Білм беруде ойын технологиясын қолдану
Кіріспе
І тарау. Бастауыш біілм беруде ойын технологиясын қолданудың теориялық мәселелері.
1.1.Ойын. бала әрекетінің негізгі түрі
1.2.Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
ІІ тарау. Бастауыш білім беруде ойын технологиясын қолданудың әдістері.
2.1.Сабақта ойын технологиясын тиімді пайдалану туралы
2.2. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану әдіс.тәсілдері.
2.3. Интерактивтік оқу технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»,-деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, «Ойын-баланың рухани дамуының негізі»,-деп, Л.С. Выготский,Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Ойын балалар үшін күделі әрекет бола алады. Балаларбілімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді», деп атап көрсетілген.
Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты-қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады.
Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында «Заттың атаулары» деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды.

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3. Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет
4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б
5. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.
6. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық
технология көзі. Алматы // 2001. -75б.
7. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.
8. Халық ойындары.
9. Ж.Мизамхан. Халық ойындары. Өлгий – 1982ж.
10. Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы
2010ж.
11. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, 2008 ж. № 7.
12.А.Қайырбекова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі – 2005ж.
13.«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
14.«Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Құлжанова.
15.«Ойын технологиясының ерекшіліктері»М. Жұмабаев.
16.«Ойын баланың рухани дамынуының негізі» Выготский
17. Құзіреттілік және ойын технологиясы. С. Буланова
18. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, 2000.
19. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. Солтүстік Қазақстан газеті, 2004.-29.10
20. Әбілқасымова Ә. Мектеп реформасы: 12 жылдық білім беруге көшу
қажет пе?//12 жылдық білім,-2004.№1. - 80 бет
21. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты. –Астана,2006.
22. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
23. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
24. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
25. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.

Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе,-деп М. Жұмабаев атап көрсетсе,
Ойын-баланың рухани дамуының негізі,-деп, Л.С. Выготский,Д.Б. Эльконин өз
еңбектерінде атап көрсеткен.
Ойын балалар үшін күделі әрекет бола алады. Балаларбілімді ойын
арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы
білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады.
Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай
ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың
ойын технологиясына үлкен мән берілген. Пәндік, пәнаралық сипаттағы
дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға,
жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін
үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік
ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік
жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді, деп
атап көрсетілген.
Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік
әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-
қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін
іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда
сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – Керекті сөзді
тауып айт. Ойынның мақсаты-қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру,
оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді
атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады.
Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту
сабағында Заттың атаулары деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер
айтады және сұрақтар қояды.
Жауаптарды жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда Кім тез,
шапшаң ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға
болады.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін
грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын
оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол
мүмкіндік береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады,
ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл
ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады.
І тарау. Бастауыш біілм беруде ойын технологиясын қолданудың теориялық
мәселелері.
1.1.Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,
оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-
тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала
тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны
сөзсіз
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда
негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы
үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір
құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты
тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы
мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың
өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі
қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-
рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар,
ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Мектептің ішіндегі тәрбие жұмыстары екі бағытта жүргізіледі
1. Оқыта отырып тәрбиелеу- ол сабақ.
2. Мектептегі тәрбие жұмыстары, сағаттары
Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан
белгілі болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци
ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен
ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да
әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет
сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:
➢ Қисынды ой-қабілеті дамиды;
➢ Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
➢ Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
➢ Зейіні қалыптасады;
➢ Байқампаздығы артады;
➢ Өзара сыйластыққа үйретеді;
➢ Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
➢ Бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
➢ Сабаққа қызығушылығы артады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық
ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг,
күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н.
Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-
баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің
талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала
ойында ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті
жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артатынын атап көрсеткен.
Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып
қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау
сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық
жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото,
грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: Кім тез,
Қуаласпақ, Құсбегі, Кедергіден өту, Кім болам?, Асауды ұстау,
Аударыспақ, Вагондарды құрау, Қай әріп жоғалды, Лоторея ұту,
Жасырынбақ, Атын айт, Түсін таны т.б. ойындар
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.
Синтаксистік касса ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі
(адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады.
Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
Сөйлем қуаласпақ ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер
көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-
толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).
Кедергіден өту ойыны. Интерактивті тақтадан кедергілер
көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар
топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ
жеңіске жетеді.
Вагон құрау ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1
вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен
тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске
жетеді.
Атын айт ойыны. Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше
суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді белгісі арқылы топтан
себебін түсіндіреді.
Сабақтан тыс уақытта қимыл-әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. Туған
күні, Ақ терек, көк терек, Ақ тоқаш, Айға ұшу, Кім болам? сияқты
ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ
жаттайды, мысалы:
Бүгін Анардың туған күніне
Ақ тоқаш пісірдік
Үлкендігі мынадай
Кішкентайлығы осындай
Ақ тоқаш-ау, ақ тоқаш
Біреуді сайлап, өзің қаш.
Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және оқушы құзыреттіліктерін
дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылар алдына
түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар ойнай отырып, сол туындаған
проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім
тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: Біздің үйіміз ойыны. Топ өздері
тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы
үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен
байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.
Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға
бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің
мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне
мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге
асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық,
коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы
болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде
көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы:
Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін
дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін
білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында
жиі қолданады.
Оқушылардың ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамыту. Ойын
дегеніміз ұшқын, білуге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойын –
ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты
дамуы да жоқ. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін,
танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде
пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге
асырылып, сабақ кездерінде нұсқан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып,
астарласып жатуы тиіс. Ойынға басшылық жасау дегеніміз – олардың
ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың
ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете түседі. Оқушының тез ойлау қабілетімен өз
ойын жеткізе білу қабілеті дамиды.
1.2.Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Кез келген ұстаздың басты мақсат- міндеті – оқушыларға сапалы білім
беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал
бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни
ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ.
Ойын- дегеніміз не?
Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын
құралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де
ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен,
қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана
білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар
берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын
тап,Сиқырлы қоржын,Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Ал математика оқулығының басты ерекшелігі оқу мен тәрбие ерекшелігі
жақсы, шебер ұйымдастырған.Математика сабағында баланың логикалық ойлауында
дамытатын ойындар Құрастыру, Бөлігін тап, Көршісін тап, Өрнекті
шеш, Ойлан тап ойындарын ойнауға болады.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды
қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде
елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін.Сюжетті-
рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің
сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып
табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы
әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының
әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмір -лерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге
ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас
ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде оиындарды көп қолданамын.
Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар
табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функйиялары толық дамыған болуы
керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың
сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың
тілін дамытудаойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та
байытуға балады. Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуы
ршақты киіндіреміз, Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген
секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін
сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл
дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін
ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон
ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап,
баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып
табылады.
Қимыл ойындары- балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру,
секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға
мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал
етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның
барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым- қатынасын, баланың мінез- құлқын
білгілейді Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен
немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының
құрамына енеді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын
балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын
өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде
өтеді.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу
құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар
көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын
ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді
ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың,
ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға
ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар
ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-
әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді
ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір
жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
ІІ тарау. Бастауыш білім беруде ойын технологиясын қолданудың әдістері.
2.1.Сабақта ойын технологиясын тиімді пайдалану туралы
Ойын технологиясын оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушының білім, білік
дағдысын, белсенділігін арттыру.
– ойын технологиясын қолдану арқылы оқушының тілге деген
қызығушылығын дамытып қалыптастыру.
- ұлттық ойын элементтерін қолдану арқылы салт-дәстүрді білуге,
сүюге тәрбиелеу.
– ойын технологиясының тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау.
– ойын кезінде оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ барысында ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, оқушының пәнге
деген қызығушылығының артатынына, сөздік қорының молайғанына көз жеткізе
аламыз.
Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі
болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір
сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі
белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи
құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский
ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда
практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық
ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан
Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.
Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін аяқтауға, төзімділікке,
ұстамдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін
басқа да келесі түрдегідей тапсырмалар беруге болады. Мұндай тапсырмалар
оқушы бойындағы қызығушылықтарды оятады және жауапкершілікке баулиды.
Жауапкершілікті сезіне отырып оқушының ізденімпаздылығы, шығармашылығы
дамиды.
Математика негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процесі әр
оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді
біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылар
әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырма дұрыс ұйымдастырылса,
оқушылардың сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге
көмектеседі. Берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары,
есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың жұмыс
дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу
оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар
жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады.
Тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға,
негізгіні ажырата білуге үйретеді.
Математика пәнін күнделікті өмірмен байланыстырып, күнделікті
кездесетін кейбір білімдерін дамытып, пайдалана білуге келесі түрдегі
сапалық тапсырмалар пайдалы.
2.2. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану әдіс-тәсілдері.
Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен
қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай
жағдайларды ескеруі қажет.
Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете
түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау
Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық
талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.
Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім
деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге
деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын
орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру
оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады.
Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп,
сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту
мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып,
оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген
қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық
шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас
баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік
қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы
сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын
оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін
қалыптастырады.
Олар :
Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;
Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;
Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.
Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным
түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап
көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол
ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты,
шарты балаларға түсіндіріледі.
Ойындарды төмендегі мақсатта пайдалануға болады.
Араларға көмек ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың байланыстырып сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру. Ойынның шарты : тақтаға араның ұясындағы балға
келе жатқан аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге
күзетші ара басқа араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа байланысты
грамматикалық тапсырмалар беріледі.
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау.
Көптік жалғауын дұрыс жалғау.
Септік жалғауларын табу.
Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты оқушылардың
сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті қарым-қатынаста
дұрыс қолдануға үйрету. Барлық сыныптарда Жыл мезгілдері деген модуль
бар.
Ойын Кім тез? ай аттарын дұрыс жаз.
1. ңақарт
2. пақна
3.уарзын
4. рымма
5. мысума
6. рқүқыйке
7. арқаша
8. зақан
9.лежсантоқ
10.мазыт
11.деліш
12.суірә
Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге болады. Бұл ойын оқушылардың
буынға дұрыс бөліп оқу дағдысын дамытады. Оқушылардың қызығып ойнайтын
ойыны Адасқан айлар.
Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет
болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып
салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу,
қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін
есінде қалай сақтағанын бағалайды. Сымсыз телефон ойыны. Лексикалық
бақылауды ауызша жүргізілгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы : Қалада.
Қаладағы мәдени орындар. Оқушы телефон тұтқасын алады да сөзді айтады.
Біздің қала – аудармасын 2 – ші оқушы. Ары қарай жалғаса береді. Сөздік
диктант үнемі жүрсе баланы жалықтырады, сондықтан бұл ойынды оқушылар
қызыға ойнайды. Осы ойын арқылы шағын диалогты ойнатуға болады.
Бұл ойын оқушыны дұрыс мәдениетті сөйлеуге үйретеді, сөздік қорын
бағалауға мүмкіндік береді. Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нәтиже
сабақта Қоржынды кім тез шешеді? деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса
(немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр қоржында аударма жұмысы, сөз
тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп
оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10
минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай
деңгейде меңгергенін тексере алады.
Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Асықты
Сен айт, Мәтінді жалғастыр ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар
асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға
дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім
сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дәстүрді сүюге
тәрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы
дағдыланады.
Мысалы : жануарлар атауларын жақсы естерінде сақтап қалулары үшін
мынандай ойын түрін жүргіземін Адасқан малдар ойыны.
Төрт түлік малдың суреттері тақтада ілулі тұрады және суреттердің
қасында жануарлардың өз балалары сүреттелмеген. Сонымен балалар төрт
түлік малдың қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып
жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын
қалыптастырады. Сабақтарда қолданатын ойын элементтері оқушылардың
белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін
практикада қолдануға үйретеді. Кез келген ойын элементі сабақта екі түрлі
мақсатқа бағытталады. Оның біріншісі – оқушының сабаққа қызығушылығын,
ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушыларды тапқырлыққа баулып,
зейініне, ойлау қабілетін арттыру.
Ойын элементтерін тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп
ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мақмұндау дағдылары қалыптаспаған
оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы
керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті
тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке
келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар
біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ
барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
- бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
- баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті
шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,
сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау
мақсатын көздейді.
Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен
әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің
белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі
технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін
іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар,
рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану
инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу
үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және
қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде
қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз
шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен
инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары
деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз
ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі
тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен
баяндау жүйелілігі қалыптасқан,өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ
етіп тәрбиелеу керек.
Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық
сана-сезімде, төл халкының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін
сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту үрдісіне енгізу
әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт.
Ж.Қоянбаев пен Р.Қоянбаев "Халық педагогикасының мақсаты бірнеше
ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты өмірге
дайындау, өнер-білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары
адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. ...Халық педагогикасының
негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, үйелмен тәжірибелер т.б."
жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды
тәрбиелеудегі рөліне айрықша тоқтала отырып "... халық өзінің тарихы мен
тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен
тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық,
адалдық, инабаттылық іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік,
үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына
екті" дейді.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында
шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен
қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің
жетілуіне негіз бола алады.
Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-
дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері
жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы
имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем
шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді. Баланың құлағына
жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек
мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес сонымен қатар үйдегі ата-аналардың
негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы сөзінде
жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: " Адам
ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,
дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де
есті болады". Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары
халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.
Қазак халқының өзіндік ерекшелігіне жас ұрпақты туылған кезінен бастап,
халықтық педагогика негіздерімен тәрбиелеуі жатады. Бесік жырынан бастап,
өскенге дейін бала тәрбиелік маңызы жоғары өсиет сөздер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz