Салық қызметінің органдары


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

І КІРІСПЕ . . . 3

ІІ САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ОРГАНДАРЫ

2. 1 Салық қызметінің органдары . . . 4

2. 2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері . . . 5

2. 3 Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету . . . 7

2. 4 Салық қызметінің стратегиялық мақсаттары . . . 8

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 11

Кіріспе

Қазiргi таңда бюджеттiң негiзгi қайнар көзi -салықтар болып табылады. Салықтық түсiмдердiң бюджетке түсуi әрбiр жыл, әрбiр тоқсан және тiптi әрбiр ай сайын прогрессивтi түрде өзгерiп отыр.

Кез-келген мемлекеттiң салық жүйесiнiң айтарлықтай бөлiгi жергiлiктi бюджеттi қалыптастыратын меншiк салықтары, яғни көлiк құралдары салығы, жер салығы, мүлiк салығы. Меншiкке салынатын салық тiкелей салықтар қатарына жатады. Меншiкке салынатын салық, салық салудың таралған тұрi ғана емес, сонымен қатар маңызды тұрi болып табылады. Меншiк салығының ставкалары салықтарды басқа түрлерiмен салыстырғанда орта дәрежедегi салық болып табылады.

Қазiргi таңда, жалпы салық жүйесiн жетiлдiру және соның iшiнде кез-келген мемлекеттiң салық жүйесiнiң негiзiн құрайтын меншiк салығының түрлерiн жетiлдiру бағыттары маңызды роль атқаруда.

Бiрiншiден, меншiк салығы бойынша салық салу механизiмiне кейбiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiлiгi, оның iшiнде меншiк салығының өз қызметiн жүзеге асырудағы басты мақсаты-бюджетке неғұрлым аз салықты төлеу болып табылады. Бұл мақсатқа өте оңай әдiспен жетуге бiркелкi көбейтiлуi кезiнде салық салынатын сомасы да азаяды. Осыған байланысты мынадай қорытынды жасауға болады, яғни салық төлеушiге меншiк салықтары құралдарын азаита отырып меншiк салығын азайту тиiмдi болғандықтан меншiк салығының әрекет етушi механизмi меншiк құралдары емес шығындардың өсуiн ынталандырады. Тыйым салу мен нұсқау беру тәсiлдерi бұл арада жағдайды өзгерте алмайды, сондықтан неғұрлым көп табыс табу үшін салық төлеушiлердi шығындарын азайтуға ынталандыру қажет.

Бюджеттiң қалыптасуы экононикаға салық жинау арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiнде рөлi көрiнедi. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты роль атқарады да экономиканы басқарудың күштi стимулдық құрамы болып келедi. °сiресе, олар ғылыми - техникалық прогрестi жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

Сондықтан салықтарды төлеушiлер үшін қызық iс болып келмегенiмен өте қажетi де маңызды iс болып отыр.

Бүкiл елдiң тәжiрибесiнде көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтың реттеу несие - қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады.

2. 1 Салық қызметінің органдары

Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері - билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.

Салықтық бақылау - салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.

Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

  • Салық төлеушілерді тіркеу есебі;
  • Салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке алу;
  • Бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
  • Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
  • Салық тексерістері;
  • Камералық бақылау;
  • Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
  • Фискалдық жады бар бақылау касса-машиналарын қолдану ережелері;
  • Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
  • Уәкілетті органдарға бақылау жасау.

Кедендік бақылау агенттігі өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексыне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келеген мәліметтер құрайды.

Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табымтарын төлеттіріп алу бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады. [1]

2. 2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері

Салық төлеушілер мен салық қызмет органдары құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.

Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады. Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президенттің заң күші бар жарлығы « салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» .

Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актлері; Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің нормативтік актлері

Салық қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің және облыстағы аудандардағы, қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалармен бөлімдерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлар және салық полициясы басқармасының бастығы Қазақстан Үкіметі тағайын даыды.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

- салық заңдарының орындалуын қамтамассыз ету, оның тиімділігін зерделеу ;

- заңдардың, салық салу мәжелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу ;

- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативтік актлер өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру. [2]

Салық қызмет органдарының негізгі міндеттері:

  1. салық төлеушілердің құқтарымен мемлекеттік мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төлеуіне бақылау жасау;
  2. салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің есебін уақтылы алу;
  3. салықты есепту мен төлеуге байланысты деклорацияны және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;
  4. салық тәртібін бұзушыларға, салықты дұрыс есептемей өз табысын

азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану;

  1. салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салық

полициясының бөлімшесімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;

  1. мәліметтер құпиясын сақтау;

Салық қымет органдарының мынадай құқтары бар:

  1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар

негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздардың және басқа да құндылықтар есеп айырмаларын, деклорациямен бюджетке салықпен басқа төлемдерді есептеумен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;

  1. ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер

барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға;

  1. салық полициясы бөлімшелермен бірлесе отырып салық тергеулерін

жүргізуге;

  1. өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес

ұйымдармен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе тұрған жеріне қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланатын кез келген өндірістік қойма, сауда және басқа да үй жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызмет органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберілген бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;

  1. салық заңдарын бұзған ұйымдарға лауазымды адамдарға және

азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салынады;

  1. салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімдетөленбеген кезде салық

төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық бакні мен оны бөлімшелерінде

заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданы бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуде ;

  1. қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден,

биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операцияларды және шотындаға ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға.

Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару барысында олды заң қорғайды және Республикалық бюджет қаржы есебінен міндетті түрде жеке сақтандыруға тиіс.

Салық төлеушілер өз тарпынан мынадай міндеттерді атқаруға тиіс:

  1. уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу номерін алуға;
  2. мемлекеттік салық комитетінің актлеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге осы есеп құжаттамалары 5 жыл бойы сақтауға;
  3. белгіленген мерзімге салық деклорациясын тапсыру;
  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыралатын салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
  5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға.

Салық төлеушінің құқығы :

Салық төлеушінің:

1. салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
2. жүргізілген тексерулер актлерімен танысуға;

3. салық органдарына салықтарды есепеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актлері жөніндегі түсіндірмелерді ұсынуға;

4. заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға;
5. салық салуға қатысуы деп саналатын ақпаратпен құжаттарды тапсырмауға құқы бар.

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет ету керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан жақты және тиімді түрде сіке асыра алады. Дүние жүзілік тәжірибеде қолдалынып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері бар. [3]

2. 3 Салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету.

Қазір салықтық әкімшілендіру аясында салық төлеушілермен салықтық қызмет көрсету сапасымен қанағаттанбауында және қоғамның салықтық заңнама мен салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша ақпаратпен нашар қамтылғанынан көрінетін проблемалар бар.

Осыған байланысты, мынадай бағыттарда жұмыстарды күшейту қажеттігі туындайды:

қоғамның салық сұрақтарында ақпараттануын арттыру: қабылданатын шаралардан қажет нәтижелерге қол жеткізу және салық қызметінің оң көзқарасты беделін қалыптастыру үшін БАҚ, семинарлар, дөңгелек үстелдер, брошюралар мен буклеттер шығару арқылы қоғаммен ұдайы өзара іс-әрекет жасасу қажет.

Көрсетілетін салық қызметінің сапасын арттыру: көрсетілетін салық қызметінің сапасы халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс. [4]

2. 4 Салық қызметінің стратегиялық мақсаттары.

Салық қызметінің стратегиялық дамуының миссиясы мен көрінісiнен жуық 5 жылда мынадай мақсаттар мен міндеттер тұр:

Салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету.

1-мақсат- Салық мәдениетін көтеру.

Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады.

Орта білім беру жүйесінде салық салу негіздерін оқытуды енгізу.

БАҚ-да мемлекеттің жүргізетін салық саясаты, оның маңызы мен қоғамның дамуы үшін басым бағыттары туралы жариялау.

Қолданыстағы салық салу жүйесі туралы буклеттер, анықтама жүйелері және кәсіби салық кеңесшілері арқылы ақпарат тарату.

2-мақсат- Салық бақылауының тиімділігін арттыру.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет.

Салық бақылауы рәсімін жетілдіру және оңайлату.

Салық бақылауы рәсімін реттеу.

Мемлекеттік, өзге уәкілетті органдардың шет мемлекеттердің құзырлы салық органдарымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыру.

Салық бақылауы рәсімін автоматтандыру.

Жүйелі түрде салық салудан жалтаруда қолданылатын жаңа тәсілдер мен схемалар анықтау және олардың тууына ықпал ететін себептерді жою аясында әрі қарай шаралар енгізу.

3-мақсат - Салық заңнамасын оңайлату.

Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен қамтамасыз етіледі.

Салықтарды есептеуді оңайлату.

Салық есептілігі нысандарын оңайлату.

1-мақсат - қоғамның салық сұрақтарында ақпараттануын арттыру.

Ақпараттық-үгіттеу кеңістігін құру: пресс-конференциялар, брифингтер, кездесулер, теле-радиохабарлар, бейнероликтер; салық міндеттемелерінің тууы және орындау туралы түсіндіру ақпаратын құрайтын газет, журнал, брошюралар, буклеттер, жаднамалар, күнтізбелер шығару.

Салық органының әкімшілік процесстерінің ашықтылығын қамтамасыз ету және салық төлеушілерді оның қызметтері, толтырылатын құжат нысандары үлгілері, құжаттарды электронды түрде толтыру және тапсыру, құжаттар айналымы реттілігі, шешімдерді даулау және шағымдану тәртібі туралы ақпараттандыру.

Арнай салықтық пресс-қызметтер құру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi
Салық органдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіру
Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері туралы ақпарат
Салық қызметі органдарының салықтық әкімшілік ету қызметін ұйымдастыруды және құқықтық негiзiн кешендi зерттеу арқылы салық органдарының қызметiн талдау және жалпылау негiзiнде салық органдарының бақылау-экономикалық қызметiн жетiлдiруге байланысты тәжiрибелiк ұсыныстар
Салықтық бақылау
Мемлекеттің салықтық қызмет
Салық органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
Мемлекеттiң салықтық қызметі
Салық органдарының қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz