Тағдырлас, тамырлас Иран жерінде Бабалар ізімен


Тағдырлас, тамырлас Иран жерінде
Бабалар ізімен
Иә, сонымен Тегерандағы күндеріміз кітапханаларда өтіп жатты. Біз Иран еліне 2800 жылдан бері барған бабалардан, әсіресе Талас өзені жағасында қазақтың ең ежелгі қаласы -Тараз ірге көтергелі бері иран-түркі" қарым-қатынастарынан қалған деректерді іздей бардық. «Кешегі өткен күннің белгісі жоқ» дейтін қазақта «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейтін де аталы сөз бар ғой. Біз Иран кітапханаларына барсақ, сол түркі-иран қарым-қатынастары, оның ішінде қаламызды бір кезде Әулиеата атандырған қарахандар әулеті, әсіресе, Естеми қаған бабамыздың өзімен құдандалы Иран шахымен 568 жылы Ұлы Жібек жолы бойындағы кісі өліміне, тіпті екі мемлекет арасындағы қырғын соғыс болуына да бастаған әрекеттері, сондай-әқ бүкіл Иранды билеген әмір Исмаил Саманидің Тараз қаласын 893 жылы кектемде жаулап алуы туралы деректердің анық бар екендігін білгендіктен де бардық. Оның үстіне бізге жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс хан 1219 жылы Жетісу, Шу, Талас өңіріне жорықпен келгені, Тараз қаласын қарсылықсыз алғандығы туралы , да жазған атақты иран тарихшысы Рашид-ад-диннің «Жәмиғат-тауарих» деген кітабының түп нұсқасы да бар екендігін білетінбіз. Ресей тарихшылары бұл кітапты өздерінің ұлы орыстық позициясы тұрғысынан пайдаланып жүр ғой . . .
«Таңдағы тамақ тәңірден» демекші, сол парсы-тәжік билеушісі Исмаил Самани қалың түркі елін бодан еткен IX ғасырдан, бері Қазақстан тарихына қатысты басқа да талай кітаптар парсы тілінде жазылғандығынан да хабардармыз. Басқаларын былай қойғанда, езіміздің төл ұлы бабамыз Дулат Мұхаммед Хайдардың қалыңдығы қарыс сүйем боларлық «Тарихи-и Рашиди» кітабы да парсыша той. Жарты әлемді Шыңғыс ханнан кейін жаулап алған тағы бір ұлы қолбасшы Әмір Темірдің кезінде қазіргі қазақ елінің құрамындағы тайпалар қол астында болғаны, сол Ақсақ Әмірдің жаулап алу жорықтары туралы да кітаптар шетінен дерлік парсыша еді. Үш жүздің баласы үшін қасиетті жаз орда саналатын Ұлытауға Әмір Темір керегеннің Алтын орда ханы Тоқтамысты қуалай барғандығы, ел қамын жеген Едіге бимен бірде тату, бірде араз болғаны, сол Едіге бабамыздың да сүйегі Ұлытаудың басында жатқандығы парсы тіліндегі тарихи әдебиетте із қалдырған.
Іздеген кітаптарымыз көп. Уақытымыз болса санаулы - бір-ақ апта, жеті-ақ күн. Оның үш күні амалсыз босқа өтті. Біз тұрсақ та кітаптың 1992 жылы Алматыда «Ана тілі» баспасынан шыққандығын ескере отырып, тек үйсіндер мен дулаттарға қатысты жерлерін ғана салыстыру үшін ғана түсіртіп алдық. Әбілғазы баһадүр ханның бұл кітабын XVIII ғасырда I Петр патша кезінде орыстар тұтқынына түскен швед сардарлары Тобыл қаласынан кездестіріп, оны орысшаға аудартқаны, бұдан неміс тілінде шыққандығы, дегенмен, граф Н. И. Румянцев 1825 жылы Қазан қаласында шежірені туркіше араб әріптерімен бастырғандығын білетін едік. Біздің Тегерандағы ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан кездестірген түркіше және французша нұсқасына онша шұқшия қоймағанымыз, ксерокөшірмесін алу үшін қарқыны басқа мақсаттарға үнемдегеніміз осыдан еді. Кейін елге оралған соң өзіміз Ираннан әкелген ксерокөшірмені қазақша нұсқасымен салыстырғанда онша ауытқулар жоқтығына көз жеткіздік. Мәселен, Әбілғазы «Үйсін елінің сүйегі монғол тұрар» деп жазады. (А., 43-бет. ) Мұның өзі біздің жыл санауымыздан 204 жыл бұрын өз мемлекетін құрған үйсіндер түркі текті деген жалпы жұртқа белгілі көзқарастан әлшақ екендігі даусыз. Алайда, Әбілғазы үйсіндердің де Шыңғыс хан империясы кезінде моңғолдар қол астында болғандығын ескергендіктен солай жазуы мүмкін.
Ол 1603 жылы Үргеніш қаласында өмірге келіп, 1664 жылы Хиуәда өмірден еткен. Қәзақ ханы Есім мен сол ханымыздың қолынан ант бұзғаны үшін қаза тапқан, тірісінде Ташкенттегі және оның маңайындағы қатағандарды билеген Тұрсынханмен замандас, табақтас болған Әбілғазы баһадұр хан Хиуа мемлекетін өл-өлгенше 19 жыл бойы басқарған. Бұл билеуші қазіргі қазақ халқының құрамындағы дулаттарды да моңғолдар деп санайды. «Моңғол . . . Қайду ханның ұрпағы Байсұңқар . . . ақылды, әділ патша болды. Көп жерлерді бағындырып, достарына - жақсылық, дұшпандарына -жамандық жасап, бірнеше жыл патшалық еткен соң ұлы Түмнені өз орнына қалдырып, қайтпас сапарға кетті . . . Түмне хан ұлы патша болды, оның заманында елі тыныш, дәулетті болды. Оның 9 ұлы бар еді. Сол тоғыздың ішінде үшіншісінің аты Қажұрлан аттары аталады. Қыпшақ, арғын, найман сияқты іргелі тайпалармен қатар аталатын дулат елі өздерін Бәйдібек бабадан тарататындығы, мұны қалың қазақ түгелдей мойындайтындығы тағы да белгілі. Міне, осындай жағдайда Әбілғазы баһадұр ханның «Түрік шежіресінде» үйсіндерді, оның құрамындағы дулаттарды моңғол нәсіліне жатқызуын шартты деп қабылдау керек деген пікір Тегеранда жүргенде-ақ көкейімізге ұялаған -еді. Ортағасырлық көптеген тарихшылар қазіргі қазақ халқының құрамындағы наймандарды, кереиттерді, қоңыраттарды, жалайырларды да моңғолдар (моғолдар) деп есептейтіндігі белгілі. Олар түбі, тегі жөнінен туыстас Алтай тілдес халықтар тобында. Моңғол тілінің сөздік қорындағы сөздердің 20 пайызы түркі тілдеріндегідей айтылуы, мағынасы жағынан бірдей немесе өте жақын келеді.
Иранның ұлттық кітапханасының сирек кітапгар қорында Қазақстан оның ішінде ежелгі Тараз қаласына қатысты басқа да кітаптар бар екендігіне көз жеткіздік. Әсіресе, парсы тарихшысы Рашид-ад-Диннің (1247-1318) қалың-қалың үш том болып шыққан «Жамиғ-ат-тауарих» атты жылнамасынан біз Жетісуды, Шу, Талас өлкесін, Тараз қаласын моңғолдардың қалай жаулап алуы жөніндегі деректерді табу үшін ксерокөшірмеге түсіртіп алдық. Бұл тарихшы Шыңғыс ханның немересі Қазан Иранды билеген кезінде өзі де сол қағанға уәзір болып, кітабын көптеген моңғол деректері, апсаналары, шежірешілері айтқан аңыздар негізінде жазғаны белгілі. Өзінің ана парсы тілінен бөлек арабша, еврейше, түркіше, монғолша жақсы білген. Бұл ғылым тарихшы қазіргі заманға жетпеген моңғолша «Алтын дәптерді» де пайдаланғандығын айтады. Аманшылық болса, алдағы уақытта Ислам Жеменей екеуміздің осы кітап деректері негізінде жазылған мақаламыз да жарық көрер.
Сол сияқты атақты парсы тарихшысы Жувейнидің «Жәһангушай» яғни «Әлемді жаулап алушының тарихы» деген кітабы да біздің іздестірген нысанымыздың бірі болды. Шынғыс хан көз жұмысымен 33 жылдан кейін - 1260 жылы жазылған бұл «тапас» деген санскрит сөзінің «су» және «өзен»
деген, мағынада екендігіне көз жеткізу еді. Амал не, Тегеранда 1996 жылы шығарылған санскрит-парсы сөздігінің бірінші томы ғана жарық көріпті. Ал, екінші немесе одан кейінгі томдарының баспадан шыққанына
көз жеткізе алмадық, Өйткені ұлттық кітапханада бірінші томнан басқа ешқандай санскрит сөздігі кездеспеді.
Бұдан соң біз әзірше авторын да, атын да көрсетпеуді ұйғарған тағы бір кітапты іздеген едік. Оның да қазақтар тарихына тікелей қатысы бар болатын. Осы кітап сақталған кітапхана осыдан төрт жыл бұрын жөндеуге қойылыпты да, әдебиеттері Тегерандағы ұлттық кітапханаларға берілді дегенді Тегерандағы консулымыз Ербол Қасымовтан естіген едік. Амалымыз құрып жүрді. Алайда, соңғы күні елгекетер алдында сол жабылып қалған кітапхананың ең болмаса орнын көруге Илияс Бәли атты ирандық қазақ журналисімен бірге бардық. Ғимараттың аузы-мұрны тарс жабылған. Жөндеу үстінде екендігі анық көрініп тұр. Күзетшілерге өзіміздің Қазақстаннан келгенімізді түсіндіре жүріп, ең болмаса ішіне бір кіріп шығуды өтіндік. «Сабақты ине сәтімен» дегендей бұл кітапхананың бұрынғы дирокторы дәл біз барған күні бас сұққан екен. Сонымон жөн сұрасып, танысып біліскен соң ол біздің іздеген кітабымыз ұлттық кітапханада емес, басқа төрт кітапхананың біріне кетті дегенді сеніммен айтты. Өйткені, ұлттық кітапханаға бұл жерден ешқандан кітап берілмепті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz