Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары


СОДЕРЖАНИЕ

1 Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары6

1. 1 Алгоритмдер нұсқасы6

1. 2 Тарихи таныстырма7

1. 3 Алгоритмдеу және оның қасиеттері8

1. 4 Алгоритмдер көрсетімінің әдістері12

1. 5 Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі16

A-Z21

2 Алгоритмдеу негіздерін оқытудың әдістемелік24

ерекшеліктері24

2. 1 Алгоритмдеу негіздерін оқыту тәсілдері. 35

2. 2 Сызықтық алгоритмдер38

2. 3 Тармақталған алгоритмдер40

2. 4 Қайталанатын алгоритмдер41

2. 5 Алгоритм тақырыбы бойынша өтілетін сабақтардың жоспары45

Әдебиеттер тізімі73

Зерттеу объектісі: Информатика сабағында оқу процесі.

Зерттеу пәні: Мектеп курсында информатиканы оқыту процесінде алгоритмдік оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді қолдануда мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеті.

Зерттеу болжамы: Егер мектеп курсында информатика сабағында алгоритмді қолданса, онда оқушылардың білім деңгейі артады. Өйткені, алгоритмдік оқыту балалардың тұлғалық қажеттіліктері, интеллектуалдық ерекшеліктерінің дамуына ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері:

  • алгоритм ұғымына түсінік;
  • алгоритмге ғылыми теориялық әдебиеттер негізінде терминдік анықтама беру;

Зерттеу әдістері:

  • ғылыми теориялық әдебиеттерді талдау;
  • зерттеу материалдарын талдау, сараптау, жинақтау;

Зерттеу практикалық құндылығы: Дипломдық жоба негізінде ұйымдастырылған зерттеу жұмысының қорытындысы материалдары, ғылыми теориялық, ғылыми практикалық пікірлердің негізінде тұжырымдалып, нәтижелі жүйеде құрылуына байланысты, мектеп курсында мұғалімдері мен педагогикалық колледж мұғалімдеріне, мектеп оқыту теориясы мен әдістемесі бөлімінде оқитын студенттерге септігін тигізер дайын дидактикалық құрал болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қосымша, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары

Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез келген міндеті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде бағдарлама түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьтердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. Қазіргі қоғам өміріндегі алгоритмнің ролі оны пайдаланудың техникалық аспектілерімен ғана айқындалмайды. Алгоритмдік қатынас адамдардың күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекеттерінің алгоритмдік мәнін қаншалықты дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек; әрекеттер қортындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.

1. 1 Алгоритмдер нұсқасы

Қазіргі замандық, жаңарған мектептердің оқу бағдарламаларында, сабақтарында, ғылыми - талпыныстық ізденістері мен тәліми - тағылымдық жұмыстары жүйесінде «алгоритм» деген ғылыми атаушытар және олардан туындап тараған: «алгоритм тіл» т. с. с әр алуан анықтамалық тіркестері жиі қолданылып жүр. Осы айтылғандармен байланысты «Алгоритмтану» деп аталатын жаңа ғылыми саласы өмірге келді.

«Алгоритм» сөзінің ұғыми мағанасы, оның жасалуы мен жаңарып таралуы туралы тарихи деректер «Информатика және есептегіш техника негіздері» пәнінің сабақтарына кеңінен талданып оқытылады.

Анықтама: Алгоритм деп, орындаушыға ұғынықты тілмен, қандай да бір есептер класында кіретін белгілі бір есепті шешуге болатындай етіп айтылған яғни жазылған, саны ақырлы, әмірлер тізбесін айтады.

Анықтамадан алгоритм ұғымының бастан анықтағыш белгілері айқындалады. Алгоритм ұғымы мынадай қасиеттермен сипатталады:

  • бастапқы берілімдері болады; атқарушы ұғынықты тілі болуы тиіс; әмірлердің бір-бірінен айқын ажыратылған қадамдарды берілуі шарт; соңғы әмір нәтижеге жеткізуі тиіс; алгоритмдік нұсқау-ереже бір ғана есепті емес, соған ортақтас есептер жинамының (класының) баршасына жарамды болуы керек.

Қолданыстағы әрбір даяр алгоритм орындаушыға ол ұға алатындай белгілі бір алгоритмдік тіл арқылы жеткізіледі. Компьютердің алгоритмдік тілі «машиналық бағарлама» боп табылады. Алгоритм орындау қызметін адам атқарған жағдайда алгоритмдік тіл сөйлеу тіліміздің сөздері бола алады. Мұнда тарихи тәжірибеден немесе оқытуда қалыптасқан: есептеу ережесі, салу ережесі, ойқорту ережесі және дәлелдеу ережесі т. с. с. математикалық, логикалық, пайымдық ойлау қағидалары мен ережелерінің баршысы алгоритмдік нұсқаулар, үлгілер қатарына жатады.

Адам - атқарушыға арналған алгоритмдік тіл тобына логикалық, математикалық, физикалық, т. б ғылыми және оқыту пәндерінің формулаларын кестелерін, сызбаларын, т. с. с белгілемелік (символикалық) құрлымдардың бәрін қосып қарауға болады.

1. 2 Тарихи таныстырма

Тәжірибе жүзінде күнделікті өмірде әртүрлі есептер қолданылады, оларды түсіндіру үшін алгоритмді эмперикалық дейді. Ғылымда оның пайда болуы. Теория жүзінде анықталған әртүрлі құжаттар арқылы анықталынған. Осылайша химиялық, заңдары кезінде әр түрлі жүйелердің процестерінен біріктіріп алгоритмді қалыптастырған.

Орта Азия мен Қазақстанға ежелден ортақ және еншілес болып келетін Хорезм атты аумақты да құнарлы елді - мекен бары арғы тарихтан аян шындық. Сондай-ақ, әлеми тарих Хорезм өңірінде өмірге келіп, сонда ер жеткен Мұхаммед ибан Мұса әл - Хорезми (783 - 850) яғни хорезмдік Мұхаммед Мұса - ұлы деген есімді, аса талантты әрі даңқты математик ғалым болғанын растайды. Мұхаммед Мұса - ұлы өзінің «Үнді есептемелері туралы» деп аталатын ғылыми еңбегінде сандардың ондық цифр белгілемелері және сандардың ондық санау жүйесінде өрнектеудің әрі оларға математикалық амалдар қолданудың есеп-ережелері туралы жүйелі деректер мен мысалдар келтіреді Орта ғасырлық ғалым өзінің айтпақ ойын және әрбір есеп - ережесін «әлхорезми айтқан» деген лепті сөзбен бастап отырады Батыс Еуропа математиктеріне Мұхаммед әл - Хорезмидің еңбектері XII ғасырда ғана белгілі бола бастаған. Оның шығармасындағы ереже - есептердің Еуропа халықтарының тіліне тәржімелеген кезде «Әлхорезми айтқан» деген тіркес аудармашы тілінің ауанына қарай «Алгоритм айтқан» немесе «Алгорифм айтқан» боп дыбыстық өзгеріске түскен. Осыдан барып, қазіргі «алгоритм» деген ұғыми атаушы сөз (термин) өмірге келген.

Сөйтіп, «Алгоритм» деген айтулы ұғыми сөздің төркін жұрты-орта ғасырлық Хорезм елі, ол оның түп атасы - Хорезм елінің тумасы Мұхаммед Мұса - ұлы атты математик болғанына көз жеткізді. Осылайша пайда болған. Алгоритмді ықшамдау үшін әртүрлі қабілеттіліктер қолданылады.

Қазіргі кезде электронды машиналармен есептеуде бағдарламалаудың даму сатысына оның қосатын үлесі зор екендігі айқындалып отыр.

1. 3 Алгоритмдеу және оның қасиеттері

«Көрсетілген мақсатқа жетуге немесе қойылған мәселені шешуге бағытталған әрекеттер тізбегін іске асыруда атқарушыға түсінікті және нақты жарлық алгоритм деп түсініледі» - деген тұжырым жазылған.

Математикалық тұрғыдан алғанда бұның алгоритмнің анықтамасы еместігін, бірақ алгоритм ұғымының мәнін ашатын жеткілікті сипаттамасы екенін білу керек.

Алгоритмнің негізі қасиеттері оқулықта айқын айтылмағандықтан, көмек ретінде алгоритм ұғымы және алгоритм қасиеттері туралы қысқаша мағлұмат.

Есептеу - әрекеттер тізбегінен тұратын көп қадамды процесс. Есептеуге кіріспес бұрын есептерді шығару тәсілін тағайындау керек, яғни есепті шығару үшін әрбір әрекет қандай ретпен орындалатынын белгілеу қажет. Іздеп отырған нәтижені алу мақсатында мәліметтермен атқарылатын әрекеттердің орындалу ретін анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз.

Алгоритм - математика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі. Әрқайсымыз күнделікті тұрмыста алгоритмдерді кең түрде қолданамыз. Мысалы: сандарды қосу-қосу алгоритмі деп аталатын қосу ережесі бойынша орындалады. Бізге квадрат теңдеудің түбірлерін табу алгоритмі, ауданды есептеу алгоритмі т. б. белгілі. Сонымен алгоритм - есептерді шығару тәсілі, яғни есептерді шығару тәсілдерінің математикалық көрінісі.

Алгоритм ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері туралы қысқаша мағұлматтар келтірейік.

Біріншіден алгоритм үздік (дискіретті) информациялармен атқарылатын әрекеттерді тағайындау және өрнектеу үлгісі, олай болса, алгоритмге тиісті әрекеттер де үздікті. Ал символмен берілген текстер мен сандар алгоритм жұмысына қажетті «материалдар».

Екіншіден , алгоритм - еркіндікке жол бермейтін нақты жарлық. Алгоритмде не істеу керектігінің барлығы алдын ала анықталып көрсетіледі. Есеп шығару алгоритм үлгісінде берілсе, онда оны атқару процесінде ойланудың қажеті жоқ, алгоритмде не көрсетілсе, тек соны атқару керек. Алгоритмнің бұл - қасиеті - анықталғандығы ешқандай ақыл-ойы қабілеті жоқ құрылғылардың көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік береді. Осындай құрылғыға қазіргі заманғы ЭВМ-дер жатады. Алгоритмді құрғанда біздің жарлықтарымыздың формальды орындалатынын естен шығармау керек. Алгоритмде есеп шығару процесіне керектінің бәрі бір жақты анықталуы және атқарушыға түсінікті, әрі нақты болуы тиіс.

Үшіншіден, алгоритмнің жалпылығы - көпшілгі бірдейлік қасиеті, яғни бастапқы мәліметтер мәнінің жиынына арналған есептерді шығару мүмкіндігі, басқаша айтқанда, бір алгоритмді әлденеше есептің табу үшін қолдану кепілдігі.

Төртіншіден, алгоритмнің нәтижелігі - қадамдардың (әрекетердің) шектелген санынан кейін (белгілі уақыт ішінде) қажетті қортынды алу мүмкіншілігі. Әр бір алгоритм біршама бастапқы мәлметтердің болуын талап етеді және белгілі бір іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар (сандар) жатады да, ал нәтижесі қосынды болады (ол да сан) .

Бұдан әрбір алгоритм бастапқы мәлметтерді пайдаланып, іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегін көрсетуші ереже деген пікір туады. Мұндай әрекеттер тізбегінің орындалуы - алгоритмдік процесс, әрбір әрекет оның қадамы, әрбір жарлық (нұсқау) алгоритм командалардың жиынтығы атқарушының командалар жүйесі деп аталады.

Сонымен алгоритм ғылыми жаңалықтарды баяндау - өрнектеу үлгісі, зерттелген проблеманы шешу негізінде орындалатын әрекеттерге басшылық, ой еңбегін үнемдеуге мүмкіндік беретін әдіс, есеп шешімін табуды автоматтандыруға қажетті іс-әрекет жаңа проблеманы зерттеу мен оны шешу кезінде қолданылатын тәсіл, күрделі процестерді өрнектеу және математикалық дәлелдеу құралы бола алады. Мұдай көріністі орындаушылар қатарында адамдар да, техникалық құралдар да автоматтар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін. Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталға түсінікті де дәл көріністі алгоритм деп аталады.

Алгоритмді орындау екі кезеңнен тұрады:

1) алгоритм құру;

2) алгоритмді орындау.

Бірінші кезеңен - шығармашылық, қойылған мәселеден, алгоритмді құру тәсілдерінен хабардар адаммен орындалуы мүмкін.

Екінші кезең - орындау - алгоритм командаларын тек формальды, ұғынбай-ақ орындау қабілетін талап етеді.

Егер алгоритмдердің жасалу құрылымын қарасақ, олардың үш негізгі түрін атап көрсетуге болады: сызықтық, тармақталған, цикілдік.

Егер орындаушы командалары бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықты деп аталады. Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, алгоритм тармақталған болып саналады. Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп саналады. Іс жүзінде алгоритмдердің көбінде үш құрылым да болады.

Компьютер, біз білетіндей, сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық деректерді өңдей алады. Бағдарламалау тілінің командаларымен өңделетін деректер шамалар деп аталады. Шамалар садық (бүтін, заттық), символдық және логикалық болады.

Шама атымен, түрімен (типімен) және мағынасымен сипатталады. Мысалы, 25, 1. 0134, «Мен информатиканы үйренемін» деректеріне ат бере аламыз: 25-ті N деп белгілейік, 1. 0132-ні В2 деп, ”Мен информатиканы үйренемінге ” С деген ат меншіктейік. Осы жерде N-нің мағынасы бүтін сан екенін, В2-нің мағынасы заттық, С-тің мағынасы мәтіндік немесе бедербелгілік екенін атап өтейік. Деректерді компьютер жадында сақтау және кейінгі алар орын бір мағыналы анықтаумен байланысты, шамаларға немесе деректерге жіберудің басқа да мәні бар.

Деректерді өңдеу алгоритмдерінде қолданылаты сөздер - “деректер”, “деректер тізімі”, “шамалар”, “шамалар тізімі”, “айнымалылар”, “айнымалылар тізімі”, “параметрлер”, “параметрлер тізімі” - бұлар өзінің мағыналары жағынан бірдей.

1. 4 Алгоритмдер көрсетімінің әдістері

Алгоритмдер сипаттамасының, көрсетімінің әдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл, графикалық тіл, алгоритмдік тіл және бағдарламалау тілі. Көрсетімнің әр түрлі алгоритмдерді сипаттаудың өз орындаушысына бағыттаған өзіндік құралдары бар:

−табиғи тіл (орындаушы-адам) - орыс, қазақ, ағылшын сөздері.

−графикалық тіл (орындаушы - адам) - әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок - схемалар) .

−алгоритмдік тіл (орындаушы - адам) - әрекет немесе орындаушыға арналған командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері.

−бағдарламалау тілі (орындаушы - компьютер) - бағдарламалау тілінің командалары.

Блок - схемалар түріндегі алгоритмдер көрсетімі.

Алгоритмдердің құрылымын, құру әдістерін үйрену үш көрсетімде бірден жүреді: блок - схемалар түрінде, алгоритмдік тілде, бағдарламалау тілінде. Көрсетім әдістерінің әрқайсының алгоритмдерін сипаттайтын құралдардың элементтері қажеттігіне қарай еңгізіліп отырады.

Алгоритм көрсетімінің ең көрнекі әдісі болып блок - схемалар түріндегі графикалық көрсетім саналады. Алгоритм бұл жерде блоктар бір ізділігі түрінде бейнеленді. Олардың ішіне орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан.

Блоктардағы сызықтар блоктар арасындағы байланыс функцияларын орындайды. Байланыс сызықтарының бағыттары, егер олар жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай бағытталған болса, үшкір сызықшамен (стрелкамен) белгіленбеуі мүмкін.

Кесте 1 Негізгі блоктар мен олардың кескіндері

Блоктар кескіндемесі
Блоктар қызметі
Блоктар кескіндемесі:
Блоктар қызметі: алгоритм басы
Блоктар кескіндемесі:
Блоктар қызметі: алгоритм соңы
Блоктар кескіндемесі:
Блоктар қызметі: есептеуіш әрекет
Блоктар кескіндемесі:
Блоктар қызметі: деректер еңгізу, шығару
Блоктар кескіндемесі:
Блоктар қызметі: шартты тексеру
Блоктар кескіндемесі:
Блоктар қызметі: циклдің басы
Блоктар кескіндемесі:
Блоктар қызметі: көмекші алгоритмді шақыру

Блок - схема түрінде сипатталған алгоритм әрекеттер бірізділігі көрнекті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.

Сызықтық құрылым алгоритмнің блок - схемасы мынадай түрде болады:

X1, Y1, X2, Y2, X3, Y3 сүйір ұштары координаттарымен берілген Н биіктігін, М медианасын, S ұшбұрыш ауданын анықтайтын алгоритм құру мысалын қарайық:

Есепті шешу үшін формулаларды пайдаланамыз:

мұндағы А, В, С-үшбұрыштың тараптары мына формулалармен айқындалады.

ал жартылай периметр .

Іздеудегі шамалар табу алгоритмі блок - схемалар түрінде мынандай болады (сурет 2) :

Сурет 2 Іздеудегі шамалар табу алгоритмінің блок-схемасы

Алгоритмнің құрамды бөліктері дараланып және олардың әрекеттері анықталғаннан кейін осы алгоритмді жазудың нақты үлгі - тәсілін, яғни тілін білу керек. Егер алгоритмді атқару адамға арналған болса, бағдарламалау тілінде жазылған деп есептелінеді.

Алгоритмдік тілді пайдалану алгоритмді құрушының өзіне ғана түсінікті командалардың қандай тәртіппен неше рет қолданынатынын белгілеп, дәлме-дәл жазылуына мүмкіндік береді.

Бағдарламалау тілі өте көп. Маман бағдарламалаушылардың өзі де олардың өте аз бөлігін ғана біледі. Бағдарламалау тілінде жазылған алгоритмді ЭBМ - де атқару үшін берілген алгоритм тексін машиналық кодпен, яғни тікелей машинаға түсінікті командалармен жазылған басқа бағдарламаға айналдыратын транслятор деп аталған арнайы программа қажет.

Алгоритмді басқаша жариялау үшін бағдарламалау тілі өте қолайсыз болғандықтан, алгоритмдік тіл пайдаланылады. Оқу құралы, негізінен, алгоритмді құру принципін игерту мақсатында жазылған. Себебі, келешекте оқушылардың бәрі маман програмалаушы болуы тиіс деген мақсат қойылады.

Сондықтан алгоритмдік тілді оқып - үйрену үшін ол жеңіл болуы керек. Алгоритмдік тілді оқытып үйретуде негізгі екі міндет орындалады. Біріншіден, алгоритмді қолдану курста қарастырылған барлық алгоритмдерді бір үлгіге түсіріп, бірыңғай қалыпқа келтіреді және алгоритмизациялау мәнін түсіну үшін маңызы бар алгоритм қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастырады.

Екіншіден, алгоритмдік тілді оқып - үйрену программалау тілін оқып-үйренудің бастамасы. Алгоритмдік тіл құрлымын және оның ережелерін пайдаланудың қарапайымдылығы осы тілді бағдарламалау элементтерін оқытып үйретудің бастапқы кезеңінде қолдануға ойдағыдай мүмкіндік береді. Оның негізгі құрлымы мен ережесі көптеген бағдарламалау тілдерінің негізіне жатады.

Сондықтан алгоритмдік тілді білу - келешекте бағдарламалау тілін тез менгеріп, пайдалануға тиімді қадам. Алгоритмдік тілдің табиғи тілге жуықтығы осы тілдің ережелері тез қабылдап менгеруге және болашаққа оқып - үйренілетін алгоритмнің маңызына назар аударуға мүмкіндік береді.

Алгоритмнің үлкен бөлімін бір команда ретінде жазу және қабылдау мүмкіншілігі алгоритмдік тілде жазу бейімділігін арттырады.

Көптеген мектептерде әлі де ЭВМ жоқ кезде алгоритмді жазуда алгоритмдік тіл ең қолайлы бола алады.

1. 5 Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі

Бағдарламашы бір машинаның тілінде бағдарлама құру үшін көптеген дайындық жұмыстарынан кейін, әрбір жай қарапайым операцияның қалай орындалатынан бастап, күрделі операцияларға дейін кең түрде жеке-жеке жазып шығу керек. Бұл жұмыс өте күрделі, көп уақыт керек және қиын да, ауыр.

Бүгінгі кезде бұл жұмыстардың барлығы автоматтандырылған.

Бағдарламалаудың автоматтандыру, яғни бағдарламаны алгоритмдік тілде құру есеп шығаруды көп жеңілдетті, бағдарламашының жұмысы мағыналы, мәнді тез орындала бастады.

Қазіргі кезде негізінде бағдарламалаушылар машинада бағдарлама құру жұмысын тек алгоримтдік тілдерде жүргізеді. Алгоритм тілінде құрылған бағдарламаны машина тіліне көшіру керек, яғни мұндай көшіру жұмысы “трансляция” деп аталады. Ал машина тілінде құрылған бағдарлама, машина жадысына еңгізілгеннен кейін бірден есепті шығаруға дайын, яғни трансляция жасау керек емес.

Әмбебап машиналарда алгоритмдік тілді (машинаға байланысты емес) бағдарлама құру бағдарламалауды автоматтандырудың ең жоғары сатысы болып есептеледі. Алгоритмдік тілде программа, есептің математикалық тілде жазылған түрде өте ұқсас болады және программаны бұл тілде құру жеңіл.

Программаны алгоритмдік тілде машинаға еңгізгенде машинаның өзі оны жұмысшы программаға, яғни өз тіліне аударады. Бұл аудару жұмысы әртүрлі іс программалары (бақылайтын және программалайтын жүйелер) және СПБ (стандартты программалар блогы) арқылы жүргізіледі.

Осы аталған іс бағдарламалары “Транслятор” - деп аталады.

Алгоритмдік тілдерде кәдімгі математикалық символдар, байланыстар және арифметикалық әрекеттер қолданылады. Алгоритмдік тілде жазылған программа есептің математикалық текстісіне ұқсайды.

Қазіргі кезде дүние жүзінде мынадай алгоритмдік тілдер көп таралған: “Алгол”, “Фортран”, “Кобол”, “Алгэм”, “Ада”, “Алгэк”, “Симула”, “Симскрипт”, “Бейсик”, “Паскаль” және т. б. Бұл тілдердің әрқайсысы бірыңғай бір класс есептерін шығаруға арналған. Мысалы: “Алгол”, “Фортран” ғылыми - техникалық есептерін шығаруға программа құру үшін қажет, “Кобол”, “Алгэм” және “Алгэк” экономикалық есептер үшін, ал “Симула”, “Симскрипт” тілдері есепті моделдеуге қажет.

Жалпы программалау құруға қажетті тілдердің бір-бірімен байланысы 1 - схемада көрсетілген.

Осы суретте көрсетілгендей барлық іс жүзінде қолданатын программалау тілдерін әр түрлі ерекшеліктеріне қарай былай бөлге болады:

машинаға тәуелді; машинаға тәуелсіз. Машинаға тәуелді тілдердің өзі екі топқа бөлінеді.

машина (команда) тілі; машинаға бейімделген алгоритмдік тілдер. Кейінгі топтарға ассамблер тілі және макро тілдер (жеке машинаның өзінің автоматты программалау тілі) жатады. Бұл тілдерді, төменгі сатыдағы-тілдер деп атайды.

Машинаға тәуелсіз тілдер де екі топқа бөлінеді.

процедуралы бейімделген; проблемалы бейімделген. Процедуралы бейімделген тілдерге символдық информацияларды өңдеуде қолданатын тілдер “Лисп”, “Си”, “Епсилон” және әртүрлі есептер шығарғанда қолданатын әмбебап тілі жатады.

Қалған алгоритмдік тілдердің барлығын да проблемалы бейімделген топқа жатқызуға болады. Бұл тілдерді программалаудың ең жоғарғы сатыдағы тілдері деп атайды.

Дүние жүзінде 500 - ден астам әр түрлі программа құруға қажетті тілдерді кездестіруге болады, бірақ осы тілдердің ішінде тек 10 - шақтысы ғана барлық ЭЕМ - дерге программ құрудың ең негізгісі болып саналады. Программалау тілдерінің бір - бірімен байланысу схемасы

Сурет 1 Программалау тілдерінің бір - бірімен байланысу схемасы

Қазіргі кезде ең көп тараған негізгі программалау тілдеріне қысқаша тоқталып өтейік.

Ада - 1980 ж шықты жүйелік және іс жүзінде программа жасауға болатын әмбебап тіл. Тарихтағы бірінші программашы ағылшын ақыны Лорд Бойронның қызы Ада Лавлейс есімін есте сақтау үшін аталған.

Алгол - ағылшын әмбебап программалу тілдерінің бірі. Қазіргі кезде оның бірнеше: Алгол - 60, 68, 80 және басқа да түрлері дүние жүзінде көп қолданылады.

Ассемблер - машинаға бейімделген программалау тілі. Мұнда әр команда бойынша операциялық бөлімде операция символдары жазлады да, ал адрес бөлімдерінде - айнымалы шамалардың аттары жазылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритм және алгоритмдеу түсініктері
Алгоритмнің құрылымдық негіздері мен қолдану тәсілдері
Информатика пәнінің сұрақтары
Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде
Алгоритмдер және деректер структурасы
Алгоритм түрлері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
«Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын математикалық білім сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері»
Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz