Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім берудің ұлттық үлгісі



ЖОСПАР:

Кіріспе

I. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім берудің
ұлттық үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
1.1. Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық.психологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6
1.2. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары..7.14
1.3. Жаңа үлгімен оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуге
ғылымдардың қосқан үлестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.16
1.4. Технологиялық оқытудың бір түрі.модульді оқыту ... ... ... .16.17

Негізгі бөлім
II. Модульдеп оқытудың жалпы сипаттамасы
2.1. Оқу модулін құрудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.22
2.2. Модульдік оқытудың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22.37
2.3. Оқу модульін даярлау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37.41
2.4. Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды және олардың
білім деңгейін дамытуға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41.44
2.5. Модульдік оқыту.оқушылардың білім сапасын арттыруда 45.46

III. "Асқорту" және "Секреция бездері" тақырыптарын модульдеп
оқыту
3.1. "Асқорыту жүйесі" тақырыбына арналған модульді жүйе...46.47
3.2. Осы тақырыпқа арналған бес сабақтың әдістемелері ... ... ...47.60
3.3. "Секреция бездері" тақырыбын модульді жүйелеу және оны
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60.72

IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73.74

V. Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75.76
К і р і с п е
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын оқып үйренуге деген үлкен ынтамен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп айтуға болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру ғана деп түсінбеуі керек. Ол ертең ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыруға көмектесіп, танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты.
Жұмыстың мақсаты:
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі тәнтану пәнінің "Секреция бездері" және "Асқорыту" тақырыптарын модульдеп оқыту. Оқушыларға осы жаңа технологияны пайдаланып, биологиялық білім беруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға маңызы өте зор екендігін және модульдеп оқытудың жолдарымен, бағыттарымен оқушыларды таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, сабақты толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Модульдеп оқытуға және оның әртүрлі бөлімдеріне жалпы түсінік беру.
2. "Секреция бездері" тақырыбы бойынша жоспар түзу, кесте құру.
3. "Асқорыту" тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспар түзу.
4. Оқыту барысында екі тақырып бойынша ғылыми көзқарасты қалыптастыру мақсатында жаңа технологияны қолдану және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.
Зерттеу обьектісі:
Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушыларға аталған тақырыптар бойынша биологиялық білім мен ғылыми көзқарасты қалыптастыру үшін модульдеп оқытуды іс-жүзінде қолдану және оның тәрбиелік білімдік деңгейін анықтау.
Жұмыстың жаңашылдығы:
1. Әр оқу модулінде оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты 7-12 сағаттан тиеді. Аталған екі тақырыпты зерттеу бойынша 5 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді екені көрінді.
2. Тақырыптар бойынша барлық сабақтың методикалық өңдеулерінің жаңаша формалары жасалынды: деңгей бойынша тапсырма беру, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану.
3. Оқу модулінің қорытынды бөлімі сынақ сабағы түрінде берілді.
Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. "Биология, география және химия" журналы 2002 ж; 2001ж; 2000 ж; 1999 ж; 1998 ж; 1997 ж.
2. "Денсаулық" журналы 2000 ж.
3. М.М.Жанпейісова "Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құрамы ретінде" Алматы, 2002 жыл.
4. С.А.Куприй "Учебные модули к курсу биология" (методическое пособие) Алматы, 2002 г.
5. А.М.Цузмер, О.Л.Петришина "Биология" 9-класс оқулық, "Рауан", 1991.
6. З.Жөкебайқызы, С.Сейсенбекқызы. Тәнтану. Оқулық. Алматы. Рауан. 1992.
7. С.Касиманов Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы. Қайнар. 1977.
8. Богданов Т.Л. Биология: Задания и упражнения. Пособие для поступающих в вузы. М. Высшая школа, 1991.
9. Беляев Д.К. и др. Общая биология. М: Просвящение 1973.
10. Бернал Дж. Возникновение жизни. М: Мир. 1969.
11. Боген Г. Современная биология. М: Мир. 1970.
12. Воронцов Н.Н. Сухоруков Л.Н. Эволюция органического мира: Факультатив. Курс: учеб.пособие для 9-10 кл. Сред.шк. М: Просвещение, 1991.223 с.
13. Верзалин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологий. М: Просвещение, 1976.
14. Винчестер А. Основы современной биологий. М: Мир. 1976
15.Дарвин Ч. Пройсхождение видов. М: Селхозгиз, 1952.
16. Грин Н., Стаут У., Тейлор Д., Биология. М: Мир. 1990.
17. Заводский К.М. Вид и видообразования. Л: Наука. 1968
18. Заводский К.М. Развитие эволюционной теорий после Дравина. Л: Наука. 1973.
19. История эволюционных учений и биологий. Под ред. В.И.Полянского и Ю.И.Полянского. М: Наука. 1966.
20. Касымбаева Н.Е., Аманжолова Тіршіліктану. Алматы. Рауан. 1997
21.Ковалев Н.Е., Шевчук Л.Д., Щуренко О.И. Биология. М: Высшая школа. 1986.
22. Корсунская В.М. Жалпы биология сабақтары. Алматы. Мектеп. 1980.
23. Кулев А.В. Общая биология. Санкт Петербург. Паритет. 2001
24. Кемп П., Армс К. Введение в биологию. Пер с англ. М: 1988. 671 с.
25. Комиссаров Б.Д. Методологические проблемы школьного биологического образования. М: Просвещение. 1991. 159 с.
26. Мамонтов С.Г. Биология. М: Высшая школа. 1991.
27. Мамонтов С.Г., Захаров В.Б., Козлова Т.А. Основы биологий: Курс для самообразования. М: Просвещение. 1992 414 с.
28. Методика обучение разделу "Эволюция" в школьном курсе общей биологий. Ярославль: ЯГПИ им К.Д.Ушинского, 1992.
29. Общая биология: Учебник для 10-11 кл. Средней школы/ под ред. Ю.И.Полянского М: Просвещение, 1991.
30. Общая биология: Учебник для 10-11 кл. Школ с углубленными изучением биологий /под ред. А.О.Рувинского. М: Просвещение, 1993.
31. Опарин А.И. Пройсхождение жизни на Земле. М: Медицина 1965.
32. Под ред. Беляев К., Керкиса Ю.Я. Общая биология. М: Просвещение. 1973.
33. Полянский Ю.И. Жалпы биология. Алматы. Мектеп. 1988.
34. Северцов А.Н. Главные направления эволюционного процесса. М: Издательство МГУ, 1967.
35. Современные проблемы эволюционной теорий. Под ред. Полянского В.И. и Полянского Ю.И. Л:Наука 1967.
36. Тимофеев-Ресовский Н.В., Яблоков А.В. Микроэволюция. Серия "биология". М: Знание, 1974.
37. Яблоков А.В., Юсуфов А.Г. Эволюционное учение. М: Высшая

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
Кіріспе
I. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім берудің
ұлттық
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3-5
1.1. Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық

аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5-6
1.2. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары..7-14
1.3. Жаңа үлгімен оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуге
ғылымдардың қосқан
үлестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-16
1.4. Технологиялық оқытудың бір түрі-модульді оқыту ... ... ... .16-17
Негізгі бөлім
II. Модульдеп оқытудың жалпы сипаттамасы
2.1. Оқу модулін құрудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 18-22
2.2. Модульдік оқытудың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-37
2.3. Оқу модульін даярлау
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37-41
2.4. Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды және олардың
білім деңгейін дамытуға
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 41-44
2.5. Модульдік оқыту-оқушылардың білім сапасын арттыруда 45-46
III. "Асқорту" және "Секреция бездері" тақырыптарын модульдеп
оқыту
3.1. "Асқорыту жүйесі" тақырыбына арналған модульді жүйе...46-47
3.2. Осы тақырыпқа арналған бес сабақтың әдістемелері ... ... ...47-60
3.3. "Секреция бездері" тақырыбын модульді жүйелеу және оны

жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...60-72
IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..73-74
V.
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .75-76

К і р і с п е
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық,
ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика
өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте
оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі
уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл
процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі
мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша,
ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр
мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс.
Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының
орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі
өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын
дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің
маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық
бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің
ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған
тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ. Бала
мектеп табалдырығын оқып үйренуге деген үлкен ынтамен аттайды. Оларды
қабілетті және қабілетсіз деп айтуға болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек
оқыту, түсіндіру ғана деп түсінбеуі керек. Ол ертең ең алдымен оқушылардың
оқу еңбегін ұйымдастыруға көмектесіп, танымдық оқу іс-әрекетін сауатты
ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту,
ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын
қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты.
Жұмыстың мақсаты:
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі
тәнтану пәнінің "Секреция бездері" және "Асқорыту" тақырыптарын модульдеп
оқыту. Оқушыларға осы жаңа технологияны пайдаланып, биологиялық білім
беруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға маңызы өте зор екендігін және
модульдеп оқытудың жолдарымен, бағыттарымен оқушыларды таныстыру, сонымен
бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, сабақты толық меңгеруге үлкен септігін
тигізетініне көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Модульдеп оқытуға және оның әртүрлі бөлімдеріне жалпы түсінік беру.
2. "Секреция бездері" тақырыбы бойынша жоспар түзу, кесте құру.
3. "Асқорыту" тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспар түзу.
4. Оқыту барысында екі тақырып бойынша ғылыми көзқарасты қалыптастыру
мақсатында жаңа технологияны қолдану және оның тәрбиелік, білімдік
деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.
Зерттеу обьектісі:
Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушыларға аталған
тақырыптар бойынша биологиялық білім мен ғылыми көзқарасты қалыптастыру
үшін модульдеп оқытуды іс-жүзінде қолдану және оның тәрбиелік білімдік
деңгейін анықтау.
Жұмыстың жаңашылдығы:
1. Әр оқу модулінде оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар
тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты 7-12 сағаттан тиеді.
Аталған екі тақырыпты зерттеу бойынша 5 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді
екені көрінді.
2. Тақырыптар бойынша барлық сабақтың методикалық өңдеулерінің жаңаша
формалары жасалынды: деңгей бойынша тапсырма беру, оқытудың белсенді және
ойын формаларын кеңінен қолдану.
3. Оқу модулінің қорытынды бөлімі сынақ сабағы түрінде берілді.
Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері:
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен
дағдысын емес оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің болымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалар
мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мүнда әр позиция басқаларына
әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды.
Әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізілген зерттеулерде оқытудың
технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. М.Поташниктің пікірінше,
бұл жағдайларда-технолог-ғалымдар жасаған "индустриалдың" нұсқасы, оның
мәні бекітілген ережелер мен тәсілдерді қатаң сақтау болып табылады, ал
басқа жағдайларда құрылымның "жусан" нұсқасы, ал өзгерістер мен түзетулерді
қажеттілігіне қарай енгізуді ұсынады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында оқыту формасын,
әдістерін , технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген,
бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық
үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс оны орта
мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде, институттарда және
т.б. қолдануға болатынын көрсетті.
Оқыту технологиясында зерттеулер көрсеткендей, оқу процесін мұқият құра
білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және материалын
барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайларда құрылады:
баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін
қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Технологияда
бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану әр
оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының
бірі. Сондықтан да сөйлеу бөліміндегі бағалар және бағалау ынталандырушы
сипатта болады.
Бұл технологияның маңызды шарты-оқушылардың кез келген ғылыми көздерді,
оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ
ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес алатындығы.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.
Қазақстан Республикасыңың ұзақ мерзімді дамуының басты бағыттарының
бірі - білім беру - қоғаммен мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық,
мәдени алға басуының негізі. Егеменді Қазақстанның қалыптасу жағдайында
ұлттық білім беру жүйесін демократиялық принциптер мен жеке тұлғаның
құқықтары және әлемдік тәжірибе мен отандық дәстүрлер негізінде реформалау
елеулі маңызға ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының білім саясаты білім берудің мемлекеттік
стандартын жасау және енгізу арқылы жүзеге асады. Педагогикадағы
стандарттау көп типті мектеп жағдайында білім беру саласында бірыңғай
мемлекеттік саясат жүргізуге ықпал ететін білім беру процесін жобалаудың
жаңа тәсілі.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 30-бабының 4-параграфында: "Мемлекет
жалпы білім беру стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орындарының
қызметі осы стандартқа сәйкес оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес
болуы тиіс" деп көрсетілген.
Стандартты енгізудің негізгі мақсаты қоғам сұраныстары мен оқушылардың
мүмкіндіктеріне сәйкес азаматтар білімділігінің орнықты деңгейін қолдау,
барлық оқу-тәрбие орындарында білім алуға тең жағдайларды қамтамасыз ету,
мектеп түлектерінің білімі мен біліктеріне бірдей талаптар тағайындау.
Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру
кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін
анықтайды: мектеп түлектерінің дайындық деңгейі. Мемлекеттік стандарт
тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім
ұйымдарының алға қойылған мақсаттарға жетуінің куәлі болып табылады.
Мемлекеттік стандарттың негізгі компоненттерінің бірі - базистік оқу
жоспары (БОЖ), ал оқыту тілдері әр түрлі мектептердің барлық сатылары үшін
типтік жоспарлар жасауға негіз болатын нормативтер кешенін анықтайды. БОЖ
мектеп құрылымы туралы, оқу пәндерінің минимал жиынтығы, мазмұндық
толымдылық және оқыту жылдары бойынша білім салаларының өзара қатынасы
туралы түсінік береді, әрбір пән бойынша минимум оқу жүктемелерін
көрсетеді. Онда инвариантты (өзгермейтін) және вариативті (жылжымалы)
бөлімдер ерекшелінеді. БОЖ-ның инвариантты өзегі жеті білім саласынан
тұратын мемлекеттік компонентті құрайды. "Филология", "Математика",
"Жаратылыстану", "Қоғамтану", "Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру".
Пәндер бойынша оқу жүктемелерінің көлемін анықтау барысында бұл стандартта
әрбір білім саласы ұсынуының орташа элемдік мәні ескеріледі. Вариативті
бөлік арқылы мектеп компоненті жүзеге асырылады. Ол білім беруде
демократияландыру ұстанымдарын жүзеге асыруға ықпал етеді, педагогтардың
шығармашылық әлеуметтерінің көрінуіне мүмкіндіктерін туғызады, оқушыларға
қосымша білім беру бағдарламаларын таңдауға құқық береді. БОЖ-ң оқушы
компоненті білім алу процесін даралауға, оқуды мотивациялауды дамытуға
мүмкіндік туғызады.
Білім стандарты білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кепілдіктер
бере отырып, оқытудың әдістері мен түрлерінің мазмұнын рәсімдемейді, оқу
материалының құрамы мен көлеміне қатаң талап қоймайды. Ол өз ішінде сан
алуан білім беру стандарты 1998 жылы дайындалды. Оны жетілдіру білім беру
сапасын көтеру қажеттігінен, өзгермелі әлеуметтік жағдайларға білім
мазмұнын сәйкестендіруден туындап отыр. Стандарты қайта өңдеп, жетілдіру
қажеттілігінің басты негіздемесі-демократияландыру, ізгілендіру және
интеграциялау негізінде Қазақстандағы білім беру сапасын әлемдік деңгейге
неғұрлым жақындату болып табылады.
Білім беру стандарты әлеуметтік - педагогикалық ерен құбылыс ретінде
болашаққа бағдарланған білім моделі болып табылады. Ол күтілетін
(жоспарланатын) білімдік жетістіктерді, атап айтқанда: меңгерілген білім
мен біліқтіліктерді таныс емес жағдайларға өз бетінше қолдануды, оларды
шешуді; обьектілердің жаңа қызметін көре алуды; таныс іс-әрекет тәсілдерін
өз бетінше белгісіз жаңа жағдайға қисындастыра қолдануды; өмірге қажетті
дағдыларды (компетенция), альтернативті ойлауды қалыптастыруды және т.б.
көрсетеді. Стандарттау обьектілері ретінде базалық білім мазмұны,
оқушылардың дайындық деңгейі, оқу жүктемесінің көлемі, мамандармен
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар таңдалып алынды. Мектеп курсының 34 оқу
пәні бойынша жалпыға міндетті стандарттары осы саладағы жұмыстың нәтижесі
болып табылады. Олар қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде жалпы білім беретін оқу
орындарының бастауыш, негізгі, жоғарғы сатыларына арналған бес жинақта
баяндалған.
Білім мазмұнын жетілдіру білім беру процесіне айқын жеке тұлғалық мән
беруді, білімдік тұжырымдарға қарағанда әрекетшілдіктің басым болуын
көздейді, оның нәтижесінде компоненттік деп оқушылардың күнделікті өмірдегі
нақты, ақиқат мәселелерді шешу мүмкіндігі, практикалық іс-әрекетке дайын
болуы түсініледі. Мұндай жағдайда оқытудың сыртқы мазмұны жеке тұлға
меңгеретін ішкі білім мазмұнына айналуы тиіс. Стандарт оқушылардың өз
бетінше шығармашылық әрекеттеріне арналған тұжырымдарды, мектептен тыс
шаралардың бағыттарын анықтайды. Стандарт негізінде жалпыға ортақ
білімділікті тексеру жүзеге асады, ал болашақта, жалпы орта білім беретін
оқу орындарының мекшіктік және бағыну түріне тәуелсіз олардың барлық
түлектері үшін қорытынды тестілеу жүзеге асатын болады.
Білім беру деңгейіне қойылатын талаптарды дайындау - үздіксіз процесс:
алдағы уақытта әлеуметтік жағдайлар ескеріле отырып, мектеп сұранысына
сәйкес стандарттар өңделіп отырылады.
Стандарттар оқу пәндері бойынша:
- базалық білім мазмұнына,
- білім беру бағдарламаларының түрлеріне,
- оқу жүктемесінің көлеміне,
- мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық
деңгейіне,
- оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын
жалпы талаптарды белгілейді.
Аталған стандарт оқу процесіне қатысушылардың (оқушылар, мұғалімдер,
мектеп басшылары, білім беруді басқару орындары, ата-аналар, көпшілік)
білім мазмұнына, оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне, білім
сапасын мемлекеттік бақылаудың рәсімдері мен ережелеріне, оқушылардың
белгілі бір білім бағдарламаларын меңгергендігін куәландыратын құжат
нұсқаларына қойылатын талаптарды бірмәнді түсінуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қолданылу саласы.
Бұл стандарт ҚРБМЖМС (білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты) 02.003-2002 негізінде дайындалды және білім мазмұнының
мемлекеттік міндетті минимумына, оқу пәні "биология" бойынша және
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық
ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз
"Биология" пәнін оқытуды жүзеге асыру кезінде;
- бастауыш және орта кэсіптік білім ұйымдарында қабылдау емтихандарының
материалдарын дайындау кезінде;
- жоғары оқу орындарында "Биология" пәні боынша педагог кадрларды
даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде;
- білім беру санасындағы ғылыми-зерттеу институттарында "Биология" пәні
бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер
дайындау барысында;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру
және қайта даярлау институттарында "Биология" пәні бойынша педагог
мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау
барысында;
- білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында
"Биология" пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде
қолдануға және сақталуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен
ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау,
жұмыстың оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге
асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
"Биология" пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының
базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен,
жұмыстың оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Жалпы ережелер.
1. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жеке
тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзара үйлесімді мүддесін және
мүмкіндігін білдіреді.
2. Мемлекет мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт ауқымында
азаматтардың бәріне бірдей тегін жалпы орта білім беруге кепілдік береді.
3. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жалпы
орта білім беретін орындары түлектерінің дайындық деңгейін бағалауға негіз
болып табылады.
4. Құрылтайшылар жалпы білім беретін оқу орындарын жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін деңгейден төмен болмайтындай етіп қаржыландырады.
5. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқытуды:
- берілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа және сол негізде
жасалып, оның құрамдас бөліктері болып есептелетін оқу пәндерінің
стандарттарына;
- оқу-нормативтік құжаттар жиынтығына базистік, типтік және жұмыстың
оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына, ал қажет болғанда-жеке
білім беру бағдарламаларына;
- Қазақстан Республикасы білім саласындағы орталық атқару органдары
берілген тәртіп бойынша бекіткен басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес
жүзеге асырады;
6. Осы стандартты қолдану келесі мақсаттарды;
- білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді;
- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті талаптар ұсыну
есебінен және жалпы білім беретін оқу орындары жұмысының тиімділігін
бақылау жүйесін құру арқылы оқытудың сапасын арттыруды;
- жалпы орта білім беру саласының білім беру процесіндегі барлық
субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеуді;
- балалардың денсаулығын қорғауды және жеке тұлғаның (жеке-жеке) жан-
жақты дамуына қолайлы жағдайларды, соның ішінде оқушылардың қосымша білім
алуға сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді;
- жалпы білім беретін оқу орындарының әр түрлі типтері мен түрлері
жағдайында жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім берудің
эквиваленттілігін қамтамасыз етуді;
- білім беруге бөлінген мемлекеттік бюджет қаржыларын орынды
пайдалануды көздейді.
7. Аталған мақсаттарға жету үшін жалпы білім беретін оқу орындары
оқытудың әртүрлі технологияларын қолдана алады. Осы стандартта белгіленген
талаптарды нақты жағдайларда мүмкіндігінше сапалы жүзеге асыру үшін олар
оқытудың, тәрбиелеудің, оқу процесін бақылаудың түрлерін, құралдарын және
әдістерін өздері таңдауға құқылы.
8. Жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып,
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды меңгеру күндізгі оқу, күндізгі-
сырттай (кешкі) оқу және экстернат түрінде жүзеге асуы мүмкін.
9. Осы стандарттың ережелері оқу пәндерінің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартары ауқымында ашылып көрсетіледі және нақтыланды.
10. Оқу пәндерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары:
- оқу пәндерінің жалпы сипаттамасы (оқытудың мақсаттарын, міндеттерін);
- оқу пәні бойынша оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін;
- оқу пәнінің базалық мазмұнын;
- оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын
талаптарды;
- оқу пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру шарттарына қойылатын талаптарды анықтауы тиіс.
Осы стандарттар балалардың денсаулығын қорғау ісіне, жеке тұлғаның жан-
жақты дамуына және оқу процесінің сапасын көтеруге
қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенеміз.
Жаңа үлгімен оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуге ғалымдардың қосқан
үлестері.
Ғылымға мықтап енген "педагогикалық технология" ұғымына әртүрлі
түсініктемелер берілген (В.П.Беспалько, В.М.Шепель, И.П.Волков, М.Чошанов,
М.В.Кларин, Г.К.Селевко және т.б.) К.Д.Ушинский былай деген: "Мұғалім
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады"
Г.К.Селевко жаңа білім парадигмасында бірінші орында тұрған "жеке
тұлға" туралы былай деп анықтама береді: "Жеке тұлға - бұл адамның
психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- өзіне және өзі мен өзінің дүниеге және дүниемен қатынастарының
жүйесі;
- іс жүзінде жығылып жүрген әлеуметтік рольдер қызметінің жүйесі, мінез-
құлық әрекеттерінің жиынтығы;
- айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
- қажеттілік жүйесі;
- шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.
Бүгінгі таңда П.М.Әрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру
(JДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Довыдовтың дамыта оқыту
технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы,
В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде
қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту
технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы,
В.И.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың
технолргиялары кеңнен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
С.И.Ожегов модульге анықтама берді: "Модуль дегеніміз -қандай да бір
жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі".
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа ілім парадигмасына сүйене
отырып, М.М.Жанпейісова оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын жасады,
мұның бірқатар ерекшеліктері бар. Осы технологияның идеяларына тәжірибелік
негіздеме беру мақсатында тоғыз жыл бойына (1992-2001 ж.ж) оның ғылыми-
теориялық әзірлемесі Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы білім
мекемелерінде сынақтан өтті.
"Оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын әзірлегенде біз оның жалпы
құрылу қағидаларына (Дж.Блок, Л.Андерсен, Дж.Керрол, Б.Блум, т.б.), сондай-
ақ тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне,
оның мүдделеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық
құрылымын дамыту ерекшеліктеріне (Ж.Плаже, Э.Әриксон, А.Маслоу,
М.И.Божович, Л.С.Выготский, Л.М.Фридман және т.б.) сүйендік", дейді
М.М.Жанпейісова.
Оқу модулінің оқу еңбегінің нәтижесін бағалауда "тәтті маман" (оқушы
атқарған әрекеттің құндылығын жыра көрсету) және "көк жүзім" (оның теріс
нәтижесін құнсыздандыру) қағидаларын кеңінен қолданған ғалымдар -
Р.М.Грановская, Ю.С.Крижанская болды.
Психолог Л.М.Фридманның пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты)
оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе-қызықтырушылық, операционалдық -
танымдық және рефлекциялық -бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін,
психолог Л.В.Шеленевтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі
жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен
түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған "орамаға" салып сақтауы және
ұсынуы тиіс. Мұндай "орама" қызметін белгі (термин), белгілік жүйе
атқарады.
С.Ф.Занько, В.С.Тюнкикова, т.б. көптеген ғалымдар модульдеп оқытуға өз
үлестерін қосты.
Технологиялық оқытудыц бір түрі - модульді оқыту
Мектепте білім беру ісіндегі басты приоритет - оқушылардың қалып жеке
шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға
етіп әзірлеу. Ол үшін жаңа заман талаптарына сай сабақ түрі өзгеріп, жаңа
технологияларды пайдаланып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы
ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген
ізденістерден көп пайда болатыны анық. Ақыл-парасаттан гөрі сезім-түйсігі
ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер
арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде
қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс, сабақ түрін жаңартып тұруы керек.
Осындай жаңа технологияларды пайдаланып оқытудың бір түрі - модульді оқыту.
Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және оны жаңа жағдайға іс-жүзінде
лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі
шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасуын білім мен
біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Осы орайда оқыту үрдісінің
жаңа технологияларының бірі - пәндерді модульді жүйе бойынша оқыту.
Модульді оқыту - блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқышылар
модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульді сабақтар
мұғалімдерге барлық оқушыларды назарынан тыс шығармауға, олардың
білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе,
оқушылар сабақ үстінде мұғаліммен тең дәрежеде еркін сөйлеуге,
жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады, сабақ олар үшін
көңілсіз күңгірттіктен айырылып, көңілді, қызықты іс-әрекетке айналады, үй
тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге
арнайды.
Сонымен, модульді оқыту, модульді технология, модульді бағдарлама деген
не ?
Ол үшін алдымен, "модуль" сөзінің мағынасы қандай екенін анықтайық.
Модуль - белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын,
құрылымның өз бетінше бола алатын, бөліне алатын бөлшегі:
Оқу модулі дегеніміз - оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген
технологияның бірі мақсаттағы түйіні.
Модуль - оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу-
таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен:
кіріспеден, сөйлеу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу
модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол
тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына
байланысты. Біздің зерттеулеріміз 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің
неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулін құрудың ерекшеліктері.
Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және
қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Бырлық қалған уақыт сөйлесу
бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқытушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу
модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут
ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып
түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен
дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу
бөлімі бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына (тұтас
тақырып немесе тарау бойынша) "өсу" бағытымен қарапайымнан күрделіге,
репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға,
зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр
оқушыға оқу материалын жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын,
ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік
деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі
болатындай етіп құрылған. (Адамның екі сигналдық жүйесін қолдану тұлғаның
танымдық қабілеттерін де, танымдық процестерді де дамытуға мүмкіндік
береді).
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды
(топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану-
оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу
материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру
мақсатында, кейіннен -алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау
мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.
3,4- сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған
тапсырмалар беріледі. (III және II деңгейлер).
I деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне-интелектуалдық және
креактивтік дарынды балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды.
Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарапайымнан күрделіге қарай кезең-
кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау
мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар.
Зерттеу көрсеткендей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кезеңін
қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте - 13-тен 24 ретке дейін
қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. (Оқу материалын оған 7 мәрте
қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асатынын психологтар дәлелдеп отыр).
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде біз оқушылар білімін бағалаудың
дәстүрлі бес баллдың (шын мәнінде, үш баллдық) жүйесін емес, тоғыз баллдық
жүйені қолдандық, бұл оқушыға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл,
көңіліне қаяу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында
"өте жақсы", "жақсы" немесе "қанағаттанарлық" баға алуға болады.
Үшінші, "жеңілдетілген" деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі
төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік
береді. Тапсырмаларын оқу модульінің орта кезеңінде-ақ орындап болған
оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңсшілер,
жүргізушілер, т.б. рольдерді атқара алады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-
өзі бағалауына, бірін-бірі оңытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған.
Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі
жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастыру формасы бойынша әр оқушы өзінің
қалай және немен шүғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін
біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта
үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала
таныстырады.
Оқу модулніің сөйлеу (даярлық) бөлімін құрудағы мүндай тәсілдің оқушы
тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен
экспериментік жұмыс көз жеткізіп отыр.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлеу бөлімінің барлық
сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми
көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде алған
білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары тестілік тапсырмалар, бақылау
жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай
қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын
бағалауда оқу модулінің қорытынды бөлімінде алған бағалары қойылады. :
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі ("жеңілдетілген"
стандарт, "стандартты", "стандарттан жоғары") тапсырмалар ұсынса, қорытынды
бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай
тапсырмалар беріледі.
Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі - оқушы өз бетінше немесе мұғалім
көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте
сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу
керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульді
сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпаратын беретін; оқулық, қосымша
әдебиеттер, кесте, сызбанұсқалар, суретті иллюстрациялар, техникалық
жабдықтар, ауызша құралдар пайдалануға болады. Модульді сабақтарда
тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әр түрлі
бақылауларды қолданады. Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім
тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. Осылар арқылы игеру деңгейі
анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз мүмкіндігінше білім
алады.
Модульді оқытудың дәстүрге айналған сынып – сабақ жүйесіндегі түсіндіру
- иллюстративтік әдіспен қандай артықшылықтары бар?
Ең алдымен, оқушы өзінің жеке интеллектін саналы түрде дамыта отырып,
оқу мазмүнын жіктеп меңгереді, ал мұғалім тек ұйымдастырушы, координатор
(үйлестіруші), көмек беруші, бақылаушы міндетін атқарады.
Модульді оқытудың кептеген идеялары бағдарламалап оқытудан алынған. Ол
дәстүрлі оқытудың жоғары дәрежеде ұйымдастырылған баламалы түрі. Сабақ
үрдісіне модульдерді біртіндеп енгізген дұрыс. Мысалы, жоғары сыныптарда
модульді оқытуды дәрістік әдіспен ұштастырған ете тиімді. Модульге оқушының
оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға
болады. Мысалы, жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу, оқытудың қай
жүйесінде де модульді пайдаланып, оның сапасын, тиімділігін арттыруға
болады.
Модульді сабақтың жай сабақтан айырмашылығы неде және модульді сабақты
өткізу үшін мұғалім не істеу керек?
Модульді сабақты әзіллеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап,
модульдер (ақпараттар блоктарынан тұратын) жиынтығынан тұратын модульді
бағдарламаны құрастыру керек.
Модульдер шартты түрде үш типке жіктеледі: танымдық (ғылым негіздерін
оқығанда қолданылады), операциялық немесе іс-әрекеттік (іс-әрекеттердің
әдістерін қалыптастыру және дамыту үшін), аралас. Осы соңғы түрі жиі
қолданылады. Содан соң, мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, келемін,
ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар
үшін сабақтың соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін
кірістірілген мақсаттарды айқындайды. Қосымша материалдар көрнекі құралдар,
тапсырмалар іріктеледі. Ең соңында, мұғалім осы атылғандарды нұсқау -
жоспар, кітапша түрінде әзірлеп, барлық оқушыларға таратады. Сабақ кезінде
оқушылар нұсқау-жоспармен өз бетінше жұмыс істейді. Ал мұғалім бақылай
жүріп, әлсіздерге көмектесіп, күштілерді мадақтап, әр оқушымен жеке
байланыс жасайды. Мүмкіндігінше әр модульдің алдында оқушылар білімнің
деңгейін анықтап, дәл уақытында түзету жасауға тырысқан жөн. Әрбір оқу
элементін аяқтаған соң ағымдағы және аралық бақылауларын жүргізу қажет. Осы
кезде оқушының біліміндегі олқылықтары анықталып, қайталап оқуына, қосымша
материалдарды тыңдауға нұсқаулар беріледі. Мұғалімнің рөлі оқу материалы
жөніндегі ақпаратты тасушыдан үйлестіруші, көмек беруші, кеңес берушіге
ауысады. Модульмен жұмыс істегенде алдымен бір топпен жұмыс істеп және
материалдың аса көп болмауын құрастырған жөн.
Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы
алынған.
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала ( диагностикалық) бағалау;
4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс
негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5. Нәтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу процесі "модульдік" сипат алып, құрылымы ортақ,
бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру
әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі
қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына
байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік балаларды оқытуға емес, тұлғалық-
бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу
негізінде құруға және т.б. ұмтылдық.
Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі
туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар)
әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен
таныстыру.
3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы
түрінде).
4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген
оқушыларды айқындау.
6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген
оқушыларды айқындау.
Зерттеуге біршама өзгерістер енгізілді:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2. Сыныпты мазмүны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша
жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру.
3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі -
сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).
4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру
жэйе әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
5. Жалпы тақырыпқа, тарауға ("өсу" бағытымен) 4-7 рет қайта оралу
негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
6. Тұтас тақырып бойынша кестелеу.
7. Тақырып бойынша қалыпты немесе "релелік" сынақ (немесе диктант,
бақылау жұмысы және т.с.с.) жүргізу.
Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық
бөлімнен; кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады:
Кіріспе бөлімі
(модульге, тақырыпқа енгізу)
Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу
негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлім
(бақылау)

Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша
тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Неғұрлым тиімдісі - 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі. Алайда эксперимент
жүргізген мұғалімдерде модульге бөлінген сағат саны 4 сағаттан 22 сағатқа
дейін ауытқыды.
Алдында айтып өткеніміздей, оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат
санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге -
2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17-сағатқа дейінгі уақыты) сөйлесу
бөліміне қалдырылады.
Мысалыға, "Асқорту" және "Секреция бездері" тақырыбында оқу модулін 5
сағатқа жоспарлағанда, оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі -
кіріспеге, бір сағаты - қалған үш сағаты - сөйлесу бөліміне беріледі.
Оқу мазмұнына "өсу" бағытымен - қарапайымнан күрделіге, репродуктивті
тапсырмалардан шығармашылық ізденіске (кей жағдайларда - зерттеушілік
қызмет элементтеріне) қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу
материалын қарапайым білім деңгейінен "білімді бағалау" деңгейіне дейін
меңгеруіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен
сыныпты шағын топтарға (4-7 адамнан) болу арқылы оқушылардың өзара әрекеті
негізінде, осы бөлімге түрлі ойын технологияларын енгізе отырып құрылады.
Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін
ұйымдастырушы ретінде болады.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - мұғалімнің даярлық жүйесі.
Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң,
оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын
ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.
Мұгалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет қадамдардан тұрады:
1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада
меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды,
сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-
зерттеу.
3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді
ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты)
сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған
түйінді ұғымдар мен "кодтар" негізінде).
5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмүны бойынша тестілік тапсырмалар
құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).
6-қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша
сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің
өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға
болаы).
7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.
Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірінші күрделілік
дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың
ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі
тапсырмалар әзірленеді.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі
Психологтардың дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін
оқушылардың мақсатты түсуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы) аса
маңызды. Ол үшін, психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені
үйрену), оның мағынасы белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі
керек.
Обьектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді
сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған
тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік,
меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін,
психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі
жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен
түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған "орама" қызметін белгі
(термин), белгілік жүйе атқарады.
Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен
таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен
міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының
"қабылдауына", түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
б) тірек сызбаларға ("орамаларға", белгілік үлгілерге) сүйене отырып,
модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут
ішінде) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып-үйренудің екінші -
операционалдық - танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі
қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын,
қабілеттерін, көзге елестету қабілетін - жадын, шығармашылығын және т.б.
дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық
қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай
жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі
жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және
оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс. (Л.Фридман)
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының
негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін
оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл
бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде
(қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын
таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.
Бұның бір маңызы - күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал
тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара
сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.
Мұнда оқу материалының мазмұны оқушыларды өзара сөйлесуінің арқауы және
құралы болады.
Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет -қадамнан
тұратын даярлық құрылымы қалыптасады.
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу.
2. Оқу материалын бірттас, жинақы, "өсу" бағытымен беру.
3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының
талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық
қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.
5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
Сөйлесу бөлімін құру қағидалары.
Алғашқы үш әрекет - қадам мұғалімнің оқу материалының тұтас мазмұнын
бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала
отырып құрылады:
1. Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
2. "Өсу" бағытымен оқып-үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан -
мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен
фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек бөлек емес,
кешенді түрде, тұтас тарау бойынша пысықтауын білдіреді.
3. Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына "қайта
оралып отыру" қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды). Іс жүзінде
тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік
деңгейі тұрғысынан да "өсу" бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген
білімді бекіту үшін қажет.
Зерттеулер көрсеткендей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім
деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін)
қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес,
тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын
шешудегі құрал-жабдығы ретінде пайдалану. Сондықтан модульдің осы бөлімінде
оқу материалын меңгеру - тек қажетті құрал ғана, оның негізгі мақсаттарға
жету: қиынды ойлауды, түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты
көре білуді дамыту; ұғымдар қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйрену;
интеллектіні және креативтілікті (шығармашылық қабілетті) дамыту мүмкін
емес. Оқу модуліндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы
болып табылатын мақсатқа және оқушылардың білімі мен білігінің мемлекеттік
білім стандартына сай келуіне қатар қол жеткізіледі (олардың сай немесе сай
еместігін салыстыру оқу модулінің үшінші - қорытынды бөлігінде
жүргізіледі).
Мұғалім тұлғаны дамытатын кез-келген қызмет емес, тек орындау барысында
жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға
оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл-ой жұмысынан қанағаттануы
тиіс. Бұл мүмкін, мұғалім жұмысының неғұрлым проблемалы міндеті шығар.
Әрбір оқушының оқуға ниеттенуі, танымдық процеске жағымды көзқараста болуы
үшін және оларда жағымды эмоциялар туғызу үшін не істеу керек ? Бұл сауалға
бір жақты жауап бола қоймас, өйткені бұл психологиялық сипаттағы көптеген
факторлармен байланысты. Дегенмен, оның шешімін іздеу мүмкіндігі бар.
Бұл үшін:
- оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына
қойған міндеттерін тек түсінік қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс, яғни,
оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс (Рубинштейн 1946,
599-604);
- таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы
адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір
күшті ықпал етеді (Бодалев 1983,65)
- бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда);
а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін емес деген
сенімін жоюға;
ә) қорғану механизмдерінің шғармашылық процеске әсерін төмендетуге
ықпал етеді. (Грановская, Крижанская 1994, 127)
- қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамытуға қол жеткізу неғұрлым
демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады;
- кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды
болса, енді біреулеріне - өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы,
дамытушы болып есептелді.
Міне, сондықтан да ұсынылған оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім,
әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. I деңгей тапсырмалары
оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. II және III деңгей
тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде игеруін кездейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірлеген тапсырмалары солардың біреуін
оқушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Жоғары мектептегі білім мен тәрбиеге қатысты мемлекеттік құжаттарды танып, білу
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары
Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау
Пәндер