Пайдақорлық-зорлық қылмыстарын зерттеу


Мазмұны

Кіріспе . . . 4

  1. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының түсінігі мен белгілері. . . 6Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының түсінігі . . . 6Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының обьектісін және обьективті жағын сиппаттайтын белгілер . . . 10Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының субьектісін және субьективті жағын сиппаттайтын белгілер . . . 18
  1. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алу. . . 25Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының жалпы криминологиялық сипаттамасы . . . 25Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының себептері мен негіздері . . . 30Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алудың жалпы және арнайы шаралары . . . 40

2. 4 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының виктимологиялық аспектілері . . . 54

Қорытынды . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы 80-жылдардың аяқ шені мен 90-жылдардын басында басталған өндірістік қатынастардың өзгеруі, осыған сай қоғам мұқтаждықтары мен мүдделерінің өзгеруі пайдақорлық-зорлық қылмыстарға, жалпы қылмыстылық проблемаларына, жаңаша көзқарасты талап етті. Дегенмен, базистік қатынастардың толық орнықпауына сай, сондай-ақ оған сәйкес болуға тиісті қондырмалық институттардың толық бекімеуінен пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың жаңа себептері мен жағдайлары туындады да, оның деңгейі бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жетті. Қазақстан Республикасында 90-жылдардың орта шенінде мемлекеттің әлсіреуі тұсында жіберілген ақтаңдақтардың әсіресе, жекешелендіру кезінде, сол сияқты Кеңестер Одағының ыдырауы салдарынан жұмыс орындарының жаппай жабылуынан жұмысқа жарайтын азаматтардың ауыл-селолардан жұмыс орындары бар қалаларға ағылуы себепті республикада біршама тұрақсыз жағдай қалыптасты. Дәл осы кезең пайдақорлық-зорлық қылмыстарыньщ шарықтау шегіне жеткен тұсы болатын. Мысалға, жаппай өрістеген қорқытып алушылық қылмысы тек 1995 жылы республика көлемінде жүргізілген "Құқықтық тәртіп" атты шарадан соң ғана саябырсыды. Сондай-ақ, Қазақстанда мемлекеттік институттарды реформалау аяқталды десек те, әлі де халық ішіндегі өзгерістердің болып жатқаны айқын. Мүның өзі де пайдақорлық-зорлық қылмыстары себептерінің өзгермелілігіне алып келеді. Елімізде жұмыссыздар санының өсуі де пайдақорлық-зорлық қылмыстарының өсіміне де өз үлесін қосады.

Сол сияқты халық менталитетінің өзгеруіне байланысты виктимологиялық аспектілерді зерттеу де бір төбе мәселе.

Сол сияқты 2003-2005 жылдардың ауылдарды көтеруге арналуы және қаржы бөлінетіндігі де Қазақстандағы экономикалық ахуалды жақсартып, халықтың әлеуметтік жағдайына оңды ықпал ететіндігі және сын айтылған шаралар қылмыстылықтың алдын алудың жалпы әлеуметтік шараларына айналатындығы сөзсіз.

Қоғамдағы базистік қатынастар мен қондырмалық катынастардың сай келмеуіне байланысты қылмыстылықтың, соның ішінде, пайдақорлық-зорлық қылмыстарының себептерін былай қойғанда, базистік (экономикалық) қатынастары ТМД елдері сияқты түбірлі өзгермеген шет елдерді де, дәлірек айтқанда, бүкіл дүние жүзін қамтып тұрған трансұлттық қылмыстылықтың өсуі де Республиканың криминалдық өміріне ықпал етпей қоймайды. Мысалға, соңғы уақытта өршіп тұрған "зорлық әрекеттері арқылы саяси күрес жүргізудің тактикасы" болып табылатын халықаралық терроризм қылмысына байланысты БҮ¥-ның бас Ассамблеясы әр жылдары ондаған қарарлар қабылдады. 1996 жылы әлемнің маңдай алды елдерінің басшылары бас қосып, осы проблеманы әңгіме арқауы етті.

Жалпы пайдақорлық-зорлық қылмыстарының ішінде, соңғы кездері, топтасып жасаған қылмыстың үлесі ылғи көбейіп келеді. Барлық қылмыстардың ішіндегі зерттеліп отырған пайдақорлық-зорлық қылмыстарының үлес салмағы 1990 жылы 6, 5%-ды құраған болса, 1991 жылы- 6, 6%, 1992 жылы-7, 7%, 1993 жылы - 8, 3%, 1994 жылы - 7, 6%, 1995 жылы - 7%, 1996 жылы - 6, 9%, 1997 жылы - 7, 7%, 1998 жылы- 9, 3%, 1999 жылы - 9, 5%, 2000 жылы - 8, 4%, 2001 жылы - 8, 5%, 2002 жылы - 8, 8%, 2003 - 9, 1%-ды құрап отыр.

Пайдақорлық-зорлық қылмыстарын зерттеу өзектілігі уақыт өткен сайын артып отырса да, Қазақстанда, тіпті, Ресейдің өзінде де арагідік пайдақорлық-зорлық кылмыстарының кейбір жақтарын карастырғаны болмаса, тұтастай әлі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін кешенді түрде қарастырған еңбектер жоқ.

Осы уақытқа дейін әр түрлі авторлар пайдақорлық-зорлық қылмыстылықты қылмыстылықтың басқа түрлерімен бірге қарастырып келді. Тек қана бірлі-жарым еңбектер ғана, мысалға, алпысыншы жылдардың аяқ шегінде пайдақорлық-зорлық қылмыстарының әртүрлі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілердің соның ішінде, ұрлық, қарақшылық, тонауды, алпысыншы-жетпісінші жылдары С. С. Степичев, Г. З. Моисеенко, Г. Л. Кригер, А. Н. Кардава сынды авторлар қарастырып өтсе, сексенінші жылдардың аяғы мен тоқсаныншы жылдардың басынан бастап зерттеушілердің жаңа толқыны пайдақорлық-зорлық қылмыстарға қалам тартты.

1. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының түсінігі мен белгілері

  1. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының түсінігі

Криминологиялық ғылым қылмыстылықтың нысаны және оның өзге әлеуметтік құбылыстармен байланысын терең талдауға, қылмыстылықтың және оған ықпал жасайтын, әсіресе қазіргі жағдайдағы, себептеріне түсініктеме беруге, адамдардың әлеуметтік тұрмысына, идеология мен экономикадағы өзгерістеріне қарай қылмыстардың алатын сипатына, өрбуіне көз жүгіртуге мүмкіндік береді. И. И. Карпец криминологияны дабыл қағатын ғылым деп атаған [1, 56 б. ] .

Тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңінде криминологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенбей, нақты криминогендік ахуалдың зандылықтары мен үрдісін терең білмей қылмыстық-құқықтық, іс жүргізу, криминалистикалық мәселелерді шешудің мүмкін еместігі көпке аян.

Сонымен қатар, бірқатар ғалымдардың санасы қалыптасқан түсініктен соңғы уақытқа дейін арыла алмағанын атап өткен жөн. Мысалы, криминология курсының бірінші томында былай делінген: "социалистік қоғамда қылмыстың өткен формациясына тән аса қауіпті түрлері: гангстеризм мен рэкет; қылмыстық әлемнің мемлекеттік аппаратпен сыбайластығы; халықтың бүтіндей тобының қылмыстылықпен байып, соған мүдделі болуы; қылмыстық әдіспен билік басына келуге тырысатын саясаткерлер жоқ". Қылмыстылық социалистік құрылыстың болмысына жат құбылыс деп жазу дағдыға айналған еді.

Криминологияның ерекше бөлімі қылмыстылыктың жекелеген түрлерін әр қилы көрсеткіштерге орай бөліп, жеке бөліп қарастыратыны анық. Соның бір саласы - пайдақорлық-зорлық қылмыстылық. Мұның өзі екі түрлі қылмыстылықтың сабақтасқан тұсынан туындаған. Олар - пайдақорлық қылмыстылық -зорлық қылмыстылық.

Пайдақорлық- ол алуға, баюға деген құштарлық. Пайдақорлық Қылмыстық заңның жиырма бірінші бабында келтірілген. Жалпы бөлімде жаза тағайындауға байланысты (мүлікті тәркілеу) айтылып өтсе, қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде қарастырылады. (135, 139, 198, 225, 271, 307, 314, 315, 380-баптар), ал калған жағдайларда ауырлатылған қылмыс құрамдарында қарастырылған.

Пайдақорлық қылмыстылық жалпы қылмыстылық санының ішінде экономикасы дамыған мемлекеттерде 90% дейін үлес алса, дамушы елдердің жалпы қылмыстылығының 60% қүрайды.

Пайдақорлық қылмыстылық - ол құқыққа қарсы қайтарымсыз пайда табу мақсатымен жасалған қылмыстардың жиынтығы.

Зорлық қылмыстылықтың түбірінде "зорлық" сөзі жатқанмен де қазіргі ұғымымыздағы зорлық қылмыстылықтың негізін зорлық қана емес, күштеу, күш қолдану да құрай алады. Ал орыс тіліндегі "Насильственная преступность" терминінің түбірі "насилие" сөзінің өзін екі мағынада түсінуге болады. Оның бірі - заттың аты ретінде (зат есім) және, екіншісі - әрекет ретінде. Осы айтылған "күш қолдану" (насилие) ұғымының айналасында қылмыстық құқықта сан түрлі пікірлер бар. Бірі оның белгілерін анықтау барысында тым көлемін кеңейтіп жіберсе, келесілері тым тарылтып тастайды. Мысалға, соңғыларының қатарына күш қолдану деп тек қана тәни күшті түсінетіндерді айтуға болады (Л. Д. Гаухман) [2, 6 б. ] .

А. В. Иващенко мен А. И. Марченконың айтуынша ол "еркін ерік білдіруге тікелей қарсы бағытталған белсенді әлеуметтік қызмет" [3, 23 б. ] . Осындай пікірдің жақтастарына АА. Пионтковский мен В. М. Артемовты қосуға болады.

Ал Л. Д. Гаухман болса, тіпті де тар мағынада түсінеді . Оның ойынша күш қолдану ол "қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы адам организмінің оның еркіне қарсы түрде ықпал ету". Осылай дей отырып, автор оның екі түрін (адамның тәнін ықпал және оның ішкі органдарына) ажыратады [2, 68 б. ] .

Осындай олқылықтарды айта келіп, Л. В. Сердюк "күш қолданудың" белгілерін ажыратады да оған анықтама береді, яғни "күш қолдану - ол өзге тұлғалардың тарапынан болатын қасақана және заңға қайшы адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету" [4, 45 б. ] . Осы соңғы анықтама күш қолданудың қырларын аша алатындықтаң, біз де осы ұсынысты қолдаймыз.

Зорлық қылмыстар санына жататын қылмыс құрамдарының шеңбері кең. Олар-ҚК 96-100, 102-110, 112, 113, 120, 121, 123, 125-127, 133, 137, 145, 156, 159, 160, 163, 168, 169, 170, 178, 179, 181, 226, 230, 238, 240, 241, 257, 270, 321, 341, 361, 368, 369-баптар. Ал кейбір қылмыстар толықтай зорлық қылмыстар қатарына жатпағанмен, жартылай болуы мүмкін, яғни ол қылмыстардың жасалу тәсілдерінің, басқа тәсілдермен бірге күш қолдану да кіреді. Мысалға, 151, 153-баптарда көрсетілген қылмыстар. Ал кей уақыттарда сараланған қылмыс құрамдары зорлық қылмыстарының тізімін толықтыруы мүмкін яғни олардың қарапайым құрамында күш қолдану қарастырылмағанмен, сараланған құрамдарында күш қолдану қарастырылған (125-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 126-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 131-баптың 3-бөлігі, 132-баптың 3-бөлігі, 145-баптың 2-бөлігі, 146-баптың 2-бөлігінің «а» тармағы, 155-баптың 2-бөлігі, 164-баптың 2-бөлігі, 185-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 186-баптың 2- бөлігі, 209-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 226-баптың 2-бөлігінің «б» тармағы, 234-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 238-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 239-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 248-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 250-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 260-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 262-баптың 2-бөлігінін «г» тармағы, 275-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 327-б. 2-бөлігі, 330-баптың 2-бөлігі, 358-баптың 2-бөлігінің «б» тармағы, 361-баптың 2-бөлігі) . Күш қолдану әдісі кейбір қылмыстардың аса сараланған құрамдарының белгісіне жатады. Олар- 185-б. 4-бөлігі, 196-б. З-бөлігі, 248-баптың 3-бөл «а» тармағы, 255-баптың 3-бөл «в» тармағы және 4-бөл. «б» тармағы, 260-баптың 3-бөл. «в» тармағы, 308-баптың 3-бөлігі, 341-баптың 3-бөлігі, 351-баптың 3 және 4-бөліктері, 361-баптың 3-бөлігі. Ал «қорқыту» әрекеті (угроза) қылмыс құрамдарының қажетті белгісі ретінде мынандай жиырма төрт қылмыс құрамында кездеседі: 102, 112, 113, 120, 121, 123, 151, 153, 172, 179, 181, 200, 226, 230, 233, 238, 240, 257, 270, 321, 341, 347, 361, 368-баптар. Ал саралаушы белгі ретінде төмендегідей картинаны көрсетеді: 120-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 121-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 131-баптың 3-бөлігі, 132-баптың 3-бөлігі, 145-баптың 2-бөлігі, 146-баптың 2-бөлігінің «а» тармағы, 155-баптың 2-бөлігі, 164-баптың 2-бөлігі, 178-баптың 2-бөл «а» тармағы, 185-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 186-баптың 2- бөлігі, 239-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 248-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 255-баптың 3-бөлігінің «в» тармағы, 260-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 261 -баптың 2-бөлігінін «г» тармағы, 275-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы, 327-б. 2-бөлігі, 330-баптың 2-бөлігі, 354-баптың 2- бөлігі, 358-баптың 2-бөлігінің «б» тармағы, ал аса сараланған қылмыс құрамдардың белгісі ретінде 185-баптың 4-бөлігінде, 196-баптың 3-бөлігінде, 233-баптың 3-бөлігінің «а» тармағында, 248-баптың 3-бөлігінің «а» тармағында, 255-баптың, 4-бөлігінің «б» тармағында, 260-баптың 3-бөлігінің «в» тармағында, 308-баптың 3-бөлігінде қарастырылған. Демек, қорыта айтқанда, зорлық қылмыстар: 96-100, 102-110, 112, 113, 120, 121, 123, 125-127, 133, 137, 145, 151, 153, 156, 159Л60, 163, 168, 169, 170, 172, 178, 179, 181, 200, 226, 230, 233, 238, 240, 241, 257, 270, 321, 341, 347, 361, 368, 369-баптарда қарастырылған қылмыстар. Ал «күш қолдану» немесе «қорқыту» тәсілі қылмыстардың саралаушы белгісі ретінде төмендегі баптарда қарастырылған: 120-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 121-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 125-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы. Көрсетілген әдістер аса сараланған қылмыс құрамдарының белгісі ретінде мына баптарда көрсетіледі: 185-баптың 4-бөлігінде, 196-баптың 3-бөлігінде, 233-баптың 3-бөлігінің «а» тармағында, 248-баптың 3-бөлігінің «а» тармағында, 255-баптың 3-бөл. «в» тармағы және 4-бөлігінің «б» тармағында, 260-баптың 3-бөлігінің «в» тармағында, 308-баптың 3-бөлігі, 341-баптың 3-бөлігі, 351-баптың 3 және 4-бөліктері, 361-баптың 3-бөлігі. Демек, зорлық қылмыстарының қатарына «таза зорлық қылмыстары» деп атауға болатын елу үш қылмыс құрамы, ал «күш қолдану» немесе «күш қолданамын деп қорқыту» саралаушы белгі ретінде жиырма тоғыз қылмыс құрамында, ал аса саралаушы белгі ретінде он екі қылмыс құрамында кездеседі, барлығы - тоқсан төрт қылмыс құрамы (қарапайым, сараланған және аса сараланған түрлерін қоса алғанда) . Пайдақорлық-зорлық қылмыстылық осы екі түрлі қылмыстылықтың түйіскен жерінен орын алады, өйткені барлық пайдақорлық қылмыстар зорлықпен жасалмайды, сол сияқты зорлықпен жасалатын қылмыстардың барлығы пайда табуды көздей бермейді. Демек, пайдақорлық-зорлық қылмыстылық материалдық пайда табуды көздеп касақана және заңға қайшы түрде адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асыратын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіруші әрекет ету бостандығын шектеу қабілетті ықпал ету жолымен жасалатын белгілі бір мемлекетте, белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады. Аталған қылмыстылықты құрайтын қылмыстар саны көп емес. Олар - пайдақорлық ниетпет кісі өлтіру (96-баптың 2-бөлігі "з" тармағы), адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі "з" тармағы), заңсыз бас бостандығынан айыру (126-баптың 2-бөлігі "з" тармағы), заңсыз психиатриялық стационарға орналастыру (127-бап 2-бөлігі "а" тармағы), Тонау (178-бап), Қарақшылык (179-бап), Қорқытып алушылық (181 -бап), Адамды аманатқа алу (234-баптың 2-белігі "и" тармағы), Ғимараттарды, үйлерді басып алу (238-баптың 2-бөлігі "д" тармағы) және сол сияқты пайдақорлықпен жасалған бандитизм (237-бап) . Осындай он қылмыс түрі пайдақорлық-зорлық қылмыстарды құрағанмен, біз олардың барлығын зерттеуді мақсат етіп қойған жоқпыз, олардың ішінде төрт қылмыстың (тонау, қарақшылык, қорқытып алушылық және бандитизм) алдын алудың криминологиялық мәселелерін зерттеуді мақсат етіп койдық. Пайдақорлық қылмыстылық - құқыққа қарсы қайтарымсыз пайда табу мақсатымен жасалған қылмыстардың жиынтығы. Күш қолдану - өзге тұлғалардың тарапынан болатын қасақана және заңға қайшы адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және одан органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету бостандығын шектеуге кабілетті ықпал ету. Кейбір қылмыстар толықтай зорлық қылмыстар қатарына жатпағанымен, жартылай болуы мүмкін, яғни ол қылмыстардың жасалу тәсілдерінің ішіне басқа тәсілдермен бірге күш қолдану да кіреді (мысалға, 151, 153-баптар) . Күш қолдану әдісі кейбір қылмыстардың аса сараланған құрамдарының белгісіне жатады. Олар -185-баптың 4-бөлігі, 196-баптың 3-бөлігі, 248- баптың 3-бөл «а» тармағы, 255- баптың 3-бөл. «в» тармағы және 4-бөя «б» тармағы, 260-баптың 3-бөл «в» тармағы, 308- баптың 3-бөлігі, 341-баптың 3-бөлігі, 351-баптың 3 және 4-бөліктері, 361-баптың 3-бөлігі. Демек, пайдақорлық-зорлық қылмыстылық материалдық пайда табуды көздеп қасақана және заңға қайшы түрде адамға (немесе адамдар тобына) оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс күйде жүзеге асырылатын және оған органикалық, физиологиялық немесе психикалық жарақат салуға және оның ерік білдіру не әрекет ету бостандығын шектеуге қабілетті ықпал ету жолымен жасалатын белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады. Аталған қылмыстылықты құрайтын қылмыстар - пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру (96-баптың 2-бөлігі "з" тармағы), адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі "з" тармағы), заңсыз бас бостандығынан айыру (126-баптың 2-бөлігі "з" тармағы), заңсыз психиатриялық стационарға орналастыру (127-баптың 2-бөлігі "а" тармағы), тонау (178-бап), қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), адамды аманатқа алу (234-баптың 2-бөлігі "и" тармағы), ғимараттарды, үйлерді басып алу (238-баптың 2-бөлігі "д" тармағы) және сол сияқты пайдақорлықпен жасалған бандитизм (237-бап) .

  1. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының обьектісін және обьективті жағын сипаттайтын белгілелер

Объектіні, затты және жәбірленушіні коғамға қауіпті әрекетке дұрыс басын ашып алудың маңызы зор, ол қылмыстық құқықтық мәнін ашу, қоғамға қауіпті зардаптардың қоғамдық-саяси сипаттық қылмыстық-заң нормаларының қолданылу үшін анықтау үшін қажет, және ол қылмысты дұрыс саралауға, оның жігін ажыратуға ықпал етеді.

Қылмыстық қол сұғушылық объектісін зерттеу жаңа қылмыстық заңдарды шығаруда, қылмыстық-заң доктринасын жасауда жүзеге асырылатын теориялық және практикалық қызметті заң қолдану органдарының алдында тұрған мәселелердің шешілуін қамтиды. Әрекеттің қылмыстық-құқықтық белгілерін ашуда, оған қылмыс кұрамы деңгейінде анықтама беруде қылмыс объектісі жайындағы деректер мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, қол сұғушылық объектісімен оның, белгілерінің анықтамасын дәл білу арқасында қылмыстық әрекетке заң тұрғысынан дұрыс баға беріледі, ол қылмысты әділ саралауды, жауапкершілікті жіктеп, жеке анықтауды қамтамасыз етеді. Мысалы, қылмыстық қол сұғушылық объектісінің қасиеті мен белгісін білу қылмыс құрамының басқа элементтерінің мазмұны мен белгілерін толық сипаттауға мүмкіндік береді, қылмыстық емес әрекеттерді қылмыстық қол сұғушылықтан бөліп алуға негіз болады. "Қылмыстық қол сұғушылықтың обектісін әрбір нақты жағдайда анықтау және бағалау едәуір қиындыққа алып келеді, себебі объект қылмыстық-құқықтық заң нормасының диспозициясында кейде толық ашып көрсетілмейді, ал қандай да бір сілтеме бола қалған күнде, ол әдетте, сол қылмыстық әрекеттен тікелей қол салатын қоғамдық қатынастардың кейбір элементтері арқылы ғана жасалады" деген И. В. Велиевтің пікірімен келіспеуге болмайды [5, 17 б. ] .

Б. С. Никифоров былай деп дұрыс жазады: қылмыс объектісін зерттеу"сол тарихи жағдайдағы қылмыстық қудалаудың жалпы бағыты мен "көлемі" туралы мәселені шешетін заң шығарушылар үшін ғана емес, практикалық қызметкерлер үшін де қажет. Сот тәжірибесінің материалдарына қарағанда, кінәсіздің сотталғандығы және қылмыс жасаған адамның жауапкершіліктен дәлелсіз босатылғандығы анық көрініп тұрса да, кейбір жағдайларда ол сот органдарының қылмыстық-құқықтық қорғау шегін, қылмыс объектісінің аясын дұрыс түсіне алмаушылығынан болады".

Қылмыстық қол сұғушылық объектісі-әрбір қылмыстың қажетті элементі. Кез келген қылмыс-ол белгілі бір объектіге қол сұғу. Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыс өмірде болмайды.

Жасалған қылмыс нәтижесінде қандай әлеуметтік игілікке әрқашанда және сөзсіз нұқсан келеді дейтін болсақ - ол қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастар. Сондықтан да қылмыстың мәні қоғамдық қатынастардың бұзылуында жатыр [6, 18 б. ] .

"Қоғамдық қатынастар категориясы күрделі де көп жақты түсінік", - деп Е. Қайыржанов дұрыс пайымдайды. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың мүддесін қанағаттандыратын қатынастар басты болып табылады. Мұндай қатынастарға қарсы бағытталған қылмыстық қол сұғушылық түгелдей қоғам үшін қауіпті, сондықтан да қандай қылмыс болмасын ол қоғамдық қатынастарға тікелей немесе жанама қол сүғушылық жасау болып табылады.

Қылмыс жасағанда оның объектісі "материалдық болуы мүмкін, немесе саяси, моральдық, мәдени және басқадай материалдық емес те болуы мүмкін". Бірақ бұл жерде қоғамдық қатынастың барлық жүйесі емес, оның қылмыстық заңмен қорғалатын бөлігі гана сөз болып отыр. Қылмыс объектісінің сипаты қылмыстың барлық қалған белгілеріне (элементтеріне) ықпал жасайды. Қылмыстық әрекеттің сипатын бәрінен бұрын, қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі, оның касиеті, қоғам үшін әлеуметтік құндылығы, қылмыс объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сақталуына, оған қол сұғылмауға мемлекеттің және адамның қаншалықты мүдделі екендігі анықтайды [7, 21б. ] .

Ғылыми заң әдебиеттерінде "қылмыстық құқық қоғамдық қатынастарды реттемейді және реттей алмайды. Қоғамдық қатынастарды қандай да бір реттеу сапасы мен еркіне қылмыстық-заң нормаларының функциясы тікелей әсер ететін жеке адамның мінез-құлқы арқылы оған тікелей әсер етуді қарастырады" деп сын пікір айтылған. Біз тұжырыммен келіспейміз. "Қылмыстық заң нормалары функциясының" әсер етуі-әлеуметтік оң немесе теріс мінез-құлықтың субъективтік мазмұнын құрайтын адамдардың санасы мен еркіне қылмыстық заңның әсер етуі болып табылады. Адамның мінез-құлқы, қылмыстық заңның реттеу пәнін өткендіктен, қоғамдық қатынастардан тысқары қалмайтындығын атап өткен жөн. Және де ол көрсетілген қатынастардың қажетті элементі деп танылған. Соған байланысты, адамдардың мінез-құлқын реттей отырып, заң шығарушы, сонымен қатар, қатынастарды да реттейді.

Объектілерді негізгі, қосымша және факультативтікке бөлу уақыт сынынан өткен. Негізгі объектіге, бәрінен бұрын, заң шығарушы құқықтық норма арқылы қорғауға ұмтылған қоғамдық қатынастар жатады. Қылмыс жасалған жағдайда міндетті түрде бұзылатын немесе бұзылу қаупі туындайтын қоғамдық қатынас иегізгі объектісі болып табылады. Бұл критерий қорқытып алушылықтың негізгі объектісін анықтауға едәуір мүмкіндік береді, соған қарай осы қылмыс үшін күшіндегі заңға қарастырылған жауаптылык нормасының орны анықталуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Пайдақорлық - зорлық қылмыстарының түсінігі
Пайдақорлық қылмыстары
Пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz