Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері туралы


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
  2. Қоршаған ортаны ластау
  3. Қазіргі өте қауіпті экологиялық аймақтардың бірі - Арал теңізі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. 1992 ж. табиғатты қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік комитет негізінде құрылды. Ол комитет 1991-92 ж. “Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық комитет” деп аталды. Экология және биоресурстар жөніндегі облыстық басқарманың негізгі міндеті-облыста табиғатты қорғау жөнінде, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс ауқымындағы табиғатты қорғау жұмыстарын үйлестіру, “Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі” заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау. Қоршаған ортаның күйіне және оның өндіріс пен адамдардың тұрмыс-тіршілігіне әсерін талдау үшін 1993 ж. сәуір айында облыста экология мәселелеріне арналған тұңғыш кеңес өтті.

Климаты. Облыс аумағындағы ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама-қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Қазақ халқы тумысынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған. Бұған күні туған жердің табиғат тазалығын айтсақ та жетіп жатыр. Халқымыз "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездері бізді Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек", - деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-келді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Мыңдаған коп тонналық өнеркәсіптер бой көтерді. Өкінішке орай ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-теңдік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі тартылып, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соны азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортанын әртүрлі улы косылыстармеғ. ластануына әкеліп соктырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардыц денсаулығы нашарлап, түрлі аурулардың саны көбейді.

Егер біз келер ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек жер шары үлкен апатқа үшырауы сөзсіз. Әрбір тәрбиеші, мұғалім, маман, басшы экология негіздері жан-жакты білгені абзал. Бала-бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін экология сабағын ендіру көптік етпес. Сонда ғана ертеңгі күннің табиғатына шын жаны ашитындар саны көбеймек.

Сонда ғана табиғатқа деген жанашырлық сезім қалыптасады деп ойлаймыз. Өзіміз ауасып жүтып, жерін басып, сүлулығына сүйсініп жүрген ортамызды келер ұрпаққа мұра ретінде қалдыра аламыз. Біз қалай күтсек бізден кейінгі жеткіншектер де солай күтіп, баптайды.

Қоршаған ортаны қорғау жөнінде Бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жазып, кездесулер өткізіп түруға болады. Сонау бабаларымыз қасық қаны қалғанша жаудан қорғаған кең байтақ даламызды көзіміздің қарашығындай сақтау керектігіне басқалардың да көзін жеткізуіміз керек.

Экология саласы - жаңа, жас ғылым. Бұған соңғы 10-20 жыл ішінде ешқандай көңіл бөлінбей келген. Табиғатымыз әбден азып-тозғанда ғана «ойбай» экология деп бет бүрдык. Бірақ бұл жан айқайдан шығып жатқан дәнеңе де жоқ. Осы Оңтүстік өңіріндегі аптап жел мен мезгілсіз жаңбырдың өзі де табиғат түгілі адамға да орасан зор зиянын тигізіп отыр. Ал дімкәс адам қоршаған ортаны неғылсын.

Қазақстанның көптеген аудандары казіргі уақытта экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына біршама мәлшерде мемлекеттік және орталықтандырылған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мүның бәрі республиканың үлттық табысының 1%-на же жетпейді. Яғни теңізге тамған тамшыдай ғана. 50-60%-ы игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі.

Экожүйелердегі түрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы, тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қазіргі кезде экологиялық жағдай бүкіл жер шарындағы адамзат баласын толғандырып отырған қоршаған ортамызды аман сақтап қалу мәселесі кезек құттірмейтін актуальды проблемаға айналып отыр. Осы экологиялық апатта болдырмау үшін әлем халықтары болып, біріге жүмылып күресуіміз керек.

Қазіргі заман талабында қоршаған ортаны қорғау проблемасы қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Біздің облыс орталығының экологтары да біраз игі істер тындырған секілді. Бірақ сонда да облыс экологиясы барған сайын нашарлап барады. Ауаның, судың бұлінуі, судағы тіршілік қорының азаюы, өсімдік пен жануарлар әлемінің жойылу қаупі төнуде.

Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері

Рет-ретімен айтар болсақ, ауанын улануы: әртүрлі кәсіпорындар мен өндіріс орындарының мүржасынан шығатын өнім қалдықтарының түтіні. Ал бұл түтіндердің жергілікті төңіректі, аймақты шеңберлерге кері әсерін тигізеді екен. Ал бұған тағы да теміржолдың шойын арбасы (поезд), әуе, су, жердегі күнделікті өзіміз мініп жүрген автокөліктердің түтіні (әсіресе ескі автомашиналардан зиянды қалдық көп бөлінеді екен), оның ішінде өндіріс төңірегінен, жол бойынан, күрылыс алаңдарынан көтерілетін шаң-тозаңның өзі де жеткілікті. Ең күрделісі Байқоңыр алаңьгаан ғарышқа үшатын ракеталардың залалы бөлек әңгіме. Ракеталардың көп үшыуынан азон қабатындағы тесіктің үлкейіп бара жатқанын күнделікті Бүкаралық Акпарат Құралдарынан оқып, көріп жүрміз.

Жаратылыс неткен ғажап құбылыс. Біз сол ауаны жүтып, суын ішіп, өрімдік-жануарлармен қоректеніп жүрсек те ғылым микробтар мен вирустардың қүпиясына әлі толыққанды жеткен жоқ. Сайып келгенде осы өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемін жаратып түрған ауа, су, топырақтың өзі бірін-бірі тольщтырып түрмаса әлемде тіршілік дегеніңіз болмайды. Яғни олардьщ бір-бірінсіз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан ғылымнын әрбір саласы табиғат сырын зерттеуден пайда болады. Дәл қазіргі кезде ғылым қоршаған ортаны қорғауға жүмылдырылуда.

Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-катынастық проблеманы шешу үшін адамзатқа төніп түрған қасіретті үмытпау керек. Жұмыла қорғамаған жағдайда дүниеге келер мүгедек сәбилердің саны күрт өсіп, болашағымыз бедеу ұрпаққа айналып, тіршілік мүлдем жойылып кету қаупі бар. Мысалы планетамыздың бір түкпірінде болған сұрапыл дауыл бүкіл күрлыктар мен мүхит айдындарын түгелдей шарлап өтуі мүмкін. Сондыктан адамды

қоршаған табиғатты саяси-әкімшілік, болмаса мемлекеттік шекаралармен ектеугше болмайды. Бұл табиғи заңдылықты, эволюциялық даму ерекшеліктерін бұзатын шарт болар' еді.

Жалпы адам тіршілігіне қоғамның дамуына қажетті планетамыздың ең басты табиғи байлықтарына - ауа, су, топырақ, жер қойнауының кен көздері жатады. Ал тіршіліктің түтқасы болып отырған осы табиғи қазыналар адам қолымен, ғылым мен техниканың залалды ықпалдарынан жойылып кетсе тіршіліктің дамуы мүмкін емес. Қазірдің өзінде көптеген елдерде таза ауыз сумен қамтамасыз ету, табиғи су көздерін ластадан сақтау, жер ресурстарын тиімді пайдалану, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау туралы айтсақ жаның түршігеді. Осы кезде көптеген өсімдіктер мең жануарлар жойылып, күрып барады. Ал егер бұл процесс тоқтамаса олардың жер бетінде әлі де бірнеше пайдалы генетикалық түрлерінің жоғалып кету қаупі бар. Ғалымдардың пайымдауынша қазір әрбір сегіз айда жер бетінен сүтқоректілер мен құстардың кемінде бір түрі мүлде жойылып отырады екен. Бүгінгі таңда жануарлар дүниесінің 600-ге жуығына да осы жағдай туып отыр. Демек, жануарлар түрлерінің азаюы бір ждағынан адамдардың аңшылық-саятшылық қүруы, енді біреулері контрабандистік әрекеттердің құрбаны болса, екінші жағынан табиғи ортаның ластануынан өлімге ұшырайды.

Қоршаған табиғи орта - адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Қоршаған ортаны ластау

Қоршаған ортаны ластау - адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде - қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т. б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.

Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Қазіргі қабылданған заңдар мен белгіленген шаралардың ең басты мақсаты- біздің қоғамымызды табиғатты, онда тіршілік ететін қүс, жан-жануарларды қорғауға міндеттеме қабылдау. Ауа құрамының өзгеруіне планетамыздың ғасырлар бойы эволюциялық дамуы ғана ықпал жасап отырған жоқ, техникалық прогрестің де әсері зор болып отыр. Демек атмосферада шаң-тозаңдардың көп болуы күн радияциясын азайтып, планетамыздьщ климатын өзгертуі мүмкін.

Қазіргі өте қауіпті экологиялық аймақтардың бірі - Арал теңізі.

Арал теңізі кешеге дейін аумағы жөнінен әлемде төртінші орьгада болса, қазір сегізінші орьгада тұр. Бұрын суармалы 3 млн. гектар жер болса, қазір бұл аймақта 8 млн. га жерді өңдеу қажеттігі туындап отыр. Сырдария мен Әмудария өзендерінен құйылатын су көздері де маодымсыз. Арал теңізі кыс айларында Сібір аймағынан келетін суьщ ауа ағынынан қорғайтын табиғи конденционер рөлін атқаратын да, жазда қалыпты салқыпдықты қамтамасыз ететін орта болып келді. Арал теңізінің адамға, экономикаға және ауылшаруашылығы тағамдарына келтіріп отырған зияны орасан зор. Пайдаланылып отырған су көздерінде ауыр металл мен түз қалыптасқан жағдайда өте жоғары болып отыр. Осыған байланысты аналар мен балалар өлімі көбейіп отыр. Бүйрек, бауыр өзге де ауру түрлері бірнеше есе жоғары қалыпқа жетті. Арал теңізін сақтап қалудың жолдарын бүгін жедел қарастырылмаса, онда аймақта бір ұрпақтан соң, халықтың тұрақтауына мүмкіндік болмайды. Ғылыми-зерттеу нәтижелері көрсеткендей 10 жыл ішінде аймақ тұтастай мол далаға айналып, біз амалсыз жағдайда қаламыз. Аралдағы экрлогияльщ апат оның айналасында бүгін түрып жатқан адамдардың өміріне залал келтірумен қатар, болашақ ұрпақтың денсаулығына да зиянын келтіруде. Өзбекстанда және Оңтүстік Қазақстанньщ кең-байтақ жерлерінде мақта мәдени дақылын тұрақты өндіруге тырысқан Кеңес өкіметі Сырдария мен Әмударияның суларын кең егін жерлеріне жұмсап, Арал теңізінің көп мөлшерде су жоғалтуына және күннен күнге азаюына жол ашты. Арал теңізінің бұл экологиялық апатының әсерінен халықтың саны шамамен 1, 5 млн-ға жуық және халықтың көпшілігі Қазақстаннып Қызылорда аймағында өмір сүреді. Сонымен осы аймақта сулы және химиялық заттармен өсірілген егіннің жылдар бойы мал шаруашылығына кері әсерін тигізеді. Нәтижесінде жердің және қоғамның табиғи қүрылысы, аймақтың экологияльщ қальгаты жағдайы әлдеқайда бұзылады. Көп мөлшерде су, көң, химиялық дәрі және жиі қопсытуды талап ететін мақта аймақтың адамы мен жерін ауруға шалдықтырған, сондай-ақ егістіктерде еңбек ететін әйел мен баланың егіннің жетілуін тездетумен жұқпалы ауруға үшыраған.

Теңіз келбетіне жыл санап экологиялық күйзеліске ұшырауы бүкіл адамзат қауымына өз зардабын тигізуде. Арал теңізі туралы ІХ-Х ғ. араб саяхатшылар сипаттама берген. Ал Н

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Өнеркәсіп саласы
Кірпіш қалдықтары
Пластмассалар және оны өңдеу
Халық шаруашылығы салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері
Өскемен қаласының қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы
Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz