Сопылық жайынан


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Сопылық жайынан . . .

". . Рабыта мен зікір салу кезінде таңқаларлық халдер пайда болады; жасырын нәрселер ортаға шығады; көрінбейтіндер көрінеді; адам өзінің ішкі байлығынан хабары бола бастайды. Адам - ұлы зат, оның ішінде әр нәрсе жазулы. Бірақ, ішіндегі байлықты оқуға, оның қараңғылығы мен перделері кедергі болады да тұрады"

Сопылық - исламның дәл өзі, негізі, шариғаттың ішкі жағы, толыққанды, жетілген мұсылман болудың жолы. Осы мағынада істелген, бастан кешірілген "хал" болып табылады. Ол әдебиет те емес, сөз де емес. Сопылықтың қайнарын, сопылардың халдерін, әдістерін, тәжірибелерін, дүниеге, адамға деген көзқарастарын "сопылық ілім" зерттейтін болса, іштің сыртқы жағы, сопылықтың сыртқы ілімі болып табылады. Сопылық ілімін білетіндердің көпшілігі оның дәмін біле бермейді, хабарсыз да болулары мүмкін. Бұған қарсы көп сопылар да "жолда" ілгері кеткенімен тура мағынада ғылымнан бейхабар. Олар теңізде жүріп теңіздің не екенін білмейтін балықтар сияқты. Бұлардың алғашқылары балдың 1 құрамын, оның қалай пайда болатындығын, пайдасын біле тұра "бал жемеген" адамдарға ұқсайды. Ал, екіншілері болса, балдың дәмін татқан, жеген, пайдаланғандар. Бірақ балдың не екендігінен, қалай пайда болғандығынан, қайдан келгендігінен бейхабар білімсіз қалғандар.

Сопылық халдерден сөз қозғаудағы мақсатымыз, осы "жолдың" талапкерлеріне көмектесу, жөн сілтеу болатын. Бұл жолға сенбейтіндер бәрі бос сөз деуі ықтимал. Кейбіреулеріне дұрыс жолды көрсетеді, ал кейбіреулердің адасуына себеп болады.

"Ертегі дегендер үшін ертегі, қадірін ұққанға таусылмас қазына. " . . . Ніл өзеті қыптылар үшін қан сияқты, Мұса пайғамбар үшін таза, мөлдір су болып көрінеді . . . "

Құран мен хадисте намаз сөзінің кездеспей, оның орнына "салат" сөзінің болуы сияқты исламның алғашқы дәуірлерінде де сопы (тасаууф) сөзі болмаған еді. Ұғымдардың жаңа сөздермен қолданылуы, жаңа мағыналарға ие болуы белгелі жай. Ол дәуірлерде сопылықты білдіретін "ихсам" сөзі болатын. Ихсанның не екенін Хз. Мұхаммет пайғамбар әйгілі Жәбірейл оқиғасында айықтап береді. Онда мұсылмандық үш сатыдан: бірінші - ислам, екінші - иман, үшінші - ихсаннан тұрады. Ихсахсанның нәтижесінде жоғалмайтын үздіксіз ықылас" пайда болады. Бұл дегенің өздігінен пайда болатын, жоғалмайтын адалдық, құлшылық халі. Бұл жолда ілгерілеген мұсылман тақлиди иманнан, тахқиқи иманға ұласады. Нақыл мен ақылға сүйенген иманнан, "кешиф пен мукашафадан" қуаттанған иманға көтеріледі де, иман жайындағы қорытылған пікірлер көбейіп, кеңейе бастайды.

Аспан әлемінің, күннің, айдың, жұлдыздардың бар екенін, оған қамқоршы адамдардан естіп, білген, туғаннан көзі көр адамның иманы мен дүниенің барлығын өз көзімен көрген, жорамалдаған адамның иманы арасындағы айырмашылық сияқты үлкен парық бар.

. . . Сопылық сапардың мақсаты - ықылас мақамына ұласу. Ол мақамға жету үшін субъективтік (іштегі) және объективтік (сыртқы) құдіреттерге сиынудан құтылу керек. Ықылас шариғаттың үш бөлігінің бірі білім, іс және ықылас. Тариқат пен ақиқат шариғаттың бір бөлігін құрайтын, ықыласты қолында ұстауға қабілетті, шариғаттың көмекшілері болып табылады.

Сопылықтың бастау алар бұлағы - Құран мен хадис. Пайғамбардың серіктері мен ғұламалардың, діннің ішкі сыртқы ілімдерін жетік білген білгірлер мен факихшылардың ледуни білімдері арқасында сопылық жолдың ауқымы кеңейді, тереңдеді.

Шариғаттың сыртқы мағынасына жорамал жасайтын факихшылардың әр түрлі жорамал, түсініктерінен әр түрлі ағымдардың ортаға шыққаны сияқты, сопылық ағымдардың метод, принциптерінің әр қилылығы да түрлі-түрлі тариқаттардың шығуына себеп болды.

Ағымдар да, тариқаттар да Хақ кемерінен (шариғат таразысынан), негізгі ақиқаттардан адаспау, айырылмау үшін бір-бірлеріне түсіністік,

сүйіспеншілікпен қараған. Олар бір-бірлерін еш уақытта қисық жолда, қателесті деп ойламаған. Олай болмаған жағдайда исламды түсінудің, ұғынудың нұқсандығы көрінген болар еді. Құбылаға (қағба) барудың мың сан жолы бар. Барлық жол оған апарады. Олай болса белгілі бір жолмен жүргендер басқалары жайында да дұрыс пікірде болулары керек дейміз. Ханафи, Шафиғи ағымындағыларға; Қадири, Нақышбанди "жолшыларына" Рафиги, Мәулеуилерге, бірі басқасына махаббатпен, құрметпен, түсінікпен қараулары керек. Және солай болды да. Хз. Пайғамбар үнемі "жоғарғы" әлеммен байланыста еді. Бұл байланыстың екі жолы бар; бірі - пайғамбарлық жолы, бұл пайғамбарлық жолмен "Құдайлық әлемнің" (есіктері) қақпалары ашылса, екіншісі әулиелік жолмен о әлемнен "хабар" алынды. Хз. Адамнан бері ашылған пайғамбарлық жол Хз. Мұхаммет Пайғамбарымызбен аяқталған еді . . . Міне, соидықтан

Хз. Мұхамметке "Пайғамбарлардың мөрі" дейді. "Бұдаң кейін қиамет күніне дейін пайғамбар келмейді. Ал әулиелік жол жабылған жоқ".

Сахаба - Хз. Пайғамбардың мәжілісінде болған, оның рухани тәрбиесін алған достары. Олар сопылықты басқаларға үйретті. Сахабалардың ішіндегі жолы үлкені Әбу Бәкір мен Әлидің жолдары әлі күнге дейін өмір сүріп келеді. Бұл күнде де осы екі өзеннен келген жолдардың пірлерінің, әулиелік жолы ашық тұр. Ол әлемнің қақпасын қаққандарға әр қашан есік ашық болады.

Бірақ, бұл рухани ұзақ жолшылықтың өзіне тән әдіс, техникасы бар. Бұл жолдардың қыр-сырын ежелден келе жатқан жол көрсетушілер, жөн сілтеушілер талапкерлерге үйретіп, көмектесумен келеді.

"Ең алдымен жігермен, көп аңсаумен ұмтылатын нәрсе - Аллаға қауыштыратын жолды табу. Адам дүниеқорлыққа салынып, тек қана бұл дүние қажеттіліктеріне көңіл белулерінен барып, кірленіп, тот басып, ең төменгі сатыға төмендейді. Алла тағала жан жақты жетілген, Ол әрқашан өте жоғарғы әлемде және бүкіл нұқсандық атаулыдан жырақта тұр. Одан бір нұрдың келуі үшін және келген нұрлардан мағрифатың алу үшін, "алушы мен беруші" арасында бір байланыс жақыңдығы болуы керек. Сондықтан бұл жолдың маңызын көре білетін бір жолбасшы керек-ақ. Бұл жол сілтеушінің "алушымен" де, "берушімен" де байланысы болуы шарт. "Алушы берушіге" жақындасқанда, жол көрсетуші - мүршид арадан шегіне бастайды. Талапкер мен матлуп (жоғарыдағы айтқан-беруші) толық байланысқан кезде муршид арадан жоқ болып, талапкерді "берушіге" дәлдалсыз қауыштырады.

Кейбіреулерге мағына, рухани әлемнен көмек келеді. Оларды, Пайғамбарды көрмесе де, одан үлес алған, "байс-ал каранидан, яғни, кинайе" мүшесі дейді.

Жол көрсетуші ұстазды мүршид дейді. Ол толыққанды, жан - жақты жетілген болуы керек.

Сопылықтың алғашқы қадамы михаббат, яғни, Аллаға қауышу жолының жолшыларып сүю, бірінші баспалдақ болып табылады. Бұларға "мүхиб"" дейміз. Бір мүршидтің қол астына, қадағалауына өз еркімен келіп, мойынсұнғандарды "мүрид""; олардың ең алғашқыларын "мүбтеди"; соңғысын "мүнтехи" дейді. "Болмыстың" барлық баспалдақтарынан өтіп, "құдайлық затқа" ұласқан және бастаған жеріне қайта оралған мүрид, жол көрсете алатын дәрежеге көтерілген мүршид мақамына ие болады.

Жолшылықты бітіргенімен рухани мақамдарында тұрақтап қалғандар, жол көрсетушілік, жөн сілтеушілік өте алмайды. Ондайларды "тажзиб" дейді.

Мүридтің мүршидінің руханиятынан тамызық алып, өз айранын ұйытуын сопылықта рабына деп атайды. Мүршидтің рухани күшінен мүридіне беруін тауажжух" дейді. Бір хадисте: " . . . Адам сүйгеиімен бірге . . . " делінген. "Кехф" сүресінің 28-ші аятында:

" . . . Жаратқан иелеріне күндіз-түні дүға еткен, Оған қауышуды армандағандармен бірге бол, сабыр ет! Олардан басқаларға көзіңді салма! . . . ", - деп бұйырылды.

Рабыта мен тауажжух мүридтің рухани әлеммен байланысын орнатқан алғашқы жылдамдық, әрекеттің ықпалында болады.

Сопылықтың жүзеге асуында ең негізгі нәрсе зікір болып табылады. Зікір Алланы еске алу деген сез. Зікір - Құдайлық барлық ішінде "истиғрақ" халін іздеу жолы болып табылады.

Құранда бірнеше аяттарда зікір бұйырылған: " . . . Алланы зікір ет, биіктет! " (Аикебут-45, ) " . . . Мені еске ал, сені еске алайын!" (Бақара-152) " . . . Ей, иман етушілер, Алланы жиі еске алыңдар!" (Ахзаб-41) " . . . Алланы жиі еске ал, құтыласың!" (Жұма-10) .

. . . Олар жатса, тұрса, отырса да . . . Алланы жиі еске алады" (Ал-и Имран-191) .

Рад сүресінің 30-шы аятында: " . . . Жүректер Алла мен зікір арқасында құмардан шығатынын біліңдер!" Жүректі итминанға қауыштырған бірден бір жол-Алланы зікір ету, еске алу болып табылады. Ақылмен ойлау, зерттеу арқылы жүрек итминанға қауышпайды.

Зікір өте ықпалды іс, қандай ниет болмасын пайдалы нәтижелер туады. Зікір айтқандардың орны жоғары екендігін білдірген бір хадистің соңы былай: " . . . (періштелер) Ей, Жаратқан Ием, ол зікір етушілердің қасындағы (пәленше) зікір салу үшін келмеген, дүние үшін жүр" - депті. Сонда Алла тағала: "Олар менің қонақтарым, Мен әрқашан Мені еске алушылармен біргемін. Ал олардыд қасында болғандар да зиян шекпейді (Сөзсіз олар да үлес алады) ", - дейді.

Зікір жүректе ашық (дауысты) та, жасырын да болуы мүмкін. Жалпы алыл қарасақ, Хз. Әбу Бәкір жолындағылардың хафи" (іштен), Хз. Әли

жолындағылардың жехри"" (ашық) зікір негіздері бар. Екеуі де Алла тарапынан қабыл етіледі. Зікір жеке де, көпшілікпен де орындала береді.

Диірменнің айналуы судың ағуы немесе желдің соғуына байланысты болса, адамдардың, айрықша тариқат жолшыларының Алла нұрынан несібе алулары да, біраз аурад және азкарға жалғастыруларына байланысты.

Кейбір жолдар да тәрбиені нәпсімен күрес методтарын жүзеге асырудан бастайды. Аз жеу, аз ұйықтау, адамдармен қатынасты азайту сияқты әрекеттер, нәпсінің қуатын азайтып, рухани күштерді жетілдіреді. Бұл жолдар исламдық өмір сүру формасының табиғатына сай әрекет етуді негізге алады. Рухани жетілумен бірге нәпсі де өздігінен биіктейді.

Рабыта мен зікірдің қайталану кезінде біраз таңқаларлық халдер пайда болады, жасырын нәрселер ашылады, көрінбейтіндер көрінеді, адам өзінің ішкі дүниесінің байлықтарынан хабар ала бастайды.

" . . . Адам - ұлы зат. Оның ішінде әртүрлі нәрселер жазулы. Бірақ, қараңғылықтар мен перделер оны оқуға кедергі жасайды. Енді қара, адам бұл қараңғылықтар мен перделерді алып тастаса нені білмес, нені үйренбес және өздігінен неше түрлі нәрселер пайда болмас". (Фихи ма фихи., Мәулана. ) Сопылық тәжірибелер кезінде туған халдердің біріне кешиф және мүшахада дейді. Хал ілімдері ашық ғылымдарға сәйкес емес делінген ұғым, жаңылыс ұғынудан ортаға шыққан көзқарастардан туындайды.

Сопылықтың рухани жолшылығында адамның іштей жасаған жолын сайри анфуси, сырттай жасаған жолын "сайри афақи дейді.

Анфус та, афак та жаратылған. Барлықтың бәрін бір Алла жаратқан. Жаратқан иемізге де, жаратылғандарға да "бар" дейміз. Дегенмен бұл екі "барлық" бір біріне тең емес. Бар сөздерінің аты бірдей болғанымен, заты басқа. Алланың барлығының қасында жаратылғандардың барлығы "жоқ" сияқты. Мен айнадағы кескініме бар деймін. Бірақ, менің барлығым мен оның барлығы бірдей емес. Маған салсаң, ол "жоқ" сияқты. Шындығында да, біздің барлықты суреттеуімізге қарағанда айнадағы сұлба жай ғана көрініс.

Бар нәрсенің "Барлығын" шексіз ерік, шексіз сана мен шексіз құдірет иесі Алла тағала жаратты.

Дүние бірте-бірте жаратылған. Бұйрықтар әлемі - нұрлар әлемі, бұл әлемде "барлық" біртіндеп пайда болған.

Адамнан тысқары әлем - "үлкен әлем", ал, адам - "кіші әлем" саналады. Адам жаратылғандардың ішіндегі ең құрметтісі. "Алла, . . . біз, адамзатты жоғары жараттық" (17-70), " . . . біз, жерді, көкті жоғары қылдық" деген жоқ (Фихи ма фихи., Мәулана) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопылық ар-ілімі туралы ұлы тұлғалардың ой-пікірлері
Зар заман ақындарындағы сопылық сарын
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде жайлы ақпарат
Әл-Муалим ас-Сани, Әбу Наср әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы тұлға
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев философиясындағы Алла мен адам арақатынасы
Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу
Алғашқы Абайтанушылар
Көне Түркі мәдениеті (VІ-ІХ ғғ.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz