Философиялық ілімдер


Томас Гоббстың (1588-1679) философиялық ілімі жүйелі материалистік тұрғыда болды. Гоббстың негізгі философиялық трилогиа шығармасы - «Философия негіздер»: «Дене туралы», «Адам туралы», «Азамат туралы»; «Левнафан». Ғылым мен философияның негізгі зерттейтін пәнін ол табиғат пен адамды есептеді. Философияның қайнар көзі - ойлыақыл, ал діннің қайнар көзі - шіркеу беделі. Құдайға сенуге болады, бірақ Құдайдың бар екендігі дәллелдеу мүмкін емес.
Рене Деқарт француз философы (1596-1650) - Жаңа эаманның көрнекті ойшылы. Оның философиялық жұмыстары негізінде әдістемелік мәселелерге арналған (Р. Декарт «Философияның алғы бастамалары» Батыс философиясыны антологиясы. А 2002) .
Декарт жасалған аналитикалық геометрия, математиканың дамуын түбегейлі өзгеріске әкелді Математика, оптика, механика,
физиология салаларын дамытуға Декарт қосқан үлес оны XVII ғ.
ұлы зерттеушілерінің қатарына қойды. Ол материя және рух, дене
және жаннан тұратын, екі дербес субстанционалдық бастаманы
мойындайтын философиялық жүйені жасауға талаптанды. Әлемді
Құдай жаратты дей отырып, Декарт әлем бірлігін теріске шығарды.
Әлем екі дербес, бір біріне тәуелсіз субстанциялардан тұрады:
рухани және материалды; заттық, денелік субстаннияның ажырамар
қасиеті немесе атрибутиві
(өнбойлық) ;
рухани субстанцияның
атрибуты-ойлау деп есептеді.
Декарт ілімі бойынша, адам - рухани және заттық субстанциялар: жан және дененің механихалық қосындысы.
Готфрид Вильгельм Лейбнц (1646-1716) негізгі философиялық көзқарастарын - «Монадология» атты енбегінде баяндады.
Оны спинозалық субстанциялардың бірыңғайлығы да, декарттық
субстанциялар дуализмі де қанағаттандырмайды. Оның ойынша бүкіл әлем сансыз көп субстанциялар - монадалардан тұрады, Олар
қарапайым, бөлінбейтін рухани субстанция және өзара қатынастарында әуелі о баста Құдай орнатқан үйлесімдікте болады.
Монада - бұл бірлік (саны), карапайым мән. Кез келген субстанция, немесе күш, болмыс «бірлігі» - монада. Өз табиғатындағы монаданың руханилығынан Лейбниц барлық заттардың құрамдас бөлшектерін (бірлікті) көрді. Ол монадалар туралы ілімді, мына жағдайларға байланысты дәлелдеген:
- субстанция барлық бар заттардың басталымы және абсолютті қарапайымдылығымен және бөлінбейтіндігімен ерекшеленеді;
- ол, өзіндік іс-әрекет қабілеттілігіне және дербестікке ие.
Монада қарапайым мән, субстанция ретінде өн бойлылыққа ие емес, ол кеңістікте болмайды, өйткені кеңістік бөлінеді. Ол физикалық нүкте емес, өйткені физикалық нүкте бөлінеді, ол және де геометриялық ңүкте де бола алмайды, өйткені ол бөліне алмағанмен де кеңістікте болады. Монада - рухани күш, «метафизикалық нүкте», адамдардың жаны сияқты, дербес рухани күштің орталығы. Монада - мәңгі, олар табиғи жолмен пайда болмайды және жоғалып кетпейді, өйткені өз табиғатында ол құдайдық сәуленің шашылуы яғни табиғаттан тыс және сыртқы әсердің ықпалымен өзгере алмайды.
Монададарда Лейбниц барлық заттардың құрама элементтерін қарастырды. Өз мәнінде рухани, қарапайым субстанциялар ретінде монадалардан әртүрлі күрделі субстанциялар: тастар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар пайда болады. Материя монада арқылы өзіндік қозғалысқа ие.
Ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) материалистік философия мен атеизмге ашықтан-ашық қарсы шықты. Өзінің негізгі «Адамдық білімнің бастаулары туралы ғақлия» (1710) деген еңбегінде, материяны әлемнің заттық негізі деп кабылдаған -материализмнің шығу негізіне өзінің келіспейтіндігін білдірді. Берклидің пікірі бойынша, материя ұғымының негізіне, бейне бір бөлек заттар өздерінің касиеттерімен олар үшін жалпы заттық субстрат болады деген, өз бетінше жасалған жорамал койылған. Бірақ бұл мүмкін емес, өйткені түйсікте жоқ материяның сондай жалпы идеясын, жоқ нәрсені сезетін қабілет жоқ.
Егер, Локктың пікірі бойынша, біздің ақылымыз барлық денелер үшін ортақ қасиеттерді ерекшелеуге кабілетті десе және сондай тәсілмен өзінше бар болатын жалпы абстрактылы материя идеясына келсе, Беркли мұндай абстракцияны түсіне де, елестете де алмаймыз деп ойлады. Адами ойлыақыл нақты заттарды қабылдауға қабілетті және кез келген осыған ұқсас қабылдаулар белгілі бір түйсіктердің ( Беркли терминологиясына сәйкес, «идеялар» ) жиынтығы. Сол себептен Берклидің көзқарасынша, тек қана қабылданылатын мүкіндігі бар ғана бола алады. «Болу», «қабылдауда болуды» білдіреді. Ал оз тұрғысы ретінде біз қабылдай алмайтын материяның абстрактілі идеясы болса, ол заттардың белгілі бір бұрынғы қасиеттеріне сезім қабылдауларына ашық ешқандай бірде-бір қасиетті қоспайды. Бұл мәселеде Беркли, Локктың ілімше еш келіспейді. Локктың философиясында, оның таным теориясында сыртқы әлем санадан тәуелсіз, түйсіктердің қайнар көзі болып саналады. Беркли бұлайша шығудың постулатын лақтырып тастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz