Мектептегі инновациялық үдерістерді басқару


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

МЕКТЕП ДАМУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ.

«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыстарымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен формаларына енген, енетін жаңалықтардан хабар береді (ғылыми рәміз ретінде бұл терминді аудармасыз, өз күйінде қолданғанды жөн көрдік) .

Инновация - жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Жаңалығы болмаған инновация мәнсіз. Дегенмен, инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық та іс-әрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория. Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар әрқилы даму, тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді: идеяның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру және әрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату және тоқырау (жойылу) . Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.

Жекеленген басқарым инновацияларының жиынтығы мектепті басқарудың жалпы инновациялық процесін құрайды, ал ол өз кезегінде аудан, аймақ, республикалық білім жүйесінде жүріп жатқан кең ауқымды инновациялық кешендердің құрамынан орын алады.

Инновациялық үдеріс - бұл күнделікті тәжірибеде өз алдына бөлек жаңалық ретінде танылған нақты инновациялық процестердің ауқымды бірлігі. Мектеп басшысының айналысатыны да осы үлкен, кең шеңберлі үдеріс.

Инновациялық тәртіп пен кейіп өріс алған жағдайларда оқушылардың да, педагогтардың да тұлғалық бой тіктеуге, өз мүмкіндіктерін іске асыруға болған ынта-ықыласы белсенді даму арнасына түседі. Бұл педагогикалық үдеріс қатысушыларынан өзара қатынасында көрініс береді. Инновациялық үдеріс нәтижесі - қолданымға енген теориялық та, практикалық та жаңа идеялар. Мұғалім бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі, пайдаланушысы және насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Ал бұл қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория, идея, технология, әдістеме және озат педагогикалық тәжірибелерді қандай да мақсатқа орай бағалаудың және кәсіби іс-әрекетте пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қоғам, мәдениет және білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:

әр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, әдіснамасының және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;

білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;

оқу пәндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;

оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі;

мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;

жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;

жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы;

Күнделікті тәжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген нәтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік және тыңғылық дәрежесімен, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетке дайындық дәрежесімен анықталады.

Соңғы нәтижеге болжам жасай отырып, мектептегі инновациялық процесті басқаруда осы қызметтің негізгі бөлімі ұжымдық талқыға түседі. Бағдарламалы инновацияға байланысты өте ірі шаралар топтық әдіспен дайындалады.

Нақты бағдарлама түзіліп, онда ұжымдағы әрбір мүше іс-әрекетінің бастау бағыты көрсетіледі, соңғы нәтиже болжамы түзіледі, көзделген мақсаттың іске асу мерзімі айқындалады, бар жағдай шарттардың жақсылана түсуі қамтамасыз етіледі.

Инновациялық процестерді басқаруда нәтижеге бақылау жасау үлкен маңызға ие. Бақылаудағы міндеттер:

  • жеткен нәтижелерді бағамдық талдауға салу, білімдік іс-әрекет процестерін

реттеуге байланысты жұмыстар жүргізу үшін қажетті тұжырымдар жасау;

  • ұжым кейпі мен іс-әрекеттеріне түзетулер енгізу мақсатында инновациялық

процестің барша қатысушыларының қызметтері мен жұмыс нәтижелеріне баға беру; қорытындылар шығару;

  • кешенді - мақсатты бағдарламаға сәйкес инновацияларды басқару нәтижелерін

бағалау және басқару ықпалдарын ретке келтіруге орай ұсыныстар беру;

  • инновациялық үдеріс қатысушыларын ақпараттандыру мен ынталандыру үшін

тура және кері байланыс өзектерін қалыптастыру.

  • Мектепті басқару сол мекеменің бұдан былайғы тіршілік нәтижесіне үлкен

ықпалын тигізеді.

Нақты білім мекемесіндегі мектепішілік басқару жүйесінің жаңалану процесі көбіне ондағы және сыбайлас оқу орындарындағы инновациялық процестің жеделдігіне, мақсатты бағытына, мазмұнына тәуелді.

Мектепішілік басқарудың дамуында аса үлкен маңызға ие болар келесідей бағдар-бағыттарды атау орынды:

әлеуметтік орта мен мектептің өзін жаңа сипаттағы басқару қажеттіктерінің объектив күрделенуі;

  • мектептегі басқару іс-әрекеттеріне қойылатын талаптардың күшеюі; мектепті тиімді басқарудың жаңа жағдайлы мүмкіндіктерінің пайда болуы; мектепішілік басқару жүйесінің дамуы;

Жоғарыда аталған бағыт-бағдарлар мектепішілік басқару жүйесіндегі инновациялық процестердің өтуіне мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты іс-әрекеттер түрі төмендегідей:

- тұлғалық бағыттағы оқуға бет бұру;

- оқу-білім мекемелерінің жобаларын жасауда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды да негізге алу;

- оқушы тұлғасының кемелденуі процесінде білім мен мектептің ролі мен орнына мән беру;

- демократиялық және гуманистік басқару бағытын ұстану;

- кейбір аса маңызды құндылықтардың мектеп өміріне ену себепшісі ретінде мектепішілік басқару жүйесінің сыр-сипатын тереңдей түсіну;

- нақты әлеуметтік тапсырысты ескеру;

- мектептің даму бағдарламалары мен тұжырымдарын дайындау және т. б.

Білім мекемелерінің құқықтық мәртебесіндегі, басқару нысандары жағдайы мен міндеттеріндегі күрделі өзгерістер басқару қызметтерінің жаңа түрлерін пайда етті:

- мектептің жан-жақты іс-шаралар жүргізуге байланысты құқықтық аясы мен оған қатысты басқару нысандары шеңберінің кеңеюі;

- бұл процестің басқарушылық санаға орын тебуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеу әдістемесі және мектептегі инновациялық үдерістерді басқару
Мектептегі инновациялық процестерді басқару
Linux операциялық жүйесінде үдерістерді басқару
Қазіргі мектептегі педагогикалық басқару және инновациялық процестер
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі инновациялық үдерістерді дамыту: теориялық және практикалық аспектілер
Экономикалық үдерістерді математикалық модельдеу және тауарлық материалдық қорларды басқару әдістері
Технологиялық үдерістерді автоматтандырылған басқару жүйесінің технико-экономикалық негіздемесі және күрделі салымдарды есептеу
Банктік басқарудағы тәуекелдерді басқару: Gretl және Excel платформаларында экономикалық және қаржылық үдерістерді модельдеу
Кәсіпорындағы инновациялық басқару және инновациялық процестің негізгі кезеңдері
Қазақстандағы еңбек қолдаудың инновациялық модельдері: теориясы және жоғары мектептегі қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz