ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының аж -н құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 116 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе . . . 3.
- ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының
АЖ -н құрудағы негізделуі . . . 7
- «Майс-Агро» ЖШС-ң сипаттамасы және оның
басқару жүйесі . . . 27
- Ақпараттық жүйе - өңдеудің мақсаты
мен пайдаланылуы . . . 32
- Ақпараттық жүйеге қойылған талап . . . 33
- Құқықтың жабдықтаудың талаптары . . . 46
- Қаржы сараптаушысының Ақпараттық
жүйені жобалау . . . 59
- Ақпараттық жүйе дәрежесінің бағамы және
оның қолдануға мүмкін облыстары . . . 103
Қорытынды . . . 115
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 119
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы заңдарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымызбен ісімізді түбегейлі өзгертеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынасқа көшу кезеңі біздің кәсіпорындардың қожалық субъекті ретінде статусын нығайтты, олардың алдындағы өндірістік және қаржылық сұрақтарды өз бетінше шешуде үлкен мүмкіндіктер әкелді. Атап айтқанда, бұларға ішкі және сыртқы нарықтағы мамандандырылған серіктестіктерді таңдауы жатады, өйткені олардың болашақтағы бірлесіп іс атқаруында нәтижелілік береді. Қазіргі кәсіпорындар өз контрагенттерін ( жабдықтаушылар, сатып алушылар ) өздері таңдайды.
Олар өздеріне іскерлі серіктестерді дәл әрі қатесіз таңдап алуы, ол іскерлі серіктестердің нарықтық қатынас толқынына қосылуы жұмыстың дамуына септігін тигізетіні айдан анық . Дәлірек айтқанда, қожалық субъектілердің іскерлік табысы басқарманың дәрежесіне байланысты, оның объективті нақты және оперативті қабылданған шешімдері ғылыми негізделген болуы тиіс. Басшылықтың қабылданған шешімдері неғұрлым нақты, материалды, еңбектік және финанстық қорларды нәтижелі қолдануға бағытталған.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның тұрақты жағдайының және күнкөрістің кепілі болып олардың қаржылық орнықтылығы есептеледі, қаржы қорының деңгейін анықтайтын және ол ақша құралдарымен еркін басқару арқылы нәтижелі түрде үзіліссіз даму дәйектерін өндіру және оны ақшаға айналдыру болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, объективті ғылыми негізделген және оптималды басқармалық, өндірістік әсіресе, қаржылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның қаржылық ахуалын талдау қажет. Бұл осы кәсіпорынның дербестікке қол жеткізіп және өз өндірістік кәсіпкерлік саладағы жұмысшылар алдында, коммерциялық серіктестер алдында, несие алушылар мен басқа да контрагенттер алдында толық жауапты екендігіне байланысты. Тек терең және мұқият талдау жүргізу арқылы оларға объективті баға беруге болады. Кәсіпорынның басшылығын дұрыс шешімдер қабылдау үшін олардың қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін көтерудегі нақты ұсыныстар жасауы керек. Қазіргі кезде барлық кәсіпорындар талдау жұмыстарын кеңейтудегі нарықтық қатынасқа өтудегі даму болашағын өңдеу мен әр түрлі қожаландыру түрлерін қолданудың нәтижелілігін егжей-тегжейлі бағалауды оперативті басқарушылық шешімдерді уақтылы өңдеу қажет. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің қожалық іскерлігіне ЭВМ - нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты қаржы сараптаушысының ақпараттық жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз етіп кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.
Қаржылық ахуалды талдаудың басты мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы және төлем қабілеттілігін арттырудағы жолдарды табу және қаржылық жағдайдың кемшіліктерін дер кезінде немесе өз уақытында анықтап және жою.
Берілген жұмыстың шарты мынандай: ЖШС “Майс-Агро” кәсіпорынның іскерлігімен танысу, талдау ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, бұл жүйе қаржы сараптаушысының жұмысын нәтижелі етпек және ақпараттық жүйені жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.
Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың 1-бөлімінде ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) “Майс-Агро“ кәсіпорынның сипаттамасы берілген, ұйымның негізгі атқарылатын іскерлілігін бақылау көрсетілген ақпараттық жүйе негізінде қаржы сараптаушысының жұмыс орыны қарастырылады, сондықтан оның, іскерлік өрісі, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық ақпаратты сараптау жүйесін талдау және оның кемшіліктерін айқындау, негізгі қамтамасыздандыру түрлері мен ақпараттық жүйедегі міндеттерді көрсету, бағдарламалық құралдардың сипаттамасы мен осы берілген комплексті сұрақтарды шешу және олардың кемшіліктерін анықтау баяндалады.
Екінші бөлімінде Ақпараттық жүйе орындайтын комплексті есептердің
қойылымын құру көрсетілген; қаржылық жағдайды талдаудың ақпаратты базасын ұйымдастыру және комплексті сұрақтарды шешілу алгоритмі келтірілген. Бағдарламалық жабдықтаудың құрылымы, Ақпараттық жүйе құрудағы қолдану ережесі берілген және Ақпараттық жүйені
пайдаланудағы ережелерді жеңіл шешуге мүмкіндік береді.
Үшінші бөлімде Ақпараттық жүйе жасаудағы кеткен шығынның бағасы және оның нәтижелілігін анықтау қарастырылған, сонымен бірге нәтижені талдау, негізгі ақпараттық өнімді таратудағы негізгі міндеттерді қолдану, қаржылық сараптаушысының комплексті есептерді шешудің технологиясын өркендетуге ұсыныс пікір айтылған.
1. ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының АЖ -н құрудағы негізделуі.
1. 1 Қаржы сарапшысының іскерлік өрісі. Шаруашылық кәсіпкерлікті талдаудың маңызды бөлігі болып табылатын кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жүргізудегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының әдістемесі мен санақ-есеп қолдануында түбегейлі өзгерістер пайда болды. Оған негізгі себеп болған экономиканың нарықтық қатынасқа көшуі болып табылады.
Қожалық операциялардың бейнесің айқындайтын дәстүрлі бухгалтерлік іскерліктің, қожалық акпарат тұтынушыларының көптеген сұрақтарына жауап бере алмайтындығын тәжірибеде байқап отырамыз. Мұндай ақпараттар іскерлік шешімдерді қабылдау мақсатында анықталған бейнеде өңделген және өзгертілген болуы қажет. Сондықтан да бухгалтерлік есеп жүйесін және есеп берушіліктін басты бөлігі кәсіпорындардың қожалық іскерліктерін талдау болып табылады. Кәсіпорындардың қаржылық-қожалық іскерлігін талдау басты мақсат болып табылады. Ал істің дәл мәнісіңде талдау микро-экономикалық деңгейде шешім қабылдауда негіз болады.
Неғұрлым мәнді сипатама және кәсіпорын іскерлік жағының сараптамалық атқару істерінің көмегімен айқындау маңызды. /1/
Қаржылық -шаруашылық іскерлікті талдаудың маңызы мазмұны экономикалық ақпараты жан-жақты және терең зерттеу болып табылады. Қарастырылатын шаруашылық субъектісін кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын орындауға жағдай жасайтын оптималды басқармалық шешім қабылдау мақсатында және оны орындалуын бағалау деңгейін тексеру, сондай-ақ осал жерлерін анықтау болып табылады. /2/
Талдауды негізгі көрісі-ол ішкі және сыртқы нарықтық және өндірістік факторлардың атқару қызметін комплексті түрде зерттеу. кәсіпорынның өндірген өнімдеріне сандық және сапалық баға беру. Кәсіпорын жұмысының қаржылық көрсеткіші және талдап алынған шаруашылық аймағында кәсіпорынның өндірістік іскерлілігінің болашақта дамуы мен өркендеуі мүмкіндігін болжайды.
Талдау нәтижелері өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру үшін қолданылады, еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін алдыңғы қатарлы тәжәрибелерді қолданады. Бір сөзбен айтқанда талдау нақты кәсіпорындардың және бүтін салалардың өркендеуіне ықпалын тигізеді. /3/
Қаржы сараптаушысының іскерлігі мынадай істерді өткізуін талап етеді.
1) Қалыптасуды талдау, капиталдың нәтижелі жұмсалуын реттеу.
2) Негізгі капиталдың қолданылуын талдау, осы істің шеңберінде қорқайтарымдылық, қорсыйымдылық, серпімділік коэффициенттерін есептеу жұмыстарын жүргізу.
3) Материалдық ресурстарды қолдануды талдау, материал-сыйымдылық пен материал қайтарымдылықтың коэффициентін есептейді. Бұл талдау басқалармен тығыз байланысты, өйткені материалды үнемдеп қолданғанға өнімнің шығуына байланысты болады, олай болса өнімнің өз бағасы төмен, пайда сапасы жоғары болады, олай болса кіріс деңгейі және кәсіпорынның қаржылық жағдайы арта түседі.
4) Еңбек ресурсын қолдануын талдау, бұл талдау кәсіп-орынның еңбек ресурстарымен қамтамасыздануының көрсеткішін есептеуді білдіруді, жумыс уақытын қорын қолдануының толықтығын көрсетеді. Сондай-ақ төлем ақы қорының қолдануын еңбек өнімділігінің көрсеткішін пайдалануды көрсетеді.
5) Өнім өндіруді және оны сатуды талдау, яғни ақша, шикізат және тауар өнімінің көлемін анықтау, жіберілген және сатылған өнімнің көлемі, қоймада қалған дайын өнімнің қалдығын анықтау.
6) Өнімнің өзіндік бағасын талдау-бұл өндірген өнімге және сатылған өнімге шыққан шығынның жалпы қосындысы. Өнімнің өзіндік бағасының дәрежесіне келесі блоктың көрсеткіші тікелей тәуелі.
7) Қаржылық нәтижелерді талдау - бұл шаруашылық іскерліктің кірісі мен пайдасын қолдануды талдау.
8) Қаржылық жағдайды талдау, оның құрамына көрсеткіштерді есептеу, кәсіпорынның капиталының құрлымы мен оның бар болуын сипаттау, банк несиесін нәтижелі және тиімді қолдану, төлем қабілеттілігі және инвестициялық қызықтырушылық арқылы сипаталады. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жұйелердің көрсеткіштеріне тәуелді. Өз кезегінде өнім өндірудің нәтижелігіне ықпал етеді. /3/.
Қаржылық ахуал шаруашылық іскерліктің барлық жақтарын айқын көрсетеді, ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады, сондықтан қаржылық ахулды талдау шаруашылық іскерлікті талдаудың незгізгі және қорытынды бөлігі болып табылады. Ресурстарды қолданудың көрсеткіштерін білмей-ақ қаржылық жағдайды талдау арқылы оның жақсаруы немесе нашарлауын айқын анықтауға болады, ресурстарды қолдану көрсеткіштерінің өзгеруінен бұл жақсару мен нашарлаудың пайда болғаны көрінеді. Осы өзгерістердің шығу себебін анықтау үшін білуге болады.
Өндіріс факторларын қолдануда бөліктеп талдау жүргізу арқылы қожалық субъектінің іскерлігі туралы негізгі ақпаратты ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жүргізу арқылы алуға болады.
Қаржылық жағдайы дегеніміз-ол кәсіпорынның өз іскерлігін қаржыландыру қабілеттілі. Бұл кәсіпорынның қаржылық қорымен қамтамасыз етілуі мен сипатталады. Ол осы кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне, қаржыны өз мақсатына жұмсауына, қолайлы пайдалануына жеке және заңды тұлғалармен өзара қаржылық қарым-қатынасын жақсартуға себің тигізеді.
Кәсіпорынның төлей алу қабілетін көрсетеді және қаржылық орнықтылығын байқатады.
Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы орнықты, орнықсыз және кризистік жағдайда болуы мүмкін. Өз уақытында төлем жасау кеңейтілген жағдайда іскерлікті қаржыландыру - бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы немесе әл - ауқаты жақсы орнықты екендігін көрсетеді. /4/.
Шаруашылық іскерлікті талдаудың әдісін пайдалану бірқатар нақты талдау-зерттеу әдістемелерін өткізу арқылы жасалады. Бұл шаруашылық іскерлікті жеке зерттеу әдістерімен, немесе жалпылама түрде талдау жүргізу әдісімен жүзеге асыруға болады. Әр талдаудың түріне өзіндік әдістеме сәйкес келеді.
Әдістеме ұғымын белгілі-бір істің неғұрлым мақсатқа сәйкес орындалу ережесі деп ұғыну қажет. Экономикалық талдаудағы әдістеме сараптамалық тәсілдер мен кәсіпорынның эконамикасын зерттеу ережелерінің жиынын құрайды. Кез келген талдау әдістемесі сараптамалық зерттеу жургізуді әдістемелік кеңес немесе жаза іспеттес болады. Ол мынадай бөліктерден тұрады;
-талдау мақсатын тұжырымдау және есептеу.
-талдаудың объектілері .
-әр талдау объектісін зерттейтін көрсеткіштік жүйелер.
-тексерілуобъектілерін зертеу тәсілдерінің жазылымы.
-талдау жүргізу негізделген істің қайнар көзі.
-талдау ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар (қандай тұлғалар, қандай қызметтер зерттеулердің белгілі бір бөліктердің жүргізуі туралы)
-ақпаратты аналитикалық өңдеу үшін мақсатқа сәйкес қолданатын техникалық құралдар.
-талдау нәтижелерін жасақтауға арналған құжаттардың сипаты.
-талдау нәтижелерінің тұтынушылары.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты мақсаты қаржылық іскерліктегі кемшіліктерді дер кезінде анықтап оларды жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға және төлем қабілеттілігін арттыруға жол табу.
Кәсіпорын қаржылық жағдайын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштік жүйе қолданылады.
-Кәсіпорын капиталының орынды жұмсалу құрлымы және оқу жетілдірудің қайнар көзі.
-Капиталды қолданудың тиімділігі және интенсивтілігі.
-Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен несие төлеу қабілеттілігі.
-Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мол қоры.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде қатынасты көрсеткішке негізделеді, өйткені баланстың (тепе-теңдіктің) абсолютті көрсеткіші құнсыздану жағдайда сәйкес қою түріне оңай келтірілмейді. Талдау талқылауға түскен кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін мыналармен салыстыруға болады:
-тәуекелдің дәрежесін бағалау үшін жалпыланған норма және тоқырау мүмкіндігін болжау
-дәл осы секілді басқа кәсіпорынның берілгендерінің әлсіз және және осал жерін анықтауға және оның мүмкіндіктерін тексеру.
Осы секілді алдыңды жылдардағы көрсеткіштерді кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсару немесе нашарлау тенденциясын зерттеу.
Қаржылық талдау практикасы қаржылық есеп беру талдауының әдістемесін қорытындылады.
Талдаудың 6 түрін бөліп көрсетуге болады.
1. Көледенең талдау-бұл әрбір есептесу ұстамын алдыңғы айналыммен салыстыру. Ол бухгалтерлік есептесудің әртүрлі тұрғыдағы абсолютті және қатынасты алдыңғы айналыммен салыстырғандағы ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді.
2. Тікелей талдау- жалпы нәтижеге әрбір есеп беру ұстамын әсер етуін айқындаудағы қаржылық көрсеткіштің құрылымын анықтайды. Бұл баланс бойынша немесе әр тарам бойынша ақырғы көрсеткіштің бөлек тұрғылардың айрықша салмақтылығын айқындауға мүмкіндік жасайды.
3. Даму бағытты талдау- базистік жылдық сатысынан бірқатар жыл көрсеткішінің қатынастық ауытқуын есепке алуда негізделеді. Сатының барлық көрсеткіші 100 % деп алынады. Басқа сөзбен айтқанда даму бағытты талдау дегеніміз әрбір есеп беру ұстамын әртүрлі алдыңғы сатылармен салыстыруды білдіреді.
4 Қатынасты көрсеткіштік талдау. Әртүрлі есеп беру түрінің сандық қатынастық есеп айырылысуы өткізіледі. Коэффициенттер қатынасты шама болып табылады, сонау барысында бір шаманы бірлік ретінде ал екінші шаманы сол бірлікке қатынас ретінде алуға болады. Қаржылық коэффициенттердің есеп айырылысуы баланстың бөлек тарауларының өзара анықталған байланысының табылатындығына негізделген. Олар кәсіпорынның қаржы жағдайын кезекті факторлық талдаудағы түбірлік базасы болады, және екі шама ортасындағы өзара математикалық ара қатынасты өрнектейді, талдау кезінде зертеушіге жасырын нәрселерді айқындауға мүмкіндік береді. Олардың айтылу дұрыстығы шешім қабылдауда сәйкес коэффициенттердің талдауының маңыздылығын аңғартады. Бұл талдау қатынасыныңең қиын аспектісі, себебі ішкі және сыртқы факторлық құрылысын білуді талап етеді. Қаржылық ахуалды талдау кезінде қатынастың көрсеткіштерді зерттеу қажет, себебі ол жүріп жатқан процессті түсінуде және дұрысырақ баға беруде, тек осы шақта емес, сонымен бірге болашақта да жақсы болу үшін пайдалы. /4/
5 Салыстырмалы талдау - бұл ғылыми зерттеу әдісі, немесе белгісіз жәйттерді, белгілі зертелген жәйттермен қатар қойып, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын анықтау.
Салыстыру көмегімен объектінің дамуының жалпылық және арнайылық айырмашылығы анықталады.
6 Факторлық талдау - бұл жеке факторлардың нәтижелік көрсеткішке әсерлік талдауы /5/
Қаржылық жағдайдың талдауы кезінде экономикалық талдаудың дәстүрлі әдістемесі де қолданылады:
-салыстыру әдісі;
-мәліметтер мен топтамалар әдісі;
-тізбекті алмастыру әдісі;
-айырмалық әдіс.
Жеке жағдайда экономикалық-математикалық модельдеу әдісін қолдануға болады.
Салыстыру әдісінің басты мақсаты есеп беру айналымының қаржылық көрсеткішін алдыңғы көрсеткіштерге салыстыру.
Салыстыру әдісі дұрыс талдау қорытындысына түсуі үшін салыстыратын көрсеткіштердің бірімен-бірі сәйкес болуы немесе біртекті не бір сапалы болуы қажет.
Мағлұмат және топтама әдісі-ақпараттық материалдарды сараптамалық кестеге біріктіру. Бұл қажетті сәйкестендіруге және тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Тізбекті алмастыру әдісі жалпы комплекстегі жеке факторлардың әсер өлшемін есептеу үшін, оның қаржы көрсеткіші жинағының деңгейіне әсер етуі үшін қолданылады. Бұл әдіс көрсеткіштер арасындағы байланысты функционалды тәуелділік тұрпатында матеметикалық түрде көрсетуге болатындай жағдайда қолданылады.
Әрбір фактор ықпалының дәрежесі тізбектей азайту жолымен қойылады. Бұл тізбек бірінші кезекте іскерліктің абсолютті көлемін, кіріс пен шығыс көлемін сипаттайтын сандық көрсеткіштердің ықпал деңгейін анықтайды. Екіншіден, кіріс пен шығыс деңгейін, қаржы қорын қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайтын сапалы көрсеткіштерді анықтайды.
Екі факторға көрсеткіш жиынның ықпалын зерттеуде сандық фактордың ауытқуын базистік сапалы факторға, ал сапалық фактордың ауытқуын есеп берулік сандық факторға көбейту қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы талдауының ақпараттық базасы қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық есеп беру көрсеткіштер жүйесін құрайды, ол заттық және қаржылық жағдайдағы ұйымның есеп беру мерзімін, сонымен қатар іскерлігінің есеп беру мерзіміндегі қаржылық нәтижесін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Президентің /26 желтоқсан 1995 ж №2732/ жарлығына сәйкес «бухгалтерлік есеп беру» туралы қаржылық есеп берушілік 1998 жылдан бастап төмеңгі бөліктерді құрайды.
-бухгалтерлік тепе-теңдік;
-қаржы-шаруашылық іскерліктің нәтижесі туралы есеп беру;
-ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп беру.
Ол сонымен бірге түсініктемелік қағазды құрайды. Түсініктемелік қағазда қандай есеп берушілік саясатқа және сонау саясатына берілген субъект жүгінетіні туралы айтылады, қаржылық есеп берушілік көрсеткіштің қажеттілігіне сәйкес өзге маңызды ақпарат айқындалады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық қамтамасыздандыруының негізгі көзі болып бухгалтерлік тепе-теңдік қызмет етеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жалпы баға беру үшін тығыздалған тепе-теңдік құрады
Тепе-теңдіктің элементтері, қаржылық жағдайды анықтаумен тікелей байланысқан бұл-активтер, пассивтер және капитал. Тепе-теңдік кәсіпорынның іскерлігін қамтамасыздандыру үшін қазіргі уақытта қандай ресурс бар екендігі туралы ақпаратты құрайды.
Тепе-теңдік жыл басынан есеп беру жылының соныңа дейінгі кәсіпорынның қаржылық жағдайын айқындайды. Ол маңызды істер атқарады. Біріншіден, тепе-теңдік қожалық субъектінің меншіктік жағдаймен таныстырады. Бұл кәсіпорынның сандық және сапалық материалдық қорын қандай қатынаста екендігін, үшінші жақтын алдында алған міндеттемелерін ақтай алатындығы, алмайтындығы туралы анықтайды. Екіншіден, кәсіпорынның өз тұрақтылық орны туралы, басқа кәсіпоындармен салыстырғандағы алатын орны туралы танысады. Үшіншіден, тепе-тендіктің құрамы ішкі және сыртқы тұтынушылармен қалай болатындығы туралы мүмкіндік береді.
Баланс ақпараттарының негізінде сыртқы пайдаланушылар берілген кәсіпорын мен өз серіктестері ретінде іс қағаздарды жүргізу жағдайлары бойынша шешім қабылдауларына болады. Күрделі салымдардың тәуекелділігін берілген кәсіпорынның акциясын сатып алу дұрыстығын және де басқа да шешімдерді бағалау, баланстың маңызы өте зор, өйткені қаржылық жағдайды талдау көп жағдайда баланстық талдау деп аталады. Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудінң орталықтандырылған формасы болып табылады. Бухгалтерлік баланс есеп беру күніне қарай кәсіпорын мүмкінің құрылымы мен құрамын, жойылуын және ағымдағы активтердің айналымын, күрделі салымдар мен міндеттемелердің жиынын, дибюторлық және кридиторлық қарыздардың жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін және төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс мәліметтері кәсіпорынның күрделі салымдарының тиімді орналастыруының бағалауына ықпал етеді. Сонымен қатар, ағымдары және болашақтағы шаруашылық қызметі үшін оның жеткілікті болуын, зайымдық қайнар көзінің құрылымы мен мөлшерін, күрделі салымдардың тарту тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау үшін ыңғайлы ақпараттық форма болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаған кезде тек қана бухгалтерлік баланстың мәліметтеріне сүйенуге болмайды, өйткені баланс қаржылық есеп берудің үш элементін айқын көрсетеді:активтер, жеке күрделі салым мен міндеттемелер. Қалған екі элементі-табыс және шығын кәсіпорынның қаржылы-шаруашылық кызметінің нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі. Берілген есеп беру бір жолдағы кәсіпорынның барлық табыстарының сапасын мен шығындар сапасын салыструдан тұрады. Бұл есеп беру баланспен салыстырғанда есеп беру кезеңіндегі субъектілердің қаржылық нәтижесін, уақыт бірлігінде күрделі салымдардың қозғалысын ашып көрсетеді, сонымен бірге бұл есеп беру кезеңіндегі кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Табыстар мен шығындар статьялар арасындағы ауытқулар және олардың түрлі комбинациялар да субъектілер жұмысының нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдер әр түрлі статьялардан тұрады.
Мысалы: берілген есеп беру жалпы табысты, салық салынғанға дейінгі және кейінгі күнделікті қызметтен түскен табысты және таза табысты көрсете алады.
Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілері үшін қаржылық есеп берудің жаңа формасы ретінде “ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп беру” № 3форма ретінде пайдаланылады. Бұл есеп беруде кәсіпорын құралдарының қайнар көздері анықталынады және бұл құралдар қалай пайдалану керек екендігі көрсетіледі. Берілген есеп беру кезеңіндегі кәсіпорынның жұмсалған ақша құралдарын өтеу үшін кәсіпорынның негізгі қызметінен алынатын ақша құралдары жеткілікті және жеткіліксіздігі көрсетеді.
Сонымен қатар есеп беру жүйесі кәсіпорынның қаржылық жағдайын комплексті түрде талдау жасауға мүмкіндік береді және де ол кәсіпорынның кәсіпкерлік құпиясы болатын ақпараттарға еш нұсқан келтірмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz