Теориялық негіздер және қарыз алушының несие алуы туралы түсінік


Мазмұны.
Кіріспе. 5
I тарау. Теориялық негіздер және қарыз алушының несие
алуы туралы түсінік. 7
- Қарыз алушының несие алуы туралы түсінік. 7
- Потенциалды қарыз алушы туралы хабар көздері. 11
- Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету формалары. 14
II тарау. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау. 19
- Қарыз алушының қаржылық есебін оқу. 19
- Қарыз алушының несиеге қабілеттілік класын анықтау. 24
- Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несиеге қабілеттілігін
талдау. 56
III тарау. Қарыз алушының несие алуға қабілеттілігінің жоғарылау жолдарын анықтау. 72
- Несие алуға қабілеттілікті бағалаудың статистикалық әдістері. 72
- Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін бағалау рейтингтік жүйесі. (мысал ретінде ААҚ «Тұран Әлем Банкі»(Қазақстан) ) . 75
Қорытынды. 83
Кіріспе.
Несие алуға қабілеттілікті оқудың негізгі мақсаты - қарыз алушының алған қаржыны қайтаруға дайындығын және қабілеттілігін, қарызды қайтару талабына сай міндетін орындауға бейімдігін анықтау. Банк әрбір нақты жағдайда өзіне алуға дайын және несие өлшемін берілген нақты жағдайда ұғынылатын міндеттерде тәуекелдік дәрежесін анықтау керек.
Бірінші тарауда келесі сұрақтар қарастырылады: қарыз алушының несиеге қабілеттілігін анықтап бағалауға қажетті негізгі факторлар, банктік қарыздың уақытылы қайтарылу кепілдігі жүйесінің қабілеттілігі; банктік қарыздың қайтарылу формаларының классификациясы; банктік кепілдік құнын заңды түрде ресімдеу; кепілдің мәні және қолдану аясы.
Екінші тарау бойынша кәсіпорынның мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы; кәсіпорынның жалпы активтері, балансы, өтімділігі анықталады және кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайы қарастырылады.
Ал, үшінші тарауда несие алуға қабілеттілікті бағалаудың статистикалық әдістері және қарыз алушының несиеге қабілеттілігін бағалау рейтингтік жүйесі туралы (мысал ретінде АҚ «Тұран Әлем Банкі» (Қазақстан) ) .
Банкте несие беру процесінде - нарықтық қатынастардың құрылуына, қоғамдық өндірістің тиімділігінің жоғарылауына, республика қаржы және экономикасының нығаюына, айналымдағы ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін алдын алуға және ұлттық валюта теңгенің нығаюына ат салысуға міндетті.
Аталып отырған директивті құжаттарға сай банктік қарыздар өндіріс тиімділігін жоғарылату және оның ғылыми - техникалық деңгейінің көтерілуіне, жоғары сапалы жаңа өнім түрлерін шығаруды жаңғыртуға, тұрғындарға әртүрлі қызмет көрсету халық қажеттілігі және экспорт үшін тауарлы - материалдық өндірістерді көтерумен байланысты шаралар және мақсаттар үшін маңызды тәртіп берілуі қажет. Мұнда банктер нарықтың инфрақұрылымының құрылымдануын, кәсіпкерлік іскерліктердің кеңеюін, тауарлы сатып алу саудаларының таралуына т. б. мақсаттарға қарыз қаражат бере отырып демеу жасаулары қажет, бірақ бұл жағдайда қарыздың өз уақытында қайтарылу шартын ұсынылғаны жөн.
Қарызды беру және оның қайтарылуы, пайыздық ставканың өсуін немесе төмендеуін жоспарлаумен байланысты сұрақтарды банктер қарыз алушымен бірге, қажеттілігін және материалды қордың жинақталуын, шығындардың жүргізілуі және осыдан келіп шығатын өндірістің шамаланған көлемін және өнім таралуын, ауылшаруашылық өнімдері дайындамасын, оны өңдеуді және басқа шығындарды оқып білу негізінде шешеді. Қарыздар қорлардың фактілігі жинақталу, тауарлы - материалдық құндылықтардың жиналуы және олардың фактілі айналымдық мерзіміндегі шығындар өсуін ескере отырып беріледі. Несиелеу кезінде тауарлы - материалдық құндылықтардың және шығынның негізсіз өсуін болдырмау есептік, қаржылық және несиелік реттер нығайтылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.
Тауарлы - материалдық құндылықтар және шығындар несиелеуге баланстық құны бойынша қабылданады. Материалды құндылықтар несиелеу жолында несиелік келісім шарттағы қарастырылған мерзімдерге қабылданады.
Тиелген, өткізілген және қызмет көрсетілген тауарлы несиелеуге қарыз алушының шотына төлемнің түсу мерзіміне дейін пайдалануы, бірақ несиелік келісім шартта төлеу мерзімі көрсетілмеген және әлі түспеген болса.
Қарыздар несие алуға қабілетті және қабілетсіз қарыз алушыларға беріледі, ол олардың меншік түріне тәуелсіз жүргізіледі. Қарыз алушының несие алуға қабілеттілігі заңды және жеке тұлғаның өз қарыздары бойынша бекітілген мерзімде толық құтыла алу қабілетін көрсетеді. Клиенттерге беру қарыздың мақсатты бағытталуына байланысты ашылатын жеке қарызды беттік шоттар бойынша жүзеге асырылады. Мұнда таратудан түскен ақша және басқа ақшалай қаражаттардың түсуі банкпен қарыз алушының есептік шотына аударылып отырады. Несиелеу процесі кезінде банктер қарыздардың қамтамасыз етілуін, фактілі қор және шығындар жағдайын, қарыз алушының дебиторлық және несиелік қарыз жағдайының өзгеруін жүйелі бақылауды жүзеге асыруы қажет. Банкте банкпен берілген қарыздың сәйкесінше қайтарылуынсыз қалдық қор төмендеуі және шығындардың өсуі жайлы мәлімет болған жағдайда банк қарыз алушыда несиемен қамтамасыз етілгенін қоймалық немесе бухгалтерлік есебі мәліметтері бойынша тексеру жүргізуді қамтамасыз етуі қажет.
Несиені қамтамасыз етуде аяқталмаған өндірістің өндірістік қалдық қорлары, дайын өнім қалдығы, баланстың құны бойынша және тиелген, өткізілген, яғни төлемі жүргізілмеген тауарлар қабылданады. Мұнда тауарлы - материалдар құндылықтар толуы несиелік келісім шарттағы негізделген мерзім шегінде қабылданады.
Тәуекелдік - потенциалды, шығындалу мүмкіндігімен сандық өлшемі. Тәуекелдік түсінігі жағымсыз жағдайлар және оның салдарында объективті және субъективті ықтималдылықтар жағдайына туындау мүмкіндігімен байланысты анық еместігімен сипатталады.
Несиелік тәуекел, несиелік операциядан келетін кездейсоқ, яғни детерминирленген шама емес (несиелеу шешімін қабылдау моментінде белгісіз) және шығын шамасы да осы тектестігімен байланысты.
Несиелік тәуекел жеке қарыз алушыға мөлшерлік бағалауда оның несиеге қабілеттілігін анықтаудан тұрады.
Клиент несиеге қабілеттілігінде, Банк сондай қаржылық - шаруашылық жағдайда кәсіпорынның қарызға алған қаражатын тиімді жұмсаған жағдайда, қарыз алушының келісім шартқа сәйкес несиенің қайтаруға дайындығы және қабілеттілігіне сенімділігін түсінуі.
I тарау. Теориялық негізі және қарыз алушының несие алуы туралы түсінік.
1. 1. Қарыз алушының несие алуы туралы түсінік.
Несиелеу процесі көпсанды және тәуекелділіктің әртүрлі факторлары әсерімен байланысты, ол нәтижесінде белгіленген мерзімде алған қарызды қайтармауы салдарына алып келуі мүмкін.
Несиелік тәуекелдік экзогендік факторларға (сыртқы, экономикалық орта жағдайы т. б байланысты) және эндогендік факторларға (ішкі, банктің қателіктер жіберу әсеріне) байланысты.
Сыртқы факторларды басқару мүмкіндігі шектеулі, бірақ дер кезінде әсер ету арқылы банк әжептеуір мөлшерде оның әсерін жұмсарта алады және ірі шығындарды алдын-ала алады. Несиелік тәуекелдікті басқарудың негізгі тұтқалары банктің ішкі саясат аясында жатыр. Соңғы есепте несиелік тәуекелділікті басқару банк жетекшілері компентенттілігіне және банк қызметкерлерінің мамандануы деңгейіне байланысты, ол несие беру келісім шартын жасауда нақты несиелік жобалар жасаумен айналысатын мамандарға өте байланысты.
Несие алуға қабілеттілікті оқудың негізгі мақсаты - қарыз алушының алған қаржыны қайтаруға дайындығын және қабілеттілігін, қарызды қайтару талабына сай міндетін орындауға бейімдігін анықтау. Банк әрбір нақты жағдайда өзіне алуға дайын және несие өлшемін берілген нақты жағдайда ұғынылатын міндеттерде тәуекелдік дәрежесін анықтау керек.
Несие беру бөлімінің міндеті, мәнділігі барлық банктерде бірдей, бірақ әртүрлі банктерде кейбір функциялар айрықша меңгеріледі. Тұтас алғанда олар несиеге қабілеттілікті бағалауға қатысты хабарлар жиылып, жиналған хабарларды талдау және өңдеу, оны қорыту және келешекте қолдану үшін сақтауды қамтиды. Кейбір банктерде несие беру бөлімі несиелік тапсырыс бойынша қорытындылар бере алады, бірақ соңғы шешімді несиелік комитет қабылдайды. Осылай қарыз алушының несие алуға қабілеттілігі заңды және жеке тұлғаның несиелік келісім шарт талабына сай, өз міндеттерінен белгілі мерзімде есептесу қабілетін білдіреді. Қарыз алушының несиеге қабілеттілігі клиенттің моральдық сапасын және қарыз алған қаражатын пайдаға асырып алған несие сомасын пайызымен қайтаруға қабілеттілігін анықтайды. Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін анықтау - несиенің қайтарылуын болжау. Клиенттің несиеге қабілеттілігін анықтау кешенді мәселе және жетекшілер әдісін және компентенттілігін бағалауды, қызметшілер мамандануын, жетекшілер жинақтығын, қарыз алушының несиелік тарихын, қарыз алушының қаржылық іскерлігін және нақты банктың іс-тәжірибесіндегі қабылданған басқа факторларды қосады.
Қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау несиені қайтару көзін талдаудан басталады. Бұл талдау клиент арызын ары қарата қарауды жалғастыру керек пе немесе одан бас тарту керек пе сол туралы алдын ала шешім қабылдап болжауға мүмкіндік береді. Клиенттің несиеге қабілеттілігін оқудағы алдын-ала шешім қабылдау оң деп танылса, онда жобаның келешек жетістіктілігі жалғасады. Қарыз алушының барлық іскерлігі компания іскерлігін анықтау мақсатында уақытша кескінде талданады. Қарыз алушының бағалануы негізгі әртүрлі көрсеткіштер көмегімен жинақталады. Бағалау мәліметтері өте маңызды бағыттаушы болып табылады, бірақ талдауды ауыстыра алмайды. Анағұрлым дәстүрлісіне екі сипаттамасын жатқызуға болады «К» қосу бір «З». Несиелік рейтинг, капитал, қарыз қуаты. Бұл үш сипаттамаға екі қосымша бар олар сызықты жалғастырады «К-К-3» және оны «К-К-3-Д-З» айналдырушы несиелік рейтинг, капитал, қарыз қуаты, ақша қаражатының қозғалысы, кепілдік. Көрсеткіштердің келесі қатары анағұрлым кең және жоғары мәнді, әдетте оларды «Несие саласының бес тірегі» деп атайды; саланың жағдайының жалпы сипаттамасы, кәсіпорынның бәсекелестік жағдайы, қаржылық шарт, басқару сапасы және кепілдік сапасы. Және де «бес «си» ережесі» қолданылады, онда клиенттерді теріп алу критерииі сөздермен белгіленген, сөздер «си» әрпімен басталады:
- Character (қарыз алушы мінездемесі) ;
- Capital (капитал) ;
- Capacity (қаржылық мүмкіндіктері) ;
- Collateral (қамтамасыз ету) ;
- Conditions (экономикалық жалпы шарттар) .
Қарыз алушы мінездемесі ол оның репутациясы, дәрежесі, қарызды қайтаруға дайындығы және ұмтылысы. Банк қарыз алушының несие тарихын ұғынуға тырысады: клиент қарыз алушы бұрынғысында өз міндеттеріне қалай қарағанын, қарызды қайтаруда кешіктіргендері болғанба, іскерлік әлемде оның статусы қандай екені т. б. Банк қарыз алушының психологиялық портретін алуға тырысады, онда ол онымен жеке сөйлеседі, жеке архивпен досье алады, басқа банктермен, кәсіпорындармен және басқа қол жеткізген хабарлармен кеңеседі.
Қарыз алушының қаржылық мүмкіндіктері, оның несиені қайтару қабілеттілігі оның кірісін, шығынын және болашақтағы өзгеру бағыттарын мұқият талдау арқылы анықталады.
Қарыз алушыда мәні жағынан алған қаражатты қайтаруда үш қаражат көзі бар:
- қазіргі кассалық түсімі (cast flow) ;
- активін сату;
- басқа қаржылану көздері (ақшалық займдары) .
Коммерциялық банктер әдетте қарыз алушылардың осы категориясына жатады, олардың қарыздары таза сальдо күнделікті кассалық түсімдер есебінен қайтарылады (net cast flow), ол келесі формула бойынша есептеледі:
Күнделікті кассалық түсімдер сальдосы = таза операциялық пайда + аммортизациялық түсім - дебиторлық қарыз өсуі - тауарлық қор өсімі + төлемге кететін есеп шот сомасы.
Қарызды қайтаруда кәсіпорынның дебиторлық қарыздары динамикасы және тауарлық қордың өзгеруі өте маңызға ие. Көбінесе бұл баптармен қарызды қайтарудағы қиындықтар байланысты болып келеді.
Банктер одан басқа кәсіпорын капиталына, оның құрылымына, активтердің және пассивтердің басқа баптарымен қатынастарына және қаржымен қамтамасыз етілуіне, оның жеткіліктілігіне, кепілдің қарыз қайтарылмаған жағдайда таратылу дәрежесі және саласына үлкен маңыз аударады.
«Жалпы экономикалық шарттар» түбінде елдегі іскерлік климат, экономикалық коньюктуралар жағдайы, басқа компаниялар тарапынан бәсекелестік мөлшері, салықтар, шикізат құны және т. б. түсіндіріледі.
Қарыз алушының несие алуға қабілеттілігін анықтау үшін банк компания іскерлігімен және несиенің қайтарылуы әсер ететін байланысты істерді, тәуекелдікті ескеруі керек. Тәуекелдікті бағалау және оларды бақылау дәрежесі несиелік тапсырыстар туралы сұрақтарды қанағаттандыруда шешім қабылдаудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қаржылық тәуекелдік сәтсіз болуы әр уақытта кездеседі. Себебі кәсіпкерлік табиғаты өзімен бірге тәуекелдікті және анық еместікті көрсетеді. Қолданбалы несиеге қабілеттілікті бағалауда банк жұмысы компаниямен байланысты келесі тәуекелдікті бағалайды.
Компания іскерлігі түрі (саласы ескеріледі: мысалы, бакалейлік іске барлық тәуекелдік тән, ал автомобиль өндірісіне - басқалар) .
Бәсекеге қабілеттілік: өндірістердің саласының бір айнасында барлық кәсіпорындар басқаларына қарағанда өндіру / сату тауары, бәсеке, құн түзу жүйесінен бәсекеге қабілетті болуы мүмкін.
Операциялық тиімділік: кәсіпорын жаңа тиімді зауыттарда және бәсекелесті құнды өнім өндіре ме немесе ол сондай көлемдегі өндіріске жетуге тырыса ма, көп жоғары шығында бәсекелі ме.
Жетекшілік Компания - қарыз алушы жетекшілігінің сапасы тәуекелділікті бағалауда өте маңызды. Компания жетекшілігінің тереңдігін бағалау, жетекшілік денсаулығының жағдайы және жасы, алдыңғы посттардағы оның жұмысы, орын басушылар мөлшерін бағалау өте маңызды. Әсіресе, қиын кезеңдерде компания неғұрлым жақсы жұмыс істесе, оның жетекшілері құрметке ие. Ең бастысы - бұл жинақтылық және әділдік сұрағы. Банк егер компания жетекшілері сенімге тұрарлықтай болмаса немесе қарыз алушы несиелік келісім шарттарына тыңғылықты қарамайтын белгілері байқалса, клиентке несие бермеуі қажет. Адал клиент қандай болмасын қиын жағдайда болса да алған міндеттерді орындау үшін максимум күш жігер жұмсайды. Сенімсіз клиент банкке қарызын егер онда бос ақша қаражаты болса ғана қайтарады. Тек қиындық туған сәтте ғана ол қарызды төлеуді тоқтатады және банкті соңғы кезекке қояды.
Қарыз алушыны тексеріп бағалауда банк оны жеке өміріне үлкен маңыз бөліп қарайды, өмір ерекшелігіне қарайды. Банк үйі бар және онда бірнеше жыл көлемінде тұрып келе жатқан, жұмыс орнын жиі ауыстырмайтын, үйленген, отбасысы бар т. б. клиентпен жұмыс істегенді қалайды. Бұл ереже бойынша жағымды сенімділік куәлігі болып белгілі бір кепілдік бере алады, клиент экстремалды жағдайларда қарызды төлеуді тоқтатпайды.
Қаражат бөлу туралы сұрақты шешуде банк үшін қарыз алушының алдыңғы несиелік тарихи маңызға ие. Егер клиент банктен несие алған болса, оған несиені қайтару жөнінен кемшіліктер кездеспеген болса, онда ол клинеттің сенімділігін әжептеуір арттырады.
Несиеге қабілеттілікті талдауда барлық аталып өткен факторлар маңызға ие болса да, көптеген банкирлер қаржыны қамтамасыз ету - осылардың ішіндегі ең маңыздысы деп санайды. Қамтамасыз ету тек бір немесе бірнеше несиеге қабілеттік факторлары сенімсіздігін компенсирлеу, мысалы пайда табу қабілеті ғана қажет.
Әр несиелік тапсырыс уникалды. Бір жағдайда шешуші мәнге бір фактор ие, ал басқасында екінші фактор, бірақ ең маңыздысы қарыз алушы репутациясына беріледі. Қарыз алушы туралы белгілі бір ойды құру үшін банкке ол туралы көптеген хабарлар көзін талдау қажет.
1. 2. Потенциалды қарыз алушы туралы хабар көздері.
Бұл сұрақта несиені беру туралы шешім қабылдау процесіндегі клиентке банк жауап беретін негізгі басты сұрақтар анықталады. Сәйкес банк өз сұрақтарына жауапты қалай алады деген сұрақ туады.
Клиент туралы негізгі хабар көзі мыналар:
- банк архивінде бар клиент туралы мәліметтері жекеменшік және мемлекеттік мекемелер және агенствалар (несиеге қабілеттілігі туралы есептер, салалық аналитикалық зерттеулер, инвестиция бойынша анықтамалар және т. б. ) есептері және басқа материалдар;
- клиентпен іскерлік қатынаста болған хабарлаушы тақырыптар, мәліметтер (оның жеткізіп берушілері, кредиторлары, оның өнімін сатып алушылар, банктер және т. б. ) ;
- потенциалды қарыз алушыдан алынған материалдар - компания іскерлігі жайлы есеп жазбалар, оның ішіндегі қаржылық есеп шот;
- несиелік эксперттің клиетпен жеке байланыстары, кеңсені аралау, клиент кәсіпорыны, компания - тапсырыс беруші қызметкерімен әңгімелесулер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz