолютті
шоғырландыруды анықтау алғашқы деңгейдегі мәнге ие.
Шоғырландыру 3 формада жүзеге асырылады:
1) Әмбебап типтегі кәсіпорындарда әртүрлі типтегі өндірісті
шоғырландыру.
2) Мамандырылған кәсіпорындарда біртекті өнім өндірісін шоғырландыру.
3) Бір кәсіпорын шеңберінде өзара байланысты өндірістерді үйлестіру
негізінде шоғырландыру.
Шоғырландырудың бірінші формасы машина жасау саласы үшін, екіншісі –
құрылыс материалдары өнеркәсібі, кен өндіру өнеркәсібінің барлық
салалары, тамақ өнеркәсібінің кейбір салалары үшін, ал үшіншісі –
металлургия, химия, қағаз-картон және тамақ өнеркәсібі мал шығару, ет,
спирт және т.б.) үшін тән.
Мамандырылған ірі кәсіпорын мен комбинат – бұл өндірістің
жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін шоғырландырудың екі үдемелі
формасы.
Өнеркәсіпті ірілендіру процесінің негізгі бағыттары тұрғысынан
шоғырландырудың дербес шоғырландыру және орталықтандырудан тұратын екі
формасы бар. Шоғырландыру өндірістік қорлану есебінен өнеркәсіптің
өсуі. Ол жаңа ірі кәсіпорындар құру және әрекет ететіндерін кеңейту
мен жаңарту арқылы жүзеге асырылады.
Шоғырландырудың тиімді формасы орталықтандыру болып табылады. Ол
жекелеген кәсіпорындардың қосылуы жағдайында ірі шаруашылық есептік
өндірістік кешендердің құрылуын білдіреді. Бұл кезде жекелеген
кәсіпорындар өздерінің дербестігін жоғалтады. Қазіргі уақытқа дейін
өнеркәсіпті орталықтандыру ірі бірлестіктер құру түрінде жүзеге
асырылды. Қызмет етуші кәсіпорындар базасында өндірістік бірлестіктер
құру өндірістің шоғырлануын күшейтудің өте тез жолы. Мұнда жаңа
құрылысқа қажетті ұзақ уақыт, жаңа қуаттылықтар енгізуге ірі капитал
салымдарын бөлу талап етілмейді.
Өндірісті ірілендірудің қандай деңгейде және қалай жүретіндігіне
тәуелді агрегаттық,технологиялық, зауыттық және ұйымдастыру-
шаруашылық шоғырландыру ажыратылады.
Агрегаттық шоғырландыру – бұл қондырғының бірлік қуаттылығының
ұлғаюы, яғни техника дамуының аталған деңгейі үшін машиналар мен
агрегаттардың максимальды өнімділігінің өсуі және үлкен қуатты
–қондырғылар үлесінің ұлғаюы. Агрегаттық шоғырландыру тікелей ғылыми
техникалық прогресті көрсетеді, өнеркәсіптің барлық саласында жүреді
және тек қана интенсивті жолмен дамиды.
Технологиялық шоғырландыру техниканы сапалы жетілдіру, сондай-ақ
біртипті қондырғылардың сонын ұлғайту жолымен қол жеткізілетін
кәсіпорындар құрамында цехтардың іріленуін көрсетеді. Сәйкесінше
аталған өнім түрінің жалпы көлемінде ірі өндірістің көлемі өседі.
Демек, технологиялық шоғырлану агрегаттыққа қарағанда едәуір күрделі,
оның деңгейі интенсивті, сондай-ақ экстенсивті факторларға тәуелді
болады.
Кәсіпорындар мөлшерінің ұлғаюымен сипатталатын зауыттық
шоғырландыру бұдан да күрделі. Кәсіпорындардың іріленуі технологиялық
шоғырлану , кәсіпорындар құрамында өндіріс сонының ұлғаюы есебінен
немесе техника мен өндірісті ұйымдастыруда ешқандай өзгеріссіз бірнеше
кәсіпорындарды жай біріктіру есебінен жүзеге асырылады. Соңғы жағдайда
зауыттық шоғырлану орталықтандыру формасында болады және ұйымдастыру-
шаруашылық шоғырлану деп аталады.
Шоғырлану мен орталықтандыру процесінде өндіріс ауқымының ұлғаюы
келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
а) горизонтальды интеграция - өндірістің бір сферасында жұмыс істейтін
екі немесе одан да көп компаниялардың бірігуі.
б) вертикальды интеграция - өндірісі бірыңғай технологиялық тізбекпен
байланысқан әртүрлі салалық компаниялардың үйлесімі.
в) өзара технологиялық байланыспаған әртүрлі салалық компаниялардың
үйлесімі.
Өндірістің шоғырлануы мен оның салалық ерекшеліктерін сипаттау
үшін жекелеген көрсеткіштер, сондай-ақ олардың жүйесі қолданылуы
мүмкін.
Кәсіпорындардың абсолютті мөлшері келесі көрсеткіштер көмегімен
анықтлады:
А) 1 жылдағы өнім өндірісінің көлемі
Б) өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа жылдық саны
В) негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Жекелеген жағдайларда энергетикалық қуаттылық , қызмет көрсетуші
өндірістік процесс және негізгі агрегаттардың қуаттылығы сияқты
көрсеткіштер қолданылуы мүмкін.
Өнеркәсіп саласындағы өндірісті шоғырландыру деңгейінің
көрсеткіштері мыналар:
1) орташа 1 кәсіпорынға келетін 1 жылдағы өнім шығару көлемі
2) жалпы өнімдегі ірі кәсіпорындармен өндірілген өнімнің үлес салмағы
3) кәсіпорындардың жалпы сонындағы ірі кәсіпорындар сонының үлес
салмағы
4) жұмысшылардың жалпы сонындағы өнеркәсіптік агрегаттық персоналдық
үлес салмағы
5) ірі кәсіпорында шоғырланған негізгі өндірістік қорлардың олардың
саладағы жалпы үлес салмағы
6) ірі кәсіпорындармен электроэнергияны тұтынудың үлес салмағы.

Өнеркәсіптегі өндірісті шоғырландырудың экономикалық тиімділігі.
Шоғырландырудың экономикалық тиімділігі кәсіпорындар мен өндіріс
мөлшерінің ұлғаюы нәтижесінде өнімді дайындаудың технико-
экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруымен тұрады. Ірі өндірістік
қуаттылықтар, материалдық және еңбек ресурстаруның бір кәсіпорында
шоғырлануы өндірістің барлық негізгі элементтерін тиімді және
үнемді пайдалануға мүмкіндік береді және осының негізінде өнімнің
өзіндік құнын төмендетіп, еңбек өнімділігін арттырады. Ірі
кәсіпорындар өндірістің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етеді. Ұсақ
кәсіпорындарға қарағанда ірі кәсіпорындарда еңбек өсімділігі едәуір
жоғары. Шоғырландырудың нақты тиімділігі өнеркәсіптің жекелеген
салаларының мысалында, ең алдымен қандай да бір өнім түрін жаппай
шығарумен сипатталатын бір өнімді салаларда анықталады. Мұндай
салаларда кәсіпорындар мөлшері, сондай-ақ олардың жұмысының кейбір
экономикалық көрсеткіштері натуралды формада көрсетіле алады.
Өндірісті шоғырландыру процесінің заңдылығы ірі өндірістің ұсақ
өндірісіне қарағанда бірқатар артықшылығының болуымен
түйіндіріледі. Ірі кәсіпорындардың артықшылығы мынада:
1. Ірі кәсіпорындарда үлкен
2. Кәсіпорындардың іріленуі зауыттық мамандандыру деңгейін арттыру
үшін жағдайлар құрады, бұл жоғарғы өнімді қондырғышы енгізуді
және пайдалануды, жетілдірілген технологияны пайдалануды, сондай-
ақ өндіріс пен еңбекті жақсартуды қамтамасыз етеді.
3. Өндіріс көлеменің өсіміне пропорционалсыз өсетін кәсіпорындар
шығындары ірі өндіріс жағдайында өнімнің өзіндік құнының едәуір
аз бөлігін құрайды.
4. Ірі өндіріс шикізат , материал, отынды унемді пайдалануға
мүмкіндік береді, бұл жетілдірілген техника мен өндіріс
технологиясы тәсілдерін қолдану нәтижесінде өнім бірлігіне
шикізаттар мен материалдардың шығынды нормаларын қысқартумен қол
жеткізімді
5. Ірі кәсіпорындарда ғылым мен өндірісті тікелей біріктірудің
қажетті мүмкіндіктері мен экономикалық мақсаттылығы, яғни ғылыми
зерттеу лабораториялары, ірі конструкторлық және технологиялық
бюро, тәжірибе жасау қондырғылары бар. Оларды устауға кететін
шығындар өнімнің өзіндік құнының аз үлесін құрайды, бірақ олар
ғылыми технологиялық прогреске , қоғамдық өндірістің
тиімділігінің өсуіне ықпал жасайды.
Ірі кәсіпорындардың тиімділігінің маңызды көрсеткіші еңбек
өнімділігінің өсімі болып табылады.

Қазақстандағы реиндустрияландыру стратегиясы.

Әлемдегі барлық дамыған елдер индустриалды технологияны
дамыту жолын алдымен ауыр еңбекті қажет ететін өнім өндіріден
бастады. Кейінен капиталдық, технологиялық кезеңдерден өтті.
Бүгінде ғылыми сыйымды өнімдер өндіруге ұмтылуда.
“Қазақстан - 2030” стратегиясында диверсификацияның пәрменді
индустриалдық саясатына ерекше назар аударылған. Бұл саясаттық
мәні – микродеңгейде, яғни кәсіпорындар, өңдірістер, фирмаларда
ең соңғы өңдеуден өткен, тұтынуға дайын өнім өндіруге, өнім
сапасына, халықаралық стандартқа, жоғары технологияға,
әлеуметтік мәселелерге қойылатын талаптарды қанағаттандыру. Бұл
қазіргі ұғымында экономиканы реиндустрияландыру мағынасын
білдіреді. Индустриясы дамымаған Қазақстан үшін мындықтан
шығудың жолы – шикізаттың алуан түрлерін толық цикл бойынша
өндеп, өндірістің тиімді салаларын жан-жақты дамыту, яғни
диверсификациялау болып табылады. Мұның әлемдік стандартқа сай
келетін басты ерекшелігі – қазіргі заманғы ғылымды қажет ететін
жоғары технологияны кеңінен игеріп, инновациялық сапаға қол
жеткізуді көздейді.
Дамыған елдердегі нарықтық қатынастар соңғы бір жарым
ғасырда аса ірі эволюцияға ұшырады. Өндірісті, қоғамның
әлеуметтік құрылымында елеулі өзгерістер болды. Мұндай
өзгерістердің бірі – индустриялық дамудың ақпараттық дамумен
ауысуы. Индустриялдық даму ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
болған өнеркәсіп төңкерісімен басталды.Ол ғылыми-техникалық
төңкеріс кеңөріс алған ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында батыстың
экономикасы ең жоғары дамыған елдері біртіндеп өте бастаған
ақпараттық дамумен ауысуда. Ақпараттық дәуірде қазір АҚШ,
Жапония, Алмания европалық басқа да кейбір елдер өмір кеше
бастады деуге болады.
Индустриялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық кептіргіш
Алматы қаласындағы тұсқағаз фабрикасының қоршаған ортаға әсері
Тамақ өнімдерін кептіру
Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері
Л2х100 типті дайындау элеваторында арпа дәндерін жинағаннан кейінгі өңдеудің технологиялық линиясы
Өндірістік желдетудің түрлері
Өнеркәсіптік қалдықтар және олар тазарту әдістері
Қағаз шығаратын зауыттардағы желдету жүйесі
Қазақстан КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы
Шаң бөлшектерінің тығыздығы
Пәндер