Мінез бәсекесінің ерекшелігі



1 Жетілген және жетілмеген бәсекелестік
2 Негізгі нарықтардың мінезін беретін белгілері.
3 Нарық формаларын жіктеу
Әрбір фирманың мінез - құлқына ол қызмет атқарып отырған нарықтың сипаты мен типі әсер етеді. Нарықтың типі өнімнің түріне, ондағы фирманың санына, салаға ену және шығу кедергілерінің болуы немесе болмауына, жаңалықтарға және т.б. тәуелді болады.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы нарықта жүзеге асады. Нарықтық қатынастар жүйесінде сатушылар мен сатып алушылар көптеген бәсекелес нарықтарда игіліктермен еркін алмаса алады. Бәсекелесттік - қоғамның барлық экономикалық мәселелерін шешетін механизм болып табылады. Бұл өндірушілер мен сатып алушылар арасындагы кірістің жоғрғы көлемін алудағы бақталастығы.
Бәсекелестік жүзеге асатын жағдайды есепке ала отырып, экономистер нарықтың бірнеше құрылымын ерекшелейді, Нарықтың құрылым сатушылардың (сатып алушылардың) баға мен сату (сатып алу) мүмкіндіктері мен санын есепке алуды қарастырады. Сондықтан экономикалық теорияда нарықтық құрылымның төрт типін қарастырады: «жетілген бәсекелестік», «монополия», «монополистік бәсекелестік», «олигополия».

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
МІНЕЗ БӘСЕКЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Әрбір фирманың мінез - құлқына ол қызмет атқарып отырған нарықтың
сипаты мен типі әсер етеді. Нарықтың типі өнімнің түріне, ондағы фирманың
санына, салаға ену және шығу кедергілерінің болуы немесе болмауына,
жаңалықтарға және т.б. тәуелді болады.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы нарықта жүзеге асады. Нарықтық
қатынастар жүйесінде сатушылар мен сатып алушылар көптеген бәсекелес
нарықтарда игіліктермен еркін алмаса алады. Бәсекелесттік - қоғамның барлық
экономикалық мәселелерін шешетін механизм болып табылады. Бұл өндірушілер
мен сатып алушылар арасындагы кірістің жоғрғы көлемін алудағы бақталастығы.
Бәсекелестік жүзеге асатын жағдайды есепке ала отырып, экономистер
нарықтың бірнеше құрылымын ерекшелейді, Нарықтың құрылым сатушылардың
(сатып алушылардың) баға мен сату (сатып алу) мүмкіндіктері мен санын
есепке алуды қарастырады. Сондықтан экономикалық теорияда нарықтық
құрылымның төрт типін қарастырады: жетілген бәсекелестік, монополия,
монополистік бәсекелестік, олигополия.
Жетілген және жетілмеген бәсекелестік
Жетілген бәсекелестік, оның ерекше қасиеттері мен кемшіліктері.
Жетілген бәсекелестік бірдей тауарларды сатушылар мен сатып алушылар
көп болғанда пайда болады, сондықтан оның ешқайсысы да тауар бағасына әсер
ете алмайды.
Бұл жерде баға қызмет етуіне байланысты нарықтық заңға сәйкес сұраныс
пен ұсыныстың еркін ойын арқылы анықталады. Нарықтың осы түрін еркін
бәсекелестік нарығы деп атайды. Сатып алушылар мен сатушылардың көп
санының болуы олардың ешқайсына нарық туралы көп мәлімет алуына мүмкіндік
бермейді. Сатушы нарыққа келгенде қалыптапсқан баға деңгейімен кездеседі,
оны өзгерту қолынан келмейді, өйткені нарық бағаны әрбір уақыт кезеңіне өзі
анықтайды. Бұндай жағдайларда жаңа сатушыларға бұрынғы сатушылармен тең
жағдайда өнім өндіруге мүмкіндік беріледі. Екінші жағынан сатушылар еркін
түрде нарыққа ене алады. Нарықтық орналасу еркіндігі нарықтағы
өндірушілердің санының үнемі өзгеруіне жағдай жасайды. Сол уақытта да
қалған өндірушілерде нарықты бақылауға мүмкіндік болмайды, өйткені олар
ұсақ өндірісті көрсетеді және олар өте көп.
Енді жетілген бәсекелестік нарығының негізгі сипаттарын
қалыптастырайық:
- ұсақ сатушылар мен сатып алушылар санының көптігі;
- өндірілетін өнім барлық ендірушілерге бірдей және тұтынушылар тауарды
сатыт алу үшін кез-келген сатушыны таңдай алады;
- баға мен сату-сатып алу көлемін бақылай алу мүмкіндігінің болмауы,
осы шамалардың конъюнктура әсерінен үнемі өзгеруіне жағдай жасайды;
- нарыққа ену мен нарықтан шығудың толық еркіндігі;
Нақты экономикада жетілген бәсекелестік тәжірибеде кездеспейді, тек
теориялық мәнде ғана болады. Ол ерекше құрылымды көрсетеді, еркін
бәсекелестік абстрактылы ой ретінде ғана қалыптасады.
Бәсекелестік өндірушілерді нарықты игеру мақсатында ұсынылатын тауар
мен қызмет түрлерін үнемі жетілдіруге ынталандырады. Сатуға ұсынылған өнім
ассортиментін кеңейту, тауар мен қызметтің жаңа түрлерін жасау және жеке
өнімді жетілдіру есебінен жасалады.
Өндірушілер нарықтағы сатып алушылар үшін үнемі күреседі. Бұндай
күрестің нәтижесі тұтынушылар сұранысын жан-жақты зерттейтін және тауарды
өткізудің жаңа формалары мен әдістерін құрайтын өткізуді ынталандыру
саясаты. Бұның бәрі бір жағынан фирмалардың пайдасын көбейтсе, екінші
жағнан сатып алушының барлық қалауы мен қажеттіліктердің қанағаттандырады.
Нәтижесінде тұтынушы да, жалпы қоғам да жеңіске жетеді.
Жетілген бәсекелестіктің ерекше қасиеттері. Жетілген бәсекелестіктің
жағдайында ұзақ мерзімді уақытта шекті кіріс шекті шағын баға теңдігі
сақталады.
Әрине қысқа уақыт кезеңінде жетліген бәсекелестік жағдайында фирма көп
пайда алуы немесе шығынға ұшырауы мүмкін. Бірақ, ұзақ мерзімді кезеңге бұл
шарт қолайсыз, өйткені салаға еркін кіріп және одан еркін шығу жағдайында
өте жоғарғы пайда көлемі осы салаға басқа фирмалардың кіруге деген
қызығушылыгын туғызады. Ал пайдасыз фирмалар жеңіліске ұшырап, саладан
шығып кетеді.
Жетілген бәсекелестік шектелуі ресурстарды қажеттіліктерді максималды
қанағаттандыруға қол жеткізетіндей етіп бөлуге көмектеседі. Бұл баға шекті
шығынға тең болған жағдайда жүзеге асады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-құқықтық инстутуционализм және Дж.Коммонстың экономикалық ілімі
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ - ЛЫҚ, - ЛІК ( - ДЫҚ, - ДІК, - ТЫҚ, - ТІК) ЖҰРНАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
Жеңіл атлетика жайлы
Қысқа қашықтыққа жүгіру әдіс - тәсілін жетілдіру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Халықтық педагогика – тәрбие өзегі
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Жеңіл атлетика түрлері бойынша жарыс өткізудің ережелері
Балалар спорты
Пәндер