Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1.1 Меншік және меншік құқығы туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Меншіктің нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Ортақ меншік құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4 Меншік құқығының пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.5 Меншік құқығын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезенді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналысына топталады.
Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны өте зор. Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет.
Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден, құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөніндегі пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Менің курстық жұмысымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
Меншіктің нысандары
Ортақ меншік құқығы
Меншік құқығының пайда болу негіздері
Меншік құқығын қорғау
Сонымен меншік құқығы меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті пайдаланудың мазмұны мен бағыттарын айқындауға, оған толықтай шаруашылық билік жүргізуге мүмкіндік беретін заттық құқық ретіндегі мүлікті меншік иесінің тек қана өзі, қалауынша, мерзімсіз, өз мүддесін көздеп иелену, пайдалану және оған билік ету қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жүйесі болып түсініледі.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. З.О. Ашитов, Б. З. Ашитов. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы «Жеті Жарғы» 2003.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеті мен Құқығының негіздері. Алматы, 2003.
3. С.Д. Баққұлов. Құқық негіздері. Алматы, 2004.
4. Қазақстан Республикасыынң Азаматтық Кодексі. Алматы «Жеті Жарғы» 2000.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж (өзгертулермен толықтырулар 07.10.98 ж) Алматы: Жеті Жарғы
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы, ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж
7. Е.Абиль История государства и права РК с древнейших времен до начало ХХ века Астана, 2000
8. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» А. «Жетi Жарғы» 1998
9. Төлеуғалиев Б. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. 1 том. 2001 ж.
10. Азаматтық құқық пәнінің лекциялық дәптері.
11. Қ.Р. Конститутциялық құқығы. Сапарғалиев.
12. Қ.Р. Мемлекет және құқығының негіздері 2003 ж
13. Қ.Р. Азаматтық құқығы Төлеуғалиев Ғ. 2001 ж
14. Қ.Р. Конститутциясы 2002 ж
15. Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий в двух книгах. Книга 1. Алматы. Жеті Жарғы.1998, 105 бет.
16. Толстой Ю.К. Содержание и гражданско-правовая защита право собственности. Автореф.докт.дисс.-Харьков, 1964. 32 бет
17. Гражданское право т.1. Под.ред Суханова Е.А. М.Бек,1999,76 бет.
18. Жайлин Ғ.А. «ҚР Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) «Жеті жарғы» 1-2 томдар, Алматы 2003ж. 105 бет.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1.1 Меншік және меншік құқығы туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Меншіктің
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6
1.3 Ортақ меншік
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...10
1.4 Меншік құқығының пайда болу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...12
1.5 Меншік құқығын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезенді алып қарайтын болсақ та,
негізгі мәселе меншіктің айналысына топталады.
Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны
өте зор. Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет.
Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден, құқықтық категория
ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен
оның өнімдеріне иелік ету жөніндегі пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы
экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен
қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана
қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық
қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап
отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Менің курстық жұмысымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
✓ Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
✓ Меншіктің нысандары
✓ Ортақ меншік құқығы
✓ Меншік құқығының пайда болу негіздері
✓ Меншік құқығын қорғау
Сонымен меншік құқығы меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті пайдаланудың
мазмұны мен бағыттарын айқындауға, оған толықтай шаруашылық билік жүргізуге
мүмкіндік беретін заттық құқық ретіндегі мүлікті меншік иесінің тек қана
өзі, қалауынша, мерзімсіз, өз мүддесін көздеп иелену, пайдалану және оған
билік ету қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жүйесі болып түсініледі.
1.1 Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
Меншік және меншік құқығы - әр түрлі ұғымдар. Меншік туралы айтылғанда
еңбек өнімдерінің тиісті нысандарын иеленумен шарттастықтағы өнідіріс құрал-
жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық
қатынастар туралы сөз болады.
Меншік – қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық
санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет.
Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге
бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы
субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық
қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету
құқықтары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда
көрсетілген қағидаларға жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып
көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188-ші бабында анықталғандай, меншік құқығы
дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және
тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы денеміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң
жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал
жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз
мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол
сұғуға құқықтық мүмкіншілгі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа
субъектіге берілуі де ықтимал[1].
Мысалы: жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында
көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін.
Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық
және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат
өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы
пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа
субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану
құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік
иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті
иеленуге беру тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса,
пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз
мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге
асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып
жіберу және т.б. сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты
өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттік құқықтарын және
заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге
асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі
мүмкін зардаптарға жол бермей шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету және оған басқа да әдістермен
ауытпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен
анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс[2].
1.2 Меншіктің нысандары
Қазіргі Конституциямызға сәйкес меншіктің төмендегідей нысандары бар:
жеке және мемлекеттік.
Жеке меншік азаматтардың мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың
бірлестіктердің меншігі ретінде анықталады. Азаматтарға байланысты жеке
меншіктің ұғымы түсінікті болса, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
ұйымдастыру – құқықтық нысандарына көз жүгіртуіміз қажет. Азаматтық
Кодекстің 34-ші бабында көрсетілгендей заңды тұлғалар үлкен үлкен екі топқа
бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды
тұлғалардың меншігі жеке меншік болып есептелінуі тиіс. Коммерциялық
ұйымдардың қатарында шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және
өндірістік кооперативтер жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардың қатары да
заңды нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру – құқықтық нысандары
жеке меншікке негізделген.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншік құқығының субъектісі
Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан
белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын
Үкіметке беруі мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге
бөлінеді[3].
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас
қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды
тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан
Республикасының қазынасын құрайды.
Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның қойнауы, су,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құратын мемлекетік кәсіпорындарға
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына негіздеп жүзеге де асыруы
мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық құқық болғандықтан оны жүзеге
асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген
мемлекеттік органның берген құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайдалану
және билік ету құқығын жүзеге асыра алады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік иесі мен құжаттарына
сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны
қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз
мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті
пайдаланудан келтірілген пайданың бір бөлігін алуға мүмкіншілігі бар.
Қазақстан Республикасының Заң күші бар Мемлекеттік кәсіпорындар
туралы Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты
орындау міндетті түрде бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша
жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ[4].
Сонымен қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген
мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген
мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін
жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және
кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және беруге,
айырбастауға, ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін
пайдалануға беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар мен бірлескен
өндірістер құруға, оларға, өзінің өнідірістік және ақша капиталын салуға;
жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі бекіткен процент ставкасын төмен процентпен төлем алуға; басқа
тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік және кепіл болушылық болуға.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын
мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік
иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен
белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы
болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын
иемденушілер мыналар болуы мүмкін: қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме
меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес болып
бөлінуі де мүмкін.

белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын
жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер
мыналар болуы мүмкін: қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік
нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес меке болып
бөлінуі де мүмкін[5].
Жедел басқару құқығы өзінің құқықтық жағдайына байланысты шаруашылық
жүргізудің құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі: біріншіден,
қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің тарапынан
қаржыландырылады; екіншіден, қазыналық кәсіпорын да, мекеме де өз
жабдықтарын сметалық көлемінде ғана жүзеге асыра алады; үшіншіден, олар
меншік иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды. Мекеме басқару,
әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылып, бюджет
тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан оның құқықтық құзіреті заң
құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң
күші бар Мемлекеттік кәсіпорындар туралы Жарлығының 3-ші тарауы қазыналық
кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті сол мүліктің
меншік иесінің келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен
билік етуге құқылы.
Көбінесе мұндай ережелер қазыналық кәсіпорыннның жарғысында анықталады.
Сонымен қатар, қазыналық кәсіпорын меншік иесінің келісімінсіз негізгі
қорларға байланысты мүліктерді азаматтық-құқықтық келісімдердің негізінде
алуға тыйым салынған (Мемлекеттік кәсіпорындар туралы Жарлықтың 35-ші
бабының 2-тармағы).
Мекеменің өзіне бекітіліп мүлікті және оған смета бойынша белгіленген
қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе
өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ. Егер құрылтай құжаттарына
сәйкес мекемеге табыс келтіретін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,
ондай қызметтен алынған табыстар және сол табыстардың есебінен сатып
алынған мүлік мекеменің дербес билігіне беріледі және жеке баланста
ескерілуі қажет[6].
Мекеме мен қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өздерінің
билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Егер олардың ақшалай қаражаты
жеткіліксіз болған жағдайда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке меншік иесі
тартылуы мүмкін. Жауапкершілік қосымша (субсидиялық) нысанда анықталуы
тиіс.
1.3. Ортақ меншік құқығы
Мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға
тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге
бірнеше субъектілік меншік құқығы пайда болады. Азаматтық құқығында мұндай
ереже меншік құқығы деп аталады. Азаматтық Кодекстің 209-шы бабында
анықталғандай, екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ
меншігінде бір тұрғын үйдің болуы.
Ортақ меншіктің субъектілері болып жеке тұлға да, заңды тұлға да болуы
мүмкін. Қазақстан Республикасының Заңдары ортақ меншік субъектілеріне
байланысты шектеу қоймаған, сондықтан шетел азаматтары мен заңды тұлғалар
да қатыса алады.
Заң ортақ меншіктің екі түрін анықтаған: үлестік және бірлескен. Егер
де мүлікте меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері
белгілі болса, онда мұндай ортақ меншікті үлестік меншік дейміз.
Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының
келісуімен жүзеге асырылады, сонымен қатар, үлесті меншіктегі мүлікті
иелену де, пайдалану да оның барлық қатысушыларының ықыласымен ғана жүзеге
асырылуы тиіс. Егер олар көрсетілген ережелерді мойындамайтын болса, яғни
сот арқылы шешілуі мүмкін. Үлесті меншіктің әрбір қатысушысы ортақ мүліктің
өз үлесі мөлшеріне тең бөлігі өзінің иеленуіне және пайдалануына берілуін
талап етуге құқылы, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда, өз үлесіне тиісті
мүлікті иеленетін және пайдаланатын басқа қатысушылардан тиісті ақша
сомасын немесе өзге де өтем төлеуді азаматтық құқықтық шарттардың негізінде
талап ете алады. Қатысушылар ортақ шешімге келмеген реттерде бұл туралы дау
сотта қаралуы мүмкін[7].
Егер үлесті меншікке қатысушылар үлестерінің мөлшері заң құжаттары
негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі
мүмкін болмаса, үлестер тең деп саналады. Үлесті меншікке қатысушылар
үлесті меншіктегі мүлікті бөлу немесе одан өз үлесін бөліп шығаруды талап
ете алады. Бұл туралы Азаматтық Кодекстің 218 бабында анықталған.
Үлесті меншік құқығындағы үлес, егер тараптардың келісімінде өзгеше
көзделмесе, шарт жасасқан кезден бастап шарт бойынша сатып алушыға ауысады.
Жалпы Азаматтық Кодекстің 217-ші бабында көрсетілген ереже аталған
кодекстің 238-ші бабының 1-ші тармағында белгіленген мән-жайға қарсы
келеді. 238-ші баптың 1-ші тармағына сәйкес меншік құқығы шарт бойынша
мүлік алушыда зат берілген кезден бастап пайда болады делінген. Егер үлесті
меншік құқығындағы үлес мемлекеттік тіркеуге немесе нотариат куәландыруға
тиісті мүлік бойынша болатын болса, онда үлестің ауысу кезеңі 238-ші баптың
2-ші тармағына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Ортақ бірлескен меншікте қатысушыларының үлестері белгіленбеген,
сондықтан да олардың үлестері мүлікте тең деп есептелінеді. Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес ортақ бірлескен меншіктің төмендегідей
түрлері болуы мүмкін:
1. ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі
2. шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі
3. жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік.
Сонымен қатар, заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да
түрлері кездесуі мүмкін.
Бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы келісімде
өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады.
Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына
қарамастан, бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың
келісімі бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Егер барлық қатысушылардың
келісімімен өзгеше туындамайтын болса, бірлескен меншікке қатысушылардың
әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәмілелер жасауға құқылы[8].
Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге
байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған
қатысушының қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен мәміледегі екінші
тарап бұл жөніндегі білгені немесе көпе-көрінеу білуге тиіс болғандығы
дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Нотариаттың куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек ететін
мәмілелер жасау кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле
жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуы тиіс.
Ортақ бірлескен меншікке қатысушылардың үлестері белгіленбегендіктен
қатысушылар арасында оларды бөлу, сондай-ақ біреуінің үлесін бөліп шығару,
қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала
анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ортақ мүлікті бөлу және
одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заңда немесе қатысушылардың
келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады.
Заң құжаттарында бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін бөлу және
одан үлесті бөліп шығару ережелері анықталғандықтан, ол Азаматтық Кодекстің
218-ші бабында көрсетілген тәртіп арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
1.4. Меншік құқығының пайда болу негіздері
Меншік құқығының пайда болу негіздері дегеніміз азаматтық құқық
субъектілерінің белгілі затқа (мүлікке) байланысты меншік құқығын алуын
заңды түрде байланыстыратын заңды айғақтар.
Заң әдебиеттерінде қалыптасқан көзқарастар бойынша оларды екі топқа
бөлуге болады: бастапқы және туынды[9].
Бастапқы тәсіл негізінде мүлікке меншік құқығы бірінші рет пайда
болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету
құқығында болмаған. Сондықтан да бастапқы тәсіл бойынша меншік құқығының
пайда болуына мына негіздерді атап көрсетуге болады: жаңа затқа меншік
құқығы (237- бап); иелену мерзімі (244-бап); (245-бап); қараусыз жануарлар
(246-бап) және т.б.
Туынды тәсіл дегеніміз – мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту
нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі. Аталған негіздің
ерекшелігі сол, мүлік басқа біреуге өткенге дейін алғашқы иесінің
иеленушілігінде болуы, ал мүлікті иеліктен шығарушыда оның тоқталуы.
Туынды тәсілінің негізінде меншік құқығының пайда болуына көбінесе
азаматтық-құқықтық келісімдердің ықпалы әсер етеді (мысалы, сатып алу-сату,
қарыз немесе несие шарты, жекешелендіру және т.б.)
1.5 Меншік құқығын қорғау
Меншік құқығы ел экономикасының негізін қалайтын болғандықтан оны
қорғау мәселесіне әруақытта да үлкен көңіл бөлінген. Қазіргі кезеңде
Қазақстан Республикасының қай құқық саласын алып қарайтын болсақ та,
меншікті қорғауға аса ынта қойылып, оны бірінші кезектегі мәселелер
қатарына шығарып отыр. Солардың ішінде ерекше орын алатын – азаматтық-
құқықтық тәсілдер.
Меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап етуге құқылы.
Заттық құқыққа талдау жасағанда өз ерекшелігімен және сипатымен
оқшауланатын иеленуді қорғау жөніндегі талап қою екендігі көрсетеді. Бұған
тоериялық дәлелдеме ретінде Римнің жеке құқығы тарихында ...затқа меншік
нақты иеленуден шыққан,-деген ұғым бар.
Ал ондай иеленуді қайдан шығады деген орынды сұрақтуындайды.
Отырықшылық, қоныстану иелену терминіне балама бола алады[10].
Сонымен иелену мен иеленуді қорғау меншіктің заттық құқық қасиетін
тудыруда айтарылықтай рөл атқарады.
Азаматтық-құқықтық қорғаудың көздейтін мақсаты меншік иесінің заңсыз
айырылған нәрсесін өзіне қайтару немесе өзінің заттын пайдаланудағы жою
болып табылады. Затын қайтару туралы азаматтық талапты виндикалық талап, ал
затын пайдаланудағы кедергілерді жою талабын неготорлы талап деп атайды.
Виндикация қағидасы АК-тің 260-бабында төмендегі түрде айтылған;
меншік иесі өзгеден заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы, яғни
меншік иесі өз затын оны ешқандай заңсыз иемденіп отырған жақтан талап ете
алады.
Затты иелену оның заңды иесімен жасалған келісімге негізделмесе, заңсыз
иемдену деп аталады. Ал меншік иесінің затты заңды иесінен виндикация
жолымен қайтарып ала алмайтын жағдайда бар, өйткені заттың заңды иесі оны
игілігіне жаратып отырғандықтан дәлелді себеппен қайтара алмайды. Айталық,
бір азамат екінші біреуге бір жылға өзінің теледидарын жалдады дедік, ал үш
айда кейін видикация жолымен оны қайтаруды талап етеді. Мұндай реттерде
теледидарды жалдап алушы мүлік жалдау мәмілесі бойынша иемденіп
отырғандығын айтып, жалға аул мерзімі біткенше заттыы қайтармаймын деіне
құқылы. Сондықтан біздің азаматтық кодекс заңды иеленуш, адал ниетті
алушы, арам ниетті алушы деген терминдерді қолданады.
Затты адал ниеттпен иемденген адам өзіне зат сатқан адамның ол затты
сатуға құқығы жоқтығын, яғни оның өзі сатыпотырған заттың иесі емес
екендігі немес меншік иесінің өкілі емес екендігін білмеген және білуге
тиісті емес адамды айтамыз. Зат иесі затын виндикеация жолымен қайтарып
алғанда адал алушының өзінің адалдығы өзін қорғап қалады. Айталдық, меншік
иесі шарт бойынша өз затын біреуге қарызға берді делік, ал алған адам ол
затты үшінші бір адамға сатып жібереді, ол қателесті. Мұндай жағдайда
меншік иесі затты оны сатып алған адамнан қайтарып беруді талап етуге
құқығысы жолқ, бірақ ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz