Ұлы ғұламалардың, ағартушы педагогтардың пікірлерін, дәйекті сөздерін таңдап, қолдану мәселелері


№ сабақ жоспары
Сабаққа жіберілді
Мамандығы:
Біліктілігі:
Пәні: Педагогика
Сабақтың тақырыбы: Ұлы ғұламалардың, ағартушы педагогтардың пікірлерін, дәйекті сөздерін таңдап, қолдану мәселелері.
Сабақтың мақсаты: Ұлы ғұламалар, педагогтардың сіңірген еңбектерімен, қалдырған өсиеттерімен оқушыларды қаруландыру.
Білімділік: оқушылардың ғұлама, педагогтардың пікірлерін, дәйекті сөздерін ұғынуынажағдай жасау
Дамытушылық : оқушылардыңимандылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелі к: қазіргі заман талабына сай жан - жақтылыққа, жауапкершілкіке,
адал да әділ бағаларын алуға бағыштау.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі : Сабақ-диалог
Оқытудың инновациялық әдістері : : түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап,
пікір алмасу
ОТҚ және көрнекі-дидактикалық материалдар : тірек - сызбалар, үлестірмелі
слайдтар
Сабақтың кезеңдері:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық ахуал туғызу
ІІ Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау, танымдық қызығушылықты ояту:
. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
ІІІ Жаңа материалды түсіндіру
Cабақтың мазмұны
Тақырыптың жоспарын айқындау, баяндау: Ұлы ғұламалардың, ағартушы педагогтардың пікірлерін, дәйекті сөздерін таңдап, қолдану мәселелері
Оқытушының іс-әрекеті:
Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа психологиялық дайындық жасап, назарларын сабаққа аудару.
Оқушының іс-әрекеті: оқу құралдарын дайындап, сабаққа көңіл аудару
Проблемалақ cұрақтар : 1. Ұлы ғұлама, ағартушы педагогтар деп кімдерді айта аламыз?
2. Ғұламалардың, ағартушылардың пікірлері, дәйекті сөздерінің маңызы бар ма?
- Баяндау:Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұлы Шығыс өркениетінің аясында дамығаны белгілі. Ұлтымыздың перзенттері білім мен ілімнің озық үлгілеріне ислам мәдени орталықтарындағы орта және жоғары оқу орындарында сусындады. Осы оқымысты-ғұламалар бүкіл ел аумағында мешіт, медресе, мектеп ашу арқылы сауаттандыру, имандылыққа тәрбиелеу, кәсіпке баулу және т. б. Ағартушылық қызмет жүргізіп, мемлекеттік биліктің мызғымас тірегі болды.
... жалғасыРесей отаршыларының халқымызды ұлттық келбеттен, тілден, діннен, жерден айыруға бағытталған стратегиялық саясатына 200 жылға жуық жүйелі қарсылық көрсеткен де ағартушылық ұстанымдағы қайраткерлеріміз. Ішінара жүзеге асырылған осы стратегияны толық орындау үшін империяның лайықты ізбасары кеңестік жүйе көрнекті ағартушыларымызды, олардың дәстүрін түбегейлі жойғанда ғана қол жеткізетінін түсінсе керек.
Тарихи тұрғыдан өте қысқа уақыт ішінде медресе-мешіттер ойрандалды; ислам қағидаларының орнына коммунистік идеология енгізілді; мәдени, тарихи, рухани мұраларымыздан айыру мақсатында алфавитті ауыстырды; бүкіл қазақты сауатсыз, ал әлемдік өркениеттің шамшырағы Шығыс мәдениетін “ескі”, Ресей білімін “жаңа” деген ұғымдарды санамызға сіңірді; жерді басқару еркінен айырып, қоғамымызға жат таптық көзқарасты күштеп тану арқылы халқымыздың үштен бірін босқынға айналдырды, жерімізге ділі жат, салт-дәстүрі басқа келімсектерді қаптатты. Осындай нәубет, зобалаңға ашық қарсылық көрсеткен алаш зиялылары мен ишан, ахун, молда және т. б. ұлт ағартушыларын әлеуметтік топ ретінде жойды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың әруағының алдында қашан да қарыздармыз”, “Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ” деген толғаныстары әрбірімізді ұлттық тарихымызды, ата-бабаларымыздың өнеге-дәстүрін қадірлеп, қастерлеуге шақырады.
Сыр өңірі - бүкіл алашқа мәлім дүлдүл ақын, шайырлар, батыр, билер мекені ғана емес ахундар мен ишандар, молда мен мақсым атанған оқымысты, ғұламалардың елі. Саясат, өнер, білім, ғылым саласында биік деңгейден көрінген Сыр бойы перзенттерінің Орта Азия ғана емес, бүкіл Шығыс мәдениетінде алар орны берік. Олардың қатарында қазақтың өз алдына дербес ел ретінде құрылуына, мәдениетін дамытуға үлкен еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлері, ағартушы күрескерлер бар.
Қазақ даласында ағартушылық істі оқымысты ғұламалар өрістетті. Олар ел өміріндегі ықпалды әлеуметтік топ ретінде халықты мұсылман дінінің басты ұстанымы имандылыққа тәрбиелеген, мешіт салдырып, медреселер ашқан, Шығыстың классикалық әдеби мұраларын насихаттаған, Ресей империясының отаршылдық саясатына өздері жүргізген діни тәлім-тәрбие, оқу-ағарту істері арқылы кедергі жасаған шын мәніндегі күрескерлерге айналды.
Сыр елінен шыққан ағартушы ұстаздар философия, грамматика, лингвистика, шығыс тарихы мен әдебиеті, астрономия және т. б. жаратылыстану салалары бойынша кәсіби білікті болған. Бұлар негізінен Мекке, Мәдина, Бағдат, Шам, Стамбул, Каир, Хиуа, Хорезм, Үргеніш, Самарқанд және т. б. мәдениет орталықтарында оқыған. Сыр өңірінде ағартушылық қызмет жүргізу арқылы ұлт мүддесін қорғаған мемлекет, қоғам және руханиат қайраткерлерінің бірқатары мыналар: Асан Қайғы Сәбитұлы, Сайд Ахмат Жалаладин Қосани, Мақтұм Сейіт Баба, Мәдіқожа, Әйтеке би Байбекұлы, Құлболды ишан, Молдашер ахун Жамұратұлы, Садық ахун Қодарұлы, Марал ишан Құрманұлы, т. б.
Асан қайғы Сәбитұлы (ХІV ғ. соңы-XV ғ. ортасы) - мемлекет қайраткері, ақын, философ. Әкесі Сәбит Арал өңірін мекен еткен, қазақ халқын бір ту астына
біріктіруге күш-жігерін аямай жұмсаған. Қазақ хандығының ұраншысы Асан Қайғының этикалық, поэтикалық зерде және философия, гуманизм бағыттардағы дүниетанымдық мұралары халыққа мирас. Есімі бүгінге дейін ноғай, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында құрмет тұтылып келеді.
Мәдіқожа (Махди) - XVII ғасырда Сыр өңірінде өмір сүрген оқымысты, көріпкел әулие. Мәдіқожа Түркістан өлкесіндегі Қожа Ахмет Ясауидан кейінгі халықты ұлы да игі істерге бастаған екінші тұлға саналады. Сырдария ауданының Жетікөл елді мекенінде Мәдіқожа атындағы мешіт және ескерткіш бар.
Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700жж) - мемлекет қайраткері. Ол бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Ол Самарқандағы “Ұлықбек”, “Шердор” медреселерін тәмамдаған. Медресені бітірісімен туған
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz