Тәлім – тәрбие саласындағы педагогикалық көзқарастары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық көзқарастары . Ұзақ жылдар бойы ұлтшылдық әдебитінің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазқ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж. Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркем өнер ғылымдары саласында қалам тартып, құнды- құнды зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу қуралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.

Ж. Аймауытов өзінің тәлім - тәрбие саласындағы бағыт бағдарын 1918ж ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми- қоғамдық “Абай” тты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов “ . . . қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер- білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдеиетті ел дәрежесіне жеткізу еді ”- деп жазды. Ол Абай ұстаған ағартушылық жолды тыныс - тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады.

Осы журналдың 1918 ж 1, 2 сандарында Аймауытовтың “Тәрбие” атты көлемді мақаласында тәлім- тәрбиелік ой- пікірлер ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.

Мақала авторы “адам мен хайуанның өмір сүрулерінің айырмашылықтарын көрсете келіп адамдық қасиет саналы өмір сүру, қауым болып бірлесіп, тіршілік ету ” дейді. Ол сондай- ақ “адамның қоғамдық еңбегінің жемісті, нәтижелі болуы тәрбиеге байланысты”, деп қорытынды жасайды. Ғалым өзінің осы тұжырымын ертедегі римдіктер, афиндіктер өмірінен мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Ж. Аймаутов “адам мінезінің, ақыл қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі- түрлі болуынан . . . Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенеің жетіспеуінен” дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.

Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды. “Кейде, - деп жазды ол, - белгісіз себептермен күшті ықпал ететін, әсер туғызатын жағдайлардың да болуы мүмкін. Ол замандастары, туған аулы, өскен ортасы, оның діні, тілі hәм басқа да нәрселер” деп, тәрбие мәселесіне ықпал ететін факторларды тізбектеп талдайды.

Автор ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. “Баланы бұзуға, әки түзеуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге . Ол өнеге әке- шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата- ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. “Ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі” деп қазақ атамыз тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілділікті, күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілдікті беретін кім? Ол әрине ата- ананың тәрбиесі.

Баланың бойына басынан сіңген мінезді түзету қиындық келтіреді. ”Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді деген сөз ата- ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді . . . ”- деп автор бала мінезін қалыптастырудағыжанұя мүшелерінің, әсіресе әке- шешенің ықпалын айқын ашып берді. Ол бала мінезін жас шыбыққа тіңейді. Жас кезде дұрыс білім алмаған бала бала өскенде қисық ағаш сияқты болып өсетін, отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады.

Ж. Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаның замандас, жолдас- жора, құрбы құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді.

Тәлімгер- ғалым бала тәрбиесіне туған елдің әдет ғұрпы мен салт- санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Өлң- сауық, өлең- жырды естіп өскен елдің баласы діншіл келеді. Жастайнан жоқтық, кемдік, қағажу көріп өскен ауыыдың баласы жасқаншақ, бұйығы келеді- деп қоғамдық салт - сана, әдет- ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқтаады.

Ж. Аймауытов “Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді үзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу” деген қағиданы қуаттай келіп, “Баланы әрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек” -дейді.

Ж. Аймауытов сол кездері орыс оқымыстыларының тәрбие жөніндегі еңбектерімен адм тәрбиесіне қоршаған ортаның әсері жөнінде жақсы таныс болуы ықтимал. Өйткені оның жазбаларынанорыс жазушысы Л. Н. Толстойдың “Тәрбие дегеніміз бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы” немесе заңғар педагог А. С. Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейді. Адамдар тұтыну заттары, табиғи құбылыс т. б. бәрі тәрбиеге белгілі әсерін тигізеді. Соның ішінде ең әсерлісі адамдардың қарым- қатынасы, әсіресе ата- аналар мен ұстаздарлың ықпалы зор . . . Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелде дұрыс тәрбие беруге тырысу керек” деген секілді таныс пікірлер жиі ұшырасады.

Автор мақала соңында адамның тән сырқатын емдейтін дәрігер мамандығымен адам жанын сауықтандыратын, ақыл- есін, мінез- құлқын тәрбиелеп жетілдіреін тәрбиеші- ұстаз еңбегін салыстыра отырып, бұл екі мамандықтың да, тәні сау, рухани байлығы мол, жан- жақты жетілген абзал жанды, сергек қоғам мүшелерін тәрбиелеудегі өлшеусіз мол еңбегінің маңыздылығын өте орынды атап өткен.

Ж. Аймауытов педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924ж Орынборда басылған “Тәрбиеші жетекші” атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов “Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, Білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі- дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мүғалімнің айналысатыны- үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды… Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалімге жалпы жол көрсетіп, жетекшілік етеді… сыннан өткен тиімді деген жолдардығана нұксайды”- деп оқыту, білім беру әдісінің қатып- семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс- әрекет екенін дұрыс атап өтеді.

Ж. Аймауытовтың бұл пікірі қазіргі мектеп \теріндегі оқытудың мазмұнын қайта құру жөніндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасында айтылған “педагогикалық процестің сапасын көтерудің мңызды бағыты- сабақты өткізу тәсілдерін одан әрі жеілдіру. Балалардың оқыту мен тәрбиені жетілдіру үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігі жоғары болуы және оның профессионалдық рекіндікке ие болу керек” деген идеямен астарласып жаиқанын байқау қиын емес. Автор білім алуды күнделіктіөмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттігін, мектепе алған білімнің келешек өмірдегі мамандыққа қазық болатынын жақсы айтқан.

Ж. Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасғаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі”- деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бр рухани- мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан- жақты және терең терең меңгерудің қажеттігін баса көрсетеді. Бұл пікірдің ұлт пікірінің абыройын көтеру жөніндегі бүгіндер жүргізіліп жатқан шаралармен үндес, өзінің актуальдылығын жоймаған, жаңара- жандана түскенін қажет етпейтін ақиқат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Психология пәні
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz