Оқушыларды сыныптан тыс үйірме жұмыстарында майлы бояумен жұмыс жазудың қыр-сырына үйрету


КІРІСПЕ
Н. Ә Назарбаевтің халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуіне, мәдениет, білім өнер саласының дамуына баса назар аударып отыр. Қазіргі таңда халықтың өнерге деген қызығушылықтары артуда, мектептерде бейнелеу өнері пәні, сәндік қолданбалы өнер пәні, үйірме жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін, адамгершілік, имандылық қасиетін дамытып отыр.
Ең бір маңызды саланың бірі білім беру саласы. Біз өсіп келе жатқан жас ұрпаққа орнықты да тиянақты білім беруіміз керек. Біздің өлкеміз тарихи ескерткіштерге, кесенелерге бай, атап айтар болсақ Ахмет Иассауи, Арыстанбаб, Ибраһим ата, Қарашаш ана, Бабай Түкті Шашты Әзиз, Ысқақ бай, Қарабура әулие, міне осы тарихи кесенелер жыл өткен сайын тозып, қирап, жойылуға жақын.
Соңғы кезде «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалынып тарихи ескерткіштерді, кесенелерді қалпына келтіріп жөндеу жұмыстарына қаржы бөліне бастады.
Мен өзімнің дипломдық жұмысымда кескіндемеден «Қарабура» әулие кесенесін кенеп бетіне майлы бояумен бейнелеп көрсеткім келді. Мектепте бейнелеу өнерінен үйірме ұйымдастырып оқушыларға өз білгендерімді үйретсем деймін.
Мақсатым осы «Қарабура» әулие кесенесін бейнелеу арқылы оқушылардың өз туған жеріндегі көне тарихи ескерткіштерге деген сүйіспеншілігін арттырып оларды ары қарай сақтай беруге уағыздау.
Дипломдық жұмысым 2 (екі) бөлімнен тұрады. 1. Бірінші көлемі 1000 х 800 кенеп бетіне майды бояумен жазылған картина. 2. Екінші бөлім жазба бөлімі онда кескіндеме өнерінің қыр-сыры және мектептегі бейнелеу өнерінен үйірме жұмысы сабақтарын ұйымдастырып жүргізу әдістемесі.
Тақырыптың көкейкестілігі; Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас ұрпаққа бейнелеу өнері туындыларын оқытып, үйретіп, орындау жолдарын көрсетіп үнемі уағыздап отыру басты міндетіміз болып табылады.
Өзіміздің Оңтүстік өңірімізде тарихи кесенелер көптеп кездеседі, соларды кенеп бетіне майлы бояумен бейнелей отырып оқушыларды тарихи ескерткіш, көненің қалдықтарын көздің қарашығындай сақтап, келесі ұрпаққа жеткізуге жағдай жасауымыз керек.
Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты:
Оқушыларды сыныптан тыс үйірме жұмыстарында майлы бояумен жұмыс жазудың қыр-сырына үйрету. Оқушылардың тарихи ескерткіш, кесенелерге деген сүйіспеншілігін дамытып, эстетикалық талғамын арттыру. Оқу процесінің сапасын көтеру, оның тиімділігін арттыру - оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытудың жаңа формаларын іздестіріп оны практикаға енгізумен тығыз байланысты. Мен өзімнің дипломдық жұмысымда оқытудың қалыптасқан жүйесіне үлкен өзгерістер енгізбей, үйірме сабағында кескіндемеден майлы бояудың қыр-сырын оның мүмкіншіліктерін үйрету арқылы оқушылардың туған жер табиғаты сұлулығына, тарихи кесене ескерткіштерге деген сүйіспеншілігін арттыруға баса назар аудардым.
Зерттеу жұмысының нысанасы:
Сыныптан тыс бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында тарихи ескерткіштерді бейнелеу жолдарын оқытып үйрету.
Зерттеу пәні:
Үйірме жұмысы сабақтарын тиімді жүргізу әдіс тәсілдерін айқындау
Зерттеу әдістері:
- оқушылардың шығармашылық жұмыстарына баса назар аудару:
- үйірме жұмысы бағдарламасына талдау жасау;
- озық тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу.
Зерттеу жаңалығы:
- «Қарабура» әулие кесенесі туралы деректер жиынтығы
- Бейнелеу өнерінен үйірме жұмысы сабақтарын жүргізу әдістемесі
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы;
Жалпы білім беретін орта және негізгі мектептерде бейнелеу өнерін оқытып үйретудің педагогикалық-психологиялық негіздерін айқындау.
Жазба бөлімінде тарихи кесене «Қарабура» әулие кесенесі жайындағы мәліметтер арқылы үйірме жұмысы сабақтарында оқушылардың өз өлкесі тарихи ескерткіштеріне деген сүйіспеншілігін, эстетикалық талғамын арттыру. Үйірме жұмысы сабақтарын жүргізу әдістемесін жетілдіру. Үйірме сабағының жылдық жоспары жетілдіре түсу.
Дипломдық жұмыс көлемі:
- Көлемі 1000х800 майлы бояумен жазылған «Қарабура» әулие кесенесі.
- Көлемі 500х400 майлы бояумен жазылған этюд және түрлі көлемдегі этюдтер, іздену варианттары
- Бет компьютерде терілген, кіріспеден, тараулардан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және иллюстрациялардан тұрады.
1. ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕГІ ТАРИХИ КЕСЕНЕЛЕР
- Кескіндеме өнерінің шығу даму тарихы мен түрлері
Кескіндеме өнері әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп, әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң сапағында, біздің тарихтан бұрыңғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келген. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бәрібір кескіндеме жасап, дами берді.
«Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ел табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, болулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы - осының бәрі кескіндеме өз міндеттері үшін берілген. Рыцарь сауыттарыны4 жылтырын жібек маталардың асқан әдемілігін, көз жанрының дымқылдауының, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіндемешыға қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайындардың жан жадырар жасыл жапырақтарын, қатарлы да асқақ аспанды, мөлдір-сұр туманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады.
Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен кенеп (холст) бетіне қылқаламмен бояу жағады - міне енді одан сендерге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой нысандары мен құштарлықтарын таңғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан дүниесін ашып берген…
Ұлы мәні мынада: ол сансыз жүректерді бір мәнде ойда, бір күшті сезімге бірге соғуға мәжбүр етеді.
Ол шапшаң, бірден әсер оған аудармасылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді».
Аса көрнекті Совет кескіндемешілерінің бірі- А. Пластов кескіндеме туралы осылай шабыттана айтады.
Кескіндеме - бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен - темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке ауысатын кескіндеме бар, жартылай гравюра - кескіндеме (монотипия) бар.
Мұның бәрі станоктік, яғни станокта (мольбертте) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғалаларынан көреміз. Мұндай кескіндеме арнайы тәсілде ақ сүтіне араластырылған бояулармен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады (преска) . Мүлдем бояусыз - ақ істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка) . Сондай-ақ жарықтанатын кескіндеме - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі-түсті жарық түсіретін кескіндеме да болады (витраж) .
Кескіндеме шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне -көп қандай тәсіл, қандай болудың пайдалануына тікелей байланысты. Мәселен, қайта өрлеу дәуірінің шеберлері салған суретте қай болудың қалай жағылғаны, қыл қаламның кенеп бетіне қалай тигені байқалмайды. Ол үшін олар негізгі болу кепкеннен кейін үштіне жұқалап, үштеме түссіз бояу жағатын болған. Мұндай әдісті «лессировка» дейді.
Кейін суретшілер қыл қаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қыл қаламның үшін тиер-тигізбес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуды баттитып-баттитып батыл жағады да, өзіне керек реңкті бірте-бірте сатылап емес, бірден табады. Мұндай әдіс бейнелеп отырған нәрсенің түрі мен көлемін дәл жеткізуге көп септік жасайды.
Жанрлар.
Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады.
Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендері мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі француздің «Qenre» - түр немесе тек сөзінен шыққан. Кескіндеме мынадай жанрларға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар деп аталады.
Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде ХУІІ ғасырда Голландияда және көрші Фландрияда (қазір бұл Бельгияның бір бөлігі) туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де, суретшінің оларға деген көзқарасын да ашып береді. Голланд суретшісі Ван де Вальденің майлы бояулармен тығыз, қою салынған натюрмортында көбіне сан түрлі тағамдар: нан, жемістер, әдемі кесілген майлы ветчина (шошқаның тұздап, сүрленген майлы еті), жабайы аң-құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгірт сәуле шашатын күміс кубоктардағы шарап бейнеленеді.
Мұндай картиналарды салдырған адам, рухани нәзік талап талғам дейтіннің иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжары суреттегі дәмді, мол тағамға ғана қызығатын, өйткені оның өмірінің басты қызығы да тамақ, құлқы болатын.
Бірақ, М. Врубельдің «Раушан гүл» натюрмортты акварелі мүлдем басқаша. Жалғыз тал әсем гүл мөлдір стаканға малынып тұр. Оның айналасында ештеңенің суреті салынбаған - суретші тек осы раусан гүлін ғана қызықтайды, қалғанының бәрі оған маңызды емес. Бейне бір нәзік фарфордан құйылғандай болып көрінетін осынау бір жалғызілікті раушан гүлі суретшінің сұлулық жайындағы арманын кейіптейді. Осылайша натюрморттарда автордың өмірді қабылдауын білдіретін өлі табиғаттың мүлдем алуан түрлі образдарды берілуі мүмкін.
Пейзаж («Pausade» деген француз ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде Европадағынан ертерек қалыптасты. Европалық кескіндеме ол УІІ ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі ХІХ ғасырдың соңына тұспа-тұс келеді (И. Левитан, К. Коровин, Н. Рерих және басқа да көптеген суретшілер) .
Пейзаж - қайсыбір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ, осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрлесе бейнеледі.
ХУІІ ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді. Олар табиғат сұлулығын іңкәрлықпен қызықтауға бейін емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орны, тіршілік қаракетін іздестіретін кеңестік.
Теңіз көріністерін салуды сүйетін суретшілерді латынның «marinus» - теңіз деген сөзінен шығарып маринистер деп атайды. Орыс маринистерінің ең көрнектісі И. К. Айвазовский болды. Ол өмір бақи бірде бұлқан-талқан тулап, бірде моп-момақан тыныс жататын теңіз жазирасын бейнелеп өтті.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көз-қарастырынан, көңіл-күйін береді.
Оның үстіне, «мәңгілік» тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар, автомобиль жолдары, жоғары вольтті электр желілерінің сорайған діңгектері мен сымдары аспанда ұшқан реактивтік самолеттің бұдақтаған ізі - осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманғы суретші аңғармай тұра алмайды. Пейзаж және натюрморт, әлбетте, тақырыптық картинаның құрамдас бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы рөль атқарады.
Портрет . Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды - үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрыңғы мозаикалық рим және темпералық фасад портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.
Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет сынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініс, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Портреттің бірінші және қажетті сапасы - оның түпнұсқамен ұқсастығы. Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнеленушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Тек осылардың бәрі ғана бейнені портрет етеді, осылай ғана бейнеленген адамдар тіпті бізге мүлдем бейтаныс болғанның өзінде бізді көз салуға ойға шомуға және тебіренуге мәжбүр етеді.
Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады. Совет суретшісі М. Нестеров И. Павлов портретінде жасының егделігіне қарамастан күш пен жігерге толы, өмірге құштар ғалымның қайсар шабытын бейнелеуге тырысқан.
Мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан қалып көрген жоқ. Алайда портрет жанрының ерекше етек жайған тұстары болған. Ескі Рим мен Қайта өрлеу дәуірі - голланд Рембранд Харменс Ван Рейн мен Франс Гальс, ламанд Антонис Ван Дейк пен испан Диего де Сильва Веласкес сынды ұлы шеберлер өмір сүрген ХУІІ ғасыр.
Портреттер өзінің сипаты жағынан алуан түрлі болады. Бір портреттер адамды дәріптеу, оны барынша әсемдік пен сәндікке көрсету үшін жазылады. Бұл ХУІІІ ғасырда орыс өнерінде мейлінше кең тараған парадтық портреттер. Ф. Рокотов, Д. Левицкий, В. Боровиковский атақты ақсүйектердің нәзік те әсем, тамаша портреттер жасады. Екінші портреттер адамды әдеттегі, күнделікті кейіпте көрсетеді. Бұл интимдік, психологиялық портреттер деп аталады. Портреттік жанрдің ерекше түрі топтық портрет болып табылады. ХІХ ғасырдың орыс суретшілері тегі арқылы емес, ел алдындағы еңбегі, таланты арқылы даңқы шыққан адамдардың портреттерін туғызды. Олар адамдардың сырт ажары емес, күрделі ішкі дүниесіне, рухани әлпетіне көбірек назар аударылған. И. Репин, В. Серов ең тамаша портреттер қалдырды. Олар өз замандастырының қшпес бейнесі жасалған.
Портрет бейне бір портрет - картина сияқты болып, өз композициясына портреттеліп отырған адамнан басқа, пейзажды, алуан түрлі аксессуарларды және тіпті, мысалы, К. Брюлловтың «Салт атты қызды» немесе А. Герасимовтың «Ленин мінбеде» сияқты әйгілі және басқа да сан түрлі картинадағыдай, алыс пландағы басқа адамдардың бейнесін енгізуі мүмкін. Мұндай жұмыстар портрет пен тақырыптық картина арасындағы өтпелі жағдайға ие болады.
Тақырыптық картина - өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі бейнелейтін картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрыңғы замандардан өз бастауын алады - жартастар мен үңгірлерден алғашқы қауым адамының аң аулау сәтін және басқа да іс-әрекет түрлерін бейнелеген суреттер көптеп табылуда. Ежелгі Египет, Греция мен Рим заманынан қабырғаға салынған кескіндеменің тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.
Бірақ станоктық тақырыптық картина яғни тек Ренессанс дәуірінде ғана пайда болып, кең өріс алды. Тақырыптық картина даму үстіндегі әрекетті көрсетеді: оған көз тастай отырып, бейнеленген сәтке дейін не болғанын және одан кейін не болатынын көрермен ойса сараптай алады немесе И. Крамской айтқандай бір холсты түсіндіру үшін… екіншісінің қажеті жоқ.
Тақырыптық картина болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп көрсетеді, оның мүмкіндіктері шексіз әрі әр алуан: то тым үлкен және өте кішкентай болуы, сан қилы техникалық құралдармен жасалуы, аса ұлы әлемдік оқиғалар туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.
Натюрморт та, пейзаж да портреттер де тақырыптық композицияның құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
Мазмұнының бағыты жағынан тақырыптық картиналарды өткен Заман оқиғаларын баяндайтын тарихи картиналар, шайқастар мен әскери жорықтарды бейнелейтін батальдық картиналар және суретшілер өтіп бара жатқан өмірдің күнделікті көріністерін кейіптейтін тұрмыстық картиналар деп қабылданған.
Орыс өнерінде тақырыптық картина ХІХ ғасырдың екінші жартысында мейлінше гүлденеді. Бұл гүлдену орыс қоғамындағы революциялық өрлеудің тікелей нәтижесі болды. Бұл гүлдену орыс қоғамындағы революциялық өрлеудің тікелей нәтижесі болды. Көркемсурет академиясын бітірушілердің И. Краской бастаған 14 алдыңғы қатарлы суретшілері Академиядағы керітартпа тәртіпке қарсы «Бүлік» шығарып, диплом жұмысынан, сонымен бірге көптеген жеңілдіктерден бас тартты. Олар «көшпелі көркем көрмелерінің серіктестігін» ұйымдастырды және отандық өнер тарихында «көшпенділер» деген атпен енді. Олардың өнері қоғамдық әуенділікке толы және айқын көрінген публицистикалық бағытқа ие болды. Олар салтанатты портреттердің және інжіл мен мифологиялық көріністерді бейнелеудің орнына өздерімен замандас халықтың өмірін бейнелеуге ден қойды.
И. Крамской, В. Перов, Н. Ге, Н. Яросенко, И. Репин, В. Суриков сияқты суретшілердің картиналары Третьяков галереяның негізгі өзегін құрады.
Контраст «түстердің қарама-қарсылығы» көркемдік әсерліліктің басты құралдарының бірі болып есептеледі. Тақырыптық картинада контраст қандай да бір тәсілдерді салыстырудан және жеке дара мінездемелерді салыстырудан да көрінеді. И. Репиннің «Запорождықтары» немесе В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» сияқты атақты картиналарын еске түсіріп көріңдерді. фигуралар, адамдардың тұру жағдайы, қимыл-қозғалыстары, бет-әлпеттері, осы бет-әлпеттердегі, қала берді, кімдер қаншалықты әр алуан десеңдерші! Сендер кейіпкерлердің сипаттамасынан ұқсас екі деталь таба алмайсыңдар - бәрі әр түрлі, бәрі контрасқа құрылған.
Итальяндық қайта өрлеу дәуірінің ұлы шебері Леонардо да Винчи осыған үйреткен болатын: «Тарихи сюжеттерді салыстырғанда бірін екіншісімен күшейтіп отыру үшін көршілес тура қарама-қарсылықтарды, олар неғұрлым жақын бояған сайын соғұрлым көбірек араластырып отырған, яғни шиықсызды көршілес әсемдікпен, үлкенді кішімен, кәріні жаспен, күштіні әлсізбен араластырып отырған жөн, және де мұны қаншалықты мүмкін болғанынша сан құбылтып отырған жөн».
В. Суриковтің жоғарыда аталған картинасында мұндай контрастар толық дәрежеде пайдаланылған. Тобырға көз салып көріңдерші - мынау басын иіп ұнжырғасы түскен жас бояр қыз, бірақ оның ту сыртынан тағдырға мойын сұнбаған монах қыздың қатал жүзі көз тігеді, үрейлі жүздерімен қатар, аңғал күлкі езуіне үйірілген бала көрінеді.
Бұл контрасқа колористік контрас та өзектес жатыр. Тобыр тым ала-құла көрінеді, онымен ақ қар және бояр әйел Морозованың қара киімі контрасқа түседі. Ал мұның өзі драманы сезінуді күшейте түседі. Осы картинада контрастық салыстыру шексіз, бірақ, осыншалықты санқилы бола отырып, бұл картина бір-тұтас терең көркем образ.
Қазіргі совет суретшілері бұрыңғы шеберлердің дәстүрлерін жалғастырыпкеледі, тақырыптық кестеме олардың творчествосында жетекші орын алады.
1. 2. Созақ өңіріндегі «Қарабура» әулие кесенесі туралы аңызäàð.
Созақ-қазақ елінің, маңызды тарихи орталығы болумен бірге, ол халқымыздың киелі, әрі қасиетті мекені. Түркі дүниесіне аты әйгілі Баба Түкті Шашты Әзіз бен Қожа Ахмет Яссауидың түпкі атасы Баб атаның (Ысқақ бабтың) осы өңірде болғандығының өзі осының айғағындай.
Созақ шаһарының өзінде халық зиядат ететін аты әйгілі ондаған әулие сағаналары мен оның жанында мешіт медреселері болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz