Дүниежүзілік сауда ұйымына ену жағдайында банктердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және жоғарылатудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ену жағдайында банктердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және жоғарылатудың теориялық негіздері . . .
1. 1. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енудің банктердің бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан мәселелері мен перспективалары . . .
1. 2. Банктердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және жоғарылату негізгі формалары мен әдістері . . .
1. 3. Банк сферасындағы бәсекелік қатынастардың ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибе және Базель келісімдерінің ролі
2 «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖӘНЕ НЕСИЕ ҚОРЖЫНЫНЫҢ САПАСЫНА ТАЛДАУ . . .
2. 1«Казкоммерцбанк» АҚ балансын және несие қоржынының құрылымын талдау . . .
2. 2. Қаржыландыру базасын бағалау және «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық қызметтері . . .
2. 3 Капитализация дәрежесіне және қызмет ету тиімділігін бағалау.
2. 4. Несиелеу тәжірибесіне талдау . . .
3. БАНКТЕРДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫЛАТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1. Сарапшылық бағалау әдісін қолдану арқылы екінші деңгейлі банктердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін жасау және енгізу . . .
3. 2. Бәсекеге қабілеттілікті ұсынылатын альтернативті көрсеткіштерді есептеу негізінде банктің бәсекеге қабілеттілігін бағалау бойынша ұсыныстар жасау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
қазіргі ғаламдану және ұлттық экономикалардың интеграциялануы заманында Қазақстанға бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуды уақыттың өзі талап етіп отыр. Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік -экономикалық және құқықтық реформалар тұрғысынан мемлекет тарапынан да, жеке меншік сектор тарапынан да көптеген шаралар жасалып жатыр. Бүгінгі күні негізгі және артықшылықты міндеттердің бірі қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге ары қарай және тереңдетілген интеграциясы, бұл аспектіде Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуі болып табылады. Қазақстанның ДСҰ-ға енудің экономиканың нақты секторларына және соның ішінде банк секторына салдары қандай және
1. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ену жағдайында банктердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және жоғарылатудың теориялық негіздері
1. 1. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енудің банктердің бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан мәселелері мен перспективалары
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) 1995 жылы құрылған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) жалғасы болып табылады.
1998 жылы Женевада ГАТТ-тың алтын мерейтойы атап өтілді. Ол бір жақты іс-әрекеттерді тоқтату механизмі арқылы дүниежүзілік сауданы реттеуге арналған жүйе 50 жыл бойы қолданылып, өзінің көп жақты тауарлар айырбастаудың құқықтық негізі ретінде тиімділігін дәлелдеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдар дүниежүзілік сауданың өркендеуімен сипатталды. Экспорттың жылына орта есеппен 6%-ға өсті. 1997 жылғы сауданың жалпы көлемі 1950 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 14 есе өсті.
Жүйе ГАТТ шеңберінде сауда келіссөздердің (кезеңдердің) өткізілу барысында қалыптасты. Алғашқы кезеңдерде негізімен тарифтерді төмендету, одан кейін антидемпинг және тарифтік емес мәселелерді де қамтыды. Соңғы кезең - 1986-1994жж. "Уругвай кезеңі" қызметтер саудасы мен зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілеріне қарай кеңейілуі барысында ДСҰ құрылған болатын. Сонымен, ГАТТ механизмі сауда дамуының қазіргі уақыттағы кезеңі үшін жетілдіріліп, жаңартылған болатын. Оған қоса, ГАТТ жүйесі, халықаралық ұйымы бола тұрып, шындығында бұл мәртебеге ие болған жоқ, ал ДСҰ БҰҰ жүйесінің арнайы мекемесінің заңды мәртебесіне ие болды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы: негізгі ережелер мен нормалар
ДСҰ халықаралық сауда жүйесінің ұйымды-құқықтық негізін құрайды. ДСҰ көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай кезеңі 1993 жылғы 15 желтоқсанында аяқталып, 1994 жылдың сәуір айында қол қойылғаннан кейін 2005 жылдың 1 қантарында құрылды. ДСҰ Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) мұрагері болып табылады.
ДСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің ұлғайтылған қатарында (146 ел 2003 жылдың шілде айы) ғана емес, сондай-ақ, өзі қатысатын іс-әрекетінің кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ тек тауарлар саудасы саласында ғана әрекет етсе; ДСҰ тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтиды. Сонымен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік түзету барысында елдер арасында сауда қарым-қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады.
ДСҰ-ның құқықтық жүйесі Мараккеш келісімі, немесе ДСҰ-ны құру жөніндегі келісім және әр қосымшасы халықаралық сауда жекелеген мәселелері бойынша жасалған халықаралық-құқықтық уағдаластықтары бар 4 қосымшасы негізінде анықталған. ДСҰ жөніндегі келісімде 29 келісім, оның 17 және олармен байланысты құқықтық құжаттар 1, 2 мен 3 қосымшасы бар (Көп жақты Сауда Келісімдер) осы Келісімнің ажырамас бөлігі бола тұрып, ДСҰ-ның барлық мүшелері үшін міндетті. Қалған келісімдер және олармен байланысты құқықтық құжаттар 4 қосымшаға енгізілген (бұдан әрі <Саны шектеулі қатысушыларымен сауда келісімдер>) ДСҰ-ның барлық мүшелері үшін міндетті. Барлық келісімдер сауда саласында ұлттық заң шығару мен нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану барысында үкімет басшылыққа алатын негізгі келісімді міндеттіліктерді анықтайды.
ГАТТ пен ДСҰ екі басты принципте негізделген, осының нәтижесінде, халықаралық-құқықтық тәжірибеде төрт негізгі элемент қалыптасты.
Екі басты принциптер - бұл кемсітуден бас тарту және нарықтық тиімділік, немесе алдын ала болжалынатын, ашық, өзара қауіпсіз нарықтарға қол жеткізу.
Төрт негізгі элемент:
ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ) ;
ұлттық режим;
тарифтерді шекарадағы қорғаудың жалғыз немесе қалаулы құралы ретінде қолдану;
транспоренттік пен ашықтық.
Ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ) ДСҰ мүшелері басқа мүше елден импортталатын тауарлар мен қызметтерге көз-қарастары бірдей екенін көрсетіп отыр, дәлірек айтсақ, ДСҰ мүше елдерінен импортталатын тауарлар мен қызметтерге қатысты ең қолайлы жағдай жасалатын қызметтер мен тауарларға сияқты ережелер қолданылады. Бұл шекарадағы кемсітуден бас тартудың белгісі. Есепгенде ДСҰ алдына бірқатар талаптарды, мысалы үшінші елдермен жаңа кедергілердің орнатылуына жол бермеу, қоятын аймақтық кедендік одақтар мен еркін сауда аймақтары.
Ұлттық режим дегеніміз кез келген шекералық режимнің талаптарына сәйкес келуі орнатылғаннан кейін және олар ішкі (ұлттық) нарыққа шығарылғаннан кейін барлық импортталатын тауарлар мен қызметтер ұлттық нарығындағы ұлттық тауарлар мен қызметтердей жағдайларға тап болады, басқа сөзбен, ішкі нарықтағы отандық тауарлар алынатын ішкі салықтар артпауы тиіс. Бұл ішкі (ұлттық) нарықтағы кемсітуден бас тарту болып табылады.
ДСҰ-ның жоғарғы органы болып ұйымның барлық қатысушыларының өкілдерін біріктіретін Министрлік конференция табылады. Конференцияның сессиялары Уругвай кезеңі келісімдеріне қатысты басты мәселелер бойынша шешімдерді талқылау мен қабылдау мақсатында екі жылдың ішінде кем дегенде бір рет өткізіледі. Бірінші конференция 1996 жылдың желтоқсан айында Сингапурда, ГАТТ/ДСҰ елужылдық қызметінің нәтижелері талқыланған екінші сессия 1998 жылдың мамыр айында Женева қаласында өткізілген, Соңғы Министрлік конференция 2001 жылдың қараша айында Доха қ. (Катар) өткізілді, оның нәтижесінде көп жақты келіссөздердің жаңа кезеңі басталған болатын. Келесі конференция 2003 жылдың 10-14 қыркүйек аралығында (Канкун қ., Мексика) өткізілетін болады.
ДСҰ Министрлік конференциясы Сауда және даму жөніндегі комитетті, төлем балансын қамтамасз ету мақсатында шектеулер жөніндегі комитетті, Бюджет, Қаржылар және әкімшілік жөніндегі комитетті, сондай-ақ Қоршаған орта жөніндегі комитетті бекітеді.
Министрлік конференция ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. Қазіргі уақытта ДСҰ-ның Бас директоры Супачай Панитчпакди мырза. Бас директор ДСҰ Хатшылығыны бөлімшелерінің қызметкерлерін тағайындайды және олардың міндеттері мен Министрлік конференция бекіткен ережелерге сәйкес қызмет ету шарттарын анықтайды.
Қажет болағнда, сессиялар арасында (жылына 8-10 рет) күнделікті және рәсімдеу мәселелерін шешу мақсатында ДСҰ барлық қатысушыларының өкілдерінен тұратын Бас кеңес шақырылады. Оған қоса, Бас кеңес Дауаларды шешу жөніндегі органның және сауда саясатын шолу жөніндегі органныңң қызметін реттейді. Бас директордың басқаруымен Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызметтер саудасы кеңесі және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңес, сондай-ақ ДСҰ мәселелерін жөніндегі басқа органдар жұмыс істеуде. Тауарлар мен қызметтер саудасы жөнінлегі комиттің шеңберінде Келісмідер жөніндегі комитеттер мен келіссөздер жүргізетін топтар құрылған. Кеңестер мен комиттердегі мүшелік ДСҰ кез келген мүшесі үшін ашық. Сонымен қатар, плюрилатералдық (көп жақты) келісімдерді жүзеге асыруды бақылау жөніндегі органдар қызмет етуде.
Шешімдерді қабылдау. ДСҰ-да шешімдер консенсус негізінде жиі қабылданады. Ол жоқ болған жағдайда, басқасы белгіленбесе, шешім дауыстардың көпшілігі негізінде қабылданады. Тауарлар, қызметтер, зияткерлік меншік, жүктеген міндеттіліктерден босату жөніндегі Келісімдердің ережелерін түсіндіру бойынша шешімдер дауыстардың ¾ бөлігімен қабылданады. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне әсерін тигізбейтін түзетулер, сондай-ақ жаңа мүшелерді қабылдау дауыстардың 2/3 бөлігін талап етеді (тәжірибе көрсеткендей, консенсус негізінде)
ДСҰ-дағы мүшелік беретін артықшылықтар
ДСҰ мүшелігінен алынатын жалпы болашақ артықшылықтар төмендегідей сипаттауға болады:
- ДСҰ мүшелерімен сауда қарым-қатынастарды дамудағы сенімділік пен алдын ала болжауға мүмкіншілік;
- ДСҰ мүшелері иеленетін құқықтарды пайдалану;
- сауда қарым-қатынастарды қауіпсіздік қамтамасыз ететін сауда саясаты мен сауда серіктерімен жүргізілетін тәжірибенің ашықтық деңгейінің едәуір өсуі;
- сауда серіктер кемсітілген жағдайда, сауда мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін ДСҰ шеңберіндегі дауларды шешу механизміне қол жеткізу;
- ДСҰ шеңберінде өткізілетін көп жақты сауда келіссөздерге қатысу арқылы ДСҰ-ны сауда және экономикалық мүдделерді дамыту құралы ретінде пайдалану.
ДСҰ келісімдері мүше елдері үшін сыртқы сауданы, ең алдымен, экспортты дамытуға мүмкіндік береді және қауіпсіз да, алдын ала болжанатын сауда ортасын қалыптастыруға апаратын қатаң көп жақты ережелерді қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде ДСҰ-ның мүшелігіне кірмейтін елдер халықаралық саудаға соншалықты тиімді шарттар негізінде қатыса алмайды, себебі осы келісімдерді белгіленген тиімділік оларға таралмайды. Мысал ретінде ДСҰ-ның төмендегідей келісімдерін атап өтуге болады:
Тоқыма және киім жөніндегі келісім - қатыспайтын елдер осы келісімде белгіленген сауданы либерализациялау нәтижесінде пайда болатын артықшыларды пайдалана алмайды, ең алдымен ол онжылдық өтпелі кезең бойы сақталатын шектеулерге жататын тауарларға қатысты импорттық квоталарды біртіндеп жоюмен байланысты. Оған қоса, қатыспайтын елдер тоқыма мен киімдерінің экспортына қатысты шектеулердің, жою мерзімін белгілемеусіз, қолданысқа енгізілуіне тап болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық жөніндегі келісімдер - қатыспайтын елдер нарыққа қол жеткізу бойынша ДСҰ мүше елдеріне ғана таралатын ең аз міндеттіліктерден шығатын артықшылықтарды пайдалана алмайды. Екінші жағынан, ДСҰ мүшелері өткізген тарификациялау нәтижесінде, олардың ауыл шаруашылық өнімін экспорттаудан жоғары кедендік баждар алынады. Ауыл шаруашылық жөніндегі келісім ДСҰ мүшелерінің ауыл шаруашылық өніміне қатысты сандық импорттық шектеулерге тыйым салғанына қарамастан, сауданың кейбір ірі қатысушылардың Уругвай кезеңінің нәтижесінде өзгерістер енгізілген заңнамалары қатыспайтын елдердің ауыл шаруашылық өнімдерінің импортына қатысты сандық шектеулердің қолданылуына жол беріледі.
Атдимепинг, субсидиялар мен өтемдік шаралар жөніндегі келісімдер - осы келісімдерге сәйкес ДСҰ-ның барлық мүшелері антидемпинг және өтемдік тергеу жұмыстары нәтижесінде зиян келтіру фактін тексеруге құқылы. Сонымен қатар, кейбір ірі қатысушылардың Уругвай кезеңінің нәтижесінде өзгерістер енгізілген заңнамаларына сәйкес қатыспайтын елдерден импортталатын тауарлар зиян келтіру фактін тексеруге жатпайды. Оған қоса, тәжірибе көрсеткендей, ДСҰ-ға қосылмаған елдерге қарсы кемсіту шарасы болып табылатын және мүше елдерге қатысты ДСҰ ережелерімен тыйым салынған (бағалар бойынша міндеттіліктерге ғана жол беріледі) антидемпинг шараларын реттеу барысында сандық шектеулер қолданылуы мүмкін.
Қорғау шаралары жөніндегі келісім - осы келісімнің басты ережелері (РНБ негізінде ең аз кемсітуге қарсы күресу шараларын қолдану; экспортты еркін түрде шектеу жөніндегі келісімдердің күшін жою; ақыл-кеңес беру мен хабарландыру сияқты, қорғау шараларын ендіру бойынша рәсімдерді ұстанудың қажеттілігі) қатысуға жоспарлайтын елдерге таралмайды, осының нәтижесінде олардың халықаралық саудада кемсітілуі күшейе түсіу мүмкін.
Қызметтер саудасы жөніндегі бас келісім қызметтер саудасын ашықтық пен біртіндеп либерализациялау негізінде дамыту, барлық сауда серіктерінің экономикалық өркендеуі мен дамып келе жатқан елдерді дамыту мақсатында қызметтер саудасына қатысты негіздер мен ережелердің жиынтығын құрайды.
Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім (ТКК) міндетті стандарттардың бар болуының нәтижесінде пайда болған кедергілерді шектеу шараларын алдын ала көздейді және саланың мүмкіндігінше транспаренттілігін қолпаштайды. ДСҰ мүше елі территориясына басқа мүшелер импорттайтын тауарлар үшін стандарттар мен сертификациялау саласында ең қолайлы жағдай туғызу режимін қамтамасыз етеді.
ДСҰ-ға кіру процессі өзара байланысқан үш сатыдан тұрады:
1. Қосылуға жоспарлайтын елдің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ көп жақты сауда келісімдерімен сәйкес келуін қарастыру.
Бұл төмендегідей жолмен жүзеге асырылады: қосылуға жоспарлайтын ел сауалнамалар мен жауаптар барысында қарастырылатын сыртқы сауда режимі туралы меморандумын ұсынады, одан кейін қосылу шарттарын белгілейтін Жұмыс Тобының Баяндамасы мен қосылу хаттамасы дайындалады. Қосылудың осы сатысы көп жақты негізде ДСҰ-ның барлық мүдделі мүшелердің қатысуымен жүзеге асырылады, әйткенмен, сыртқы сауда режимге қатысты кейбір мәселелер қосылуға жоспарлайтын. және ДСҰ-ның жекелеген мүшелері арасындағы ресми емес екі жақты немесе көп жақты келіссөздерді талап етуі мүкін.
Қазақстанның қосылуы жөніндегі келіссөздер барысында төмендегідей салаларда сауалнамалар туындады:
бағаны түзеуді реттеу ережелері мен тәжірибесі;
салықтандыру жүйесі;
жекелеген экономикалық, ең алдымен ауыл шаруашылық салалардағы субсидиялар;
шетел инвестициялардың режимі;
төлем балансы;
импорттың кедендік тариф, сонымен қатар кез келеген тарифтік преференциялар, кедендік баждар, тарифтік алымдар саласындағы ескертулер, т. б. ;
қорғау шаралары мен ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары (антидемпинг және өтемдік шаралар) ;
импорттық лицензиялау;
экспортты реттеу;
мемлекеттік сауда кәсіпорындары;
импорт тауарларын стандартизациялау және сертификациялау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;
валюта айырбастау;
сыртқы сауда жөніндегі статистика мен басылымдар;
зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесі.
2. Тауарлар саудасы саласындағы міндеттіліктер жөніндегі келіссөздер (ең алдымен импорттық тарифтердің көлемін азайту мен өзара үйлестіру арқылы) .
Осы келіссөздер қосыллуға жоспарлайтын елмен екі жақты негізде басты сауда серіктерімен (әдеттегідей негізгі және ең маңызды экспортер) жүргізіледі. Тарифтік ауыл шаруашылық саласындағы арнайы босаңдықтарды (дәлірек айтсақ, нарыққа қол жеткізу, экспорттық субсидиялар мен ішкі қолдау шаралары), қоса, тарифтік босаңдықтардың тізбеі қосылу жөніндегі хаттаманың ажырамас бөлігі бола тұрып, РНБ негізінде ДСҰ-ның барлық мүшелерне таралады.
3. Қосылуға жоспарлайтын елдің қызметтер саудасы саласындағы міндеттіліктерді жетілдіру жөніндегі келіссөздер де екі жақты негізде жүргізіледі, олардың нәтижесінде қосылу хаттамасымен қоса ұсынылатын міндеттіліктер тізбесі әзірленеді. Осы тізбе РНБ негізінде ДСҰ-ның басқа мүшелеріне де таралады. Оған қоса, қосылуға жоспарлайтын елдің жекелеген елдер - сауда серіктері үшін РНБ алып тастауды келістіру мүмкіндігі бар.
ДСҰ-ға қосылуға үміттенетін елдер үшін ең маңызды шарт - ұлттық сыртқыэкономикалық қызметін реттейтін заңнамасы мен тәжірибесін «Уругвай кезеңі» атты келісімдер жиынтығының ережелеріне сәйкестіру. Соңғы кезең қосылатын елдің заң шығару органының құжаттар пакетін бекіту болып табылады.
ДСҰ-ның айқын ерекшелігі өзара тиімді шарттар, ашықтық пен ұйым мүше елдерінің теңдігіне негізделген еркін сауда шараларын қамтамасыз ету мақсатында сауданың халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын қалыптастыруда.
Еркін сауда саясатының шағын ішкі нарығын иеленетін және кеңейтіліп бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына шығуды қажет ететін Қазақстан үшін маңыздылығы анық. Халықаралық құқығына негізделген және алдын ала болжалатын ДСҰ шарттары Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.
Кез келген елдің ДСҰ-ға кіру мақсаты жекелеген басымдылықтарды пайдалану болып табылады.
Қазақстан алдында төмендегідей басымдылықтар қалыптасқан:
Дамуға жағдай жасайтын дүниежүзілік шаруашылық пен дүниежүзілік құрылымдармен біріккен, ашық нарықтық экономикасы тән ел болып танылғанымен қатар, Қазақстан ДСҰ-ның барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнату барысында бірден ең қолайлы жағдай туғызу режимін (РНБ) иеленеді.
Оған қоса, Қазақстан өзінің тауарлары үшін қосымша да, тиімді транзит жолдарына ие болады. Ол Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларының сыртқы саудасын дамыту үшін аса маңызды.
Қысқа- мен ортамерзімді жоспарлар шеңберінде Қазақстан үшін ДСҰ-ға кірудің ең алдымен өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық өндірісті дамыту мақсатында инвестицияларды пайдалану тұрғысынан маңызды.
Қазақстанның экспорттық тауарларына, ең алдымен антидемпинг тексерістері барысында қолданылатын сауда дауларына қатысты ДСҰ-ның режимі маңызды бола тұрып, ДСҰ белгілеген рәсімдер шеңберінде сауда-саяси дауларды әділетті жолмен шешуге жағдай жасайды.
ДСҰ-ға кірісімен, Қазақстан ұлттық мүдделерді басшылыққа алып, дүниежүзілік сауданы реттейтін ережелерді жетілдіруде қатысуға құқықты иеленуге жоспарлай алады.
Сонымен қатар, сыртқыэкономикалық саясат пен үкіметтер, ДСҰ мүше елдерінің ниеттері туралы күнделікті ақпаратты алу мүкіншілігі пайда болып, нәтижелі сауда саясатын ұстануға жағдай жасайды.
Ішкі нарықтағы озық технологиялар, тауарлар, қызметтер мен ішкі инвестициялардың ендірілуін белсендіру нәтижесінде ұлттық өнімінің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін жағдай жасау, халықаралық сапа стандарттарын ендіру.
Импорт көлемінің ұлғаюы нәтижесінде тұтынушының бағасы төмендеу тауарларының кеңейтілген қатарына қолы жетеді.
Міндеттер - Қазақстанның ДСҰ-дағы мүшелігінен жоспарланатын нәтижелерге жету Қазақстанның осы ұйымға кіру шарттары және тауарлар мен қызметтер отандық нарығына шығуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан жүктейтін міндеттемелердің деңгейіне байланысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz