Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры


www. zox. kz
Мәлік Ғабдуллин - Кеңес Одағының Батыры
Мәлік Ғабдуллин - Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр.
Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2 (15) қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М. Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды. 1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогика институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті” бөлімінің студенті.
1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдайды. Институттан кейін 1935-1937 жылдар аралығында әскери борышын өтейді (1937 жылдың қарашасына дейін Өзбек ССР-і Ферғана қаласында Отан алдындағы борышын өтеді) . Әскерден келгеннен соң 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде болады, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық Филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми қызметкер болады. 1938-1946 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де аспирантуралық дәреже бойынша білім алады. Жас аспирант кандидаттық диссертация тақырыбы ретінде “Қобыланды батыр” эпосын таңдап алып, халқымыздың ауыз әдебиетіне, оның ішінде ұлттық фольклор тұнығына тереңінен бойлайды. Бірақ сәтті басталған диссертациялық жұмысын аяқтағанымен, қорғауға мүмкіндігі болмайды. Себебі дәл сол кезде сұрапыл соғыстың оты тұтанған болатын.1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады.
1941-1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫна қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.Соғыстан кейінгі жылдары
1946 жылдан бастап М. Ғабдуллин запастағы подполковник болады. Сұрапыл соғыс жылдарынан соң елге аман қайтып, түрлі салаларда белсенді қызмет етеді. Артынан өшпес із қалдырады. 1959 жылы оған ''Филология ғылымдарының докторы'' ғылыми дәрежесі тағайындалады.
Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарады, 1946-1951 жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және Әдебиет Институтында директорлық қызметте болады, 1951-1963 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де ректорлық қызмет атқарады, 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ҒА Тіл және Әдебиет Институтында Фольклор бөлімінде меңгеруші болып істейді.
Әдебиет саласындағы М. Ғабдуллин
М. Ғабдуллиннің әдеби қызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды.
... жалғасыМәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі еңбектері қазақ халқының батырлық эпостары, мақал-мәтелдері, айтыстары, ергешілері мен халық әндері болады. Қазақ әдебиетінің көптомдық тарихын шығаруға ат салысады. Оның ''Қазақтың батырлық эпостары'' зерттеу еңбегі 1972 жылы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-4-шақырылымдарында депутаттық мандатқа ие болады.
Мәлік Ғабдуллин «Менің майдандас достарым (Мои фронтовые друзья) » (1947), «Алтын Жұлдыз (Золотая звезда) » (1948), «Майдандық очерктер (Фронтовые очерки) » (1949), «Будни войны» (1968), «Достар, жолдастар жайлы» (1969), «Ызғарлы жылдар (Грозные годы) » (1971) атты көркем әдеби шығармалардың авторы болып табылады. Мәліктің әдеби туындыларының кейбірі И. П. Щеголихин көмегімен орыс тіліне аударылды.Марапаттаулары
Мәлік Ғабдуллин «Алтын Жұлдыз (Золотая звезда) » Кеңес Одағының батыры медалімен, Ленини орденімен, «Қызыл Ту» орденімен, Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және екі рет «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Москваны қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Венаны алғаны үшін» медальдарымен марапатталды (суретте: Кеңес Одағының батыры медалі) .
Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде саяси-қоғамдық істерге белсенді түрде араласып, еңбек сіңіргені үшін оған 1961 жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткері атағы берілді.
Қазақ хылқының біртуар батыр ұлдарының бірі болған, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері және жазушы Мәлік Ғабдуллин 1973 жылы 2-қаңтарда Алматыда көз жұмды.
Мәлік Ғабдуллин кезіндегі қазақ әдебиетіне қарсы жүргізілген солақай саясаттан талай мұрамызды сақтап қалған. Артына өшпес мұра қалдырған азаматтарды құрмет тұту өскелең ұрпақтың парызы болғандықтан қазір ол кісінің еңбектері қайта зерттелу үстінде. Батырдың Алматыда тұрған үйі мен қызмет атқарған Институтында батырға арнап мемориалды тақта орнатылған. Өзі туып-өскен аудандағы мектеп пен көше аттары Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталады. Көкшетауда батырға арналып арнайы мұражай ашылған. Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында көше аттары М. Ғабдуллин есімімен аталатын болды.
Мәншүкке Батыр атағын берудегі Мәліктің еңбегі
Мәлік батыр сұрапыл соғыз жылдарында Қызыл Армияның Саяси Бас басқармасының орыс емес ұлттардың жауынгерлері арасында үгітшісі болып қызмет атқарады. Ол соғыс кезінде қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады. Тіпті, Мәншүктің қазасынан кейін оған Батыр атағын бергізу үшін М. Ғабдуллин үлкен еңбек сіңіреді. Бұл жайлы ҰОС ардагері Байуақ ардагер мәлімдейді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz