Наурыз мерекесін тойлау



Наурыз мейрамы
Тарихы
Қазақ салты
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбебойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа +рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.
Қазіргі күнтізбебойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне
келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа +рәзаңһ=күн, жаңа күн мағынасында,
қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы
жаңа күн), яғни жаңа жылды (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан
бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Халықарал ық Наурыз күні
қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып
өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік
халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде
тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда,
мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда,
Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Тарихы
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі
халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл
мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл
гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар
“нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар
“навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни,
Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай
тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды
бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май
құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен
дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген
шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек
ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар
(жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл
басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы
Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.
Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос
қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер
айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады.
Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен)
қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды
білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан
тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен
бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып,
табыстырған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурыз – көне мереке
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (орыс тілінде оқытылатын сыныптарға) 9-сынып емтихан тапсырмалары
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік нұсқау)
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі Жұмыстың ұсынылған бағыты этномәдениеттану
Наурыз мейрамы туралы
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Мерекелер түрлері
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Бұқаралық мерекелердің тарихы
Пәндер