Мектепке дейінгі мекемелердегі эстетикалық тәрбиенің әдістемесі мен ұйымдастыруы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мектепке дейінгі мекемелердегі, мекемелердің балаларға эстетикалық тәрбие берудегі әдістемесі

Эстетикалық тәрбиенің мәні.

Адам баласы қай кезде болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген. Түркі халқының ұлы ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұни: « Өнер керек жаһанды ұс- тап ұғуға, Гүр арыстан керек құлан қууға » деп өнерге ерекше мән берген.

Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілін, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Сондықтан да өнерді түсіну, одан ләззат алу үшін баланың бойындағы эстетикалық сезімін ояту шарт. Қазіргі балабақшаның алдына тұрған міндеттердің ең маңыздысы- балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие баланың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу баланың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезі-нуге мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбие, алдымен, үй іші мен отбасынан, екіншіден балабақшадан басталады.

Аса көрнекті ақын, данышпан ойшыл Жүсіп Баласағұни өзінің «Құтты білік» поэмасында адам өмірін эстетикалық тұрғыда көбірек зерттеуге тырысады. Адамзат баласына үнемі жақсылық жасау қажеттігі туралы түсіндіруге ұмтылады. Жас ұрпақты қолөнер мен сан-салалы білімге баулу - ата-ананың басты парызы дей отырып, рухани дүниені білім арқылы жетілдіру, сөз өнері, жақсы, жаман қасиеттері туралы даналық ойларын айтады.

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар» дей келе, дүниенің кілті - білімде деген үлкен ой тұжырым жасайды.

Көрнекті жазушы Л. Толстой өз шығармаларында өнерді эстетикалық тәр-бие мен руханилықтың құралы ретінде көрсете отырып « Өнер дегеніміз ойын емес. Бұл тек адамдардың өзара қарым-қатынасы, бұл қарым-қатынас оларды сол бір сезімдер арқылы байланыстырады» деп өз тұжырымдамасын берсе, К. Д. Ушинский «Ана тілі» мақаласында « Халықтың тілі- өте тамаша, өшпейтін, мәңгі жарқырайтын оның рухани өмірінің бояуы. Тіл арқылы бүкіл халық, отан рухтанады, онда халықтық ойдың рухы, оның ауасы, даласы шығармашыл күшке айналады. » дейді. Сонымен қатар ол да эстетикалық-рухани тәрбиенің ішінде өнерге үлкен зейін аударып, оны қоғам дамуымен тығыз байланыста қарастырады.

Балабақша балаларының рухани қорын, мәдени-эстетикалық деңгейін ке-ңейтуге халық ауыз әдебиеті үлгілері, музыка, музыкалық аспаптар мен қолөнер түрлері де көптеп әсер етеді. Бұл әсемдік тегін, сұлулық негізін табиғат жаратылысымен, адам мен табиғат, өнер құралдары арасындағы байланыспен сабақтастырылады. Туған жер табиғатын қадірлеу, туған тілді сүю, айналасындағы адамдарға мейірімділікпен қарау, өзін қоршаған орта сұлулығын сезіну, оны көзінің қарашығындай сақтау, эстетикалық тұрғыда қабылдау азаматтық борышы екендігін зердесіне құя білген бала ғана рухани әсемдікті ұғына біледі және осы сезіммен ер жетеді.

Қоғамдық өмір мен әлеуметтік-ғылыми прогресс талаптарын орындау барысында балаларды эстетикалық көзқарасы қалыптасқан, эстетикалық мәдениеті меңгерген саналы тұлға етіп тәрбиелеу үшін эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру формалары және тәсілдерін жаңаша жүргізу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелердегі музыкалық қызметті ұйымдастыру формалары және әдістемесі
Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі мен ұйымдастыруы
Дене шынықтыру пәнінің теориясы мен әдістемесі және мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі
Мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық білім мен тәрбие беру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың әдістемесі мен ұйымдастыруы
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: пәні, мақсаттары және балалардың жас ерекшеліктері
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
Оқу-тәрбие процесінде эстетикалық тәрбиенің теориясы мен әдістемесі
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдері мен баланы қалыптастырудағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz