Тәрбие тарихи-мәдени құбылыс


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие тарихи-мәдени құбылыс Тәрбие процессінің мәні мен құрылымы (ерекшелігі)

  1. Тәрбиенің мақсаты, мәндеттері
  2. Тәрбиеның қозғаушы күші

Лекция мазмұны: Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға өз-өзі қатынастар жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәнінің өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның рухани жан дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні - адамның қоғамдық мазмұнының әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастар жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бір қатар мәселелерін шешуді қамтиды:

1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу.

2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді.

3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайлар да тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т. б. талап етеді.

4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепті берілгендермен салыстырып; қол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа, мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.

Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.

Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс-әрекетке үйренумен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі» деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.

К. Д. Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс», - деп тұжырымдаған.

Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады.

Тәрбие процесінде бір мезгілде сананы қалыптастырудың, сезімдерді дамытудың мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыпқа түсірудің маңызы үлкен.

Педагогтардың тәрбиелік ықпал жасауы алуан түрлі тәрбиелік қызметтерімен толықтырылады. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқының қалыптасуына сезімдерінің дамуына әдебиет пен өнер, радио мен телевизия, кино мен театр айтарлықтай әсер етеді. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасау тасқыны едәуір кеңейіп келеді. Тәрбие процесі барған сайын көп қырлы, көп факторлы бала түсуде. Оны сабақтар шеңберінде, мектеп шеңберінде ғана шектеуге болмайды. Тәрбиенің табысты болуы әсер етудің қандай да бір қайнар көзіне емес, көптеген факторлар мен жағдайларға байланысты.

Тәрбие процесінің көп факторлылығы, тәрбиелік ықпал өрісін кеңейту жеке адамды қалыптастыру үшін әр түрлі резервтермен, мүмкіндіктерді пайдалануға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл тәрбие беру процесін біршама қиындатады. Алуан түрлі әсерлердің ықпалынан өте отырып, балалар тек жағымдыны ғана емес, кейде жағымсыз тәжірибеде жинақтайды. тәрбие процесінің екінші ерекшелігі оның ұзақ процесс екендігінде. Ол балалар мектепке түсерден көп бұрын басталды да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады.

ХҮІІІ ғасырдың Француз материализмнің аса көрнекті өкілдерінің бірі Гельвецкийдің өзі тәрбиені ұзақ процесс ретінде сипаттай отырып, шындыққа келгенде, бүкіл өмірдің өзі бір ұзақ тәрбие ғана деп жазды. Адам есейген жылдарында да тәрбиеленеді немесе қайта тәрбиеленеді. Ол өзінің еңбек және моральдық тәжірибесін молайтуды және жетілдіруді одан әрі жалғастырады, өзінің білімін кеңейтеді, және тереңдетеді. Эстетикалық байлықтарды меңгереді. Әрине, мектептегі жылдар-адамның неңұрлым қарқынды дамитын, мінезі мен тәртібінің қалыптасатын жылдары. Мектеп оқушысының орталық нерв жүйесінің жоғары икемділік пен қабылдағыштықпен ерекшеленетіні белгілі. Соның арқасында жеке адамның ойдағыдай қалыптасуына және жағдай жасалады. Сондықтан осы жастық шақта арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік процесс жүзеге асырылады.

Тәрбие процесінің үшінші ерекшелігі - оның сатылы сипатта болатындығы. Оны шартты түрде бірқатар кезеңге бөлуге болады. Бірінші сатысында балалар жанұядағы, мектептегі тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Оларда қарапайым сезімдер ояна бастайды және мінез-құлықтың аса қарапайым дағдылары бойға сіңеді. Екінші сатысында оқушыларда тәртіп туралы бастапқы ұғымдардың негізінде этикалық түсініктер қалыптасады, белгілі бір жағдайда дұрыс қылық көрсете білу қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін сақтау дағдысы бойларына сіңеді. Сонымен бірге жағымды сезімдердің одан әрі дамуы және жағымсыз сезімдерді жеңу процесі жүріп жатады. Үшінші саты көзқарастардың қалыптасуымен, мінез-құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға сіңуімен және сезімдердің одан әрі дамып баюмен сипатталады. Осы сатыда мектеп оқушыларының идеялық адамгершілік принциптерімен анықтиалатын іс-әрекет мотивтері әлдеқайда айқын көрініс береді. Бұл сатылардың арасында үзілді-кесілді шек болмайды, олар тығыз байланысты болады.

Балаларды мектепте, әсіресе жанұяда тәрбиелеу процесінің ұйымдастырылуы бірдей бола бермейді. Тәрбие берудегі кемшіліктердің бұрын игерген жақсы қасиеттердің бекімеуіне және кейде жойылып кетуіне, жаңа қасиеттердің бекімеуіне және кейде жайылып кетуіне, жаңа қасиеттерге де ие бола алмай қалуына әкеліп соғатыны аз емес. Соның нәтижесінде жас шамасы бірдей оқушылардың даму деңгейі бірдей болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ерекше өмірлік жолынан өтеді. Осы жолды және оқушының өмірлік тәжірибесін, оның ұғымының, мінез-құлықтың дағдылары мен әдеттерін білу, ең алдымен, тәрбие берудің қандай міндеттеріне көңіл аудару қажет екенін көрсетеді. Мұның әсіресе, қиын мінезді оқушыларды тәрбиелеудегі маңызы үлкен. Мұғалімге, ең алдымен сынып жетекшісіне балалардың жағымсыз тәртіптерінің себептерін ашып алу және ата-аналарымен, балалар және жастар ұйымдарымен бірлесе отырып оларды қайта тәрбиелеудің жолдарын белгілеу қажет.

Тәрбие процесінің келесі төртінші ерекшелігі - тәрбие жұмысы мазмұнындағы концентризм. Бұл тәрбие процесінде жеке адамның бір қасиетінің өзіне бірнеше оралып соғуға тура келетінін білдіреді. Бірақ бұл тектен-тек қайталау емес, ал жас шамалық ерекшеліктерге және тәрбие деңгейіне сәйкес одан әрі кеңейту және тереңдету бағытындағы қайталау.

Тәрбие беру процесінің бесінші ерекшелігінің мәні - оның екі жақты белсенді процесс екендігі. Оны тәрбиеленушілерге педагогикалық ықпал жасаумен ғана шектеуге болмайды. Тәрбиешілердің ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен қатар жүруі, өзін-өзі тәрбиелеумен толықтырылуы тиіс. Оқушылардың ынта-жігерін жұмылдырудың, олардың жеке белсенділігін айтудың, олардың дербестігін дамытудың маңызы үлкен. Тәрбие процесі жеке адамға мақсатты бағыттағы педагогтық ықпалды тәрбиеленушілердің өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырумен табиғи үйлестірілген жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Мұндай жағдайда жеке оқушылардың (әсіресе қиын мінезділердің) тәрбиелік ықпалға қарсылықтарын жеңу оңай. Мектеп оқушыларының өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру процесінде педагогтардың талабындағы біржақтылыққа жол бермей, балалардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сүйену оңайға соғады.

Тәрбиеленуші-тәрбие объектісі ғана емес, субъектісі де. Сондықтан мектеп практикасында өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілікті дамытуға қатаң түрде және ұзақ уақыт бойы өзін-өзі қолға алу жұмысын ұйымдастыруға көп назар аударылады. Информациялардың ауқымды тасқыны мектеп жастарының өзін-өзі тәрбиелеуі үшін мүмкіндіктер туғызады. Керекті қасиеттерді қалыптастыру үшін осы информацияны пайдалана білудің маңызы зор.

Тәрбие процесінің алтыншы ерекшелігі - онда балалар ұжымы мен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізудің үлкен орын алатындығы. Ал Макаренко тәрбие беру жұмысы, ең алдымен ұйымдастырушының жұмысы деп кездейсоқ айтпаған. Тәрбие процесінің ұйымдастырушылары рөлін мектеп басшылары, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар, сынып жетекшілері, мұғалімдер атқарады. Олар оқушылар ұжымының, бала тәрбиесіне ата-аналар мен жұртшылықты тартады. Тәрбие процесінің тиімділігі көбіне мұғалімдердің тәрбиеленушілік күш-жігерін үйлестіруге, оқушылар ұжымында дұрыс қарым-қатынастар тудыруға, оқушылардың үлкендермен және өз құрбыластарымен араласу сипатына да тәуелді. Мұның бәрі педагогтан үлкен шеберлікті, тәрбиелеу өнерін меңгеруді талап етеді. Тәрбие нәтижелері көбіне тәрбиешінің жеке басына, оның тәрбиеленушілермен қарым-қатынастарының сипатына тәуелді екені белгілі.

Тәрбие процесіне өмір мен іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушылар ұжымындағы дұрыс қарым-қатынастар тудыру, ата-аналарды және жұртшылықты балаларды тәрбиелеуге тарту міндетті түрде енеді. Міне сондықтан да ұйымдастыру жұмысы тәрбие процесінің маңызды және ажырамас элементін құрайды.

Тәрбие процесінің жетінші ерекшелігі - оның нәтижелерінің сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығы. Олар оқу жұмысындағыдай өзін көзге тез түсірмейді. Сондықтан тәрбие нәтижелерін тексеру мен бағалау оқудағыдан көп күрделірек. Тәрбие берудің аяқталғанын аңғару және анықтау қиын. Жеке адамның кез-келген қасиеті шексіз дамып, жетіле беруі мүмкін.

Тәрбие процесінің сегізінші ерекшелігі - оның болашаққа ұмтылған іс-әрекет болатындығында. Тәрбие міндеттері мен мазмұнын ашып көрсету кезінде қоғамдық даму перспективаларын есте тұтудың маңызы үлкен. Қазіргі кездегі мектеп оқушыларының өз беттерімен өмір сүруге аяқ басатындықтарын қоғамдық қарым-қатынастарда қазіргіден белгілі бір айырмашылығы болуы мүмкін екенін ескеру керек. Сондықтан тәрбие процесін бүгінгі ғана емес, ертеңгі күн міндеттері мен қажеттіліктерін негізге ала отырып құру керек. Әрине, мектеп алдында тұрған ағымдағы міндеттерді ұмытпау керек, нақты болмыстан бөлінп шығуға болмайды.

Тәрбие өз табиғаты бойынша-болашаққа ұмтылған іс-әрекет. Тәрбиешілік дәрежесін анықтау әртүрлі тәсілдерді қолданған жағдайда ғана мүмкін. Қандай да бір тәсіл арқылы оқушы мінезі мен тәртібінің ерекшелігін білу, тәрбие саласындағы оның білімін, бейімділігі мен дағдыларын анықтау мүмкін емес.

Тәрбие нәтижесінің жинақталған бағасы мсінез-құлыққа берілетін баға болып табылады. Тәрбие процесін үйлесімді жүргізу көп жағдайда тәрбиеге, тәрбиелілік дәрежесі туралы білім нәтижелерін ұдайы ескеріп отыруға және осының негізінде тәрбие процесін жетілдіруге байланысты. Педагогтардың өз қызметін жоспарлай білуі ғана емес, сонымен бірге оның нәтижелерін ескеріп, жетістіктер мен кемшіліктерді талдай білу, оларды жою жолдарын белгілеп отыру да өте маңызды.

Тәрбие нәтижесін есептеу мен бағалаудың барлық мектептер үшін міндетті бір тұтас жүйесі өкінішке орай әлі белгіленген жоқ. Бұл әлбете, мектептің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің тәрбие саласындағы жұмыс нәтижесіне баға беруді қиындатады. Әрбір мектепте тәрбие нәтижесін ұдайы есептеп отыруды реттеу керек.

Тәрбие нәтижесін педагогикалық мінездемеден көрініс табады. Мұнда оқушының тәрбиелілік дәрежесіне жинақталған түрде баға беріледі. Педагогикалық мінездеме әлбетте мінез-құлықтан тек сыртқы көрінісін ғана бейнелеумен шектелмейді. Мұнда оқушының ішкі дүниесін толығырақ сипаттау, оның мінезі мен тәртібінің ерекшеліктерін толығырақ ашу маңызды. Мұнда оқушыны ұзақ және жан-жақты зерттеу нәтижесінде ғана істеуге болады. Мінездеменің қортынды бөлімінде оқушымен қандай жеке тәрбие жұмысы жүргізілген және оның нәтижесі қандай екені көрсетіледі.

Тәрбиелілік дәрежесін анықтау оқушыны жан-жақты зерттеген жағдайда ғана мүмкін. Әрқашан мына педагогикалық ережені еске ұстаған жөн: оқушыларды жақсы зерттеу - тәрбие жұмысын едәуір жеңілдету деген сөз. Оқушылардың жақсы білу үшін олармен араласу барлық мүмкіндіктерін пайдалану, әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану маңызды.

Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері. Мақсат категориясына қарама-қарсы категория - арман. Екеуінің бір-біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы - осы бейнеге субъект қатынасының әртүрлілігі.

Арман-елестің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.

Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне не субъектіні белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне - нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.

Арман субъекттің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат-іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.

Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша дүниеміздегідей - бұл екі шекті құбылыс - арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман-мақсат түзу үшін негіз, арман-мақсаттарды қайта қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұр-тура болмақ емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.

Міндет-бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің жалпы нәтижесін алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысында субъект, әдетте, мақсат жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.

Мақсаттың ұмыт болуы - жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі, ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат) . Бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру сипатынан айрылды, яғни негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер (атызды дайындау, суғару, күтім жасау-бәрі де) босқа кетті.

Мақсат болжау-мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.

Міндет - мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты мүлде естен шығармауы тиіс, өмірде адамның тұлғалық мазмұнын оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі қалайды, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.

Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің, жоғары оқу орны оқытушысының қызметінің құрамды бөлігі. Осыдан, ертең ұстаздық іске араласамын деген студент мақсат болжау проблемасының ғылыми мағынасын, педагогикалық қызмет құрымындағы мақсат болжаудың мәні мен мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды әртүрлі негізде сараптауды жете түсініп, игеруі міндетті.

Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде субъект үшін нақты бір мақсатқа айналады да, ол мақсат өз кезегінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді жүзеге әкеледі. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып үздіксіз міндетке, міндеттің мақсатқа өзгерісі мен ауысу аймағына тап болды. Осыдан да, педагогикалық тәжірибеде түсініспестік орын алып келе жатыр: нені мақсат, нені міндет деп танимыз?

Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтің қадам сайын алға қойып, әр сәт сайын шешіп отыратын әрекеттерінің бәрі-міндеттер. Жалпы мақсаттық бағдар назардан ғайып болып, педагог міндет бағытында жұмыс істеп, ойлай бастағаннан, дәл осы міндет мақсат мазмұнына ие болып, өзіне қажетті міндеттерге ие болады.

Бақылау сұрақтары :

1. Тәрбие процесінің мәні

2. Тәрбие процесінің ерекшелігі

3. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

4. Тәрбиенің қозғаушы күші

Лекция тақырыбы: Тәрбие қағидалары мен заңдылықтары

Лекция жоспары

  1. Тәрбиенің заңдылықтарына сипаттама
  2. Тәрбие процесінің заңдылықтары

Тәрбиенің принциптері дегеніміз - тәрбие процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер, алғышарттар, талаптар және бағыттаушы қағидалар жиынтығы.

Тәрбиенің принциптері адам факторын жеделдету оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру, жеке адамның жан-жақты даму заңдылықтарына негізделген.

Кеңес мемлекетінің көрнекі педагогтары Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, С. Т. Щацкий, П. П. Блонский, В. А. Сухомлинский т. б. кеңес педагогикасының теориясын дамыта отырып, тәрбие принциптерінің негізін айқындады.

Кеңес педагогикасында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасты:

- тәрбиенің мақсаттылығы;

- тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;

- сана мен мінез-құлықтың бірлігі;

- еңбек арқылы тәрбиелеу принципі;

- жеке адамға талап қоюшылыққа құрметтеу білудің бірлікте болу принципі;

- балалардың жас өзгешелігі мен дара ерекшеліктерін есепке алу принципі;

- жеке адамды коллективте тәрбиелеу принципі;

- оқушылардың саналылығын, белсенділігін, өзіндік әдеттерін дамыту принципі;

- педагогикалық ықпалдың сабақтастығы мен толыссыздық принципі;

- адам бойындағы жақсылық нышандарға сүйсіну принципі;

- тәрбие процесінде мектеп, семья және жұртшылық әрекетінің бірлік принципі;

- біртұтас тәрбие процесіндегі тәрбие принциптерінің өзара байланысы.

Соңғы жылдары жарық көрген педагогикалық институттарға арналған оқулықтарға және оқу программаларында да тәрбие принциптері мен дидактикалық принциптер өз алдына жеке қарастырылады. Бұл тәрбие процесі мен оқыту процесінің өзіндік ерекшеліктерін талдап, тақырыпты жете меңгеруге мүмкіндік береді.

Ал тәрбие мен оқыту принциптерін салыстырып қарағанда олардың көпшілігінің тәрбие процесіне де, оқыту процесіне тікелей қатысы барлығын көреміз. Себебі тәрбие мен білім беру бір-бірінен бөлінбейтін өзара тығыз байланысты біртұтас педагогикалық процесс.

Тәрбие мақсаттылық принципі. А. С. Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі тәрбиенің міндет мақсаттарының анық, айқын түрде белгіленуі деп есептеген. Тұтас педагогикалық процестің негізгі мақсаты-жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруды іске асыру. Тәрбие жұмысының мақсаттылығы, идеялық бағыттылығы сананың творчестволық сипаттама болуы мұғалім мен коллективтің іс-әрекетін бағдарсыздықтан, кездейсоқтықтан сақтандырады.

Осы мақсаттарға орай, педагогикалық ұжым және әрбір мұғалім-тәрбиеші тәрбие жұмысын белгілейді, оның мазмұнын анықтайды, жеке оқушылардың, коллективтің ерекшелігіне, талап-тілектеріне сүйене отырып, жұмысты жоспарлы түрде және белгілі жүйемен жүргізеді.

Жас ұрпақты әрдайым өмірдегі жаңалықты қуаттайтын алдыңғы қатардағы ойды қабылдайтын, ескірген, күні біткен ереже, тәртіптерден тез арылатын етіп тәрбиелеу тәрбиенің идеялық бағытын шешіп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім-педагогикалық процесс
ОҚУШЫЛАРДЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ОРТА АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Білім беруді ақпараттандыру
Білім беруді ақпараттандыру туралы
Мәдени тынығу жұмысы
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары
Дене мәдениеті-коғам мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz