Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар
  2. Саяси партия ұғымы
  3. Саяси партиялар және олардың жіктелуі

Пайдаланылған әдебиеттер

Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және кызметтері

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шықкан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін корғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардын айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытырандылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардыи дамуына мынадай кезендерді атап көрсетті:

1) аристократиялық үйірмелер;

2) саяси клубтар;

3) көпшілік партиялар.

Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы - олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын) . Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.

Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардың ерекшелігі - олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тарбие, мәдеии қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары, Ал казір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж. Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер еткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863ж. Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа . . .

Саяси партия ұғымы

Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы - мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.

Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірбиелерді қарастырып көрелік.

Шетелдерде конституциялық (мемлекеттік) құқық ғылымындағы саяси партияның түсінігі мынадай: саяси партия - мемлекеттік өкіметті иеленуді мақсат тұтатын, немесе соны жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын, ортақ мүддеге біріккен, қоғамның белсенді, әрі ұйымдасқан бөлігі болып табылады.

Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды. Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз байланыста сайланбалы өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі - халықтық өкілдіктер құрылған болатын. Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдеп, мемлекеттің саяси өміріне бұқараның белсенді араласуы партия рөлін арттырып, өз кезегінде партиялар демократиялық мемлекеттің негізгі саяси тұлғасына әрі ажырамас бөлігіне айнала бастайды.

Саяси партия мемлекет басындағыларды біржақты жақтау үшін, не болмаса біржақты жамандау үшін тумайды. Ол қоғамдағы процестерді реттеуге араласу үшін туады. Қоғамда биліктен өзге, бірақ билікке әсер ете алатын институттар болуы тиіс. Олардың қатарына саяси партиялар жатады.

Сонда халыққа жасалатын игіліке билік басындағылар бөгет болса, оларға партия қарсы тұрады. Ал билік басындағылар халыққа игілік әкеліп жатса, партия оларды қолдайды.

Сонымен қатар өзге қоғамдық бірлестіктерден (кәсіподақтар, мәдени және діни қоғамдар, экологиялық ұйымдар, кәсіпкерлер одақтары, қайрымдылқ және бейбітшілік қорлары, мүдделілік жөніндегі қауымдастықтар және т. б. ) партияның айырмашылығы ол мемлекет басқаруға тікелей мүмкіндік беретін парламенттегі және өкіметтегі орындар үшін ашықтан-ашық күреседі. Сөйтіп, партиялар сайлауларға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде асыруға белсене қатынасады.

Қоғамдық бірлестіктердің көншілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласу олардың түпкі мақсатына жатпайды, бұлар негізгі мақсаттарына жету жолындағы қосымша құралдары ғана іспетті. Саяси партиялар мемлекеттік билікті тікелей иеленуге ұмтылса, қоғамдық бірлестіктен мемлекетке тек сырттай ғана ықпал жасауға тырысады.

Сондай-ақ саяси партияларды қысымшы топтардан да ажырата білу керек. Іс жүзінде қысымшы топтар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап сатып алуға дейінгі қысым көрсету түрлерімен шұғылданады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді.

Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі туралы. Бұл ретте ең алдымен саяси партиялардың түпкі мәнін, қызметін ажыратып алудың маңызы зор.

1) Бұл ең алдымен партияның көздеген мақсатында көрініс табады. Сонымен қатар партия сайлауда өздерін жақтап дауыс берген жақтастарының мүдделерін қоғауға айрықша мән береді.

2) Саяси партиялардың мәні оның қызметінде таңбаланады: а) партияның саяси бағдарын белгілейтін бағдарламасын жасау; б) партияның мақсаты, міндеттері, стратегиясы, тактикасы, сайлаушылар арасындағы іс жүзіндегі нәтижелері жөніндегі ақпараттар тарату, сондай-ақ партияға жаңа мүшелер тарту; в) мемлекеттік өкімет органдарын құруға партияның араласуы және олардың қызметтеріне бақылау жасау; г) қоғамдық түрлі әлеуметтік кикілжіңдерді шешуде, елде азаматтық бітім мен келісімге келуге мемлекеттік органдарға жәрдем беру; д) қоғамның белсенді дамуына, прогреске жеткізетін әлеуметтік-психологиялық ахуал орнауына атсалысу; е) өзара қарым-қатынастарда келісімге жету үшін мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы «тура» және «кері» байланыстардың дамуына араласу; и) елдің халықаралық беделінің артуына және халықаралық қарым-қатынастарының дамуына жәрдем беру; ж) партия мүшелері арасындағы белсенді жұмыстар және т. б.

Мемлекеттік өкімет органдарына сайлауға ұсынылған кандидаттарға дауыс беруші партия жақтастары оның электоратын құрайды.

Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдары өз кезегінде бірқатар факторларға тәуелді болады. Партиялардың өзіндік ерекшеліктері, олардың тарихи және ұлттық ерекшеліктері де бар.

Ұйымдық құрылымдарына қарай партиялар: ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған партиялар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататын партиялар әдетте сан жағынан аса үлкен емес.

Мұндай партия мен мүшелері арасында ұйымдық байланыс бар, партия нақты ұйымдастырылуымен және тәртібімен ерекшеленеді. Партияның әрбір мүшесі партия билетіне ие болып, мүшелік жараналарын уақыттында төлейді, партия жарғысында қарастырылған барлық тәртіп талаптарына қатаң түрде бағынады. Мұнай партияларды «кадрлық партиялар» деп те атайды. Олардың кәсіби орталық аппараты бар. Бұл партияның жекелей де ұжымдық та мүшелері бар. Ұйымдық қалыптасқан партияларға әртүрлі қоғамдық бірлестіктер - кәсіподақтар, жастар, әйелдер және басқа да қоғамдық ұйымдар қосылуы немесе құрамына кіруі мүмкін. Мысалы, француз коммунистік партиясына Жалпыға ортақ еңбек конфедерациялық кәсіподақтар бірлестігі қосылса, Британ лейбористік партиясының құрамына британ тредюниондары (кәсіподақтар) енеді.

Аталаған партиялар тобына, сондай-ақ Австрия халықаралық партиясы. Үндістан ұлттық конгресі (И), ГФР-дың христиандық-демократиялық одағы, Швеция орталық партиясы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы және басқалар кіреді.

Ұйымдық қалыпсатпаған партиялардың басты ерекшелігі оларда ресми мүшелік болмайды. Мұндай партияға мүше болып табылатындардың партиямен ұйымдық байланысы жоқ, оларда партбилет жоқ, өту және мүшелік жарнасын төлемейді, партиялық ортақ тәртіпке бағынышты емес. Мұндай партиялардың мүшелері сайлауларда әлгі партияға дауыс берушілер болып табылады. Сонымен қатар ұйымдық қалыптаспаған партияларда ресми мүшелердің орнын осы партияның саясатын жүзеге асыруда басты рөл атқаратын кәсібилер мен белсенділердің құралған аумақтық ақпарат басады.

Аталмыш партиялардың қызметі ең алымен сайлау күресіне, сайлаушылар дауысын қармап қалауға бағытталады.

Ұйымдық қалыптаспаған партияның айқын мысалы ретінде АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларын алуға болады. Екеуі де үлкен ұйымдар. Тиісті партиялар тізіміне сайлауларда дауыс беруші барлық сайлаушылар әлгі партияның мүшесі болып есептелінеді. Партия мен оның мүшелері арасында ұйымдық байланыс болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат. Тұтастай алғанада ол ең алдымен сайлаудағы күрестерге лайықталған. Аумақтық партиялық құрылымдардың сайлау округтері орналасуымен сәйкес келуі де осыдан.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Саяси партия ұғымы. Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы - мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Партиялар мен қозғалыстар
Саяси партиялардың атқаратын қызметтері
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдықсаяси қозғалыстар
Саяси партияларды жіктеп
Идеологиялық партиялар
Қазақстанда саяси партиялардың – қоғамдағы ролін, институционалды қалыптасуын зерттеу
Саяси биліктің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz