Сәлемдесу


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Қол алысу шарттары
2. 2 Халық даналығы: «Сөз атасы - сәлем».
2. 3 Амандасу (Сәлемдесу)
2. 4 Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
2. 5 Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері
2. 6 Қоштасу әдебі
Кіріспе
Екі мұсылман бір-бірімен кездескенде міндетті түрде сәлемдесуге тиіс. Олар араз ба, тату ма, ол маңызды емес. Себебі сәлемдесу - Пайғамбарымыздан қалған сүннат. Ал енді сәлем бергенде оны естіген екін- ші мұсылман ризашылық-пен қабыл алып, сәлемге сәлеммен жауап қайтарады. Бұл - шариғатта «фарз айнға» жатады. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) : «Ара-ларыңа сәлемді жайыңдар» - деп сәлемдесудің мұсыл-мандық міндет екенін өсиет етіп айтып кеткен. Егер де біз сезімізге берілген сәлемге сәлеммен жауап қайтармасақ, онда оған дұшпандық, өшпенділік танытқандай, жамандық ойлағандай оны күдікті жағдайға қалдырамыз.
Сәлемдесудің абзал түрі:
«Әссәләму аләйкум уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ».
Оған қайтарылатын жауап:
«Уа алейкумүс сәләм уа рахматуллаһ уа бәрәкәтуһ».
Таныстарға сәлем беріп, сәлемге жауап алғанда екі арадағы татулық, ынтымақ нығайып, сыйластық артады. Ол адам жөнінде күдікті, жаман ойларға бармайсың. Сәлемдесу - Расулуллаһтың (с. ғ. с. ) сүннаті.
Қазақ дәстүрінде бірнеше сәлемдесі дәстүрі бар. Алайда олардың бәрінде де жасы кішілер бірінші болып сәлем береді. Әдетте сәлемдескенде қол алысады. Онда адамдар алақандарын бір-біріне түйістіріп ұстайды. Ол - «мусафих» деп аталады. Қол алысқанда саусақтың ұшын беріп сәлемдесу - әдепсіздік.
Жасы үлкен, кіші болсын, көп адам жиналған жерге келген кісі ең бірінші көпшілікпен сәлемдеседі. Сырқат, мүгедек жанға сау адам ең бірінші сәлем бергені абзал.
Әйелге ер адам, бастығына қызметкері, жастар үлкенге ең бірінші сәлем береді. Амандасқанда біреуге басыңызды иіп, иығыңызды қозғап, қолыңызды көтеріп, көзіңізді қысып, ерсі әрекет жасамаңыз. Егер де сәлем берген кісіңіздің құлағы естімесе, оған сәлеміңізді ымдап түсіндіруіңізге болады.
Сәлем беруде берік ұстанатын қағидалар:
- Танысын, танымасын жасы кіші адам үлкенге сәлем бермей өтпейді.
- Ат үстінде тұрып сәлем бермейді.
- Атты адам жаяуға бірінші сәлем береді.
- Танитын адамдармен сәлемдеспей, немесе сәлемін алмай өтпейді.
- Келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді.
- Әкесінің, шешесінің көзін көргендерге айрықша сәлем беріп, құрмет көрсетеді, батасын алады.
- Кешке не түнде үйге кірген адам: «Кеш жарық!» деп сәлемдеседі.
Қандай жағдайда сә-лемдесуге тиым салынады?
- Әжетханада отырғанда.
- Ер мен әйел жұпта-сып жатқанда (Байқамай, кездейсоқ үстеріне кіріп барсаңыз) .
- Ұйықтап жатқан кісіге.
- Моншаға түскенде.
- Аузыңызда ас шайнап отырғаныңызда.
- Дұға оқып отырған кісіге.
- Азан айтып тұрғанда.
- Құран Кәрімді оқып отырғанда.
- Намаз үстінде.
- Тілек айтылып, бата беріліп жатқанда.
- Ихрам кезінде («ләб-байка», «ла шарика ла ка» тәрізді қасиетті зікірлер айтып отырғанда.
- Жезөкшелерге, зіна- қорларға, дінбұзар залым-дарға қол беріп амандасуға болмайды.
- Бет пішіні әйелге ұқсас көселермен амандасқанда олардың бетіне сұқтанып қарамайды.
- Күнде көріп жүрген таныстармен көрісіп амандаспайды.
Қол алысу шарттары
Егер де өзіңмен бірге туған апа-қарындасың, некелі әйелің болмаса, басқа әйелдермен қол алысып амандасудың қажеті жоқ. Егер де қадірлі кісімен қол алысып амандасқаннан кейін оның қолынан сүйіп, құрмет көрсетсеңіз айыбы жоқ. Туған-туысың, жолдас-достарың ұзақ сапардан қайтып оралса, әйтпесе олардың көптеген бері көрмесең қол алысып амандасып, құшақтасып көрісіп, сәлемдесуіңе болады. Солардың ішінде жас балалардың бетінен, маңдайынан сүйген айып емес. Алайда ересек адамдардың (ерлердің) бір-бірімен сүйісіп амандасуы - ерсі саналады.
Қызмет орнына, бөлмеге келген адамдармен ер адам түрегеліп амандасады.
Ата-ене күйеу баласы-ның, келінінің маңдайы- на ернін тигізбей, жеңге-сі қайын сіңілісін, апалы-сіңілілер бір-бірін бетінен сүйіп, құшақтасып көріседі. Ислам діні адамдардың өзара сәлемдесуіне айрықша мән берген. Құран Кәрімнің Ниса сүресінің 86 аятында былай деп айтылған: «Егер сізге сәлем берілсе, сіз онан жақсырақ болмаса да, тап өзіндей етіп жауап қайтарыңыз». Ал енді Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбардан: «Исламның ең жақсы сипаттары қайсылар?» деп сұрағанда, ол: «Аштарға тамақ беру, танитын, һәм танымайтындарға сәлем беру» деп жауап қайтарыпты.
Халық даналығы: «Сөз атасы - сәлем».
Көшеде жүру Сыртқа шыққанда асығып-үсігіп, жолай киініп, өкшеңді тарсылдатып тез жүру - әдепсіздік. Асықпай, аптықпай, сабырлы қозғалған дұрыс.
Көшеге шыққанда аяқ киімді (туфли, кебіс, етік, пима т. б. ), мәсіні жалаң аяқ киюге болмайды. Сыңар аяққа кебісіңізді, туфлиіңізді іле салып, көшеге шығу да әбестік. Шұлғауыңыз, шұлығыңыз таза болсын.
Жеке жүріп сейілдеудің сөкеттігі жоқ. Тек қасыңызда адамдар болса, олардың алдына түсіп, озып кетпеңіз.
Көшенің тар жеріңде, қақ суы, балшық бар тұстарда басқа бір кісімен бетпе-бет кездесе қалсаңыз, қабаттаса жүрмей, жол беріңіз. Сонда екеуіңіздің де киімдеріңіз былғанбайды.
Көшеде келе жатқанда жан-жағыңызға алақтап қарай бермеңіз.
Аяғыңыздың астына назар салыңыз.
Көпшілік жиналған жерлерде, базарда жұртты ығыстырып, кимелеп алға ұмтылмаңыз. Мұндайда біреуді қағып-соғып, аяғын басып кетуіңіз мүмкін.
Сөйлесіп тұрған адам-дардың ортасынан бұзып өтпеңіз. Әйелдерді қағып-соғып кету тәрбиесіздік, дө-рекелік екенін ұмытпаңыз. Көшеде дін жолындағы құрметті кісілерді кездес-тірсеңіз, олардан озып, алдына түспеңіз және де ырым жасап олардың ізін басып жүрмеңіз.Танысыңызбен кездессе-ңіз, көшеде тұра қалып бос сөзбен уақытын алмаңыз. Жеке шаруаңыз болса, шеткері шығып айтыңыз. Келе жатқанда жолда тас, кесек, шыны тәрізді өзгелер-ге зияны тиетін заттар- дың жатқанын көрсеңіз, оны шеткері шығарып тастаңыз.
Егер де көтере алмасыңыз айыбы жоқ.
Қақырық, түкірік келіп қалса, алды, артыңызда келе жатқан адамдарды өткізіп жіберіп, оны сол жағыңызға қарай түкіріп, қақырып тастаңыз да, топырақ болса, көміп кетіңіз. Мұсылмандарға құбылыға қарата дәрет сындыруға, басқа да қажетін (діни емес) өтеуге болмайды.
Көшеде жәрдем, жөн сұраған адамға дұрыс жауап беріңіз. Қолыңыздан келсе көмектесіңіз. Қайыршыларды тілдеп, боқтап қумаңыз. Көшеде еш мақсатсыз, бостан-бос сенделіп жүрген жараспайды. Жол үстінде келе жатқандар сәлемдеспей, өтпейді.
Жиынға қатысу, жиында отыру «Расулуллаһ (с. ғ. с. ) :
«Сендерден кімде-кім еш-қашан адамды отырған жерінен тұрғызып, орнына отырушы болмасын. Отырғанда ығысып, ыңғайласып отыруға тырысыңыздар». (Хадисті Ибн Омардан (р. л. ғ. ) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еткен) .
«Сендерден кімде-кім отырған орынан тұрып, кейін қайтып келетін болса, ол сол орынға отыруға құқылы болады» (Хадисті Әбу Һурайрадан (р. л. ғ. ) Имам Муслим риуаят еткен) .
«Біз Нәбиге (с. ғ. с. ) келгенімізде шеттегі бос орындарға отыра беретінбіз» (Хадисті Жәбир ибн Самурадан (р. л. ғ. ) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еткен) .
«Екі кісінің арасына тек солардың рұқсатымен отыруға болады» (Хадисті Ъамр ибн Шуъаибттан (р. л. ғ. ) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еткен) .
«Бір адам баса - көктеп келіп төрден орын алды. Хузайфа (р. л. ғ. ) оған қарап тұрып: «Алла Тағала пайғамбары Мұхаммед (с. ғ. с. ) жиынға келіп, тілімен адамдарды жәбірлеп, төрге қарай ұмтылғандарды лағнеттеді», - деді» (Хадисті Әбу Мижләздан (р. л. ғ. ) Имам Тирмизи риуаят еткен) .
Жиында орынан тұру Расулуллаһ (с. ғ. с. ) :«Кімде-кім жиынға қаты-сып, онда бос мылжың сөзге тап болса, жиыннан тұру алдында: «Я, Аллаһ Тағала! Сен кемшіліктен пәксің. Я, Тәңірім! Барлық мақтау Өзіңе тән. Мен Сенен басқа Тәңірдің жоқтығына куәлік беремін. Күнәларым үшін жарылқау тілеп, тәубемді қабыл етуінді тілеймін», - деп айтса, оған жиында болғанның күнәсі кешіріледі». (Хадисті Әбу һурайрадан (р. л. ғ. ) Имам Тирмизи риуаят еткен) .
«Жиында болып, орнынан тұру алдында Расулуллаһ (с. ғ. с. ) : «Я, Аллаһ Тағала! Сен кемшіліктен пәксің. Я, Тәңірім! Барлық Өзіңе тән. Мен Сенен басқа Тәңірдің жоқтығына куәлік беремін. Күнәларым үшін жарылқау тілеп, тәубемді қабыл етуіңді тілеймін», - деді. Мұны естіген біреу: «Я, Расулуллаһ (с. ғ. с. ) ! сіз осы кезге дейін бұл сөзді айтпаған едіңіз», - дегенінде Ол (с. ғ. с. ) : «Бұл жиында айтылғанның кәффараты», - деп жауап берді». (Кәффарат - айып төлеу) (Хадисті Әбу Барзадан (р. л. ғ. ) Имам Әбу Дауд риуаят еткен) .
«Жиын бола тұрып, ол жиында Аллаһ Тағала еске алынбаса, ондай жиыннан тұрған қауым есектің өлімтігінің жанында отырған болады. Осының себебінен ол қауым қасірет шегеді». (Хадисті Әбу һурайрадан (р. л. ғ. ) Имам Әбу Дауд риуаят еткен) .
«Жиында отырып Аллаһ Тағаланы еске алмаған және Оның Пайғамбарына (с. ғ. с. ) салауат айтпаған қауымға Аллаһ Тағаланың тиісті жазасы болады. Аллаһ Тағала ондай қауымды қаласа жазалайды, қаласа жарылқайды». (Хадисті Әбу һурайрадан (р. л. ғ. ) Имам Тирмизи риуаят еткен) .
«Аллаһ Тағаланы еске алмай отырған және ұйқыға жатқан адамға Аллаһ Тағаланың тиісті жазасы болады». (Хадисті Әбу һурайрадан (р. л. ғ. ) Имам Әбу Дауд риуаят еткен) .
Көпшілік арасында Қонақта, үйіңізде, жиында, ойын-сауықта, көпшілік арасында отырғаныңызда өзіңізді сабырлы, сыпайы ұстап, қызбалыққа салынбай, ұстамдылық танытыңыз.
Егер де осындай ортада ұстазыңызды, қамқоршыңызды кездестіре қал-саңыз, оған ерекше құрмет көрсетіп, алдына түсіп жалпақтап, жағымсыз қылық жасамаңыз. Сыпайы түрде ізет көрсетсеңіз болғаны.
Жиынға, тойға көпшілік арасына уақыт өткізу үшін ғана бармаңыз. Өйткені әрбір жиынның, отырыстың өзіндік мән-мақсаты бар. Көпшілік арасына жуынып-шайынып, таза киініп барғаныңыз дұрыс. Сізден жағымсыз иіс шығып тұрмасын. Иманды, парасатты, жақ-сы мінез-қылықты адамдар отырған жерге ғана барыңыз. Өйткені мұндай адамдармен сұхбаттасып, ру- хани жағынан байып қайт- саңыз, қаза болған нама-зыңызды кейін өтей аласыз. Егер де әдепсіз, тәрбиесіз адамдармен уақытыңызды босқа өткізсеңіз, оны кері қайтарып ала алмайсыз. Намазыңыздың да босқа қаза болғанына қатты өкінесіз. Көпшілік арасында халыққа қадірлі кісі отырса, көбінесе жүзіңізді сол кісіге қарай бұрыңыз. Егер де екі-ақ адам бас қосса, бір-біріне қарама-қарсы отырады.
Көпшілік арасында өзіңді елден ерекше ұстап, ерлік істеріңіді, қайырымдылығыңызды, төзімділігіңізді, тағы да басқа қасиеттеріңізді, оқиғаларыңызды айтып мақ-танбаңыз. Өзгелерді оған куәлікке тартып, «Түгеншеке, солай емес пе?» деп оны қостаушы етіп қоймаңыз.
Қасыңыздағыларды мінеп-сынап, жазықсыз тиіспіп, кекетіп-мұқату, бейпіл сөйлеу - мәдениетсіздік, тәрбиесіздік. Көпшілік ортасында әйелге қол көтермек түгілі, соларға қатты сөз де айтпайды. Жиналған жерде бөгде, танымайтын бір адам отырса, кім екенін, қайдан келгенін, не істейтінін, отбасын сұрап, мазасын алмаңыз. Олармен әдепті қарым-қатынас жасап, сыпайы түрде ғана танысыңыз.
Лажсыз жөтелсе, түшкіре қалсаңыз, қатты дыбыс шығармауға тырысыңыз. Бет орамалыңызбен аузыңызды, мұрныңызды жауып, түкірік, шашыратпаңыз. Түшкіргеннен соң «Әлхам-дуллилаһ» деп айтыңыз.
Жиында, көпшілік арасында дөрекі әзіл-қалжың, әдепсіз анекдот айтпаңыз, тұрпайы қылық танытпаңыз.
Көпшілік арасында біреу ұқыпсыз, ұятсыз әрекеттер жасап, тіпті күнәлі істерге барса, жасы, лауазымына, туысқандық жақындығына қарамастан оған ескерту жасауға, теріс ісін түсіндіруге, елдің шырқын ала берсе көпшіліктің келісімімен оның ол жерден кетуін өтінуіңізге, талап етуіңізге құқыңыз бар.
Мұрныңызды шұқымаңыз, басыңызды қасымаңыз, құлағыңызды тазартпаңыз.
Ғалымдардың, дін дағуатшыларының, қадірлі кісілердің айтқанын тыңдау, одан ғибрат алу - әдептілік, ақылдылық.
Егер де реті келсе, сақал, мұрт өспейтін көсемдердің қатар отырмаған дұрыс. Жезөкшелердің де жанына жуымаңыз.
Қонақта, жиында, концертте әрлі-берлі қисайып, жаныңдағылардың мазасын алмаңыз. Оларға жөнсіз сұрақтар да қоя бермеңіз.
Көпшілік арасында мұ-сылмандар тең дәрежелі. Сол себепті мен: «мына кісілерден артық едім, төрге шығуға, олардан жо- ғарырақ отыруға тиісті едім» деп айтпақ түгілі олай ойламаңыз да. Тек есіңізде болсын, көпшілік арасында мұсылмандардың діни, рухани жетекшілеріне, Құранды жатқа білетін қариларға, ел ағаларына, ақсақалдарға ерекше сый-құрмет көрсетіледі. Олар- мен дәреже таластырмаңыз.
Амандасу (Сәлемдесу)
Амандасу (Сәлемдесу) - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген. Хан немесе күшті әмірші, өзінің қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!» деп сәлем берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды.
Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір- бірінің бір қолын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар) бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды. Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады. Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс. Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді), тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі. Егер аға сұлтанның әйелдерімен қарапайым әйелдер кезігіп қалса, қарапайым әйелдер жанарларын төмен түсіріп, ізет көрсетіп иіледі. Бірақ, ханша немесе белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек. Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады.
Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен мал- жан аман ба? - деп сұрасқан. Мал аман ба? - деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сәлемдескенінен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал- жаның аман ба?», - деп сәлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?» - деп жауап береді. Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген. Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?», - деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. «Уағалейкүмсалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады. Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үйдің жанына жақындағанда аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман-саулық сұрайды. Осы кезде әйел адамдар үй-ішін реттеп, кілем-сырмақтарын төр көрпешелерін төсейді. Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкүм» деп жалпыға сәлем беріп кіреді. Тіпті, баспанада адамдар жоқ болса да немесе әйелдер отырған жағдайда да «Ассалаумағалейкүм» деп шаңырққа сәлем беру әдет қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында амандасудың да өзіндік дәстүрге бағынған рәсімі бар. Арал, Қазалы өңірінде ер бала, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап сәлем бердік дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік», - деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер келіннің сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!» -деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр келіндердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді.
Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды. Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің әйеліне қонақ «құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер, үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сәлемдеседі, қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал әйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» - дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» - дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда; «Қарағым», «шырағым» - деген сөздерді қосады.
Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттіліктің бірі сол әулеттің ертеден келе жатқан қара шаңырағына соғу міндет.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Сәлем - арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Сәлемдесу - тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір - біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем - сөздің басы» делінетіні де сондықтан. Тегінде, әдеп, адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда - адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір - біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет. Адам баласы қашанда тыныш - бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір - бірімен тату - тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу салған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz