Оқушылардың бойына жарасымды мінез қалыптастыру



1 Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда
2 Ұстазы жақсының . ұстамы жақсы
Қорытынды
Казақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Қазақ отбасындағы тәрбие ісін Ш.Ахметов өз зерттеулерінде басты-басты 8 түрлі мәселені қамтыған.
1."Әдепті бол" деп әдептілікке үйреткен.
2. Қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
3. Тіл алғыш, елгезек болуға баулыған.
4. Адал, шыншыл болуға үйреткен.
5. Өнегелі үстаз бен тәрбиешінің сөзін тыңдап, "ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол" дегенді бойларына біртіндеп сіңіре берген.
6. Ата-ананы, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйреткен.
7. Кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол (соқыр, мүгедек).
8. Ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнерінді соған жұмса деп үйреткен.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиетгердің сіңісуі, өнер-ілімді игеру тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер үстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз
1. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы, Дарын. 2003ж.
2. Мерейлі мектеп., Журналы 2004ж. (4)
3. Бастауыш мектеп., журналы, 2003ж. (11)
4. Бастауыш мектеп., журналы, 2006ж. (11-12)

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың бойына жарасымды мінез қалыптастыру
Казақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары
болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме,
ертегі, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Қазақ отбасындағы тәрбие ісін
Ш.Ахметов өз зерттеулерінде басты-басты 8 түрлі мәселені қамтыған.
1."Әдепті бол" деп әдептілікке үйреткен.
2. Қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
3. Тіл алғыш, елгезек болуға баулыған.
4. Адал, шыншыл болуға үйреткен.
5. Өнегелі үстаз бен тәрбиешінің сөзін тыңдап, "ақпа құлақ болмай,
құйма құлақ бол" дегенді бойларына біртіндеп сіңіре берген.
6. Ата-ананы, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйреткен.
7. Кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті
азамат бол (соқыр, мүгедек).
8. Ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнерінді соған
жұмса деп үйреткен.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиетгердің сіңісуі, өнер-ілімді
игеру тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер үстазға байланысты. Осыны
жақсы түсінген халқымыз
"Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы", "Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын
тапса білім қонар" деп ұлағатты ұстаздың еңбегін орасан зор және ұстаз
еңбегінің екке кетпейтінін өсиет етіп айтып отырған.
Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, "Ұстазға қарап шәкірт өсер",
- деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін
керуден артық бақыт жоқ. Үстазының өзіне ұқсаған талантты шәкірті боса,
ұстазға ол үлкен абырой, зор мақтаныш.
Ұстаз бен шәкірт этикасына айрықша назар аударып отыру керек. Үстаздың
мейірімді болуы - оның шәкірт ілтипатын өзіне аудара білуі, бүкіл
болмысымен жастарға өнеге көрсетуге қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудың басты шарты болып табылатынына ерекше назар аудару қажет.
Ұстаз-жазушы С.Көбеев өзінің көп жылғы тәлімгерлік тәжірибесі мен
ұстаздық шеберлігіне негіздеп жазған еңбегінде былай деген: "Әр баланың
мінезінің бір-біріне ұқсамайтыны сияқты, әр семьяның да тәрбиесі де
әртүрлі. Үйде бетімен өскен бала ілуде бір ғана жаңа ратаға әрең үйреніп,
зорға көндігеді. Ондай бала мектеп тәлім-тәрбиесіне көндігіп кеткенмен де
"жүйріктің ұрыншақтығы қалса да, қырыншақтығы қалмас" дегендей, әйтеуір бір
шәлкей-шалыс мінез шығармай қоймайды. Баланың жас кезінен ер жеткенше
қандай адаммен жолдас болып, қандай балалармен ойнайтыньш оның ата-анасы
және мектеп бақылап жүруі керек. Ақырып, зекіріп, баланы қорқыту өте
зиянды. Тәрбиенің негізгі мақсаты - баланы шыншылдыққа үйрету, ол үшін
үлкендер үлгі болуға тиіс.
Бала жанын жазбай тану үшін мұғалім тәжірибелі психолог, жан сырының
білгірі болуы керек. Әр шәкірттің бабын тауып, онымен дұрыс үндесе білгенде
ғана ұстаздың абырой-беделі арта түседі. Сыныпта қанша бала болса, соншама
мінез бар, кейбіреу үяң, сылбыр, не баяу келеді, мұндайларға ерекше
қамқорлық қажет. Күйгелек, көзсалғыш, қызба оқушыларға да тиісінше өзіндік
әдіс қолданбай болмайды.
Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы" дегендей, оқушылармен жұмыс істеуде
мынаны қырағылықпен еске алып жүру керек екендігіне менің өз пікірім
мынадай:
1. Мұғалімнің өзі өз пәнін жетік білетін сауатты болуы керек;
2. Әр баланың жүрегіне жол таба білу керек;
3. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болу керек;
4. Әлемдік педагогика мен ұлттық педагогаканың ілімдерін үнемі
салыстыра отырып, жұмыс істеу керек;
5. Баланың жанды жеріне тиіп, намысына тимеу керек.
Толқымалы шақ - баланың 12-13 жасынан басталады.
Баланың тым қозғалғыштығы, өр нәрсеге қызығушылығы көптеп аңғарыла
бастайды. "Баланың балалығын тыйдым дегенше, даналығын тыйдым десейші"
дегендей, осы кезде бала психологиясына абай болу керек.
Қазақтын кемел ұстазы Ахмет Байтүрсынов Елді түзетуді бала оқыту ісін
түзетуден бастау керек деген екен. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар
азаматтар " бүгінгі мектеп оқушылары болып табылады.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан -2030
бағдарламасында , егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай
білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселерінің бірі. Себебі Бізге
баға жетпес білім —капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыданда
арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет -делінген.
Жас ұрпаққа өнеге көрсетіп білім беру - халықтық тағылымды бойына
сіңіру, ата мұраны құрмет тұту, тәлім-тәрбиенін басты өлшемі ретінде әрбір
ұстаздың халқы мен ел-жұрты алдыңдағы парызы, Отаны алдындағы кәсіпкерлік
міндеті.
Біздің нысанды мақсатымыз - түрлі әлеуметгік саяси жағдайлар себебінен
ұмытылып кежен халықтық игі дәстүрлерімізді жаңғыртып, студент жастардың
ата салтына, дәстүр таталымына, өсиет пен нақыл сөздеріне, мақал-
мәтелдерінің мән-мағынасына құрметпен қарауын дамыту.
Мектеп — бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын
негізгі орын. Мектептік өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларын жанұямен бірлесе тәрбиелеуде этнопедагогиканың маңыздылығы
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Жасөспірімдерді кәсіпке бейімдеу
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Пәндер