Ерте сәбилік балалық шақ



І Кіріспе
Жаңа туған бала

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Нәресте мен үлкен адам

2.2. Нәрестенің психикалық дамуы.

2.3. Ерте сәбилік шақтың сипаттамасы

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бір-қатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамыи жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген-қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
1. Блонский П. П. Избранные психологические произведения. М., 1964.
2. Божович Л. И. Личность и ее развитие в детском возрасте. М.
3. Выготский Л. С. Мышление и речь. Проблемы психологического развития ребенка.— В кн.: Избранные психологические исследования. М., 1956.
4. Кон И. С. Открытие «я». М., 1978.
5. Крутецкий В. А. Психология обучения и воспитание школьников. М., 1976.
6. Лейтес Н. С. Умственные способности и возраст. М., 1971.
7. Леонтьев А. Н. Проблемы развития психики. 3-е изд. МГУ, 1972.
8. Леоитьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975.
9. Мухина В. С. Мектеп жасына дейінгі психология. А., 1986.
10. Петровский А. В., Шпалинский В. В. Социальная психология коллектива. М, 1978.
11. Хрестоматия по психологии (Под. ред. А. В. Петровского. М, 1977.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
Жаңа туған бала

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Нәресте мен үлкен адам

2.2. Нәрестенің психикалық дамуы.

2.3. Ерте сәбилік шақтың сипаттамасы

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген
жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз
рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері
біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін
реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бір-
қатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап
басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері
сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамыи жетілетін жұлын және ми
қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің
көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген-қимылдарымен
жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып
болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар
сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне
және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен
мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта
күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-
құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған
кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың
белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе
(тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды.
Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене)
қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның
ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері
қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан
алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған
балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс
пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер
жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінің жинақталуынан
көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге
келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар
ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік
неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса
білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың
ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен
жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі
ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне
байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы
қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан
көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын
болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы,
нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

ІІ Негізгі бөлім
Нәресте мен үлкен адам (нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір
жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала
алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік
иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар
баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескеңдігі, сасқалақтап,
абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселегі, З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың
шыр ете қалуың оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы
деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік
қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасыңда тұрақты қақтығыс пайда
болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға
айналдыратынын пессимистік тұрғыда суреттейді.
Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем
аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерің ақиқат дүниеде емес,
өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума
қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер
етті.
Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың
прогресшіл зерттеушісі А.Валлон шарылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу
немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ
бос қиял деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі
Пиаже қағидасы өз кезінде Л.С.Выготский, ал кейінірек басқа да совет
психологтары тарапынан сынға ілікті, Советтік және прогресшіл шетел
авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі
тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың
органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады,
аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психикалық өмірде де қажетін
қанағаттандырады: нәресте өзін қолға "алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен
адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге,
олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі
оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипай сезу
әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.
Л.С.Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан
әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада
толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез
келген жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа адам қатысып
отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші
болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен
қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үклен адам болмаса, затқа
қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен
көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке
шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-
әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына
дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға
әрқашан дайын тұрады.
Қарым-катынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші
айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен
одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай
нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған
бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді.
Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен
адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері
пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатынас жасау
қажеттілігі — эмоциялық жұтаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан,
оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.
Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп
жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлык мінез-құлықты барлық
психикалык қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге,
заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауға, тануға, есте
сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шақта баланы үйрету
көбінесе алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады.
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалған нәресте өзінің
дамуында адамдық-мүмкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлеуметтік орта мен
арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну мен ойлауға
қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас
алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір
сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған
сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білімқұмарлыққа
дейін өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл
тектес білімқұмарлықты И.П.Павлов риясыз деп атады, өйткені ол
органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.
Нәрестенің психикалық дамуы. Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының
дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен
жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік
тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу
қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады,
оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді
үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ
біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай
нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы
болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді.
Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің
көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала
бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріие көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап,
сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары
интериоризацияланады — керіп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату,
лақтыру т.б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-
әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан
қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде
тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау
заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді.
Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ
қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан
бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты
қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте
қабілетті болады.
Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-
әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді.
Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе
жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі
(тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің
қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң,
балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады.
Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да
ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық
қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп
отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып
ойлауды әрекет үстінде үйренеді.

ЕРТЕ СӘБИЛІК ШАҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа
дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі
қашықтықтан өтеді. Бала психикасында алғашқы үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері
Сәбилік шақтың ерекшеліктері мен оның маңызы
Балалық шақ
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Ерте балалық шақ сипаттамасы
Ерте сәбилік шақта ісәрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Даму психологиясының пәнінен дәрістер
Балалар психологиясындағы жаңатарау
Пәндер