«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

БІРІНШІ НАЗАРБАЕВ ОҚУЛАРЫНЫҢ БАСТАУЫ:

«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»

Жаңабала Мұхамметжан Әбутәліпұлы

Мамандығы: Құқықтану 2-курс

Факультеті: Заң

Кеше Назарбаев Университетінде Президенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсететін «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбына арналған «Бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық форумы басталды. Оған Австралия, Әзербайжан, Ұлыбритания, Германия, Венгрия, Италия, Испания, Қырғызстан, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ пен Франция, тағы да басқа 51 елдің белгілі ғалымдары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысуда.

Алдын ала келіп түскен мәліметтерге жүгінсек, жалпы, бұл форумға қатысуға өтініш білдіргендердің саны 1500-ден асып жығылады. Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтіп отырған форум аясындағы пікір алмасу алаңында дүние жүзі жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселелер, өзара ынтымақтастық пен бейбітшілік, ортақ құндылықтар туралы ойлар ортаға салынып, Қазақстанның қазіргі сыртқы бастамаларына қоса, заманауи мемлекеттің құрылысы, жаңа экономикалық модельдер, республиканың инновациялық дамуы сияқты бірқатар тақырыптар талқылануда. Сессияларда әлем елдерінің қоғамдық ұйымдарының танымал өкілдері мен ТМД және Еуропа елдерінің көрнекті ғалымдары баяндамалар жасады. Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтіп отырған шара сарапшылық және политологиялық талдау призмасы арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсетуге, сондай-ақ елдің мұнан кейінгі даму болашағын қарастыруға арналуымен ерекшеленеді.

Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсап, қол жеткен ең басты құндылық тәуелсіздік десек, ұлт мұратын барынша қадірлеп, әлемге паш ету ісі қашанда басты міндеттің бірі болып қала бермегі аян. «Назарбаев оқулары» жобасы халықаралық қауымдастықта ұстанымы берік Қазақстан, оның бүгінгі қалыпты экономикасы мен демократиялық тұрғыдағы дамуы туралы байламдарды тиянақтау, егемен еліміздің бүгінгі таңға дейінгі жетістіктерін, Ұлт көшбасшысының бұл бағыттағы стратегиялық іс-жоспарларын зерттеп-зерделеу болып табылады. Басқосуға келген мәртебелі меймандар әуелі Университет ішіне ерекше мазмұн берген «Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың ғылыми еңбектері мен стратегиялық жобалары» атты кітап көрмесімен танысып, «Нұрсұлтан Назарбаев: халықпен бірге және халық мүддесіне арналған өмір» деп аталатын фотокөрмені тамашалады. [1]

НАЗАРБАЕВ ОҚУЛАРЫ»

Бірінші Назарбаев оқуларына қатысуға 1500-ден астам өтініш берген. Әлемнің 51 елінен, атап айтқанда Италия, Ұлыбритания, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ, Франция елінің ғалымдар қатысты. Солардың ішінде Хорватияның экс-президенті Степан Месич, Қазақстан бойынша парламентаралық топтың төрағасы Лорд Джон Уэйверли, Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску және тағы басқа танымал тұлғалар сөз сөйлейді. Политологиялық талдау призмасы арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсетуге бағытталған форумды Мемлекеттік «Назарбаев орталығының» директоры Қанат Саудабаев ашты. «Қазақстандық даму жолы мен Нұрсұлтан . Назарбаевтың жасампаз қызметі әлемнің көптеген елдері үшін зерттеу нысаны болып табылады. Бұл аз уақыт ішінде бұрынғы кеңестік империяның ешкімге белгісіз бір бөлшегінен экономикасы қуатты, демократиялық дамыған мемлекет, әлемдік қоғамдастықта танымал әрі құрметті әріптеске айналған, өзінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана көшбасшылығымен қалыптасқан Қазақстандық феноменге әлемнің зор назар аударуы дәлел бола алады» деді.

- Бұл форумға әлемдік ой-жүйенің көрнекті өкілдерінің қатысуы тегін емес. Елбасы жетекшілігімен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық даму жолын бастады. Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы көшбастаушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Қазақстан әлемде өзінің саяси орнын айқындап алды. Елбасы халық жүрегінің тынысын басшылыққа алды. Бейбіт саясат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етті. Қазақстан халық Ассамблеясын құрды. Семей сынақ полигонын жапты. Жаһандық ядролық сынақсыз аймақ құру жөнінде ұсыныс берді. Әлем халқы Қазақстан басшысының ұлы бастамасына қолдау көрсетті. Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын дара саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің қатарына қосты. Қазақстан кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды. Еуропаның төріне шықты. Діни толеранттылыққа қол жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев халықтан шыққан, шынайы халық көсемі, ірі саяси тұлға.

-Назарбаев феномены Еуропа мен Азия секілді екі бөлек әлемнің түйіскен жерінде, батыс пен шығыс секілді екі басқа өркениеттің, тоталитарлық және демократиялық екі бөлек жүйенің түйіскен нүктесінде дүниеге келді. Мұндай ортада Қазақстан Президенті еуропалық реформаторлық, демократиялық құндылықтарды жақтаушы, көптеген ғасырларға негізделген азиялық дәстүрді әдемі әрі табысты синтездей алды.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орайлас-тырылып, 26-30 қараша аралығында Ақмола облысының барлық білім мекемелерінде «Назарбаев оқулары» өткізіледі. Соның бастауы ретінде кеше дарынды балалардың облыстық ғылыми-әдістемелік жұмыс орталығында «Елін сүйген Президент» атты облыстық тақпақшылар сайысы бас-талып кетті.

Ұйымдастырушылар алқасының айтуынша, жалпы, «Назарбаев оқуларына» қатысамын деп ниет білдірген оқушыларда сан жоқ. Бір ғана жоғарыдағы байқаудың өзіне облысымыздың 130 оқушысы қатысуға тілек білдірген. Балғын жүректерінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген жүрекжарды тырнақалды еңбектерін арнаған оқушы балалардың шығармалары бірінен-бірі өтеді. Елбасының кемеңгерлігін, елжандылығын жырлаған балғындар егеменді елімізді балауса жырларымен өрнектеуде. Сонымен қатар, Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы «Облыстық білім берудегі мониторинг, жаңа технологиялар, ақпараттандыру және оқу-әдіс-темелік жұмыс орталығының» ұйымдастыруымен «Назарбаев оқулары» үстіміздегі жылдың 29 қараша күні облысымыздағы барлық жалпы білім беретін ұйымдарында «Елбасы күні - елдікке құрмет мерекесі», «Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Тұңғыш Президент: 20 табысты жыл», «Тұңғыш Президент күні - тарихи маңызы зор мереке», «Болашақты болжаған кемел еңбек» атты тақырыпта өтеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Назарбаев оқулары» аясында «Қазақтың Тұңғыш Президенті» атты мектеп оқушылары арасында облыстық шығарма жазу са-йысы, жас суретшілер арасында «Қазағымның мақтанышы!» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, топ жарған «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Назарбаев оқуларында» оны Абай мен Вашингтонға теңеді. Әлемнің 51 елінен мейман келген бұл жиында «Назарбаевтың болмысын бір ғана форум аясында ашу мүмкін емес» дегендер де болды.

Қарашаның 29-ы күні Астанадағы Назарбаев университетінде «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген тақырыпта «Назарбаев оқулары» халықаралық форумы басталды. [2]

«ВАШИНГТОН МЕН НАЗАРБАЕВ»

Алғаш ұйымдастырылған форумға қатысуға 1 мың 500 өтініш түскен. Қазір форумға Италия, Ұлыбритания, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ, Франция секілді әлемнің 51 елінен келген ғалымдар қатысып отыр.

«Бірінші Назарбаев оқулары - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» форумына келген қонақтар. Астана, 29 қараша 2012 жыл. ​​

Екі күн өтетін жиында негізінен Қазақстан президентінің мемлекет басқарған жылдары ішкі және сыртқы саясат пен экономикада жеткен жетістіктері ғана әңгімеге арқау болмақ.

Форумды жүргізіп отырған «Назарбаев орталығының» директоры Қанат Саудабаев:

- Қазақстанның даму жолы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекет құрған стратегиясы, жасампаз еңбегі әлемдегі көптеген елдерде салмақты талдаулар мен терең зерттеулердің нысанасына айналды, - деді.

Бұдан соң сөз алған мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед «АҚШ үшін Джордж Вашингтон мен Томас Джефферсон қандай тұлға болса, Назарбаев та сондай деңгейдегі тұлға» деп мәлімдеді.

- Ешқандай көтермелеусіз-ақ Нұрсұлтан Назарбаев - барлық қазақстандықтар үшін елдің негізін салушы, - деді Құл-Мұхаммед.

«АБАЙ МЕН НАЗАРБАЕВ»

«Планетарлық деңгейдегі саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық деңгейдегі ұсыныстары қолдау тауып отырғанын» айтқан Қазақстанның білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Назарбаевты Абаймен теңестірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикасы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)
Индустриалды-инновациялық даму
Мәңгілік Ел - қазақ елінің жалпыұлттық идеялары
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының қәзіргі даму жағдайлары
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы Н. Назарбаевтің ролі
Мәдени жаһандану ұғымымен танысу
Экономикалық бірлестіктің халықаралық банкі
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz