«Сымсыз технологиялар»
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Сымсыз технологиялардың пайда болуы және оның түрлері мен қызметтері ... ... ... 7
1.1 Сымсыз желі ... ... ... .. 7
1.1.1 Сымсыз желі жұмысының қасиеттері..9
1.2 Сымсыз жергілікті желі түрлері, Wi.Fi қызметі, Интернет ... ... ... ... ... . 10
1.2.1 WiFi және WiMAX ... ... .. 12
1.2.2 WiMax және WiBas ... ... . 15
1.2.3 Сымсыз технологияның заманауи үлгісінің бірі . сымсыз пернетақта мен сымсыз тінтуір ... 17
2 Сымсыз желінің шетелдік және Қазақстандық таралу аймақтары мен ол туралы ұсынылған жобалар ... ... ... 19
2.1 Шет елдердегі сымсыз байланыс өнеркәсібі.
2.1.1 Сымсыз байланыс өнеркәсібін өндірудегі шетелдік компаниялардың даму қарқыны ... .22
2.2 Корея Республикасының Қазақстанда сымсыз әрі кең жолақты WiBro технологиясын пайдалануды ұсынуы ... ... ... ... . 25
2.2.1 WiBro (Wireless Broadband) . кең жолақты сымсыз байланыс ... ... 26
2.3 НҰРСАТ.Қазақстандық жетекші телекоммуникациялық оператор ... ... 27
2.3.1 НҰРСАТ . Интернет сервис провайдері . 29
2.3.2 НҰРСАТ компаниясының Wi.Fi қызметі 32
2.4 Ауылдар арасындағы сымсыз байланыс... 35
2.5 Сымсыз интернетке шығудың қосымша жаңалықтары ... ... ... ... ... ... ... . 39
2.5.1 Деректер берудің бірлескен желісі ... ... .. 41
2.5.2 Megaline Business ... ... ... 44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 45
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... . 46
Қосымша ... ... ... ... ... ... .. 47

Ақпарат алмасу, деректер жинау және оны сақтау процесстері ақпараттық технологиялық заманның негізгі қайнар көзі болып табылады. Ақпарат алмасу негізінде технологиялық дамулар ұдайы жылжу үстінде. Ал, ақпарат алмасу үшін ең алдымен ақпарат алу көзі мен ақпарат тарату көзінің болуы маңызды роль атқарады. Ал, технологиялық дамулар осы негізде дамиды. Ақпараттық техниканың дамыған заманда бұл процестің маңызы үлкен.
Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған уақытында, алынған ақпараттарды тарату немесе оны қабылдау негізгі іс - әрекеттердің бірі болып есептеледі. Сондықтан ақпарат алмасу кезінде түрлі іс - әрекеттер қолданылып, түрлі жолмен ақпарат алмасып отырады. Технологиялық құралдар ішінде ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ететін компьютерлік желі болып табылады. Ал, копьютерлік желі дегеніміз не? Оның қызметі қандай?
Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен арнайы коммуникациялық құралдармен және компьютерлік қамтамасыздандырулармен жабдықталған компьютер және терминалдардың байланысы. Түсінік ретінде: ақпарат тарату жылдамдығын, протокол түрлерін, құралдар арасындағы қашықтықты және тағы басқаларды айта кетсек болады.
Қарапайым компьютерлік желі кемінде екі компьютерден тұрады. Бұл жағдайда ақпарат алмасу екі құралдың бірігіп жұмыс жасауына қолайлылық туғызады. Барлық желілер (күрделілігіне қарамастан) осы принцип бойынша жұмыс істейді.

1 Н.В.Максимов «ЭЕМ-нің және есептеу жүйелерінің архитектурасы», 2008
2 А.П.Пятибратов «Есептеуіш құрылғылары, жүйелері мен желілері және телекоммуникациялары», 2004
3 В.Ф.Мелехин «Есептеуіш құрылғылары, жүйелері мен желілері», 2007
4 В.Г.Олифер, Н.А.Олифер «Компьютерлік желілердің жұмыс істеу технологиялары, принциптері және хаттамалары», 2007
5 Н.Н.Горец «ЭЕМ және оның жүйелері», 2006
6 Е.П.Истомин«Есептеуіш жүйелері, желілері мен телекоммуникациясы», 2007
7 А.П.Жмакин «ЭЕМ архитектурасы», 2006
8 Ларионов А.М., Майоров С.А., Новиков Г.И. «Вычислительные комплексы, системы и сети» , 1987.
9 Таненбаум Э. «Архитектура компьютера», 2006
10 Гук М. «Аппаратные средства IBM PC», 2002
11 А. Гук. «Процессоры фирмы Intel от 8086 до PENTIUM II», 1998г.
Web – сайттар:
• www.google.kz
• http://i-on.ru/LabSolution/3221/
• www.delux-asia.kz

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Ақпарат алмасу, деректер жинау және оны сақтау процесстері ақпараттық
технологиялық заманның негізгі қайнар көзі болып табылады. Ақпарат алмасу
негізінде технологиялық дамулар ұдайы жылжу үстінде. Ал, ақпарат алмасу
үшін ең алдымен ақпарат алу көзі мен ақпарат тарату көзінің болуы маңызды
роль атқарады. Ал, технологиялық дамулар осы негізде дамиды. Ақпараттық
техниканың дамыған заманда бұл процестің маңызы үлкен.
Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған уақытында, алынған
ақпараттарды тарату немесе оны қабылдау негізгі іс - әрекеттердің бірі
болып есептеледі. Сондықтан ақпарат алмасу кезінде түрлі іс - әрекеттер
қолданылып, түрлі жолмен ақпарат алмасып отырады. Технологиялық құралдар
ішінде ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ететін компьютерлік желі болып
табылады. Ал, копьютерлік желі дегеніміз не? Оның қызметі қандай?
Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен арнайы коммуникациялық
құралдармен және компьютерлік қамтамасыздандырулармен жабдықталған
компьютер және терминалдардың байланысы. Түсінік ретінде: ақпарат тарату
жылдамдығын, протокол түрлерін, құралдар арасындағы қашықтықты және тағы
басқаларды айта кетсек болады.
Қарапайым компьютерлік желі кемінде екі компьютерден тұрады. Бұл
жағдайда ақпарат алмасу екі құралдың бірігіп жұмыс жасауына қолайлылық
туғызады. Барлық желілер (күрделілігіне қарамастан) осы принцип бойынша
жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта осы қызметтеріне байланысты компьютерлік желілер екі
үлкен топтарға бөлінеді. Олар:
- Ғаламдық желі;
- Жергілікті желі.
Ғаламдық желі (wide area network, WAN) көлемі үлкен географиялық
обылыстарды, көбіне тұтас бір мемлекетті немесе үлкен континентті қамтиды.
Ол ақпарат алмасушы машиналардың бірігуін қамтамасыз етеді, яғни бірігуді
қамтиды.
БҰҰ-ы "сымсыз интернет жүйесі" жобасын ұсынып отыр.
БҰҰ-ы "сымсыз интернет жүйесі" немесе "Wi-Fi" деген атпен белгілі жаңа
технологияны дамушы елдерге енгізу үшін әрекет етуде. Көптеген елдер
дәстүрлі мыс сымдарға тәуелді жүйелерді дамыту үшін инфрақұрылымдық және
қаржылық қиыншылық көруде. "Wi-Fi" оларға digital divide - ге, яғни
заманауи сандық технология жүйесіне тікелей жол ашады. Бірақ әзірге
көптеген дамушы елдер "Уай-Файға" байланысты консервативтік көзқарасты
ұстануда.
БҰҰ-ы " digital divide" яғни, сандық бөліну жүйесінің жетістігін бұқара
көпшілік пен жекеменшік саланың ресми өкілдері арқылы сымсыз интернетті
дамушы елдерге енгізбек.
Менің дипломдық жобамның тақырыбы Сымсыз технологиялар. Дипломдық
жобамның мазмұны 2 тараудан тұрады. Бірінші тарауда Сымсыз
технологиялардың пайда болуы және оның түрлері мен қызметтері туралы
мағұлматтар барысымен таныс боламыз. Яғни сымсыз технологиялардың
тарихынан сыр шертеді.
Екінші тарауда Сымсыз желінің шетелдік және Қазақстандық таралу аймақтары
мен ол туралы ұсынылған жобалар жайында қарастырылған. Себебі, дамыған
елдердің дамушы елдерге берері көп демекші жаңа заманның жаңа талаптарын
қанағаттандыратын инновациялық технологиялардың басым көпшілігі дамыған
елдердің жобасымен, ұйымдастыруымен жарыққа шығуда. Аталған тақырыбымыздағы
сымсыз технологиялардың отаны шетелдік өндірушілер болып табылады. Ал осы
инновациялық технологияның еліміздегі даму қарқыны қаншалықты, оның жай-
күйі туралы осы тараудың бөлімдерінен таныс боламыз.
Қосымша бөлімінде сымсыз технологиялармен жұмыс жасау мысалы
келтірілген. Сымсыз технологиялардың ішінен Wi-Fi-дың жұмыс істеу, іске
қосу ережелерін қарастырғанмын. Екі ноутбуктың сымсыз технология арқылы
файлдар алмасуының жолдарын айқын әрі түсінікті түрде фотосуреттермен
көрсеттім. Жұмыс барысы 4 қадам бойынша орындалады. Сымсыз ортақ арнаға
қосылу мүмкіндігін байқадым, нәтиже сымсыз технология іске қосылып тұр.
Сымсыз технологиялар атты дипломдық жобаны дайындау барысында мен
орыс тіліндегі еңбектердің авторлары Н.В.Максимовтың Архитектура ЭВМ и
вычислительных систем, яғни ЭЕМ-нің және есептеу жүйелерінің
архитектурасы, А.П.Пятибратовтың Вычислительные машины, системы, сети и
телекоммуникации, яғни Есептеуіш құрылғылары, жүйелері мен желілері және
телекоммуникациялары атты әдебиеттерінен аудармаларын қолдандым. Сондай-ақ
В.Ф.Мелехиннің Вычислительные машины, системы, сети, яки Есептеуіш
құрылғылары, жүйелері мен желілері, В.Г.Олифер мен Н.А.Олиферлердің
Компьюте рные сети, принципы, технологии, протоколы, яғни Компьютерлік
желілердің жұмыс істеу технологиялары, принциптері және хаттамалары,
Н.Н.Горецтің ЭВМ и систем, Е.П.Истоминнің Вычислительные системы, сети и
телекоммуникации, А.П.Жмакиннің Арихитектура ЭВМ атты еңбектерінің
аудармаларын пайдаландым. Және де басқа қосымша әдебиеттермен қатар
электрондық сілтемелерден (www.google.kz, http:i-on.ruLabSolution3221,
www.delux-asia.kz) материалдар қорын жинадым.
Анықтамалар
Дипломдық жобада келесі терминдер қолданылған:
инновация – ғылымға енген жаңа тың технология немесе өзгеріс
инновациялық технологиялар – заманауи жаңа технологиялар
digital divide – сандық технология жүйесі
Wi-Fi – сымсыз интернет жүйесінің құрылғысы, яғни сымсыз құрылғылардың бір
түрі
WiMAX - Worldwide Interoperability for Microwave Access, IEEE институты
стандарттаған DSL желісі мен кәбіл технологияларын үлкен қашықтықтарда
"соңғы миля" мәселелерінің баламалы шешімі ретінде толықтыратын кеңжолақты
сымсыз байланыс технологиясы
WiBAS-2X тұғырнамасы – бұл корпоративтік клиенттерге жоғары жылдамдықты
деректерді беру қызметтерін ұсыну үшін әзірленген нүкте-көпнүкте
түріндегі тіркелген кең жолақты сымсыз радио қосылыстың жүйесі
WiBro (Wireless Broadband) - кең жолақты сымсыз байланыс
Delux - сымсыз пернетақта мен сымсыз тінтуірді шығарған технологиялық
фирма
Megaline Business — бұл заңды тұлғалар үшін Интернет желісіне жоғары
жылдамдықтағы қол жеткізу
Белгілеулер мен қысқартулар
Дипломдық жобада келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылған:
ЭЕМ – Электронды есептеу машинасы
Wi –Fi - Wireless Fidelity
WiMAX - Worldwide Interoperability for Microwave Access
WiBro - Wireless Broadband
ҰАСМ - Ұлттық ақпараттық супермагистрал
ҰАТК - Ұлттық ақпараттық техникалық кеңес
ІР –internet protocol (интернет хаттамасы)
1 Сымсыз технологиялардың пайда болуы және оның түрлері мен
қызметтері
1.1 Сымсыз желі
Сымсыз технология дегенде ең бірінші көз алдына сымсыз байланыс
құрылғылары түсетіні анық. Информация алмастырудың дамыған заманында
сымсыз байланыстың да уақыты келіп жетті. Сымсыз технологияның мән-
мағынасын сымсыз желі деп қарастырсақ та сымсыз технология тіркесінің
ұғымын ашып көрсетеді. Мұндағы желі ұғымын былай түсінсек болады, яғни
ортақ арнаға түскен компьютерлер тобы. Ортақ арна – желі, ал компьютерлер
тобын кемі 2 компьютер құрауы да мүмкін.
Уақыт өте интернетке шығудың сан алуан амал-тәсілдері мен оған
арналған құрылғылар да даму үстінде. Сымсыз желі заманы да осы қарқынмен
қалыптасқан.
БҰҰ-да өткен сымсыз интернет, не "Wi-Fi" – ды өз елдерінде енгізу
ісінің маңыздылығымен жиынға қатысушы 200 өкіл келісті. Олар оның әлемдік
стандарттық жүйедегі тиімділігіне, оның өсу мүмкіндігіне және оның
табиғатының бейқамдығына тоқталды.
Бұрынғы Пәкістандық дипломат, қазір БҰҰ-ның экономикалық және
әлеуметтік Кеңесінің қолдау және жүйелеу бөлімінің жетекшісі Сарбуланд Хан
"Wi-Fi" – дың маңыздылығына былайша тоқталды:
"Біз жетімсіздік көріп отырған дамушы әлемдегі, тарату мен мағыналық
мүмкіндіктерді көбірек теңестіре түсуге Wi-Fi жағдай тудырар еді. Егер
сымсыз шапшаң таралу мүмкін болса, онда ұзақта отырып, видео арқылы төгіліп
тұрған білімнен сусындауға болар еді, осы арқылы денсаулық ақпараты және
т.б. дүниелерге қол жеткізу әлде қайда жеңілдей түспек.Біз бұл мүмкіндікті
трансұлттық корпорациялар іске асыру жолдарын тауып, негізгі пайдалану
мүмкіндіктерін үкіметтер пайдаланып, осы арқылы қоғамдық жеке
серіктестікпен бұны іске асыруға тырысады деп мойындаймыз."
Wi-Fi таратқыштар лицензияланбаған радио толқындарды пайдаланады, кез
келген мәліметтердің түрі жіберіліп оны компьютер мен өзге де инфрақызыл
портты қабылдауыштар қабылдай алады.
Патрик Гелсингер INTEL корпорациясының технологиялар бойынша бас
маманы, ол БҰҰ-ның жиынында "Wi-Fi" – дың артықшылықтарына былайша
тоқталды:
"Бұл лицензияланбаған, бұл бақылаусыз, оның өндірісі әлемдік талаптарға
сай және ол интернетпен байланыстырғыш. Бұл төрт ерекшелікпен қоса оның
технологиясы тым тиімді, осы арқылы ол күллі әлемде теңдессіз. Біз, әсіресе
дамушы елдердің бұл істе өз елдері аясында оны енгізу бойынша батыл саясат
ұстануын қолдаймыз. Біз дамушы елдерде діл жетімсіздігін көреміз, олар
мүмкіндігінше лицензияланбаған салаларды кеміту арқылы оларға рұқсат беріп
азын-аулақ долларға қызығып осы арқылы дамушы елдер бұл технологияның
таралуына қолбайлау болып отыр."
Бостон Консалтингтің таяуда өткізген интернеттік зерттеуіне сай, АҚШ-та
әр минут сайын 30 жаңа тұтынушы "Wi-Fi" қызметіне жазылуда. Технология
үлкен қалалардың аудандарында қарқынды дамып, оны еті тірі жастар таратуға
ат салысып жатыр.
Әлемдік банктің ақпарат және байланыс технологиялары бөлімін басқарушы,
жиынға қатысушы Мошен Халилдің айтуынша:
"Сымсыз технологиялар не себептен қызығушылық тудырады ? Өйткені оның
болашағы зор. Біз дамыған әлемнің тәжірбиесі мен мәліметтеріне жүгінер
болсақ, онда соңғы 10 жыл ішінде сымсыз технологиялар бұдан алдыңғы 50
жылға қарағанда әлдеқайда шапшаң дамыды."
Дамушы әлемге "Wi-Fi" – дың тиімділігін тұжырымдай келе "Интелдің"
өкілі Патрик Гелсингер былай деді:
"Біз таңданыстамыз, өйткені біз дамушы елдерге жетіп отырмыз, олар
аталмыш технология арқылы бізбен қатынас құруға талпынып, өздерін бірінші
дәрежедегі әлем азаматтары ретінде сезіне алады. Сіз интернетте отырсаңыз,
мен сіздің Пекин түбіндегі күркеде ме, әлде сіз, Манхэттэның аспан тіреген
үйінде отырсыз ба, оны айта алмаймын. Құпиялық, әрі интернет әлемінде
дамушы елдердің азаматтары өздерін әлемнің бірінші деңгейдегі азаматтары
ретінде сезінуге жол ашады. Және біздің ойымызша бұл салада нақты саясат
қолданса бұған қол жеткізуге болатындығына сенімдіміз."
Сымсыз Интернет Институты БҰҰ-ның аясында жиын ұйымдастырды, бұл
халықаралық интернеттегі сымсыз технологияларға қызығушылық танытушы
мүдделес тараптарды байланыстыратын халықаралық ақылман орталық, ол күллі
әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және білім дамуын қолдайды.
1.1.1 Сымсыз желі жұмысының қасиеттері
Windows XP Professional жүйесінің жақсартылған графикалық қолданушы
интерфейсімен кең мультимедиялық мүмкіншіліктері, оның мекемелерде жұмыс
жасайтын керекті құралдарын шектемейді.
Ескерту. Windows XP Professional –дың жұмыс столы мен құралдар жиынын
интелектуалды қолданушы интерфейсі деп атайды (Intelligent User Interface,
IUI). Сіз шешу керексіз, шыныменде бұл атқа ие ме, әлде MS-тың маркетинг
саласының жұмысшылары ойлап тапқан ми дауылының жемісі ме? Windows-тың ескі
түрлерін жаңалау сымсыз желілерде жұмыс істеуге рұқсат етеді (virtual
private network, VPN).
Сымсыз желіде жұмыс жасау.
Сымсыз желіде жұмыс істеу, Windows XP Professional-дың ең жақсы
мүмкіншіліктерінің бірі . Әсіресе Wi-Fi немесе 802.11b секілді сымсыз
желілерде. Соңғы жылдарда сымсыз желілер жоғарғы функционалды, олар
жалғайтын 5-категориясы кабельдерді сұрамайды және мәліметтерді беру
жылдамдығы секундына 11Мбит. Сонымен қатар, сымсыз желілерге арналған
адаптердің бағасы АҚШ-тың 100$ -на дейін жетеді, және сымсыз желілерге қосу
нүктелері астаналар мен аэропорттарда.
Windows XP Professional-дың сымсыз ортаға қосқан үлесі. Windows XP
Professional сымсыз желіде, қосымша драйверлердің көмегінсіз адаптерлерді
ұстап тұра алады. Бұл сымсыз желіде санаулы минуттарда-ақ жұмысқа кірісуге
мүмкіндік бере алады.
Орнатудың бастапқы жұмыстары оңай бола тұра, ары қарай барлығы жеңіл
болады деп айта алмаймыз. Wi-Fi сымсыз желіге өтүге рұқсат еткенмен,
сонымен қатар жүйенің қауіпсіздігіне өте қатты нұқсан келтіреді, бұл арқылы
Шерман танкісі де өтіп кете алады. Windows XP Professional-да сымсыз желіні
орнатып болған соң, басқа қатынаулардан сақтайтын қауіпсіздендіру
жұмыстарын ойластыру керек. Сіздегі мәліметтерге кіру үшін, портативті
компьпютер мен сымсыз адаптердің болуы жеткілікті (автотұрақтағы), осылай
сіздің желіңіздің құлыпы сынады. Сонымен қоса, сол ғимаратта отырған әр бір
компьютер сымсыз адаптері бар, қорғалмаған сымсыз желіге кіре алады.
1.2 Сымсыз жергілікті желі түрлері, Wi-Fi қызметі, Интернет
Wi-Fi қызметі жергілікті желіге оңай шығуды қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар: Wi-Fі мен оның стандартты комплексі Интернетке шығудың негізгі
біршама жолдарын қамтиды әрі жүзеге асырады.
Кеңседегі тұтынушы тілегіне орай Wi-Fі орнатылады. Кабельді үлгіде
Интернет жұмыстары қалай жүрсе дәл солай операцияларды орындауға
мүмкіндік береді. Компьютерлік жерглікті желдегі туындаған кемшіліктерді
өздігінен біліп, реттеп желінің жай-күйін үнемі басқарып отырады.
Wi-Fі (Wireless Fidelity – сымсыз дәлдік) – мәліметтерді сымсыз тарату
мен Интернетке кіруді жүзеге асыратын технология.
Wi-Fі-дың негзгі артықшылығы мекемедегі байланыс үшін сым тартып
жатпайсың. Радиусы 300 метр ара қашықтықта байланыс арнасының көзі болса,
құрылысында Wi-Fі модулі (адаптері) бар компьютер сымсыз байланысқа шыға
алады. Жергілікті желіде Wi-Fі – баптаулары бар ноутбуктермен байланысқа
түсе аласың.
Қазіргі таңда арнайы интернет – кафелерде Wi-Fі – дың байланыс көзін,
нүктесін орнатқан. Егер де ноутбкукте адаптер болса , сіз интернетке шыға
аласыз. Бұл қызмет тегін жүреді.
Егер де кафе есіктерінің маңдайшаларына мынадай белгі қойылып,
интернетке сымсыз қосыла алатыныңызды білдіреді:
Интернетте сымсыз қосылу мүмкіндігін ұсынатын орындардың таңбашасы
Wi-Fi Alliance сауда маркасы IEEE 802.11 стандарты бойынша сымсыз
желілерге арналған.IEEE 802.11 стандартына сәйкес кез келген құрылғы Wi-Fi
Alliance-тің тестілеуінен өтіп , Wi-Fi-дың логотипін қолдануға мүмкіндік
алып, тиісті сертификатқа ие бола алады.
Тарихы
Wi-Fi 1991 ж NCR CorporationAT&T (Lucent Technologies және Agere
Systems негізінде) Ньивегейн, Нидерландыда құрылған.
Бастапқыда кассалық жүйе қызметіне арналып , нарыққа WaveLAN
маркасымаен шығып, берілгендерді 1-2 Мбитс жылдамдықта тасымалдауды
қамтамасыз етті.
Wi-Fi – дың құрастырушысы Вик Хейз (Vic Hayes) . Ол IEEE 802.11b, IEEE
802.11a и IEEE 802.11g стандарттарын шығаратын құрамда (командада) болған.
2003 ж Вик Agere Systems-тен шығып кетеді. Agere Systems өзінің
өнімдерінің арзан бағада болғанымен күрделі нарық деңгейінде бәсекеге түсе
алмады. Agere Systems – тің 802.11 abg all-in-one чипсет стандарты
сатылымда нашар өткендіктен 2004 жылдың соңында Wi-Fi – дың нарығынан
Agere Systems шығып кетеді.IEEE 802.11n стандарты 2009 жылы 11 қыркүйекте
енгізілді. Оны қолдану берілгендердің алмасуындағы жылдамдықты арттырды.
802.11g (жоғары жылдамдығы 54 Мбитс-қа тең) стандартымен салыстырғанда
4-уі келеді. 802.11n стандарттарының арасында теориялық түрде 802.11n
600 Мбитс жылдамдықты қамти алады.
Wi-Fi нүктесі өзінің желілік идентификаторын арнайы сигналдық
пакеттер арқылы әр 100 мс сайын 0,1 Мбитс жылдамдықпен таратады.
Сондықтан да Wi-Fi – дың тарату жылдамдығы минимум 0,1 Мбитс . Wi-Fi
стандарты тұтынушысына желіге қосылудың өлшемдерін таңдауда толық еркіндік
береді.
Байланыс арналарын бір жүйеге келтіру тәсілдерін былай жіктеуге
болады:
-автономды байланыс арнасы (әрі өздігінен жұмыс істейтін деп те
аталады);
-контроллердің басқаруымен жұмыс істейтін;
-контроллерсіз,бірақ автономды емес.
Жергілікті сымсыз желіні мекемелердің қолдануы мен радиоканалдарды
басқару бойынша былай жіктеуге болады:
-радиоканалдардың статистикалық баптануы;
-радиоканалдардың динамикалық баптануы;
-радиоканалдардың қабаттық немесе көп қабаттық құрылымдысы.
Сымсыз технологияның ең басты артықшылығы кабель жалғамай-ақ желінің
аумағын кеңейтуге болады. Сым жүргізуге қолайсыз тарихи мұражайлар мен
құндылығы бар мекемелерде сымсыз технологияны еркін
қолдануына болады.
Әрі мобильдік қондырғыларға байланысқа, информация алмасуға шыға алады.
Wi-Fi қондарғылары нарықта кеңінен таралған.
1.2.1 WiFi және WiMAX
WiFi қызметі – қарапайым компьютерлердің жергілікті желіге сымсыз
қосылу (қызметін) мүмкіншілігін ұсынады.
WiFi қызмет кабельдік қызмет барысы тәрізді желілік құрылғыны
орнатады. Желіде отырған компьютердің жұмыстарын белсенді түрде реттейді ,
операцияларды орныдайды.
Бұл құрылғы (регистрациядан өтпеген) авторлық құқығы жоқ екінші бір
компьютердің желілік қол жетімділігін шектейді, жергілікті желі бойынша
желілік қызметтің көптеген түрлерін ұсынады, провайдер таңдау
мүмкіндіктерін береді, домендік тіркелуге және оны басқару мүмкіндіктерін
береді.
Бүгінгі таңдағы байланыс құралдарының ішіндегі заманауи үлгісі WiFi
технологиясы болып саналады. Ағылшынның Wireless Fidelity , яғни
аударғанда берілгендердің сымсыз таралуы деген мағына білдіреді.
WiFi технологиясы деп – радиоканалдар арқылы таралатын сандық форматты
, яки IEEE 802.11b стандартын айтамыз. Мұның өзі Ресейде енді құрылып
жатса, ал шет елдерде әлдеқайда белсенді қолданыста.
IEEE 802.11b стандартын қолданатын құрылғы берілгендерді ең жоғары
жылдамдықпен таратып, 2,4 ггц жиілікті қамтиды. IEEE 802.11b стандарты
1990 жылдың соңында ойлап табылса, ал 1999 жылдың басында енгізілді. 2000
жылы мұның негізінде алғашқы құрылғылары шығарыла бастады.
Жаңа технологиялар негізінде желісіз қол жеткізілім ұйымдастыру
мақсатында Қазақтелеком кең жолақты сымсыз WiFi желілерінің құрылысын
жалғастырады. Жобаның бірінші кезеңі 2006 жылы Алматы қаласында аяқталған
болатын. Ағымдағы және келесі жылдары осы жоба Республикамыздың барлық
облыс орталықтарында іске асыру жоспарлануда. 2009-2011 жылдары сымсыз
Интернет қызметтеріне сұраныстардың өсу мүмкіндігінше жобаны дамыту жүзеге
асырылатын болады. Осылай, пайдаланушыларға кітапханаларда, қонақүйлерде,
вокзалдарда және әуежайларда Интернетке шығу мүмкіндіктері берілетін
болады. Сонымен қатар, кең жолақты сымсыз WiMAX құрылысының жобасын іске
асыру жоспарлануда. WiMAX жүйесін 2007 жылы Республиканың облыс
орталықтарына, 2008 жылы Республиканың басқа да қалаларына енгізу көзделді.
2009 жылдан бастап, аудан орталықтары деңгейіне жобаны ілгерлету
жоспарлануда.
Телефон орнатуға ағымдағы сұранысты қанағаттандыру үшін бұл дәстүрлі
желілік-кабілдік шаруашылықты пайдаланудан қоспағанда, WLL технологиясы
бойынша сымсыз қол жеткізілім қолдану жоспарлануда. 2007 жылы орнатулардың
30% көрсетілген технология арқылы жүзеге асатын болады, бұл кезектегілер
санын үш есеге қысқартылуы тиіс. Осыдан қалалық жерде телефон орнату
кезегін тоғыз есе қысқартылуы тиіс. 2009 жылдың басында қалалық жерде
телефонды орнатуға тапсырыстар толығымен қанағаттандыру жоспарлануда.
Мектептерді интернеттендіру
Жуырда Қазақтелеком Республикада ақпараттық теңсіздікті төмендету
жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында, сондай-ақ, 1
қыркүйек күні Республикадағы барлық мектептерде интерактивті ашық сабақ
жүргізу туралы премьер министр Кәрім Мәсімовтың тапсырмасына сәйкес,
Алматы облысының шалғайындағы оншақты ауыл мектептерін Интернет желісіне
қосты.
Енді Алматы облыстық Қазақтелеком телекоммуникация филиалы
дирекциясының бастамасымен Алматы облысы бойынша тағы 10 мектеп спутник
арқылы әлемдік торға қол жеткізілім мүмкіндігіне ие болды. Ауыл
мектептерінің шалғайда орналасқандығына байланысты Интернет желісіне
спутник байланысы арқылы қосылу жүзеге асырылуда. Алматы облыстық
телекоммуникация дирекциясы мамандарымен бірге телефондандырылмаған
Кербұлақ, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Алакөл аудандары және кеншілер қаласы
Текелдегі 10 мектепке қосылған Sky Star жер серігінің байланыс құралы
жөнделді.
Қазақтелеком бұл мектептерге Интернет желісіне қосуға 50 жеңілдік
қамтамасыз етті, сондай-ақ абоненттік төлем бойынша жеңілдетілген бағаны
бекітті. Мектептерде белсенді түрде бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруға
және Интернетке қол жеткізілімді тарифтерін беруге тестілеуді тапсыру және
ары қарай жоғары оқу орындарын таңдау үшін ақпаратты алудың жақсы
мүмкіндігін берді.
Сонымен қатар, Қазақтелеком осы тосын сыйды мемлекет бюджеті есебінен
қаржыландыратын барлық мемлекеттік мектептер үшін жасады. Осы жылдың ақпан
айынан бастап, Қазақстандық Интернет Интернет желісіне коммутацияланған
қол жеткізілім қызметтерін беру олар үшін тегін жүзеге асырылады. Барлығы
Алматы облысы бойынша 735 мектеп есептеледі, олардың қатарында 682
мектептің Интернетке қол жеткізілімі бар. Осылай, 1 қыркүйекке дейін
Интернет желісіне 53 мектепті қосу қалды. Екі жылдан кейін Интернет
желісіне қосылумен бүкіл қазақстандық мектептер қамтамасыз етілетін болады.
Интернетке қосылған мектептер саны осы жылдың соңына қарай 92,3%, ал 2008
жылы -96,2%, ал 2009 жылы -100% құрайтын болады. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш
88,5% құрайды.
Тарифтер төмендеп келеді
Интернетке ену өсімінің қарқынын, сондай-ақ қалалар мен ауылдарда
телефондық қосылуды көбейту үдерісін сақтау мақсатында қосылуға бағалардың
кейбір төмендеуі болды. Қызметтердің бағалы қол жеткізімділігі жоспарында
Қазақтелеком иілмелі тарифтік саясат жүргізетін болды. Сонымен биылғы
жылдың 1 қаңтарынан бастап ол халықаралық байланыс қызметтеріне тарифтерді
орташа 50% төмендетті. Осы акцияға телекоммуникация компаниясының
жергілікті желісінен ұялық байланыс операторлары желісіне 10 секундтық
сөйлесу үшін телефондық қосылуға ҚҚС-сыз 5,97 теңгеден ҚҚС-сыз 5,69 теңгеге
төмендету кірді. Сондай-ақ ISP-провайдерлер үшін Интернет желісіне қол
жеткізу қызметтеріне 15-тен 32%-ға дейін.
1 ақпаннан бастап Интернетке коммутациялық қол жеткізу қызметтеріне
тарифтерді 5%, ал кең жолақты қол жеткізу қызметтеріне - 20% төмендету
жоспарланды. Сонымен қатар 1 ақпаннан бастап компания Астана, Алматы,
Қарағанды, Павлодар және Өскемен қалаларындағы заңды тұлғалар үшін
телефондық қосылу қызметтеріне тарифтерді 25% (ҚҚС-сыз 32 мыңнан 24 мың
теңгеге дейін) төмендетуді жоспарлады. Барлық жеке тұлғалар үшін екінші
және келесі телефондарды орнатуға тарифтер техникалық мүмкіндік бар кезде 1
ақпаннан бастап базалық тариф деңгейінен төмен 75% дейін төмен, яғни 3000
теңгені құрайды. Сонымен қатар компания дауыстық телефонияны, Интернетке
кең жолақты қол жеткізуді, цифрлық телевизияны, мобильдік байланысты
қосатын әртүрлі тарифтік пакеттерді кезең-кезеңмен енгізуді жоспарлады.
Өткен жылдың басынан бастап компанияның Интернетке коммутациялы қол
жеткізу қызметтеріне тарифтерді қазірдің өзінде орташа жалпы саны орташа
50% төмендеткенін естеріңізге саламыз. Сондай-ақ алдын ала төленген
Тарлан карталарын пайдаланумен жүзеге асырылатын жекелеген халықаралық
телефондық қосылыстар бар.
Компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз ету – қымбат емес!
Арзан аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару сонымен
қатар цифрлық теңсіздікті жеңу үшін өте маңызды құрал болып табылады.
1.2.2 WiMax және WiBas
WiMax

сымсыз байланыс технологиясы. WiMAX технологиясын "соңғы милянің"
кеңжолақты жалғануларын жүзеге асыру, сымсыз қосылыс орындарын жандандыру,
компаниялардың филиалдары арасында жоғары жылдамдықты байланысты
ұйымдастыру және басқа осыған ұқсас мақсаттарды шешу үшін қолдануға болады.
WiMAX технологиясы кез келген жағдайларда, оның ішінде жоғары сапалы
байланыс және деректерді беру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, тығыз
қалалық құрылыс салу жағдайларында жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
Қазақтелеком АҚ кеңжолақты сымсыз қосылыс WiMAX желісін қала ішінде
деректерді беру және дауысты берудің жоғары жылдамдықты қызметтерін ұсыну
мүмкіндігі бар Metro Ethernet көлік инфрақұрылымын қолдана отырып, ҚР
қалалары мен елді мекендерінде ұйымдастыруды ұсынады.
Сонымен бірге, WiMAX сымсыз қосылыс желісін ұйымдастыру:
Абоненттік желінің техникалық параметрлерінің сәйкес емес (жоғары
алыстық, шуылдаған желі, ауа желісі, PCM тығыздау және басқ.);
Интернет желісіне қосылысты ұсынудың техникалық мүмкіндігі болмаған.
Сымды желімен қосылудың экономикалық мақсатқа сәйкес емес кезінде іске
асырылады.
Техникалық сипаттамалары:
Жиілік ауқымы: 3,5 Ghz-дан
Жиілік арна жолының ені: кем дегенде 3,5 Mhz
Әрекет ету радиусы: 30 км. дейін
Қосылыс тәртібі - жиіліктерді жақындатуға бейімделген модуляциялы OFDM
WiBas

түріндегі тіркелген кеңжолақты сымсыз радиоқосылыстың жүйесі.
Аталмыш технология негізінде IEEE 802.16 хаттамасы бар, оның басқа
рабиоқосылыс технологияларынан айырмашылығы, тіпті объектіні тура көру
болмаған кезде үлкен қашықтықтарда жоғары жылдамдықты жалғануды қамтамасыз
етеді. Технология кез келген жағдайларда, оның ішінде жоғары байланыс
сапасы мен деректерді беру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, тығыз қалалық
құрылыс салу жағдайларында жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
Деректерді пакеттік беру технологиялары негізіндегі сымсыз кеңжолақты
байланыстың жаңа ұрпақ жүйесі клиентке базалық станциядан 5 км астам жабу
аймақты тәртібінде жылдамдықты 135 Мбитc дейін қамтамасыз етуге мүмкіндігі
бар.
WiBAS жүйелері тіркелген кеңжолақты сымсыз қосылыс қызметтерін ұсыну
саласындағы қазіргі заманғы шешімді білдіреді.
Аталмыш жүйелер келесі қосымшалар үшін сымсыз байланыстың тамаша шешімі
болып табылады:
• Интернетке кеңжолақты қосылысты ұсыну;
• корпоративтік желілерді ұйымдастыру;
• әдеттегі қосылысты ұсыну (телефония);
• IP-дің көмегімен мультимедиялық қызметтерді ұсыну;
• VoIP дауыс қызметтерін ұсыну.
1.2.3 Сымсыз технологияның заманауи үлгісінің бірі - сымсыз
пернетақта мен сымсыз тінтуір
Сымсыз пернетақта мен тінтуір
Сымсыз жинағы Delux K8000G + M315GL
(URL: http:delux-asia.kzcatalog44pro duct51)
Сипаттамасы:
DLK-8000G + M315GL кәріздік саңылауларының арқасында су өткізбейтін
технологиямен жабдықталған, скроллинг пен бүйір парақтау батырмаларының
арқасында тінтуірдің стандарт қызметтерін қайталайтын эргономикалық
дизайнды және қызметтер аясы кең теңдессіз мультимедиалық пернетақтасы мен
тінтуірі лазерлік технологиялар мен тозбайтын жалтыр бетті пайдаланып
жасалған сымсыз жинақтардың лайықты көшбасшысы.
Delux пернетақтасы пернетақтаға бір-ақ рет басумен ең кең тараған
қосымшаларды қосуға және мультимедиа ойнатқышын және дыбыс қаттылығын
басқаруға мүмкіндік беретін қосымша 29 батырмамен жарақталған.
Орта Азиялық аймақ үшін арнайы әзірленген пернетақта жаймасының қарпі
әдемі де тегіс, дәл лазердің көмегімен қондырылған және өшіп қалудан УК-
жабынмен қорғалған. Үш түсті бояуда орындалған. Ағылшынша жаймасы – ақ,
орысша – қызғылт, қазақша – көк түсті.
2,4 Гц жиіліктегі радиодабыл деректер таратудың жоғары жылдамдығы мен
10 м радиуста тиімді бөгеуілге төзімділікті қамтамасыз етеді. Батареялардың
қуатсыздауын анықтағыштар батереяны ауыстыру қажеттігін хабарлайды.
Тінтуірдің шешімді 800-1200-1600DPI көрсеткіштері арасында қалауынша
орнату мүмкіндігі бар лазерлік сенсоры, бұл қызмет әр түрлі қосымшаларда
меңзерге қажетті бағыттау дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Техникалық сипаттамалары:
Пернетақта
Сымсыз қосылыс - 2.4G;
Тиімді аралық - 10 метр;
Пернелер саны: 104 стандарт;
29 қосымша батырма. Мультимедиа ойнатқышы үшін: мультимедиа ойнатқышын
іске қосу; жаңғыртукідіріс; тоқтау; алғаартқа; дыбыс қаттылығын
реттеуіш; дыбысты өшіру, интернет браузер үшін: браузерді іске қосу;
электрондық пошта; тоқтау; іздеу; таңдамалы; обновить, кеңселік
қосымшалар үшін: Word; Exel; P.Point; календарь; жұмыс үстелі;
қиып алу; көшіріп алу; қыстыру; жабу; F-Lock, жалпы қолданыстағы:
менің компьютерім; есептеуіш; орындау; қосымшалар арасында ауыстырып
қосу;
Басу күші: 53 ± 7 г;
Жұмыс температурасы: 0~45 °C;
Пернеге басу саны: 10 миллион;
Батареялардың жұмыс істеу мерзімі: 3-6 ай (пайдалану қарқындылығына
байланысты)
Өлшемі: 496мм (ұзындығы) x 215мм (ені) x 30мм (биіктігі);
Үйлесімділігі Windows 98Me2000XP20032008VistaWin 7 32bit және
64bit;
Өндіруші кепілдігі - 3 жыл.
Тінтуір
Сымсыз қосылыс - 2.4G;
Тиімді аралық - 10 метр;
Сенсордың лазерлік шешімі 1000 DPI;
Энергия үнемдеу қызметі, кернеу 3В;
Сканирлеу жиілігі секундына 3500 кадр;
Батырмалар саны - 3;
Батырма ресурсы - 3 000 000 басу циклі;

Өлшемі: 120мм (ұзындығы) x 75мм (ені) x 45мм (биіктігі);

Жинақтама:
Сымсыз пернетақта.
Сымсыз лазерлік тінтуір.
Таратқыш.
USB ұзартқышы.
Пернетақтаға арналған 2*AA шағын батарея.
Тінтуірге арналған 2*AAA шағын батарея.
CD-дегі драйвер.
Қолданушы нұсқаулығы.
2 Сымсыз желінің шетелдік және Қазақстандық таралу аймақтары
мен ол туралы ұсынылған жобалар
2.1 Шет елдердегі сымсыз байланыс өнеркәсібі
Канаданың сымсыз байланыс өнеркәсібі телерадио хабарлар тарату және
негізінен сымсыз байланыс жабдықтары үшін қондырғыларды жаппай өндірумен
айналысатын компаниялардан құралады. Оның өнімдері тарату және қабылдау
антенналарынан, кабелді теледидар қондырғыларынан, GPS спутникті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz