Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
1 Мәдениеттау ғылымы
2 Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
3 Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
4 Мәдениет пен өркениет
4.1 Адамды калыптастыру қызметі.
4.2 Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
4.3 Танымдық қызметі.
4.4 Реттеу қызметі.
4.5 Коммуникативтік, қарым.қатынастық қызметі.
5 Тарихи мәдени процесс
6 Мәдениеттің сұхбаттың табиғаты
7 Мәдени коммуникация
8 Тіл және мәдениет
9 Дін және мәдениет
10 Ежелгі Шығыс мәдениеті
11 Пайдаланған әдебиет

Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.

Мазмұны
1 Мәдениеттау ғылымы
2 Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
3 Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
4 Мәдениет пен өркениет
4.1 Адамды калыптастыру қызметі.
4.2 Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
4.3 Танымдық қызметі.
4.4 Реттеу қызметі.
4.5 Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі.
5 Тарихи мәдени процесс
6 Мәдениеттің сұхбаттың табиғаты
7 Мәдени коммуникация
8 Тіл және мәдениет
9 Дін және мәдениет
10 Ежелгі Шығыс мәдениеті
11 Пайдаланған әдебиет
Мәдениеттану
Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім.
Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты.
Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық
ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен
сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас
мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени
өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау
жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы
теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының
мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.
Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде
қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым
салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың
ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі
болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты –
дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық
тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде
Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар
саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
Мәдениет дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру үшін бұл
сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу
тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала,
қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады.
Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты культура мен
натураны қарсы қоюшылық. Көне заманда культура деген ұғым жерді өңдеу
деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде
(б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру деген ұғымды
білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру,
даму, қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының
жиынтығы;
мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен
өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикенмәден иеті, қазақ
мәдениеті және тағы басқалары;
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу
мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәд ениет және тағы
басқалары).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның
тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи
қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан
анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға,
яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-
ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір
мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың
синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, мәдениет
ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап
көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-
баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, мәдениет ұғымы жерді жырту, бау-
бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек
айтқанда, егіншілікпен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды.
Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен
біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз
және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше
білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады.
Сонымен бірге мәдениет сөзі құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық
деген мағыналарға да осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық.
Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың
санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен
бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала
заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да
болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше
дәріптейді.
Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол
қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы
сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын
(халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да
мекемелерінің жұмыстарына және тағы басқалары қатысу) мұлтіксіз орындап
отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге
табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне
полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал
жасады. Гректер бұл процесті пайдейя (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл
термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік,
ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие
мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады.
Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты
қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру
жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық
бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы
жатыр. Бұл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: Грек
мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас
еді де, ал Батые Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді (Драч Г.В.
Культурология. — Ростов-нД., 1995. — С. 26). Грекияда негізінен
мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның
негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасиеттер мен
қатар, адамзаттық қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа
апарар жол — білім жолы болды. Г.Е. Жураковский былай деп жазды: Көп
жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты — оқушыларға афин
қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады
(Жураковский Г.Е. Очерки по истории античной педагогики. — М., 1940. — С.
42). Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды.
Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер
музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар
палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде
мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл
айтылған жағдайлардың бәрі көне пайдейяның гуманитарлық қызметімен қатар,
көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін
бір жай, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді
игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек
қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу
белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал
бұларды гректер даналық табыстар — нома (заңдар) деп атады. Демек
мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті
мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің
табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше
ыстық та, жақын да болды.
Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында,
әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына
байланысты грек пайдейясының идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік
тұрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан
келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі
түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға
қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде
дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне
мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық
мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге
(сүйсініп — рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және
логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі
қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды.
Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының
қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай
политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы
өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші
кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен
өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда
мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісті
адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын
мәдениеттің көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық
дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше
ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған
ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың,
ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы ақыл-ой мен ең жоғарғы
әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз
мүмкіндіктерін жетілдіру, оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда
табиғи бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды жетілдіру
тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне
көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа
рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы
жаңа өлшемдер — махаббат, үміт, сенім және тағы басқалары жаңа сатыға
көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің
дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай
адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес,
Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес,
оның Құдайтағаланың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін
мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз
мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық
мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес,
шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты
қалыптасуымен сипатталады.
Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің
көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен
ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан
қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі — буржуазиялық қайта
құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең
рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше
үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда —
Толанд,Францияда Вольтер мен Монтескье, Германияда — Лессинг, Гете, Шиллер
және тағы басқалары) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын
діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғайды.
Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны
тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті.
Ал бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда,
оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі, адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық
түнегінде ұстауы және тағы басқалары мәдениет пен өркениеттің даму
барысында басты кедергілер болды. Осы орайда Ағартушылық дөуірі
ойшылдарының антиклерикалдық (дінге қарсы) көңіл-күйін аңғару онша қиынға
соқпайды. Осындай көңіл-күй табиғат пен адамның осы бір жарық дүниедегі
алатын орны туралы мәселені қайта қоюына мүмкіндік берді. Сондықтан да
болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға
мүмкіндік беретін категорияларға сүйенді (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-
ой). Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды.
Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи прогресс идеяларын дамытуға және
тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды
белгілеуге мүмкіндік берді. Әрине бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы
философиялық негіздер тұрғысынан берілді. Мысалы: Мәдениеттің классикалық
үлгісі ұғымы мәдениетті — адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат
баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен
дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен
өткізе отырып, Ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері
(адам, қоғам,мемлекет, құқық, философия және тағы басқалары) жасауға
тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын
елегінен өткізе отырып қарастырды. Бұл игі мақсатты жүзеге асыруда олардың
алдында орасан зор көне және тың материалдар көптеп кездесті. Ортағасырлар
мен қайта өрлеу дәуірінен бастап зерттеле бастаған көне заманның тарихи,
философиялық, ғылыми және көркем әдебиетінен басқа, олардың назарынан
археологиялық ескерткіштер, халық мәдениетінің шығармалары, саясатшылардың
дүние жүзінің әр елдері жөніндегі суреттемелері, түрлі тілдер жайындағы
мәліметтері тыс қалған жоқ. Осыншама бай фактілерді есепке ала отырып,
Ағартушылық дөуірінде адамзат мәдениетін тұтастай қабылдауға талпыныс
жасалынды. Мәдениеттің мән-мағынасы табиғаттағы дүниежүзілік күштердің
(құдайтағаланың құдіретін де ескергенде) батыл іс-әрекетінің нәтижесімен
байланыстырылып, мәдениет — адамзат баласының қызметінің жемісі деп
есептелді. Бірақ сол кезеңнің өзінде-ақ табиғат пен мәдениеттің
гармониялық бірлігіне шүбө келтіру, оларды бірбіріне қарсы қою сарыны
байқала бастады). (Әсіресе, Жан Жак Руссоның еңбектерінде). Руссо сол
кездің өзінде-ақ ғылым мен өнердің адамдар табиғатын өзгерте алатынына
күмән келтірді. Оның бұл көрегендігін бүгінгі күнгі адамзат баласының
тағдыры, яғни прогрестің кейбір қайғылы іздері, салдарлары айқын көрсетіп
отырған сияқты. Руссо ғылым мен өнердің жандануы қоғамдық прогреске нұқсан
келтіргендігін дәлелдеуге ты-рысты. Оның ойынша, ғылым мен өнердің дамуына
байланысты адамдардың табиғи жағдайы бұзылады, адамгершілік кері кетеді,
қоғамдық теңсіздік орын альш, адамның бостандық сезімі аяққа басылады. Ол
былай деп көрсетті: Адам еркін болып туады, бірақ ол өз тіршілігін
әрқашанда күреспен өткізеді (Драч Г.В. Учебный курс по культурологии. —
Ростов-нД., 1996. — С. 16). Күн тәртібінде қойылған бұл күрделі сұрақтар,
келелі мәселелер төңірегінде айтылған бұл ойлар мен пікірлерге қарап Руссо
өркениеттің рахатынан мүлде бас тартып, өткенге яғни тағылыққа қайта
шақырған екен деген түсінік туып қалмауы керек. Ол адамзат болмысының
қарама-қайшылықтары адамның алғашқы қауымдық құрылыстан бастап өркениетке
деген құлшыныс жолындағы тарихи қозғалысының қарама-қайшылықтарынан келіп
туындайтынын көрсете білді. Қалай болғанда да Руссо жаңа ғана туындап келе
жатқан буржуазиялық мәдениетті сынай отырып, табиғи адам ретінде көне
заманның тағы адамдарын ерекше бағалаған. Бұзылған және моральдық жағынан
азғынданған өркениетті ұлттарға Руссо патриархалдық даму сатысында өмір
сүрген адамзат қоғамдарының тазалығы мен адамгершілік қасиеттерін қарама-
қарсы қойды.
Адамзатты қоғамдық-тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі —
Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелеріне, оның
заңдары мен ережелеріне баса назар аудару негізінде адамзат баласының
үздіксіз даму идеясын алғаш рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық
ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешіреді — құдайлар ғасыры,
батырлар ғасыры және адамдар ғасыры.
Ұлы неміс философы Кант (1724—1804) ақыл-ойға табынған. Француз
ағартушылары дүниенің негізі ақиқат, қайырымдылық, сұлулық деп
есептейтін идеяны қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша
қарастыруға әрекет жасады. Осы орайда Канттың мен үшін екі құпия нәрсе
бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі деген қағидасы
кеңінен таралғандығын атап өткен жөн. Болмыстың адамгершілік (моральдық)
жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды айуандардан айыруға
мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып,
адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді басты орынға қойды.
Кант бұл жағдайды келісімді императив деп атады. Кант этикасының негізгі
заңы бойынша — адамға тек құрал деп қарау күнә болып саналады. Дәл осыған
ұқсас идеяларды Спиноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар да
айтқан болатын. Демек, Канттың ұғымынша, мәдениет — табиғаттан бостандық
патшалығына барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы — оның мәдениетті
гуманистік тұрғыдан қарастыруында.
XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі —
ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832—1917) болды. Ол мәдениет
жөніндегі ғылым — реформалар жөніндегі ғылым деп тұжырымдай отырып,
мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор
мәдениетке мынандай жалпылама анықтама береді. Мәдениет пен өркениет кең,
әріэтнографиялық мағынада — білімнен, наным-сенімдерден, өнерден,
адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде
адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады. Нақты идеалды
тұрғыдан қарастырсақ, мәдениет — жеке адам мен бүкіл қоғамды, адамның
бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын
жан-жақты жетілдіру болып табылады. Демек, Тайлор мәдениетке адамның ақыл-
ойы мен еңбегінің жемісі ретінде, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани
құндылықтар ретінде қарады. Тайлордың ілімінде барлық заттар мен идеялар
бір-бірінен туындап жатады. Мұндай көзқарасты эволюциялық деп атау
дәстүрге айналған. Оның ойынша, барлық ұлы адамдар өзінен бұрынғы
әріптестерінің шығармашылық дәстүрін жетілдіріп, не соған сүйеніп отырады.
Тайлордың басты жаңалықтарының бірі — мәдениет атауларының бастамасы, тіпті
негізі болып табылатын діннің шығуының анимистік теориясын өмірге
келтіруі. Бұл теория бастапқы қандай дін болса да (Тайлор оны кішкентай
дін деп атаған) тағы (дикарь) философтың жанның қабілетіне, рухтың адам
денесінен бөлініп шығатынына деген сенімнен шықты деген тұжырымға
негізделген. Біздің көне замандағы ата-бабаларымыз үшін жұмбақ болган түс
көру, галлюцинация, летаргиялық ұйқы, өліп-тірілу және тағы басқалары
түсініксіз табиғат құбылыстары кішкентай діннің қалыптасуына әсерін
тигізді.
Егер Кантта, мәдениеттің мағынасы — адам бойындағы хайуандық сезімді
ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің (моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп
тіресе, ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775—1854)
мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға қойып,
мәдениеттің басты мазмұны: адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады.
Шеллингтің эстетикалық көзқарастары оның Өнер философиясы (1802—1803)
атты еңбегінде толық баяндалған. Автор бұл кітабында адамның шығармашылық
қызметінің басқа да түрлерінен көркемдік шығармашылықтың артықшылығын,
тіпті өнердің ғылымнан да, адамгершіліктен де жоғары тұратындығын
дәлелдеуге тырысқан. Көне заманнан бастап XIX ғасырдың аяғына дейінгі
мәдениеттанымдық ойдың дамуын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, мынандай
қысқаша қорытындылар жасауға болады. Еуропада кеңінен тараған мәдениет
жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынандай қағидаларға келіп
тірелді:
мәдениетті — ақыл-ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну
(энциклопедистер); мәдениетті — ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану
(Кант); мәдениетті эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу
(Шеллинг); ең соңында мәдениеттің адамзаттың тегіне қатыстылығы және оның
абсолюттік идея ме дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы
(Гегель);
адамзат мәдениеті үздіксіз дамып-өркендей отырып эволюция мен прогрестің
жалпы заңдарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған кезеңде мәдениеттің
материалдық негізіне мән берілмей (әңгіме Л.Г. Морган мен Тайлордан басқа
Маркске дейінгі мәдениет жайындағы концепциялар туралы болып отыр),
мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға
мәдениеттің – ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқық және тағы
басқалары сияқты салаларын ғана енгізген.
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса
бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар
саласына жатқызамыз. Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар
философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет
философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді
(материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік тағы басқалары)
барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің
принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметгік, саяси-моральдық, ғылыми,
көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі
мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің
сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа
түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының
біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын аңықтайды.
Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты
қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау
жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес,
жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән
адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде
қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым
салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің,
социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және тағы
басқалары ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының
айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мәдениеттануға осы
уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология,
психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым
салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып
көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі — қоғам мен адамды
салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, антропология
мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады.
Олар: 1) Қоғам мен адам-ның мәдени қалыптасуы (ағартушылық); 2) Қоғамдық
және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан
дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және тағы басқалары жиынтығы (бірлігі);
3. Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқамәдени
құндылықтарға қарсылығы. Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл
анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар жалпылама деп
есептеп, оның эмперикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар
олар әлеуметтік антропология әлеуметтанудың (социо логияның) негізгі
әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп
пайымдап, ал мәдени антропология деп аталатын антропологияның басты
саласы — психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі
пәндерге бағдар жасау өзіміз қарастырып отырған антропология саласында ғана
емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынада түсіндіруге өкеліп соғары сөзсіз. Осы
орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасырлар бойғы даму жолынан өткен
социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік
ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды. Дүние жүзі халықтары мен
этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін,
олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен
мәдени тарихы қарым-қатынастарын зерттейтін этнография ғылыми адамзат
баласының өткен заман мен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруде
және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуде айрықша роль атқарып отыр.
Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына
қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет
саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып,
мәдениеттану ғылымының қалыптасуына өзінің қомақты үлесін қоса білді. Егер
антропология мен этнография адамның биологиялық белгілеріне сүйене отырып,
мәдениетпен жаратылыстану ғылымдары ретінде үйлесімділік тапса, қоғамды
жүйелі түрде қарастыратын әлеуметтану (социология) ғылымының биологиямен
байланысы жоқ. Социология мемлекет, таптар, топтар, сословие және одан да
ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда
алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай зерттейді. Көп уақытқа дейін КСРО-
да социология марксизмге жат ғылым ретінде саналып, тарихи материализмге
қарама-қарсы қойылды. Шын мәнісінде, социология мәдениеттанушыларға
қоғамның әлеуметтік әр тектілігіне байланысты мәдениеттің материалдық және
рухани көріністерін дұрыс түсініп, ой елегінен өткізуге көмектеседі.
Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты
мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымдар социологиямен тығыз байланысты.
Мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеу жүмыстарында түрлі әлеуметтік
топтарға жататын адамдардың қызметі мен іс әрекеті заңдылықтарын зерттейтін
әлеуметтік социологияның мөліметтерінің алатын орыны ерекше, өйткені
олардың мәдени іс-өрекет көріністері белгілі бір психологиялық сарынға
байланысты болғандықтан, мәдениет саласындағы зерттеу жүмыстарында бұл
факторларды ескермеске болмайды. Мысалы: жер мен табиғатқа ерекше сезіммен
қарайтын ауыл психологиясының өзіндік ерекшеліктерін білмей және байыбына
бармай түрып, — шаруа мәдениеті жайында толық түсінік ала алмаймыз.
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық
психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи
тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір
салтының ерекшеліктерін байқай отырып, этнопсихология рухтың не белгілі
бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қасиеттері жөніндегі Гегельдің,
Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып
тірелді. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде орыс халқының мәдени-
психологиялық сипаттамасын Н.А. Бердяев тамаша сипаттап берген болатын.
Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық
ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлт мәдениетінің өзіне ғана
тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс
биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мөнін осы тамаша
рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана
толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік. Халық туралы және қоғамдық
факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография
ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырауы
немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы — қоғамдық саяси
жағдайларға және тағы басқалары тікелей байланысты екендігін дәлелдеп
жатудың қажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілген қазақ халқының
өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алса керек. Азшылық халықтардың
немесе тұтастайөркениеттердің құрып кетуі отаршылдықпен, басып
алушылдықпен, шектен тыс қанаушылықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен,
маскүнемдікпен, нашақорлықпен және тағы басқалары тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік
үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым
саласын ерекше атап өтуді жөн кәрдік. Ол — белгілер мен таңба жүйесін
зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, өрі қажетті ғылым саласы аз уақыт
шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген
болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр
теориясында, қоғамдық ғылымдарды және басқа да ғылым салаларында кеңінен
қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік
табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта
дамуына және мәдениет мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына
қарап, мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма? деген ой да туып қалуы ғажап
емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану — ғылымның жеке саласы ретінде өзінің
алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.
Әрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, мәдениеттану ғылымының дамуына
көптеген ғылымдар ат салысуда, соған қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-
бағдары, бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми
ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да бол ар мәдениеттанушылар
мәдениет мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша
теория болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады.
Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың
саналуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы:
Мәдениетті семиотикалық тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі
Ю. Лотман және мәдениетті әдебиеттік (С.С. Аверинцев), тарихи (Л.Н.
Баткин), методологиялық (А. Кробер, К. Клохкон), антропологиялық (М.
Мид) және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың мәдениет
мәселесіне байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар
екендігі даусыз және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-
бірі жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер
көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық, мәдениетке
байланысты түрлі көзқарастар жүйесінің қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай,
ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі деп санауымыз
керек. Шындығына келсек, әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз
мамандықтары тұрғысынан қарастырады. Бірақ бұл ғылымдар бір-бірімен тығыз
байланысты болғандықтан бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Олай болса
әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, өйткені ол мәдениеттануды,
тарихты, психологияны игергенде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз
кезегінде тарихшы да,психолог та, с оциолог та сол сияқты. Мәдениеттің
әртүрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен
қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылына қарай батыс
әдебиетінде мәдениетке 257 анықтама берілгендігі жөніңде Американ
мәдениеттанушылары А. Кребер мен К. Клохконның мәліметтерін келтірсек те
жеткілікті сияқты. Ал одан кейін қаншама уақыт өткендігін және дүниедегі
болып жатқан мәдени өзгерістерді есепке алсақ, мәдениет ұғымының шеңбері
бұрынғыдан да кеңейе түседі. Әрине, әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайында
мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық
ғылымдар саласында да өзінің нақты орнын таба алмады. Осы орайда көптеген
ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан революциясымен де
байланыстырады. Шындығында да экономикалық және саяси берекесіздіктің басты
себебі — мәдениетсіз саясаттың салдары болып саналады. Ендеше тәуелсіздікке
енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасыныңалдында тұрған басты мақсат
— 18 халықтың рухани байлығы — мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени
өркендеусіз еліміз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны
ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі
қомақты болмақ. Әрине; мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен
дамуда, бірақ соған қарамастан ол жеке пән болып қалыптасу процесін бастан
кешіруде. Оған дәлел ретінде қазіргі мәдениеттанудың біртіндеп философияның
әкелік қамқорлығынан шығып, өзіндік бағыт алуын айтсақ та жеткілікті
сияқты. Мәдениеттанушы ең бірінші кезекте мәдени қызметтің нәтижелерімен
(мәдени шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және тағы
басқалары) санасса да, оның басты мақсаты — теренде жатыр, дәлірек
айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті
игерудің екінші — коммуникативтік жағы келіп шығады. Ол білім беру мен
тәрбиенің, адамның адамгершілік тұрғыдағы қарым-қатынастарының дәрежесіне
байланысты болып келеді. Ең соңында мәдениеттің негізі, оның түйіні мен
маңызы туралы мәселе келіп туындайды. Ғалымдар оны тілмен
де,рәміздік жүйесін қабылдаған ұлттың психологиялық түрмен
және акрализация тәсілімен және тағы басқалары байланыстырады. Қалай
болғанда да дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық негізі және этностың
рухани кеңістік — мәдени дәстүрлердің дамуында ең басты факторлар болып
қала береді. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз
мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүруі мен дамуының
құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш
дәрежеде жүзеге асырылады:
Мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау;
Мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету;
Мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне
айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым,
техника, өнер, философия, экономика тағы басқалары) сапалық сипатын
тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму
заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз. Осы айтылғандар ғылыми пән
ретінде мәдениеттану пәні жөнінде және оның алдында тұрған міндеттер
жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша,
мәдениеттану пәнінің басты мәселесі — адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі
ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады.
Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты дүниежүзілік және ұлттық
денгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіріп
қана қоймай, оларды болжай, әрі басқара білу. Ең бастысы мәдениеттану
ғылыми мәдениеттің қайнар бұлағынан сусындай білуі қажет. Адамзат баласы өз
шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заманғы
мәдениеттің көп жағдайларда өз бастауын ұмыта бастағандығынан да болуы
керек. Ендеше адамзаттың мәдени жаңғыруына бұл мәдениеттану пәнінің қосар
үлесі де қомақты екендігін ескерсек, әлі де болса буыны бекімеген бұл жас
ғылым саласының болашағы зор болатындығына күмән келтіруге болмас.
Мәдениет пен өркениет
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар
кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің
зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация)
семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — civilis сөзі) азаматтық
дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды варварлықтар деп өздері атаған,
басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында
қолданған. Яғни, өркениет олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,
қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим
империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі
ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы
(Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның
парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (JI.
Морган).
Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.
Тойнби, Н.Я. Данилевский және тағы басқалары).
Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен
байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке
еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша
мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен
мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда,
бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі
маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер
және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени
әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің
тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға,
тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды.
Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени
деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-
мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына
біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын
іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм,
гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің
коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта
заттықматериалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет
орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі,
тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі,
рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары
(мұрағаттар, мұражайлар,кітапханала р, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне
бірден назарымыз ауады. Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл
мен мәдениет бастауларының анасы. Мәдениет өзінің кең мағынасыңда бір
ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы
жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет
өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет
ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек
артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: Олар —
терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған
тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі. Ғасырлар бойы күнделікті
іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам әлі жоқ
кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың
жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық,
анайылықты емес, қазіргі ұлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жен. Кез
келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер
мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну
қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді
апиын деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті
тірліктері жоқ, шолақ белсендімәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты.
Ал шыңдығында діни Ренессанс (ренессанс — француз сөзі — қайта
жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным
ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе
дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар
аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда,
дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы
тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен
Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық
рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің
болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы,
адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке,
сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой
айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық
парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, , игіліктер дүниесі
құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды I тұлға деңгейіне көтеретін негізгі
құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — хайуани мадани, яғни, мәдениетті жан.
Адам — табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік ; қажеттілік
болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет
айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне
күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық
алған пендесі.
Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай
жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне
ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік коп жағдайда
табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-
қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи антимәдениеттілігі жөніндегі ілімдер
еді (киниктер,Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық
мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында
болды. Мәдениет пен табиғатты үштастыруға тырысатын ілім — мәдени
антропология. Оның негізін салушылардың бірі — Э. Уилсон. Әрине аталған
ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен
оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының
адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес
экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бұл
ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:
академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;
Рим клубының экологиялық тұжырымдары;
Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволюциялық теориясы;
JI.H. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм тағы басқалары дамытқан
гуманистік этика тағы басқалары.
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне
байланысты Шығыс пен Батыстың арасы ндағы айырмашылық туралы. Интровертивтік
Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ.
Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған қытай
қорғаны емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-
көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың
алдындағы келелі міндет.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның
қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы
К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге:
физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет
осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген занды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz