Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің төл Конституциясы, жаңадан қабылдаған Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, балалардың бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі ел экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту. Бұл жөнінде ел басы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында: « . . . барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, экономиканы дамытудағы жетекші фактор», - деп атап көрсетті[1; -10б] .
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген[2; -26б] .
Эстетикалық тәрбие - кең ұғым. Ол балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді, байқағыштығы мен әсерленгіштігін (қуану, қайғыру) жетілдіріп, олардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтеді, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Сондықтан, эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы - мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан-жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды.
Елімізде қазақ әйелдерінің арасынан шыққан алғашқы педагогтар Н. Құлжанова, М. Бегалиева, М. Ниязова, Ш. Иманбаева т. б. ғылыми еңбектерінде эстетикалық тәрбиені, әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінің өзекті мәселелері ретінде көтерген[11-12; -33-36б] .
Республика көлемінде мектепке дейінгі балалардың психологиялық мәселелері Т. Тәжібаева, С. Балаубаев, М. Мұқанов, Ә. Алдамұратов, Х. Шериазданова, Ғ. Ракимбеков, А. Нұрахұнова т. б. сияқты психолог-ғалымдардың еңбектерінде зерделенсе, балалар көркем шығармаларының тәлімдік мәнін М. Ғабдуллин, Б. Момышұлы, Б. Адамбаев, Ш. Ахметов, М. Әлімбаев, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Ә. Табылдиев, М. Балтабаев, М. Бөлеев, З. Ахметова, М. Құрсабаев, М. Смайылова, М. Оразаев, С. Ұзақбаева, Қ. Қожахметова т. б. сияқты педагог-ғалымдар зерделеген[13; -48б] .
Елімізде мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми-теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б. Баймұратова, Қ. Меңдаяқова, М. С. Сәтімбекова, Р. Аралбаева, Р. М. Жұмағожина, А. К. Меңжанова, Ф. Жұмабекова, Г. Меңлібекова, Ә. С. Әмірова, М. Т. Тұрыскелдина, Н. Храпченкова, Т. Иманбеков, Т. А. Левченко, А. Е. Манкеш, С. Жиенбаева т. б. педагог-ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Бұл ғылыми-педагогикалық еңбектердің құндылығы, республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиелеу және білім беру іс-тәжірибелері талданып оны ұйымдастарудың мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін жаңартуда басшылыққа алатын ғылыми-әдістемелік ұсыныстар болып саналуымен қатар, зерттеу жұмысымыздың бағыт-бағдарын белгілеуге жағдай туғызды[14-16; -11-25б] .
Аталған еңбектерде мектепке жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру мәселесін алдарына мақсат етіп қоймағандықтан шолып өтіп, балалар дамуындағы көркем шығарманың маңызы әр қырынан қаралғанымен көркем шығарма арқылы эстетикалық тәрбие беру үрдісі кешенді зерттелмегенін анықтадық.
Демек, ұлттық балабақшаларында, көркем шығарма материалдарының эстетикалық тәрбие берерлік мүмкіндіктері мен оның мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиелеу және білім беру үрдісіне ендіру деңгейінің таяздығы аралығында, балаларға эстетикалық тәрбие берудің бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның ғылыми - педагогикалық негіздері, мазмұндары және оны ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік жүйесінің толықсыздығы аралықтарында қарама-қайшылықтар туып отыр. Бұл қайшылықтардың шешімін табуға себепші болатын педагогикалық шарттарды қарастыру зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болмақ. Оның көкейкестілігі мен ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттелмегендігі, тақырыпты « Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың үрдісі.
Зерттеудің міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың жүйесін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
- мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктерін ашып, моделін құрып, өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін айқындау;
- мектепке дейінгі балаларына көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың мазмұндарын сұрыптау, оны ұйымдастырып іске асырудың педагогикалық шарттарын саралау;
- балабақшалардағы тәрбиелеу және білім беру үрдісіне көркем шығарма материалдарын ендіруге байланысты ғылыми әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау, эстетикалық тәрбие мазмұны мен бағдарламаны сұрыптау, тәрбиешілер мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, бақылау, озық
педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесіне баға беру, оларды математикалық тұрғыда өңдеу ұсыныстар беру.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының « Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында Президентіміздің Н. Ә. Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан Халқына Жолдауы, тағы басқа құжаттар, ресми материалдар, философтардың, психологтар мен педагогтардың еңбегі, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, озат педагогтардың тәжірибелерін басшылыққа алу.
Зерттеудің базасы: Түркістан қаласы №31 мектеп балабақша, Балбөбек балабақшасында өтті.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 . Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың ғылыми практикалық негіздері
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
Эстетикалық тәрбие - қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Адамға табиғатты және өнер мен сұлулық заңдылықтарын эстетикалық тұрғыдан түсіндірудің тұңғыш теориялық ұғымдары құл иеленуші қоғам кезеңіне жатады. Алғашқы эстетикалық тұжырымдар Индияның, Египеттің, Қытайдың, Мисопатомияның, Ассирияның, Вавилонның әдеби естеліктерінде бейнеленеді. Соның ішінде эстетикалық тәрбие туралы ең алдыңғы ой пікірлер Греция ойшыларының үлесіне тиіп, шығыс елінің тамаша ойшылдарының бірі - Әл-Фараби дәуірінен басталған. Ежелгі Грецияда эстетикалық тәрбие мәселесі философиялық жүйенің ажырамас бір бөлігі іспеттес қарастырылды.
Эстетиканың ғылым ретінде жеке философиялық пәнге айналу кезеңі ХҮІІІ ғасырдан басталады. Себебі, ХҮІІІ ғасырдың басында жарық көрген ғылыми еңбектердің көпшілігі сұлулық, әсемдік, талғам деген түсініктерге жауап берумен қатар, олардың адам өміріндегі маңызын ашуға бағытталған.
Неміс оқымыстысы А. Г. Баумгартен өз еңбегінде гректің «эстезис» (сезім, сезімдік қабылдау) деген сөзінен шыққан «эстетика» терминін тұңғыш қолданып, оған жаңа философиялық пән ретінде қарауды талап ететін сезімдік тану теориясы деп түсіндіреді[17; -32б] .
Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рақаттану. Ол - адам табиғатына ғана тән жоғары сезім. Мектепке дейінгі балалардың қолынан көркем-өнердің барлық түрі: әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, ән айту, сурет салу, жапсыру сияқты іс-әрекеттің бәрі келеді. Олардың орасан мол өзіндік ерекшелігі бар, ол ерекшелік балалардың шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін нәрсенің шындығына сенетіндігінде, көрушілер мен тыңдаушылар жөнінде қам жемейтіндігінде. Осы кезеңнің өзінде балалардың, көркем-шығармашы-лық қабілеттері дами бастайды, бұл ойдың тууынан, оның іске айналуынан, өзінің білімі мен әсерін ұштастыра білуінен, сезімі мен ойын білдірген кездегі ғаламат шынайылығынан көрінеді. Бұл балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етеді. Эстетикалық талғам - кең ұғым, ол өнердің терең мағыналы, тамаша шығармаларын түсінуді, содан ләззат алуды ғана емес, табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді де қамтиды[23-24; -2-6б] . Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен рөл атқарады. Мектепке дейінгі жаста балалар оқу үстінде балалар әде-биетінің, музыканың, сурет өнерінің жасына лайық шынайы өнер шығармаларын тани білуді, сүюді үйренеді. Балалардың көркемдік қабілеттерін, олардың эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек адамның рухани байлығы қалыптасатын негіздерді қалай береді.
Балаға өмір сұлулығын сезінуді және түсінуді үйрету - ересектердің ұзақ жұмысын керек ететін күрделі де қиын міндет.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
- балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту;
• балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен са-уықтар. Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрі балаларға өзінің бар ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды. Мерекелер мектеп жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда балабақшаның алатын орны ерекше. Дегенмен де отбасы-ның рөлі де зор болмақ. Балабақша мен отбасының бірлескен ықпалының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге асыруға болады. Балалардың әрқайсысы музыкант немесе суретші болмауы мүмкін бірақ, әрбір баланың өнерге сүйіспеншілігі мен ықыласын тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, көркемдік талғампаздығын, музыканы түсінуін, сурет салудың қарапайым дағдыларын қалыптастыруға болады. Ол арқылы эстетикалық тәрбиенің негізі қаланады.
Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу өнеріндегі әрекеті үшін мадақтау жөне жетістіктерін бағалау.
Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы өсемдікпен таныстыру жолымен жөне өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы тұрмыс эстетикасы көркем қарапайымдылықтан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алынуынан, әр заттың өз орнында жарасып тұруынан, басы артық еш нәрсе болмауынан көрінеді. Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуы тиіс. Балабақшаны безендіруге қойылатын талап балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнымен анықталады. Олардың ішіндегі ең бастылары:
- Үй жиһаздарының пайдалылығы, жабдықтардың тәжірибелік тұрғыдан қажеттілігі.
- Тазалық, қарапайымдылық, әдемілік.
- Әрбір заттың көзге сүйкімді, анық көрінуін қамтамасыз ететіндей түс пен жарықтың дұрыс ұштасуы.
- Безендірудің барлық компоненттері біртұтас ансамбль құрайтын болуға тиіс.
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері айқындалады. Сондай-ақ, эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары, көркемөнер құралдары, көркемөнер шығармалары, бейнелеу өнері, эстетикалық тәрбиенің әдістері қарастырылады. Эстетикалық тәрбиенің мектепке дейінгі жастағы жүйелі жүргізілуіне көңіл бөліп және оны ұйымдастырудың жолдарын меңгереді.
Дәрісте ұсынылған материалдарды студенттер толық меңгеру үшін төмендегідей мәселелерге басым көңіл бөлуі керек:
- эстетикалық тәрбиеге байланысты негізгі тірек түсініктердің мәнін ашып, мағынасын түсіне білуі;
- эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін нақты білу;
- эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен құралдарын айқындай білу;
- эстетикалық тәрбиенің шарттары мен қағидаларын және құралдарын жете түсінуі;
- эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарына, әдіс-тәсілдеріне талдау жасай білуі, тәжірибелік жүмыстар жүргізуге жаттығуы қажет.
Жоғарыда келтірілген осы қағидаларды саралай келе, біздің ойымызша эстетикалық тәрбие дегеніміз - тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық сезімі мен қызығушылғын, мәдениеті мен эстетикалық қажеттілігін қалыптастырып, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті қабылдай білу және өзіндік шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған мақсатты, жүйелі жүргізілетін тәрбие жұмысы деп түсінеміз.
Энциклопедиялық сөздіктерде «эстетика» термині жан-жақты қарастырылып, оның адамның сезімдік қабылдауының көрінісі ретіндегі мәні терең ашылған. Жалпы «эстетика» термині ежелгі гректің «aijsgavnomas» - «сезу», «aijsghtikov» - «сезіммен қабылданатын» деген сөздерінен шығады.
1. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың негізгі құралдары
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әcемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Олардың бірі- эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру - эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі - баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz