Тіл – достықтың кепілі


Тіл - достықтың кепілі
“Тілі бар халық - халық, тілі жоқ халық - балық” демекші, әр ұлттың о бастан өзіне ғана тиесілі тілі, ділі мен рухы бар. Көпұлтты мемлекетімізде биылғы жылдың 21 қыркүйегі “Қазақстан халқының тілдері күні” болып белгіленгені мәлім. Осы атаулы күнге сәйкес Республикамыздың түкпір-түкпірінде тілдер мерейін үстем етер шаралар өткізіліп жатыр.
Біздің облысымызда 21 тамыз бен 21 қыркүйек арасында осы мерекеге байланысты айлық өткізу белгіленген. Аталған айлық шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау Департаментінде “Тіл - достық кепілі” деген атпен өзге ұлт өкілдері болып табылатын қызметкерлер арасында қыркүйек айының бесі күні конкурс өткізіліп, айлық шымылдығы ашылды.
Конкурсқа “жеті түрлі білім” игеріп, “жеті жұрттың тілін білуге” талпынған қызметкерлер қатысты. Оза шауып бәйге алғаны да, конкурстың кейбір шарттарынан қалыс қалғаны да болды. Олардың ішінде бірінші орынды заң бөлімінің аға маманы Жилева Ирина, екінші орынды “Бақты” кеден бекетінің аға маманы Гальцер Роман иеленсе, үшінші орынды ұйымдастырушылық жұмыстар және бақылау бөлімінің бас маманы Короткова Евгения алды.
Конкурстың бірінші шарты өзін-өзі таныстырудан басталды. Екінші кезекте - “Қазақстанның рәміздері туралы не білеміз?” деген тақырыпта мемлекеттік рәміздер сыры кеңінен ашылды. Үшіншісі - өнер конкурсы, төртіншісі - әр түрлі тақырыптағы пікірлесімнен тұрды. Сыннан сүрінбеген сайыскерлерге мақтау қағаздары мен алғыс хаттар тапсырылды.
Еліміздің мемлекеттігінің айғағы болатын басты рәміз - тіл. Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру басты мақсат болғандықтан, шара барысы, негізінен, ұлт тілі мәртебесін ұлықтауға арналды. “Қазақстан халқы тілдері күнін” мерекелеудің арнайы бағдарламасы жасалып, облысымыздағы мемелекеттік тілдің жанашырлары шақырылды. Шараға ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бастығы Самарбек Әбішұлы Әбішев, облыстағы “Мемлекеттік тілді оқыту орталығының” әдіскері Ақласова Сәния Исаханқызы қатысты. Ол өз авторлығымен шыққан, орталықта мемлекеттік тілді оқытуда қолданылып жүрген, қарапайым деңгейге арналған “Ересектерге арналған қазақ тілі” кешенінің баспа және электронды нұсқасымен таныстырды.
Кейінгі жылдары ШҚО бойынша КБД қызметкерлері кеден органдарындағы қызметтің ерекшелігін ескере отырып жазылған, Ф. Оразбаева, Ш. Құрманбаева, Г. Байқадамовалардың авторлығымен шыққан мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту құралы арқылы қазақ тілін меңгеруде. Кеден саласы қызметкерлерінің қазақ тілін мемлекеттік тіл деңгейінде игеруіне, іс қағаздарының мемлекеттік тілде бірізді жүргізілуіне зор үлес қосқан кеденші әріптесіміз Г. Қ. Байқадамованың еңбегін атамауға болмайды.
Біз, кеденшілер, келешекте де мемлекеттік тілді дамытуда күш біріктіріп, тізе қосатынымызға нық сенімдіміз.
Тіл тағдыры - ұлт тағдыры
Қазақстан халықтары жаңа өмір талабына сай өз ұлтының мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін мен тіл мәдениетін сақтап, оны әрі қарай да дамытуға ынта жігері күннен күнге артуда. Мінеки Отанымыздың дербес мемлекет болып, тәуелсіздік алғанымызға таяуда 20 жыл толмақ. Елімізде бүгінде жүзден астам ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында түтін түтетіп, тату- тәтті, дәм- тұзы жарасып, ынтымақтастық пен достықта өмір сүріп, еңбек етуде. Осы күні қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесі жоғары, себебі қазақ тілінің қолдану аясы күннен күнге кеңеюде. Ынтымақ пен бірлікті ту қылып көтерген түрлі ұлт өкілдері өз ана тілінде емін еркін сөйлеп, тіларалық қатынаста азаматтық құқықтарын қамтамасыз етуде.
Тіл адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын қасиетті құрал. Сондықтан әр ұлттың тілі- оның бақыты, өмірдегі тірегі. Бүгінде байтақ елімізді мекендейтін ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, төл мәдениетін дамытуына жан-жақты жағдайлар жасалған. «Берекелі жерден мереке кетпес» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. 22 қыркүйек- Қазақстан халықтары тілдерінің Күні. Осы мереке төңірегінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 17 қыркүйек күні Ивановка ауылында «Тіл- достықтың құралы» атты фестиваль өтті. Оған аудан ауданымыздың түпкір- түпкірінен келген ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты. Жергілікті мәдениет ошағының фойесінде бұл күні қол өнер шығармашылығының көрмесі және ауданымыздың этномәдени бірлестіктерінің ұлттық асханасы қойылды. Фестивальге жиналған көпшілік қазақ, белорус, шешен, ингуш, украин, орыс, неміс тағы басқа ұлттардың тағамдарынан дәм татып, үлкен көрмені тамашалады. Мерекелі шараны жүргізушілер Қ. Идрисов пен Ф. Әлімбетова ашып, алғашқы құттықтау сөз кезегі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы С. Н. Ахметоваға берілді. Ол бұл фестивальдің көздеген басты мақсатына тоқталып өтіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Концерт барысында Ивановка ауылдық округінің әкімі Р. М. Габидулин барша жұртшылықты мейраммен құттықтап, елімізге тыныштық, халқымызға амандық тіледі. Фестивальға қатысушылар көп ұлтты халықтардың тілдерінде өз өнерлерін ортаға салды. Айтулы шара «Әдемі» хореографиялық би студиясының (көркемдік жетекшісі Қ. Зиенова) биімен басталды. Одан әрі неміс, белорус, украин, орыс, қазақ т. б. этномәдени бірлестіктері ұжымының өнерлерімен жалғасты. Сондай-ақ аудандық балалар үйінің «Жауқазын» домбыралы ансамблі, «Прялица» халықтық фольклорлық ұжымы, Байқоныс ауылынан келген Чапановтар дуэті («Деймох» шешен- ингуш өлеңімен) , Е. Джабинов «Маджнун» әнімен, «Роза кляин» неміс этномәдени бірлестігі, Береговой ауылынан келген «Непоседы» би ансамблінің өнерпаздары әуенді де сазды ән- жырларын, билерін, тақпақ- өлеңдерін тарту етіп, залдағы көрермендердің қызу ықыласына бөленді. . Фестиваль соңында аудандық мәдениет және тідерді дамыту бөлімінің бастығы С. Н. Ахметова барша халықты осынау тамаша мейраммен құттықтап, өнер додасының жеңімпаздарын, Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен салтанатты жағдайда марапаттады. Сонымен қатар қол өнер шығармашылығы көрмесіне қатысып, ерекше көзге түскен азаматтар да аталып өтті. Мерекелік концерт көп ұлт өкілдерінен тұратын бүкіл өнерпаздардың қатысуымен «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды. Мерейлі мереке ауданымыздағы этникалық топтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты, ауызбіршілікті осылайша дәлелдеп көрсетті.
Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.
Тіл мерекесі - ел мерейі
« . . . Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің,
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің» - деген ақын сөзі бар. Ана тіл, Еркіндік, Теңдік, Мақтаныш, Елдік. Санадағы жоғары ұғымдар. Басты адами құндылықтар. Елдігіміздің, қазақтығымыздың белгісі. Ендеше, бәремезге ортақ мереке - тіліміз жасасын, адамдығымыз, азаматтығымыз биік тұрсын, жер иесі, көк киесі қолдап, халқымыз аман болсын дейміз.
Атаулы күнге Атырау іргелі істерімен жетті деп біз ауыз толтырып айта аламыз. Қай жағынан алып қарасаңыз да Атырау соңғы кездері көш алдында жүр. Экономикасы өрлеу үстінде. Халқының жағдайы түзеліп келеді. Қазақта «сананы-салт билейді» деген сөз бар. Соңғы кездері «сананы тұрмыс билейді» деп айтылып та жүр. Дұрыс сияқты. Тұрмыс, күнделікті өмір елдің рухани дүниесіне, санасына, көзқарасына, түйсігіне мықтап әсер ете бастағаны кәміл. Бүгінгі Атырау, оның адамдары осыдан 20, не 10 жыл бұрынғы Атырау емес. Қаласын сүйеді, даласын қадірлейді. Тілін ардақтайды. Ата - тегі, ер бабаларын үлгі етеді. Жерін, елін қасиет тұтады.
Себеп - жас ұрпақ тәуелсіздік жылдарындағы жасампаз істерді көріп өсіп келе жатыр. Патриотизм деген сөздің - тек жадағай ұран еместігін түсіне бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz