Оқушылар ұжымы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылар ұжымы тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар ғылыми, ғылыми насихат, әскери спорт, өз әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемәнерпаздар, коллекционерлер) және т. б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру.

Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері: А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Шац-кий, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.

А, В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.

Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп аталады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т. б. .

А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А, С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.

1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

  1. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбектіұйымдастыруға біріктіреді.
  2. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамныңбөлігі.

4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері ұйымдастырушылары болады.

Әрбір ұжым бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, конттактыны ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым факультет т. б.

Қазіргі кезеңде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың "Коммунар әдісі" игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелі принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікгі іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И. П. Ивановтың "Коллектившілерді тәрбиелеу" атты еңбегінде қарастырылған.

Сонымен ұжым бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Мудрая власть коллектива", "Коллективтің құдіретті күші" т. б. баяндалды.

В. А. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В. А. Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтасғық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т. б. ) бірігіп топтасқан балалардын мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, ceминарлар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.

Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.

Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысың шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым тәрбиенің маңызды құралы.

Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері

Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап қала алмайды. Даму ілгері қозғалу ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.

Мұндай психологиялық күш болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А. С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мудделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.

Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттаңдыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.

Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:

  • міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесініңқиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышынанегізделген істердің еліктіруі;
  • нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
  • оқушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.

Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет жүйесін құру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.

Ұжымның жасампаз істері қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр көктемі, тақырыптық кештер, т. б. мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты болып отыр. Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде, мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып, оқушылардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және терендетеді, ой-өрісін кеңейтеді, талғамды құлықтық көзқараспен қабылдауын және үндестігін, пейілін және зейінін дамытады.

Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі жолы бар екенін көрсетеді:

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзіолардың алдына болашақ үміт дүниесің міндет етіп қояды жәнеміндетті шешудің жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;
  • өздеріне болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойғанмақсатқа жету жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап, оған жету жолдарын табуға көмектеседі.

Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесін жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс тәрбие ұжымын және біріктіру барысындағы ең бір маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек және ол қатынасу белсенді, жасампаз сипатта болған жөн. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу балаларды еліктірудің, болашақ үміт дүниесі істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Тапсырма топқа және жеке оқушыға берілуі мүмкін. Кез-келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей, тек еңбегі мен қылығына ғана емес, әсемділікке талғамды көзқарасын тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырылған, сәулетті безендірілген болуы керек. Әсіресе мерекелер сәулетті және салтанатғы ұйымдастырылуы қажет. Бұларға ата-аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында балаларға сыйлықтар тапсырылуы, жарыс қорытындысы жарияланғаны өте жақсы.

Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің зор ұйымдастыру жұмысы қажет. Оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.

А. С. Макаренко әдепкі кезенде оқушылар қарсылық білдірмей, пікір таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап қоюдың қажет екенін атап көрсеткен болатын.

Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бұл жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда, мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты өтуге тырысқанына оқушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Оқушылардың көбі сыныптың белсеңді тобын және мұғалімді қуаттайды. Оқушылар ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші күшіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.

Бірынғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың бүкіл мектептің өзін-өзі басқару ісіне қатынасуы болады. Сынынта ұйымдастыру міндеттерін орындауы ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдары өмірімен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы болып табылады (мектеп жанындағы учаскедегі іс-әрекет, макулатура жинау, мектепке дейінгі мекемелерге қамқорлық т. б. ) . Олардың бұл ісі мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады.

Оқушылар ұжымын қалыптастырудың пәрменді құралы олардың өзін-өзі қызмет істеу шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс кетпеуін қадағалау керек.

Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылады.

Іс-әрекеті бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас дамиды.

Қарым-қатынас бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның міндеті жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін тілекті сезуі тиіс.

Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың рөлін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.

Кіші топтардың құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші топтардың маңызды ерекшеліктері өзара қатынасының тартымдылығы. Егер мұндай ерекшелік болмаса топты сақтау мүмкін емес. Әрбір оқушы бір сыныптың оқушыларымен немесе құрдастарымен ыңтымақты қатынас жасау үшін олардың арасында өзара ұнатушылық, бір-біріне сүйіспеншілік болуы қажет. Оқушылардың түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі, ақпарат алмасуы, әрбір баланы қызықтырады, ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтік тәжірибесін молайтады.

Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.

Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.

Өзара жауапкершілік қатынастың мынадай жағдайларды еске алған жөн:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Ұжым-тәрбиеқұралы
Оқушыларға ұжымдық тәрбие беру
Жеке тұлғаның дамуы, баланың дамуына сынып ұжымының ықпалы
Оқушылар ұжымы балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Оқушылар ұжымының негізгі әрекеті оқу
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz