Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар)


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Неолит дәуірі: (б. з. б. 5-3 мың жылдықтар) .

Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті.

Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.

Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т. б. ) . Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

Неолит

Неолит кезеңінен артефакттер.

Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos - жаңа және lіthos - тас) - шамамен б. з. б. 5500 - 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. 6 - 4-мыңжылдықтардан басталып, б. з. б. 3-мыңжылдықта аяқталды. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мә-дениеті б. з. б. 8 - 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б. з. б. 4 - 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Македония) б. з. б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды.

Еңбек

Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады.

Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т. б. ) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді.

Мәдени-шаруашылық белгілері жөнінен Неолит мәдениеттері екі топқа бөлінеді: 1) егіншілік пен малшылық; 2) аңшылық пен балық аулау. Соңғы топтағылар табиғаттан дайын өнімді алып пайдаланса, алдыңғы топтағылар өнімді тікелей өндіру арқылы алды. Әлеуметтік жағынан алғанда Неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылғанын Еуразиядағы Неолит заманына жататын көптеген археол. мәдениеттер де айғақтайды. Кейінгі Н-те жіп иіру мен тоқымашылық шықты. Егіншілік дамыған аймақтарда ежелгі мемлекеттер қалыптаса бастады.

Микролиттік индустрия кеңінен өрістеді. Микролиттер жебе ұштары мен қыстырма құралдар жасауға жұмсалды: сүйек немесе ағаш саптың ұзына бойындағы қуыстарға ондаған ұсақ микролиттер тау балауызы, қара май, битум арқылы бекітілді. Мұндай құралдар әсіресе тері өңдеуге, егін оруға пайдаланылды. Халық саны артып, қоғамда демогр. ахуал жақсара түсті. Қатынас құралдары дамыды. Адамдардың отырықшылыққа көшкенін көлемі әр түрлі баспаналар да айғақтайды.

Баспаналардың бүкіл ұжымға не жеке отбасына арнап салынуы адамдардың қауым болып өмір сүргендігін аңғартады. Этнол. мағлұматтар Неолиттік тайпаларда аналық-рулық құрылыс үстем болғандығын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Ежелгі адам және оның тіршілік етуі
Әлеуметтік экологияның қалыптасуы
Социогенез
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Ежелгі Қазақстан
Тас дәуірінің кезеңдері
Ежелгі замандағы Қазақстан
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Түркеш кағанаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz