Өндірістік шығындар есебінің теориялық негізі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

Өндірістік шығындар есебінің теориялық негізі

ІІ. Негізгі бөлім

1. Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру мен шығындардың жіктелуі

2. Көмекші өндірістің шығындарының есебінің сипаттамасы

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу - машина жасау зауыттарында) арналған шала фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-келіктік, сумен жабдықтау және т. б. )

Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

Косалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.

Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.

Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін канағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпрындар өнімді дайындуаға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септтін тигізеді.

1. Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру мен шығындардың жіктелуі

Өңдірістік есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін манызы зор. Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.

Жеке-дара өндіріс - өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірістін басқа да тұрпаттарына қарағаңда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өңдірісте, әдетте шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс колданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады.

Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машинаның, аспаптар, қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өндеуде неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.

Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жағдайы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған) .

Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.

Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты. Шығарылатын өнімдердің ассортименті көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.

Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.

Кез-келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік кұнын есептеу (калькуляциялау), кызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер көзінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау көзінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;

- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;

- шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей - өнімнін өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;

- өндіріс шығындары өнімнің келеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы-шығарылған өнімнін көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т. б. ) ; тұрақты - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардын амортизациясы) ;

- шығыстар түрі бойынша; экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; енбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы кіреді.

Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:

- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады) ;

- коммерциялық (сатумен байланысты) ;

- әкімшілік (баскару процесімен байланысты) .

Коммерциялық жене әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың кестесін мынадай етіп салуға болады:

Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 90 - "Негізгі өнціріс", 92 - "Көмекші өндіріс", 93 - "Үстеме шығындар" бөлімшелерінің шоттары кіреді.

Шығындарды және өнімнін шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:

"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 90, 92 және 93 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92 және 93 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады. "Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:

-"Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату) " кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстар; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар

-"Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін
әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар
амортизациясының сомасы көрсетіледі (13 - белімшесі шоттарының кредиті) ;

-"Материалдық емес активтер амортазациясының есебің" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі. (11 - белімшесі шоттарынын кредиті) ;

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылык және баскару бухгалтериясы болуы мүмкін.

Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарынын 10-80-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептін Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шала фабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Сонымен, 211-214 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның каржылық есеп беруіне енгізу інарналған.

Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың белімшесі бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.

Негізгі меншікті және көмекші өндірістер, сондай-ақ үстеме шығыстар активтер болп табылады, өйткені олар бар болуды білдіреді және активті шоттарда бейнеленеді. Өндірістік есеп шоттарын калькуляциялық деп те атайды, өйткені ол шоттарда шығындардың калькуляциялануы (жиынтығы) жүргізіледі. Бұл білімннің шоттары сауда да, сақтандыру ісі мен инвестициялық қызметте, яғни өндіріс жоқ барлық жерде болмайды.

Негізгі және көмекші өндірістер шығындарының кему ( жабылу) жағдайларда көрсетілген шығыстар кредиті бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыыстар шоттары жабылуының ерекшеліктерінне назар аударуымыз керек.

Көмекші өндірістің шығындарының есебінің сипаттамасы

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл - қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т. б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол "Цехтардың Шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

920- "Көмекші өндірістер (қорытушы шот) ";

921- "Материалдар";

922- "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";

923- "Еңбекақыдан қаржы бөлу";

924- "Үстеме шығыстар";

Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді, Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жүмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі
Басқадай өндіріс шығындары
Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру
Шығындар есебін ұйымдастыру және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізінде басқару есебін тиімді ұйымдастыру және бюджет жасауды жетілдіру ("АГС сервис" ЖШС мысалында)
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
Дайын өнімнің есебі
Шығындар есебінің мәні мен жіктеудуің табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz