Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есебі

2. Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есеп түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1Қойма шарауашылығын ұйымдастыру және материалдық заттардың қоймадағы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2.3Бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі ... ... ... ... ... ... ... .15

3.Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын есептеу түрлері ... ... ... ...22
3.1Материалдық қорларды түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
3.2Материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операция.лар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Кіріспе
Алдымен жұмысымның кіріспе бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған «курыстық жұмысыма» дұрыс көңіл аударғандық деп ойлаймын. Курыстық жұмыста мен «Қоймалардың түрлерімен, осы қоймалардағы материалдық қорлардың қоймалық есебімен және бухгалтериялық есебін тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде қоймаларға олардың түрлеріне қысқаша тоқталып өтейін.
Өндірістік қорлар мен ауыл шараушылық өнімдерінің түгелдігі мен амандығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық мекемелері сақтау талаптарына толық сәйкес келетіндей дәрежеде «қойма шаруашылығы» ұйымдастырылады.
Қоймалардың орналасқан орын жағдайларына байланысты орталық қойма және өндірістік бөлімдерінің қоймалары болып бөлінеді. Осы бөлінген қоймалардағы материалдардың есебі қоймада да, бухгалтерияда да қатар есептеледі.
Барлық жағдайларда материалдық қорлар белгілі бір адамның жауапкершілігіне тапсырылады. Ол адамдар негізінен қойма меңгерішілері болуы керек.
Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді.
Барлық қоймаларда сақталатын материалдық қорлардың кіріс және шығыс операцияларының және олардың қалдықтарының заттық есебі жүргізіледі.
Есепті қабылдайтын бухгалтерлік – барлық кіріс-шығыс құжаттарының негізінде есептің дұрыс жасалғанын тексеріп, қабылданған соң есептің екінші данасында есепті қабылданғаны туралы қолтаңбасын қойып, қойма меңгерушісіне қайтарады. Ол материалдық жауапркешіліктегі адам үшін, есепті тапсырғаны жөнінде айғақ қызметін атқарады.
Материалдар өздері сақталынып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Ал енді бухгалтериядағы материалдық қорлардың талдамалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда.
Сонымен осы курыстық жұмыс барысында мен қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорларды есептеу түрлерін жеке –жеке ашып көрсету бағытын негізге алдым.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Айрих, Н. Шаруашылық операцияларын құжаттау және құжат айналымы// Бухгалтер бюллетені.- 2005. - N 15.- 12 б.

2. Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп: Оқулық.- Алматы: Қайнар, 1994.- 352бет

3. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.-Алматы, 1992 - 1 бөлім.-1992.-76бет.-50с.,8000дана

4. Баймұханова, Сәрия Баймұханқызы. Бухгалтерлік есеп : оқулық / жалпы ред. басқ. К. Ш. Дүйсембаев.- 2-ші бас., қайта өңд., толқт.- Алматы: ИздатМаркет, 2005.- 312 б.

5. Басқару есебі: Оқулық /Авт.:В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, .А.Фурсов, С.Д.Фурсова; Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.-Алматы: Экономика, 2005.- 298 б.

6. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдар// Мектеп бухгалтері-Бухгалтер школы.- 2006.- № 1.- 426

7.Бухгалтерский учет и аудит: перспективы развития в Республике Казахстан Бухгалтерлік есеп және аудит : Қазақстан Республикасындағы даму перспективалары: материалы научно-практ. конференции :г. Алматы, 16 июня 2005 г. Ч. 1 / М-во образования и науки РК ; Каз. экономич. ун-т им. Т. Рыскулова ; под общ. ред. А. А. Абишева.- Алматы: Экономика, 2005.- 304с.

8. Дүйсенбаев, К. Ш. ж.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы / Дүйсенбаев, К. Ш., Төлегенов, Э. Т., Жұмағалиев, Ж. Г.; ред. Н. Р. Жексенбаева. - Алматы: Экономика, 2001.- 328, [4] б.: таб.

9. Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы, Құдайбергенова,
Нұрадин Айыпұлы. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері оқулық.- Алматы: Экономика, 2006.- 384 б.: кесте

10.Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У.Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі.Кітап 1.- Алматы: Рауан, 1992.- 316бет

11. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У. Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі. Кітап 2.- Алматы: Рауан, 1992.-319бет

12.Қаржылық есеп [Мәтін] [Мәтін] [Мәтін]: оқу құралы / Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А.Құдайбергенов, А. Ә. Жантева.- Алматы: Экономика, 2001.- 330 б.: кесте

13. ҚҚС-ын негізгі құралдардың бастапқы құнына енгізу: тәжірибеде қолдану тәсілдері// Бухгалтер бюллетені.- 2005. –N 42. - 12-15 б.

14.Міржақыпова, Седеп Тоқтамұратқызы. Банктегі бухгалтерлік есеп [Мәтін]: оқулық.- Алматы: Экономика, 2004.- 710 б.

15.Мендикулов, Ж.А. Бухгалтерлік есеп және аудитті автоматтандыру // ҚазҰУ-нің хабаршысы. Экономика сериясы. Вестник КазНУ. Серия экономическая.- 2007.- №1.- 46-48 б.

16.Мырзалиев, Б. С., Әбдішүкіров, Р. С. Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірбиелік әдістемелері :практикум - Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 254 б.: кесте.

17.Мырзалиев, Б. С., Әбдішүкіров, Р. С. Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік әдістемелері [Электрондық ресурстар]: практикум.- Алматы: Нұр-пресс, [2001].- электрон. мәлім.: 3 электрон. опт. диска (CD-ROM) : дыб., түр-түс.-(Электронная книга)

18.Назарова, Вера Леонидовна. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп [Мәтін]: оқулық / жалпы ред. басқ.: Н. Қ. Мамыров.- Алматы: Экономика, 2005.- 310 б.

19.Төлегенов, Е. Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2001.- 184 б.

20.Шамгонов, А. Ш. Негізгі құралдар және материалдық бұйымдардың есебі [Мәтін]: оқу құралы.- Орал: [Б.ж.],1997.- 56 б.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
________________________________к олледжі
“________________________ ” факультеті

“______________” кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

_____________________

Тақырыбы: Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі

Тексерген:______________
Орындаған:_____________

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есебі

2. Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есеп
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5

2.1Қойма шарауашылығын ұйымдастыру және материалдық заттардың қоймадағы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2.2Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ..11

2.3Бухгалтериядағы материалдық қорлардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .1 5

3.Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорларды құжаттық рәсімдеу
мен қозғалысын есептеу түрлері ... ... ... ...22

3.1Материалдық қорларды
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.2Материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операция-
лар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...35

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...38

Кіріспе
Алдымен жұмысымның кіріспе бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған
курыстық жұмысыма дұрыс көңіл аударғандық деп ойлаймын. Курыстық жұмыста
мен Қоймалардың түрлерімен, осы қоймалардағы материалдық қорлардың
қоймалық есебімен және бухгалтериялық есебін тереңірек талдап,
салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде қоймаларға олардың түрлеріне
қысқаша тоқталып өтейін.
Өндірістік қорлар мен ауыл шараушылық өнімдерінің түгелдігі мен
амандығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық мекемелері сақтау талаптарына
толық сәйкес келетіндей дәрежеде қойма шаруашылығы ұйымдастырылады.
Қоймалардың орналасқан орын жағдайларына байланысты орталық қойма және
өндірістік бөлімдерінің қоймалары болып бөлінеді. Осы бөлінген қоймалардағы
материалдардың есебі қоймада да, бухгалтерияда да қатар есептеледі.
Барлық жағдайларда материалдық қорлар белгілі бір адамның
жауапкершілігіне тапсырылады. Ол адамдар негізінен қойма меңгерішілері
болуы керек.
Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы
карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі.
Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу
көптеген адам күшін және уақытты керек етеді.
Барлық қоймаларда сақталатын материалдық қорлардың кіріс және шығыс
операцияларының және олардың қалдықтарының заттық есебі жүргізіледі.
Есепті қабылдайтын бухгалтерлік – барлық кіріс-шығыс құжаттарының
негізінде есептің дұрыс жасалғанын тексеріп, қабылданған соң есептің екінші
данасында есепті қабылданғаны туралы қолтаңбасын қойып, қойма меңгерушісіне
қайтарады. Ол материалдық жауапркешіліктегі адам үшін, есепті тапсырғаны
жөнінде айғақ қызметін атқарады.
Материалдар өздері сақталынып тұрған жері бойынша, яғни
шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында
есептелінеді. Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің дұрыс
ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс
жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Ал енді бухгалтериядағы материалдық қорлардың талдамалық есебі сандық
және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп
қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы
үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды
жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары
пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері
қолданылуда.
Сонымен осы курыстық жұмыс барысында мен қоймадағы және
бухгалтериядағы материалдық қорларды есептеу түрлерін жеке –жеке ашып
көрсету бағытын негізге алдым.

2.Қоймалардағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есеп түрлері.
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы туралы материалдық қорлардың
есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың үй-жайы,
тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің еденшелермен,
механизация жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті
мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір
жерден сақтауға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық зат белгі
бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты
адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік шарты
жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді.
Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен
ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірінші әдіс - сандық –сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар
номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл орайда
қоймада және бухгалтерияда материалдық қорлардың әрбір номенклатуралық
номеріне сандық-сомалық есептің картошкалары ашылады. Материалдық қорлардың
қозғалысы жөндегі құжаттардың әрбір дерегі картошкаға жазылады. Ай соңында
карточкалардың жыйыны шығарылып, олар жылдық, сорттық, айналымдық
ведомостке көшіріледі. Мұндай әдіс кезінде қосарларған есеп жүргізіледі. Ол
өте кең ауқымды және талдамалық есептегі жазулар санын арттырады.
Екінші әдіс- сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдық
қорлардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. Бірінші қаңтарда бухгалтерия
материалдардың қоймадағы есебін №17-нысандағы карточкаларын ашады. Мұндай
номенклатуралық номерге бірінші қатардағы қалдық сандық өлшеммен
енгізіледі. Картошкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол
келіп түскен материалдық қорларға кіріс құжатын толтырады және шығыс
құжаттарына сәйкес оларды босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты
карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазба
операциясынан кейін қалдығын шығарады. Осындай тәртіппен материалдық
құндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі
карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері
аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма
меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы құжаттар мен
карточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жүзеге
асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдықтардың шығарылуын
тексеруді бухгалтерия қызметкері №17-нысанының тиісті бағанына қолын қою
арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерияға бастапқы
құжаттарды табыс етуімен ұштасады. Өткізілетін құжаттардың деркетері №18
нысанындағы құжаттарды қабылдау-өткізу тізіліміне енгізіледі, бұл жерде
олардың нөмер саны көрсетіледі. Тізілім құжаттарды қоса отырып, бір дана
жасалады. Егер қоймалар кеңсе-жайдан (офистен) алыс жерде болса, онда
карточкалардың дұрыс толықтыруына бақылау орталықбухгалтерияда жүзеге
асырылады. Мұндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай
соңындағы материалдық қалдық ведомосін екі дана етіп жасап, бухгалтерияға
өткізеді. Ведомость сандық өлшеммен есепті айда қозғалысқа түскен
материалдар бойынша ғана жасалынады. Ведомоске цех (учаске) бастығы қол
қояды және құжаттарды рәсімдеу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір
данасы ескертулермен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдардың
номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттық есеп
кітабын жүргізуге рұқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың
қалдық есебінің кітабы (қалдықтарды есепке алудың №20-нысанындағы ведомосі)
қоймаға беріледі. Қойма мегерушісі оған материалдар есебі карточкасынан
қалдықтарды көшіреді. Бұдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша
материалдық құндылықтардың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару
үшін бухгалтерияға қайтарылады.
Бұл әдіс кезінде:
-бухесеп жедел есепке негізделеді және онымен тығыз байланысты;
-қоймадағы және бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру, демек есепті
айда жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі туындайды;
-есептік бағаларды қолдану ай сайын қорлардың орташа құнын анықтау
жөніндегі қиын жұмыстарды жояды.
Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын
күшейтеді, құжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту
бойынша компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қорлардың
талдамалы есебінің синтетикалық есептен қалуына жол бермейді. Сальдолық
әдіске тән қасиет-қорлардың сомалық өлшеммен сақталатын жері бойынша және
әрбір шот немесе қорлар тобы бойынша ескертіледі.
Үшінші әдіс –материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі
(құрылыс учаскесінің бастыңғы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта
тұрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша №19А-нысанындағы
материалдық есепті ай сайын жасайды. Есеп беруде 20 (материалдар)
бөлімшенің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс,шығыс және ай
соңындағы қалдық келтіріледі. Өткен айдың материалдық есептемесімен есепті
айдың басына көшіреді, содан кейін түсімдер мен шығыстар туралы алғашқы
құжаттардың алдын ала топтастырылған деректерінің негізінде материалдық-
жауапты адамдар кірісті түсім көздері бойынша, ал шығысты материалдардың
пайдалану бағыты бойынша толтырады. Материалдардың ай соңындағы қалдығы
есептеу жолымен анықталады. Алғашқы құжаттары қоса берілген материалдық
есептемеде оны жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен
кешіктірместен (немесе кестеге сәйкес айдың күні ) бухгалтерияға
тапсырылады. Онда оны жасаудың дұрыстығы тексеріледі, кірістелген, берілген
және жұмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен
салыстырылады.
2.1Қойма шарауашылығын ұйымдастыру және материалдық заттардың қоймадағы
есебі.
Өндірістік қорлар мен ауыл шараушылық өнімдерінің түгелдігі мен
амандығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық мекемелері сақтау талаптарына
толық сәйкес келетіндей дәрежеде қойма шаруашылығы ұйымдастыру тиіс.
Сақталатын материалдық заттардың ерекшеліктеріне байланысты жалпы қоймалар
және арнайы қоймалар ұйымдастырады. Жалпы қоймаларда экономикалық
сипаттарына қарай әр түрлі шоттарда есептелетін және ерекше жағдайларды
талап етпейтін материалдық заттардың бірнеше түрлері сақталынады. Кейбір
материалдық заттардың дара ерекшеліктеріне байланысты оларды басқа
материалдық заттармен қатар сақтау мүмкіншілігі болмаған жағдайда арнайы
қоймалар ұйымдастыруы керек. Оған жататындар: мұнай өнімдерінің қоймасы,
астық қоймасы, минералдық тыңайтқыштар қоймасы, жем қоймасы тағы сол
сияқты.
Қоймалардың орналасқан орын жағдайларына байланысты орталық қойма
және өндірістік бөлімдерінің қоймалары болып бөлінеді. Шарушылықтың темір
жолы, су жолы, станцияларының ара қашықтығына байланысты көп жағдайларда
станцияларда орналасқан экспедиторлық қоймалары болуы мүмкін. Бұл қоймалар
су немесе темір жол транспортарымен жеткізілген жүктерді шаруашылыққа тасып
алғанға дейінгі амандығы мен түгелдігін қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Барлық қоймалар тиісті өлшеу құралдарымен және өрт сөндіру жабдықтары
мен тиісті дәрежеде жабдықталынуы керек. Сонымен қатар барлық қоймаларда
материалдық заттардың қалыпты жағдайда қамтамасыз етілуі керек. Мысалы:
босалқы бөлшектер қоймасында босалқы бөлшектердің машиналар мен
жабдықтардың түрлеріне, бөлшектердің қызмет ерекшеліктеріне және
прейскуранттарына нөмірлеріне қарай орналасуын қамтамасыз ету үшін қойманы
стелождармен жабдықтау керек. Мұнай өнімдерінің қоймасы тиісті
сыйымдылықтарымен жабдықталып, басқа өндірістік немесе тұрғын үй
құрыслыстарынан белгілі қашықтықта оқшау орналасуы керек.
Минералдық тынайтқыштар қоймасы минералдық тынайтқыштарды қолдану
жұмыстарын механикаландырудың типтік технологиясының талаптарына сай болуы
керек.
Барлық жағдайларда материалдық қорлар белгілі бір адамның
жауапкершілігіне тапсырылады. Ол адамдар негізінен қойма меңгерушілері
болуы керек. Қойма меңгерушілері қоғам алдынада сенімін жоғалтпаған адам
болуы шарт. Оларды жұмысқа қабылдау, ауыстыру немесе жұмыстан шығару бас
бухгалтердің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылданатын қойма
меңгерушісі бас бухгалтерден өзінің міндеттерімен жауапкершіліктері туралы
арнайы нұсқау алады және белгілі тәртіп бойынша материалдық жауапкершілік
жөнінде жазбаша түрде келісім шарт жасалынады. Сонан соң қойма
меңгерушілері оларға,сеніп, тапсырылған матералдық заттардың түгелдігі мен
амандығына міндетті түрде толық жауап береді.
Барлық қоймаларды сақталатын материалдық қорлардың кіріс және шығыс
операцияларының және олардың қалдықтарының заттық есебі жүргізіледі. Ол
есепті №40 үлгідегі Қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Бұл
карточкалар мен кітаптар қойма меңгерушілеріне арнай реестреде тексеруден
өткізіліп, қол таңбаларын қойдырып сонан соң беріледі. Қоймада сақталынаты
материалдық заттардың атау саны көп болмаса Қойма есебінің кітабын, ал
атау көп болса Қойма есебінің карточкаларын қолданғаны ынғайлы. Олардың
көршеткіштері мен операцияларды жазу тәртібі бірдей, айырмашылығы
карточкалар түптелмеген бос, жеке парақтар күйінде болады.
Кітаптар мен карточкелер мен бір жылға ашылады. Кітаптарды
қолданғанда әр бір атаулы затқа бір жылдың көлемінде күтіліетін
операцияардың шамасына қарап бір немес бірнеше бетке бөлінеді, ал
карточкілерді қолданғанда жеке атаулы затқа ашылған карточкелерге жазылатын
орын қалмаған жағдайда жаңа карточка тіркеле береді. Карточкалар
синтеткалық шоттардың суб шоттары бойынша есептеу топтарына бөлініп арнайы
каторчкаларда сақталынады.
Қоймада сақталынатын заттадың әр түріне жеке каторчкілер ашылу тиіс.
Есеп болмыстық натуралдық өлшеммен жүрізілді. Карточкалардың басқа да
есептелетін заттардың атауы, өлшем бірлігі, номенклатуралық қатар саны және
бғасы көрсетіледі. Әрбір жұмыс күнінің сонында қойма меңгерушісі кіріс
шығыс операциялары болған матетарилық қорлардың ертеңгі күнгі күнге қалатын
қалдықтарын шығарып отыру керек. Жинақтау құжаттарының көрсеткіштері келесі
айдың біріне қалдырылмай жинақталып, карточклараға жиынтығы жазылады. Айдың
соңында айналым болған барлық карточкалар бойынша заттардың айдың соныңда
қалған калдықтары анықталады. Сонан соң қойма меңгерішілері карточкалардың
көрсеткіштері бойынша екі дана етіп қоймада сақталынаты барлық
материалдардың ай бойы кіріс шығыстары және айдың соныңдағы қалдықтары
жөнінідегі №121 үлгідегі материалдық есебін жасайды, жанар-жағар майлар
үшін №120 үлгіде. Жасалынған есептің біріншісі барлық кіріс-шығыс
құжаттары тіркеліп бухгалтерияға тапсырылады.
Есепті қабылдайтын бухгалтерлік – барлық кіріс-шығыс құжаттарының
негізінде есептің дұрыс жасалғанын тексеріп, қабылданған соң есептің екінші
данасында есепті қабылданғаны туралы қолтаңбасын қойып, қойма меңгерушісіне
қайтарады. Ол материалдық жауапркешіліктегі адам үшін, есепті тапсырғаны
жөнінде айғақ қызметін атқарады.

2.2Материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Материалдар өздері сақталынып тұрған жері бойынша, яғни
шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында
есептелінеді. Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің дұрыс
ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс
жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада
материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс.
Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық номері, өлшем
бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері және тағы да басқа
көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға
байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы
материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес
олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада
материалдық кұндылықтардың тек қана сандық есебі жүргізіледі.
Материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі
түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық
құндылықтардың аты мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық
номері және есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске
алынған материалға шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы дайындап, одан
кейін кіріс ету ордерімен (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма
қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық
құндылықтардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады.
Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға
жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты
адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізуге болады.
Мысалы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.
Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын шаруашылық
субъектісінің қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін
тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында
жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің
карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша
толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын
жэне есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың
есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің
соңындағы қалдығын шығарып отыруы керек. Бұл карточкада материалдардың
калдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген
материалдың алынған немесе алыньп болмағанына қарамастан шектеулі-заборлық
(лимиттік-заборлық) карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Толық алынып
болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа шектеулі-заборлық карта жазылып
береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының
деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық
түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері
пайдаланылмай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады. Қоймалық
сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек.
Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы
операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы қүжаттардың дұрыс жазылуын,
қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы
материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы
жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия
қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол кояды. Қоймалық-сорттык
карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға
материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде
жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжатгары үлгілі
түрі М-18А Қүжаттарды қабылдау-өткізу құжатына тіркеледі. Материалдарға
жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның
дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға
қол қояды. Мұндай жағдайда қүжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың
керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның
басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың
дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап бе-ретін адамның есеп карточкасын
дұрыс жүргізуі орталық бухалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және
шығыс ету құжаттары белгіленген уақьпта тіркелімдермен бірге бухгалтерияға
табыс етілуі керек. Кәсіпорьнның орталыгынан қашық жерде орналасқан қойма
меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай
соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме қурамында өзгерісі
(кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана
материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше
бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дүрыстығын
тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер
жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел
оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық
есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын
есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі (бастығы)
карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың
келесі айдың бірінші күніне қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп
жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары
бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға топталғаны
күйінде көрсетіледІ. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың
жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың
жалпы сомасы анықгалады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары аз
болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп
карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек 1 (бір)
айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың
орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай
басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы
бөлімшелері қоймалық-сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың
кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-19А санды карточкасын
толтырып есеп беріледі. Бүл есепте материалдарға жауапты адамның
жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте
материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар
(кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері
құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да
олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған
(жұмсалған) материалдардын алғашқы құжаты тіркелмейді.

2.3 Материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі.
Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала
жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат деректері
кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша (орман материалдары, темір,
және т.б.) топтастырылады. 20-22 (тауарлар бөлімшелердің шоттары бойынша
тауарлы-материалдық қорлардың кірісі мен шығысы бойынша жүретін
материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомосте әрбір топ бойынша
сомалық өлшеммен көрсетіледі:
А) Өткен айдағы ведомосте алынған ай басындағы қалдық;
Ә) Құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлы
материалдықтардың кірісі;
Б) Құжаттарды өткізілу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлы
–материалдық құндылықтардың шығысы;
В) Есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.
Жинақтау ведомосі бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру
үшін пайдаланылады. Қойма есебі материалдардың талдамалы есебі
карточкаларында және қалдықтар кітабында жүргізіледі. Қалдықтар туралы
деректер сәйкес келуі керек. Өйткені қоймадағы жазулар (қалдықтар кітабымен
жинақтау ведомосі ) бір ғана құжаттардың негізінде жүргізілген.
Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің (сальдолық әдіс кезінде) немесе
материалдық жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдығы мен
қозғалысы туралы есептемесінің негізінде Материалдардың ақшалай өлшемдегі
қозғалысы деген №10 ведомосі жасалады. №10 ведомосі талдамалы есептің
деректерін материалдық құндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен
ұштастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны
жинақтамалы шоттардың немесе есептік топтардың кесімінде есептік бағалар
бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте сатып алынған материалдық
қорлардың нақты құнының олардың есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуының
есебі жүргізіледі. №10 ведомост материалдар шығыстарың бағыты бойынша
бөлуге қызмет етеді. №10 ведомост бірнеше бөлімнен тұрады. 1-бөлім нақты
өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішінде келіп түскен,
материалдардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер әртүрлі
журнал ордерлерден (№6, №10, №3,№7,№1 және т.б) көшіріледі. Мұнда жүктерді
жеткізу жөніндегі шығындарды , тиеп түсіру жұмыстарының шығынын, темір жол
алымдарына төлемді және материалдарды сатып алу құнынан тыс жұмсалған басқа
шығындарды қоса алғанда, материалдық құндылықтарды сатып алуға және
әзірлеуге жұмсалған шығындар ескеріледі. Дәл осы бөлімге ведомостің басқа
бөлімдерінен алынған, материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны және ай
басындағы есептік бағасы бойынша қалдығын жазады. Оған ай ішінде келіп
түскен материалдардың құны қосылады. Одан кейін нақты құнның есептік баға
бойынша құнан ауытқу сомасы мен проценті анықталады. Ауытқулар сомасы
дегеніміз – осы көрсеткіштер арасындағы айырмасы, ауытқу проценті – бұл
ауытқу сомасының материалдардың есептік құнға қатынасы. Ауытқу + немесе
- таңбасымен болуы мүмкін.
№10 ведомостің екінші және одан кейін бөлімдері материалдық қорлардың
сақталу жері (қоймалар, учаскелер) бойынша кірісін, шығысын және қалдығын
ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер материалдық есеп берудің
сальдолық жинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады, ал оларда –
материаладық құндылықтардың қозғалысы мен қалдығы есептік бағамен
келтірілген. Тап осы жерде олардың нақты өзіндік құны, сондай-ақ
материалдық есеппен шығарылған тиісті баланыстық шоттарға есептен
шығарылуға тиіс ауытқу сомаларының бөлінуі келтіріледі. Материалдардың
толық нақты өзіндік құны есептік бағалармен ауытқулар бойынша материалдар
құнының сомасы ретінде анықталады. Ауытқуларды бөлу мынадай тәртіппен
жүргізіледі:
1. Есепті кезеңнің соңындағы материалдық қорлар қалдығының есептік
құнына қатысты ауытқулар сомасы анықталады.
2. Қалған сома есептік бағалары бойынша есептен шығарылған
баланыстық шоттар бойынша ведомостің басқа бөлімдерінде
бөлінеді.
А)845-шотқа – есептелген процентпен;
Ә)901-шотқа - әдетте, қалған сома.
Егер 921-шотқа көптеген материалдар есептен шығарылатын болса, онда
ауытқудың сомасы есептік бағасы бойынша ағымдағы айда осы шотқа еспетен
шығарылған материалдар құнын №10-ведомості өткен айда көрсетілген сол айда
қолданылған ауытқу процентін көбейту жолымен анықталады. Көптеген
материалдар жұмсап (асфальт –битум өндірісі, карьерлер, конструкциялар мен
бұйымдар әзірлейтін цехтар) үлкен көлемді өнім әзірлейтін көмекші қосалқы
өндірістері бар субъектілер ауытқуды 921-шотқа көшіреді. Барлық қалған
шоттарға (921,821) ауытқулар есептен шығарылмайды. Жүкті қабылдаған кезде
жетіспеушілік анықталатын болса, онда шығын сомасы акт негізінде Д-т 334 К-
т 671 болып жазылады. Бұл орайда Г бағанында (кіріс құжаты актінің номірі
көрсетіледі. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі шотты төлеуге
келіскенге дейін анықталса, онда шағым сомасын шотты төлеуге келіскен
сомадан кемітеді. Мұндай жағдайда жеткізушіге шағым жасау жөніндегі
операциялар №6 журнал- ордерде көрсетілмейді. Есепті айда келіп түскен,
фактураланбаған материалдық құндылықтар фактураланғандарға ұқсас түрде №6
журнал ордерде әр бір жеткізілім бойынша жекелей көрсетіледі. Жүкті
қабылдауға арналған акті фактураланбаған жеткізілімдерді №6 журнал-ордерге
жазуға негіздеме болып табылады. Бұл орайда А және Б бағамдарында тіркеу
номері мен шот номерінің орнына Н әрпін әрбір осындай жеткізілім бойынша
қойып шығады.
20-бөлімшенің дебеттелетін шоттарының бағамдарында нақты құнның
орнына есептік бағасы бойынша келіп түскен материалдық қорлардың құнын
жазады. Бұл орайда шоттың сомасы бөлімінде Н әрпімен көрсетіледі. Бұрын
фактаруланбаған ретінде қабылдаған материалдық қорларға шоттар келіп
түскенде еспетік құны бойынша материалдық қорларды есепке алу жөніндегі
дебеттік шоттардың бағандарына жазылған сомалар сторноланады, ал алынған
шоттардың негізінде қарапайым жеткізілімді еспеке алуға қабылданған
тәртіппен жазуларды жүргізеді. Сторнолық жазуларды фактураланбаған
жеткізілімдерге келіп түскен шоттар бойынша жазулармен бір мезгілде
жүргізеді. №6 журнал-ордерде төлем мен есептен шығарудың сомасы әр бір шот
бойынша жекелей жазылады. Төлем мен есептен шығаруды материалдық қорлардың
келіп түсуі, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы туралы деректер жазылатын
жолдар бойынша , яғни жеткізушілерге немесе мердігерлерге төлеуге тиісті
сомалар көрсетілетін жерлерде көрініс табады. Шоттар материалдық қорлар
келіп түскенге дейін төленетін жағдайда шоттар бойынша сома тиісті
тіркелімдердің Д-т 351,352 бойынша көрсетеді. Егер бұрын жолдаға қорлар
деп ескерілген материалдық қорлар шоттар төленген айда келіп түссе, олардың
құны жай тәртіппен көрсетіледі. Ай аяқталғаннан кейін №6 журнал ордер
жабылады, К-т 671 бойынша жиыны кореспендонцияланатын шоттар бойынша
есептеліп шығарылады және бас кітапқа көшіріледі.

Материалдардың бухгалтериядағы талдамалық есебі сандық және ақшалай
өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты
бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп
келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері
енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары
пайдаланылып, есеп беру жұмысы кысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері
қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында
материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда
жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық
нөміріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына
жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен
кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы
мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым
тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда қоймадағы
карточкаларда жазылған деректер қайталанады.

Айырмашылығы: Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе,
бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да
көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін
жүргізу көптеген адам күшін және уақытгы керек етеді. Сондықтан да
бухгалтерияда карточкалар мен айналым тізімдемелерін толтыру кейде кешігіп
отырады. Осыған байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде
сандық, сорттық, сомалық айналым тізімдемесін пайдаланатын болды. Есептің
бұл әдісін қолданған кезден бастап (1946 жылдан) кәсіпорыңдардың
бухгалтерияларында сорттық, сандық, бағалық карточкасын
пайдаланбайтын болды. Шығыс етілген материалдардың сандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы тусінік туралы ақпарат
Материалдардың номенклатурасы
Қорлар есебінің мәнін ашу
Пәндер