Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

І -ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН

ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

І. 1. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті: мәні, мазмұны, түсінігі, құрылымы . . . 7-20

І. 2. Студенттердің бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың қайнар көздері . . . 21-43

ІІ-ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ІІ. 1. Әлеуметтендіру-студенттердің ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін

қалыптастырудың негізі . . . 44-55

ІІ. 2. Студент жастардың бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін

қалыптастырудың формалары мен әдістері . . . 56-62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63-67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 68-70

2

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті жалпы адамзат қауымы мәдениетінің құрамдас бөлігі. Жер бетінде ұлттар жоғалып кетпейінше, ұлтаралық қатынастар да бүтін қоғам мен жеке тұлғаның өмір сүруінің табиғи қажеттілігі ретінде өз қызметін жоймайды. Тиісінше, әрбір қоғам, әрбір мемлекет ішіндегі экономикалық және саяси жағдай, ұлттар арасындағы қарым-қатынас, байланыс осы ұлтаралық қатынастардың қандай мәдени деңгейде іске асырылып жатқанына байланысты болады. Сондықтанда ұлттар арасындағы қатынастарды дамыту мәселесі, оның ішінде студенттердің ұлтаралық мәселесі ешқашанда өзектілігін жоғалтпайды. Керісінше, бұл процесс одан әрі күрделене түсіп, уақыт өткен сайын жаңаша сипат алып, өз алдына жаңа міндеттер қойып отырады.

Сондай-ақ, адамзат қауымының қазіргі таңдағы дамуы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен елдің әлеуметтік саяси жағдайымен де тікелей байланысты диалектикалық негізде дамиды. Бұл байланыстардың қатысынсыз ешқандай саяси, ұлттық, мемлекет аралық мәселелердің шешілуі мүмкін емес. Көп ұлтты мемлекеттің дамуы турасында күрделі де қайшылықты мәселелері де маңызды орын алады. Қоғамның нарықтық қатынастарға көшуі жағдайында біздің елде және жалпы әлемде болып жатқан іргелі өзгерістер осы мәселердің терең саяси ой елегінен өткізу қажеттілігін туындатып отыр. Қазіргі таңдағы Қазақстандық және әлемдік тәжірибе этносаяси және этноәлеуметтік мәселенің нақты тарихи мазмұнға ие екендігін дәлелдеп отыр.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетті мемлекетпен тайпалар, ұлыстар мен ұлттардың өзара әрекеттесу қажеттілігіне негізделген халықтардың бір бірімен жақындасуы мен дамуының арнайы заңы ретінде қызмет етеді. Осымен байланысты аталған мәселенің зерттеулі Қазақстан ішінде тиімді екендігін атап өткен жөн. Оның ішінде үлкен бір әлеуметтік топ болып табылатын студенттердің әлеуметтік қатынас мәселелеріде маңызды.

3

Осы орайда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Егер біз қазіргі таңдағы келісімімізді, әсіресе, ұлттық келісімімізді сақтай алмай бұзып алсақ, онда алда алып кедергіге тап боламыз. Ол жағдайда бізге егемендігіміз бен реформалау жайы және өзіміз бен балаларымыздың жарқын болашағы жайлы барлық армандарымыз-бен біржола қоштасуымызға тура келеді»-деген еді. [1. 2] .

Қазіргі таңда әлемде 200-ден астам көпұлттық мемлекеттерге біріккен 3000-нан астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда жалпы саны 15 млн. -ға жуық 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар, ұлттық және этникалық топтар өмір сүреді (олардың тәуелсіздігін 130-ға жуық мемлекеттер мойындап, 115 мемлекетпен дипломатиялық байланыстар орнатылған) . Демографтардың болжамынша ХХІ ғасырдың соңына қарай біздің республикамыздың халқының саны 50 млн. ға жетеді [2. 116] .

Жоғарыда келтірілген дәйектер ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің баса назар аударылып, терең зерттелу қажеттілігін дәлелдеп отыр. Сондықтанда зерттеуші ғалымдардың алдында халықтардың өмірінде дәстүрлі түрде қалыптасып жатқан ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жаңа құбылыстары мен процестерін жан -жақты зерттеу мәселесі тұр. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі қазірше ғалым зертеушілердің еңбектерінде, қажетті деңгейде көрініс таппаған. Аталған мәселені нақты зерттеу қажеттігі көптеген мемлекет басшыларының баяндамаларында, осы мәселелерге арналған аймақтық және халықаралық конференцияларда, ұлттық мәселелерге арналған жиналыстарда талқылануда. Қазіргі таңдағы ұлтаралық қарым-қатынастың Еуразиялық және әлемнің басқа да аймақтарындағы ұлтаралық шиеленіс жағдайлар аталған тақырыптың зерттелуінің халықтар достығын нығайту, интеграциялық процестерді күшейту, қоғамдық өмірді демократияландырумен нарықтық қатынастарға көшу, ұлттардың әріптестігі мен өзара көмек көрсетуінің дамытудың жаңа жолдарын іздеудегі объективті қажеттілігі мен түсіндіріледі.

Ал біздің елдегі халықтар арасындағы, әсірісе, ертеңгі болашағымыз бүгінгі студент жастар бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің

4

қалыптасуы мемлекетіміздің ертеңгі болашағын, яғни ұлтаралық келісім, татулық пен достықты мегзейтінін ескерер болсақ, онда бұл мәселенің тез арада зерттелуі қажет процесс

Осылайша, бұл тақырыптың қазіргі таңда өзекті болып табылуы, әлеуметтік мәнділігі оның теориялық және тәжірибелік мәні, жете зерттелмегендігі жоғарыда аталған. Студент жастардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тақырыбын таңдап алуымыздың негізі болды.

Зерттеу жұмысының пәні мен объектісі. Зерттеудің пәні қазақстанда студент жастар арасындағы ұлтаралық қарым -қатынас мәдениеті және осы проблеманың теориялық -методологиялық зерттелуі болып табылады. Ал зерттеу жұмысының объектісі қазіргі Қазақстан қоғамында әлеуметтік топ ретінде үлкен саяси күшке ие болып отырған көпұлтты студент жастары арасындағы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты сақтап, одан әрі дамыту жолдарын жан-жақты зерделеу болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлтаралық және этникааралық қатынастардың даму дәрежесі жайында соңғы жиырма жыл ішінде мыңдаған еңбектер, монографиялар мен ғылыми мақалалар жарық көрді. Қоғамдық өмірді ұлтаралық және этникалық қатынастардың теориялық заңдылықтары Ресей ғалымдары Ю. В. Бромлейдің, З. В. Сикевичтің, И. А. Михайловтың, В. А. Сухарев және М. В. Сухаревтердің, П. С. Федосевтің, И. С. Грувичтің, В. И. Казловтың, т. б еңбектерінде терең талданған. Олардың ғылыми еңбектері осы күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған, осы мәселелерге байланысты концептуалды тәсілдерті өңдеп шығаруға мүмкіншілік жасаған өте маңызды, күрделі, нақты әдіс-тәсілдердің, ой-пікірлердің, тұжырымдардың, болжамдардың, дәлелдер мен мысалдардың жиынтығы, негізгі қайнар көзі болып табылады. . [3. 141. ] .

Соңғы уақыттарда ұлтаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі пөптеген мамандардың қызығушылық танытып отырғандықтары белгілі болады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, оны гуманитарландыру, нығайту мен халықтар достығын

5

беріктендіру мәселелеріне біздің отандық-Қазақстандық ғалымдарымыз да үлес қосуда. Олардың ішінде Г. В. Малиннің, Т. С. Сәрсенбаевтің, Ж. Қ. Жүнісованың, К. Мардановтың, М. М. Сужиковтың, Д. К. Кішібеков пен Т. Д. Кішібековтың, К. Е. Көшербаевтың, Ж. Қуанышәлінің, т, б. еңбектерін атап өтуге болады [4. 86] .

Ал ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін оқушы жастардың бойында қалыптастыру, оларды интернационалдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мен жан-жақты әлеуметтендіріп, әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу мәселелерін зерттеуде И. С. Конның, Л. И. Божовичтің, М. И. Руткевичтің, Л. Я. Рубинаның, Ф. Р. Фелифовтың, Г. А. Чередниченконың, Б. Н. Шупкиннің, В. П. Зинченконың, О. Н. Нұсқабаевтың, Б. Молдағалиевтың, Л. П. Буеваның, Р. К. Төлеубекованың, т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде құнды мағлұматтар кездеседі [5. 74] .

Айта кетерлік бір жайт, жоғарыда аталған авторлардың ғылыми еңбектері Кеңес үкіметі ыдырамай тұрған кезде-ақ және қазіргі қоғамның жаңаруы кезінде дайындалып жарық көрген. Ұлтаралық және этникааралық проблемалар туралы Қазақстан егемендік алғаннан кейін бірнеше рет зерттеулер жүргізіліп, сараптпһамалар жасалды [6. 14] .

Бұл құптарлық жайт, халықтардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен Қазақстан халықтарының бірлігі мемлекеттік саясат деңгейінде қарастырылатындығы. Алайда, өкінішке орай ұлтаралық қатынастар мен халықтардың мәдени байланысы мәселесінің қазіргі таңдағы ғылыми зерттелу дәрежесі қоғамның жаңаруы мен демократияландыру талаптарына сай келмейді. Қазіргі кездегі ұлттардың ұлтаралық мәселелерге арналған жұмыстардың көлеміне қарамай, бұл мәселенің әлі де болса ашылмаған астарлары өте көп. Қоғамның жаңаруы кезеңінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселенің жалпы ұлттық келісім, халықтардың бір-бірімен қарым -қатынасының дәл бүгінгі күндегі нақты мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарап, мәнін ашатын фундаменталды, комплексті зерттеу қалыптаспаған. Осыған орай Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясының сессиясында қоғамдық ғылым салаларының мамандарына бұл

6

мәселеге баса назар аударып, ден қоюларын тілге тиек еткен еді. Сондықтан дипломдық жұмыста осы мәселелердің зерттелмеген тұстарына социологиялық талдау жасауда жұмыстың мақсаты мен міндеттері деп санадық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Біздің таңдап алған дипломдық жұмыстың мақсаты-Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің студент жастар бойында қалыптасуы барысында туындайтын диалектикалық қайшылықтар мен даму ерекшеліктерін анықтау, оның мазмұнын ашу және осы ғылыми саясатты жүзеге асыру барысында нақты эмпирикалық материалдарға сүйене отырып мәселенің әлеуметтік мәнін ашу. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін біздің алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:

-ұлтаралық қарым -қатынас мәдениетінің мәні мен мазмұнын теориялық жағынан талдай отырып, оған анықтама беріп, құрылымын анықтау;

-ғылыми әдістемелік негізде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі мәселелер мен принциптерін анықтау;

- ұлтаралық қарым -қатынас мәдениетінің студент жастар бойында қалыптасу тенденцияларын талдау;

- ұлтаралық қарым -қатынас мәдениетінің студент жастар бойында қалыптастыру барысында туындайтын қайшылықты проблемалар мен оны шешудің жолдарына талдау жасау;

- студент жастар бойында ұлтаралық қарым -қатынас мәдениетін қалыптастыру мен оларды адамгершілікке, жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу- ұлтаралық қарым -қатынас мәдениетінің одан әрі нығаюының негізгі факторы екендігін зерделеу;

Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысында алға қойылған міндеттер мен зерттеу дәрежесі дипломдық жұмыстың құрылымын анықтайды. Ол кіріспеден, екі тараудан, төрт параграфтан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

7

І -ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН

ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

І. 1. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті: мәні, мазмұны, түсінігі, құрылымы

Бүгінгі күнде әлемде 225 мемлекетке біріккен 3000-нан астам ұлттар мен ұлыстар, тайпалар өмір сүреді, ал, Қазақстанда демографтардың болжамы бойынша жалпы саны ХХІ-ғасырдың аяғына дейін 50 млн. -ға жететін 130-дан астам әртүрлі ұлттар мекендейді. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті негізінде әртүрлі ұлттар мен нәсілдерді адамдардың теңдігіне негізделген мемлекеттер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының гуманистік концепциясы оны әлеуметтік топтың бір бөлігі студент жастар десек, этникалық қарым-қатынас мәдениетті ұғымына ғылыми талдау жасау, оның ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне айтарлықтай айырмашылығы барын меңзейді. «Бұл ұғымдардың мазмұнына ортақ мәселелер көп, алайда олардың бір мағынада сәйкестендіріліп, қолданылуы әдістемелік жағынан қате болатын сияқты»-дейді Д. Жазыбаев, этникалық қарым-қатынас мәдениеті мен ұлттық қарым-қатынас мәдениеті ұғымдары біржақтама, мағынасы жағынан бір ортақ жайтты аңғартқанмен, оларды ажырататын айырмашылықтарын бейнелейтін құбылыстар көлемі мен масштабы, кеңістігі жағынан ерекшеленеді. Сондықтанда олар бір-бірімен толық сәйкестенбейді. Этникааралық қарым-қатынас әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамудың әртүрлі деңгейлерінде тұрған мемлекеттердің әртүрлі әлеуметтік-этникалық қауымдардың бір-біріне көмек көрсету, бір-бірімен әріптестігі, достығы прцесінде пайда болады. Ал ұлттық қарым-қатынас мәдениетті болса Д. Жазыбаевтың пікірінше бір мемлекет территориясын мекендейтін ұлттардың жақындасуы мен дамуының барысында қалыптаса бастады [7. 69-72. ] .

Алайда бұл ұғымдарды бір-бірінен ажыратуға да болмайды. Этникалық қарым-қатынас мәдениеті термині кең мағынадағы сапалы жаңа саяси құбылысты нұсқайды. Мұнымен қоса студенттердің этникалық қарым-қатынас мәдениеті өз табиғатымен ұлттардың, ұлыстардың, тайпалар мен

8

мемлекеттердің жоғары ынтымақтасу дәрежесін айқындайтын интернационалды, жалпы этникалы, жалпы адамзаттық құбылыс студенттердің ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті-бұл ұлттық және халықаралық мәселелерді ғылыми жолмен шешудің нәтижесі ретінде көпұлтты қоғамның салалығы мен адамдардың басты жетістіктерінің бірі ретінде көрінеді. Сондықтанда ұлттық, діни, рулық, кемсітудің кез келген түрі ұлтаралық қарым-қатынас принциптеріне қарсы келетін, адамшылыққа жатпайтын іс-әрекеттер ретінде қарастырылуы тиіс.

Халықтардың нақты өмірінің зерттелуі ұлттық қарым-қатынас мәдениетінің этникалық қарым-қатынас мәдениетіне қарағанда тар ұғым екендігін дәлелдейді. Өйткені оның негізінде елдің ұлттық өмірін интернационалдыққа тәрбиелеу, достық пен ынтымақтасу жатыр. Студенттердің этникалық қарым-қатынас мәдениеті-ұлттардың өзара толысуы мен дамуы негізінеде пайда болып, этностардың толық теңдігін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне, ұлтаралық ерекшеліктеріне, тіліне және этникалық мүдделеріне құрметпен қарау болып табылады. Жалпы ұлттық келісім әлеуметтік даму мен қоғамдық қатынастар саласындағы халықтар мен мемлекеттердің достық, гуманистік өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің ерекше тұрақты жүйесі. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетінде халықтардың бірлігі мен достығы және мемлекеттердің өзара тиімді әріптестігі басты назарда болуы керек. Студенттердің ұлттық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымы оның элементтерін өзара байланыста ұстап отырудың жиынтығын білдіреді. Бұл элементтер мен байланыстар ұлттық қарым-қатынас мәдениетін әділетті демократиялық қоғамның басты атрибуты ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Этникалық және ұлттық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымы туралы түсінік Р. Абсаттаров нақтылап атап өткендей, диолектикалық жағынан өзара байланысты, өзара шартталған, анықталған екі элементтен тұрады: Ол, біріншіден, ұлттық қарым-қатынас мәдениеті жайлы белгілі бір білімге ие болу. Екіншіден, сол білімді тәжірибе жүзінде асыру.

9

Қоғамымыздың жаңаруы бағытына қарай әрбір мемлекетке халықтар мен ұлттардың интеграциялық процесі жеделдейді. Ұлттық қарым -қатынас мәдениеті парагдималарын талдай келе біз әдетте «халықтар достығы» түсінігі «ұлттық қарым -қатынас үндестігі» түсінігіне теңейміз. Бұл екі ұғым бір-бірімен етене байланысты бір-бірін толықтырып отыратын, ғылыми зерттеулерге негіз болатын ажырамайтын ұғымдар. Осыған байланысты қазіргі таңда әртүрлі ұлттық қауымдастықтың арасындағы әріптестік, халықтар достығы ретінде ұлтаралық қатынастардың үйлесімі ретінде қарастырылып жүр. Алайда ұлттық қарым -қатынас үйлесімділігі әртүрлі тұлғалық және қоғамдық деңгейде анықталатынын есте ұстаған жөн. Бұл жағдайда олардың ұлтаралық ерекшеліктерін анықтау қажет. Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігі әртүрлі тең құқықты халықтардың өзара сенімі мен түсіністігіне негізделген ұлттық этникалық қауымдардың өзара әрекетін білдіретін ұлттық қатынастардың ерекше формасы. «Халықтар достығы» ұғымының «ұлтаралық қарым-қатынас үйлесімділігі» ұғымынан айырмашылығын анықтау үшін қолданады. «Халықтар достығы» әртүрлі халық пен ұлт өкілдері арасындағы өзара көмек пен әріптестік. Сонымен қатар, «халықтар достығы» терминін тар және кең мағынада түсіну керек. Кең мағынада «халықтар достығы» әртүрлі этностардың үлкен топтары арасындағы қатынастарды сипаттау үшін қолданылады. Ал, тар мағынада әртүрлі халықпен ұлт өкілдерін тұлға аралық қатынастары. Басқаша айтқанда «халықтар достығы» ұғымы өз ішінде әртүрлі этнос өкілдерінің тұлғалық қатынастарын ғана емес, сонымен бірге сол халықтардың материалдық және рухани өзара қатынастарының барлық жиынтығын қамтиды. Осылайша, «халықтар достығы» ұлтаралық және этникааралық қатынастар үндестігінің өзара түсіністік, силастық, демократиялық жариялылық және гуманизм принциптеріне сүйенген ұлттық және этникалық топтардың ұлттармен ұлыстардың арасындағы қатынастар. Мұнымен қатар, ұлттық қарым -қатынас мәдениеті халықтар достығы ұғымынан әлдеқайда терең, әрі күрделі де кең ұғым екендігін айта кеткен жөн.

10

Жалпы алғанда, этникааралық қарым -қатынас мәдениетінің консепциясы -адамдардың санасына жаңарып келе жатқан қоғамның бағытына енетін патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу реформалары мен тәсілдерінің жиынтығы. Студенттердің ұлтаралық қарым -қатынас мәдениетінің мәні-олардың жоғары мәдениеті мен адамгершілігінің, барлық ұлттар мен ұлыстардың, тайпалардың, ұлттық және этникалық топтардың, мемлекеттердің мүдделерімен сәйкес келуі болып табылады.

Ұлттық қарым -қатынас жеке адамның мәдениеті мен сана сезімін деңгейі, адамгершілік парасатты, өзге ұлт өкіліне деген пайымы, ар ождандық пиғылы, өмірлік тәжірибесі, т. б. ерекше орын алады.

Ұлттық қарым -қатынас мәдениеті, оның мәнін негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік, ұлттық және ресми тілдермен тығыз байланысты. Бүгінгі күні біздің елімізде негізінен ұлттық қарым-қатынас мәдениетінің мәнінің көрінісі ретінде қос тілдік кең таралған. Өзінің туған тілімен қатар, басқа халықтың тілін білген адам Ж. Х. Жүнісова айтып өткендей, басқа халықтың тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен жақын танысады, ол халықтың тілін, мәдениет алып жүрушілермен өндірілген материалдық және рухани құндылықтарға қол жеткізіп, көптеген басқа ұлтты адамдармен араласуға мүмкіншілік алады [8. 29. ] .

Ұлттық қарым-қатынас мәдениеті ұғымының мазмұнын қарастырар болсақ, бұл жерде этникалық жалпы адамзаттық ұғымдарының ара қатынасын анықтап алу мақсаты көкейкесті мәселеге айналады. Өйткені бұл екі ұғым өзара диалектикалық бірлікте болады және ұлттық қарым-қатынас мәдениеті принциптерінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру тәсілдері болып табылады. Ендігі кезекте «ұлттық» және «жалпы адамзаттық» құндылықтарға тоқталып өтелік.

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар қоғамдық өмірде адамдардың өзара қарым-қатынастары арқылы, мінез-құлқы, әрекеттері, ұстанымдары арқылыіске асады. Адамзат тарихында ежелден айтылып келе жатқан жоғары адамгершілік, абырой, намыс, сүйіспеншілік, адалдық сияқты

11

құндылықтар бізге жеке тұлғалар арқылы жетті. Кез келген ұлт сол ұлтты құрайтын адамдардың ұлттық құндылықтарды жеткізуші болып табылады.

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар қоғамдық қарым-қатынастардан, қоғамдастықтан тыс қалыптаспайды. Адам бойындағы таптық көзқарас түрлері қанаушылар мен қаналушылар, буржуазия мен пролетариат арасындағы қарама-қайшылық жалпы адамзаттық құндылықтарды шатастырып жіберген. Құндылықтар әуелі отбасында, табиғи ортада, қоршаған орта мен қарым-қатынаста бойға сіңеді. Ата-ананың магнетизмі, ой-өрісі балаға беріледі, ал оны ананың сүтімен, бесік жырымен бойға сіңіріп, қалыптасады. Ата-бабалар үні, ата-аналардың тектік белгілері келер ұрпаққа жетілдіріліп, түрленіп беріледі. Оларды меңгеру жеке тұлғаны қалыптастырудың белгілі бір ірге тасын қалайды. Ұрпақтар түрленген қоғамдық құндылықтарды алады.

Бұл жерде осы үрдістің басқа маңызды жағын, ықпал ету және қалыптастыру объектілерін, ұлттық сезім табиғатының ерекшеліктерін ескерген жөн. Құндылықтарды қабылдау және нығайтудағы мінез-құлықтың оң және теріс болуы осыған байланысты.

Ұлттық сезім адамның әртүрлі құбылыстарға, оқиғалармен түрлі жағдайларға өз түсінігі бойынша ұлттық мүддені, ұлттық абыройды, намысты қорғап қалу қарым-қатынасын білдіреді.

Бұл ұлттың шынайы мүдделер тұрғысынан алғанда дұрыс та, бұрыс та болуы мүмкін. Адамға әсер ету және ықпал жасау үрдісі әрбір тұлғаның шынайы ұлттық құндылықтар мен мүдделерді түрлі жалғандық пен жасандылықтан ажырату үшін қажет.

Ұлттық сезім-ерекше әлеуметтік-психологиялық құбылыс, сондықтан сыртқы әсерлерге тез бейімделеді, сондықтан қызбалықтан абай болу керек. Сондықтанда ол үнемі тәрбиелеуді және ақыл -парасатшылықпен бақылауды қажт етеді. Жеке тұлғаның ұлттық сезімін тәрбиелеу қоршаған ортада қалыптасқан, олар үшін өмірлік қағида болып табылатын белгілі бір құндылықтарды жетілдіру арқылы жүзеге асыру тиіс. Ақыл- ойдың бақылауындағы және белгі бір ортаның ықпалындағы ұлттық сезім ізгі, адамгершілікке тән болады, табиғи биологиялық, тектік нышандармен

12

органикалық түрде астарласады. Бірақ ақыл-парасаттың өзі адамдардың қандай да бір бөлігінде ал, кейбір жерлерде едәуір бөлігінде әртүрлі қоғамға қарсы идеялармен, психологиялық тойымсыздықпен, өзімшілдікпен, басқа ұлттық құндылықтарды үйренбеу арқылы да бүлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
«Жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру»
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
Саяси құндылықтар жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz