Талап түсінігі және мағынасы туралы



КІРІСПЕ 3
ТАРАУ І. ТАЛАП ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ 4
1.1. Талап өндірісінің түсінігі және мағынасы 4
1.2 Талап түсінігі және мағынасы. 5
1.3. Талап элементтері талаптың құрамдас бөліктері ретінде 7
ТАРАУ II. ТАЛАП ТҮРЛЕРІ 10
2.1 Талаптардың сыныпталу негіздері. 10
2.2 Мойындату талаптары 11
2.3 Сотпен өндіру талаптары 12
2.4 Өзгерту талаптары 13
2.5 Қайта орнатушылық талабы 15
ТАРАУ ІІІ. ТАЛАП ҚҰҚЫҒЫ. ТАЛАП БЕРУ ҚҰҚЫҒЫ 17
3.1 Талапқа құқықтың түсінігі 17
3.2. Талап беруге құқықтың алғы шарттары. Талап беруге құқықты жүзеге асыру жағдайлары 18
3.3 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі 19
3.4 Талап арыз талап өндірісінің қорғау құралы ретінде 20
Қорытынды 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
Азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің жүзеге асырудың ең басты кепілі ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен және басқа заңдармен берілетін сотпен қорғалу құқығы.
Азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек және өзге құқықтармен заңмен қорғалатын мүдделердің сотпен қорғалуы, бұл мемлекеттің азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне қол сұққандарға қарсы мемлекеттің қолданатын шаралары.
Азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің сот арқылы қорғалуының маңызы зор болғандықтан осы мәселенің шарттары мен тәртібін анықтап зерттеу керек.
Сондықтан құқықты қолдаушы тұлғамен мүдделі тұлғаның жоғарыда айтылып кеткен мәселелердің мәні мен маңызын түсіну талап арқылы қорғалудың дамуына жол ашады.
Азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі болып, талап өндірісі, ал оны туындатудың әдісі талап екені тәжірибеден мәлім.
Талап. Азаматтық іс жүргізу құқының өте күрделі және басты орын алатын институты талап болып табылады. Сол себептен талап арқылы құқықты қорғау түрлерінің теориялық мәселелері өте көп. Көптеген ғалымдардың талап түсінігі, оның элементтері, талап құқығы және талаптардың сныпталуына байланысты бір – біріне қарама – қайшы көзқарастары көп. Сондықтан көптеген әдебиеттерде талаптың және оның элементтерінің әр – түрлі түсініктері берілген, ал ол осы мәселені шешуді қиындата түседі.
Бұл жұмыста құқықтың талап арқылы қорғалуына байланысты сұрақтарға жауаптар берілген. Олар: Талап түсінігі, талап құқығы, талаптың құрамдас бөліктері, талап түрлері және тағы басқа.
I. Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 – шы тамыз 1995 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі 13 – ші шілде 1999 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 жыл.

II. Арнайы әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. 2030 Қазақстан 2030, Алматы “Бiлiм” баспасы – 1997ж.
2. Гурвич М.А. Право на иск. М.-Л., 1949 г.
3. Гурвич М.А. Судебное решение. М., 1976 г.
4. Гражданский процесс М., 1995 г. Под ред. Шакарян М.С.
5. Добровольский А.А., Иванова С.А. – Основные проблемы исковой формы защиты права. М., 1979 г.
6. Добровольский А.А., Иванова С.А. – Иски о признании как средство защиты права. Советская юстиция . 1977 г., № 196 с. 9-10
7. Кожухаь А.Н. Право на судебную защиту исковом производстве . Кишенев 1969
8. Логино П.В. Понятие иска и исковая форма защиты права. Советское государство и право, 1983 г., № 3. Пушкарь
9. Пушкарь Е.Г. Предпосылки право на обращение в суд. К., 1977 г.
10. Пушкарь Е.Г. Исковое производство в советском гражданском процессе. Л., 1978 г.
11. Пучинский В.К. Элементы иска в советском гражданском процессе. Советское государство и право. 1979 г. № 3.
12. Советский гражданский процесс. М., 1996 г. Под ред. Осипова Ю.К.
13. Советский гражданский процесс. М. 1985 г. Под ред. Гурвича М.А.
14. Учебник гражданскии процесса. М., 1996 г. Под ред. Треушникова
15. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом судопроизводстве. Т.,
1990 г.

III.Судебная практика.
1. Вестник Верхного Суда РК 1999 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
ТАРАУ І. ТАЛАП ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ 4
1.1. Талап өндірісінің түсінігі және мағынасы 4
1.2 Талап түсінігі және мағынасы. 5
1.3. Талап элементтері талаптың құрамдас бөліктері ретінде 7
ТАРАУ II. ТАЛАП ТҮРЛЕРІ 10
2.1 Талаптардың сыныпталу негіздері. 10
2.2 Мойындату талаптары 11
2.3 Сотпен өндіру талаптары 12
2.4 Өзгерту талаптары 13
2.5 Қайта орнатушылық талабы 15
ТАРАУ ІІІ. ТАЛАП ҚҰҚЫҒЫ. ТАЛАП БЕРУ ҚҰҚЫҒЫ 17
3.1 Талапқа құқықтың түсінігі 17
3.2. Талап беруге құқықтың алғы шарттары. Талап беруге құқықты жүзеге
асыру жағдайлары 18
3.3 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі 19
3.4 Талап арыз талап өндірісінің қорғау құралы ретінде 20
Қорытынды 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

КІРІСПЕ

Азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің жүзеге
асырудың ең басты кепілі ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
және басқа заңдармен берілетін сотпен қорғалу құқығы.
Азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек және өзге құқықтармен заңмен
қорғалатын мүдделердің сотпен қорғалуы, бұл мемлекеттің азаматтармен заңды
тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне қол сұққандарға қарсы
мемлекеттің қолданатын шаралары.
Азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің сот
арқылы қорғалуының маңызы зор болғандықтан осы мәселенің шарттары мен
тәртібін анықтап зерттеу керек.
Сондықтан құқықты қолдаушы тұлғамен мүдделі тұлғаның жоғарыда айтылып
кеткен мәселелердің мәні мен маңызын түсіну талап арқылы қорғалудың
дамуына жол ашады.
Азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі болып, талап өндірісі, ал оны
туындатудың әдісі талап екені тәжірибеден мәлім.
Талап. Азаматтық іс жүргізу құқының өте күрделі және басты орын алатын
институты талап болып табылады. Сол себептен талап арқылы құқықты қорғау
түрлерінің теориялық мәселелері өте көп. Көптеген ғалымдардың талап
түсінігі, оның элементтері, талап құқығы және талаптардың сныпталуына
байланысты бір – біріне қарама – қайшы көзқарастары көп. Сондықтан көптеген
әдебиеттерде талаптың және оның элементтерінің әр – түрлі түсініктері
берілген, ал ол осы мәселені шешуді қиындата түседі.
Бұл жұмыста құқықтың талап арқылы қорғалуына байланысты сұрақтарға
жауаптар берілген. Олар: Талап түсінігі, талап құқығы, талаптың құрамдас
бөліктері, талап түрлері және тағы басқа.

ТАРАУ І. ТАЛАП ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ

1.1. Талап өндірісінің түсінігі және мағынасы.
Азаматтардың және ұйымдардың субъективтік құқықтары мен заң мен
қорғалатын мүдделерінің сотпен қорғалуы, сотқа жолдану арқылы жүзеге
асырылады. Сотқа жолдану кезінде тұлға талап арыз береді. Осының өзінде
талап өндірісі туындайды.
Талап өндірісі – азаматтық, отбасылық, еңбек, шаруашылық және басқа да
құқықтық қатынастардан туындайтын субъективтік құқықтар және заңмен
қорғалатын құқықтарға мүдделерге байланысты дауларды шешуге және қарауға
бағытталған азаматтық іс жүргізу құқының нормаларымен реттелген соттың
қызметі. Сот арқылы қорғалудың осы түрі қазіргі кезде кең таралған және өте
тиімді болып табылады. Жоғарыда аталып кеткен құқықтық қатынастың
барлығында субъектілер бір – біріне байланысты бірдей жағдайда болады, ал
сотта оларға дауласудың заңды теңділігі беріледі. Талап өндірісіндегі
дауласу құқығын қорғаудың процессуалдық әдісі талап болып табылады. Талап
өндірісі - азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі, оның нормалары сот
өндірісінің және талаптық емес өндірісінің іс нормаларынан тұрады .
Қазақстан Республикасының АІЖК – нің 3 бөлімі 2 – бабының 3- тармағы
бойынша азаматтық сот сот өндірісінің заңдары азаматтық, отбасылық, еңбек,
тұрғын үй, әкімшілік, қаржылық, шаруашылық, жер, жерге байланысты құқықтық
қатынастардың және табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны
қорғауға байланысты құқықтық қатынастардан туындайтын дауласу істерін
қараудың тәртібін белгілейді.
Соттың азаматтық, отбасылық, еңбек және шаруашылық істерге байланысты
заң мен берілген құзіреттері әр – түрлі болуына қарамастан олардың
барлығына бірдей белгілерінің (субъектінің теңділігі құқыққа байланысты
даудың болуы) белгілерінің болуы. Азаматтық, отбасылық, еңбек және
шаруашылық істерге байланысты сот өндірісінің жалпы тәртібін белгілеуге
жағдай жасайды.
Азаматтық сот өндірісінің бірнеше түрлерге бөлінуі (талап өндірісі,
ерекше өндіріс, ерекше талап өндірісі, әкімшілік қатынастардан туындайтын
өндіріс) олардың материалдық, материалдық құқықтық табиғатына байланысты
болып табылады. Азаматтық сот өндірісінің теориялық жағдайы ескеріле
отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу Кодекснің 2 –
бөлімі құрылды – “бірінші инстанция сотындағы іс өндірісі” соттың даудың
туындауына субъективтік құқықтардың бар немесе жоқ екендігін тексеруінде
талап өндірісінің мағынасы көрінеді.
Талап өндірісінде сот дауды шешеді және бұзылған немесе даулы құқықтың
қорғалуын жүзеге асырады. Дауды талап арқылы екі жақтың осы дауды дұрыс
шешуіне жағдай жасау. Талап құқықты қорғаудың процессуалдық әдісі ретінде
тараптарға өз ойларының дұрыстығын дәлелдеуіне жағдай жасайды: талапкерге –
өзінің материалдық құқықтық талаптарының негізділігін көрсету ал жауапкерге
– талапкердің талабын жоққа шығару және осыған байланысты өз
қарсылықтарының негізділігін көрсету. Талап өндірісіндегі жарыспалылық
талап өндірісінің толық мінездемесін ашып көрсете алмайды. Талап
өндірісінде жоғарыда аталып кеткендер мен қоса мынадай институттар
қарастырылған: талапкердің талаптан бас тартуы, талап мөлшерін көбейту
немесе азайту, талап затын немесе негізін өзгерту, талапкердің талапты
мойындауы және талапкер мен жауапкердің бітімге келуі.
Талап өндірісі келесідей кезеңдерден тұрады:
1. Сотта азаматтық істің қозғалуы.
2. Істі сот қарауына дайындау. Істі соттың дауына белгілеу.
3. Сот қарауы.
4. І – инстанция сотындағы қаулы және оны жария ету.

1.2 Талап түсінігі және мағынасы.

Заңды және жеке тұлғалардың сотпен қаралуға байланысты конституциялық
құқтары олардың сотқа талапарызбен жолдануы арқылы жүзеге асырылады.
Талап бұзылған немесе дауласып жатырған субъективтік құқықты қорғаудың
ең бір ерекше әдісі екендігі даусыз. Кез келген тұлға талап беру арқылы
талап өндірісін қозғай алады. “Құқықты талап арқылы қорғаудың негізі
мәселелері атты” Добровольский А.А. мен Иванова С.А. жазған еңбегінде
талап дегеніміз – “нақты заңды фактілерге негізделген, даулы материалдық –
құқықтық қатынастардан туындайтын сот немесе өзге де юрисдикциялдық органға
анықталған процессуалдық тәртіппен қарауға және шешуге берілетін
материалдық құқықтық талап”1
Добровольский А.А. мен Иванова С.А. талапты – материалдық – құқықтық
және процессуалдық жақтарды өзінде үйлестіруші бір тұтас түсінік ретінде
қарастырады. Осыған сәйкес бұл авторлар мынадай өз ой – пікірлерін
келтірген: талапкердің жауапкер атына сот арқылы берген талабында
материалдық – құқықтық талап көрсетілген болса, сот ол талапты
қабылдамайды, себебі соттың бұл жерде қарап шешетіндей еш нәрсесі болмайды.
Сондықтанда кез – келген сотқа жолдану материалдық – құқықтық талаптан
тұруы керек. Бұл жердегі ойдың түйіні мынада деуге болады: талапкердің
материалдық – құқықтық талабы процесстің туындауына себеп болып табылады
және ол сот қызметінің пәні болып табылады, себебі сот талапкердің
жауапкерге берген материалдық талабының заңдылығын және негізділігін
қарайды.2
Жоғарыда аталып кеткен авторлардың пікірлеріне Гурвич М.А. мен
Елесейкина П.Ф. ойлары өзгешелеу.
Олар талапты екі құқық саласына тән категория ретінде қарастырады,
яғни материалдық, азаматтық және процессуалдық құқық салалары және олар
талаптың басқа екі түрлі түсінігін береді – материалдық – құқықтық және
процессуалдық тұрғыдағы түсінігі.
М.А. Гурвич пікірі бойынша – талап процессуалдық әрекет болып табылады.
Гурвичтің “сот шешімі”1 атты кітабында талап ол сотқа жолданған адамның
әрекеті болып табылады делінген бұл автордың пікірі бойынша, азаматтық
субъективтік, құқықты бір тұлғаның мәжбүрлі түрде белгіленген әрекеті,
орындалуы болып табылады. Құқықтың мұндай құбылыс түрінде қөрінуі азаматтық
субъективтік құқықтың құбылысы болып табылады.
Гурвичтің пікіріне ұқсас пікір П.Ф. Елесейкинаның пікірі. Ол талапты
материалдық құқықтық тұрғыда сотпен қорғалатын субъективтік құқық. Ал
процессуалдық тұрғыда бұл субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын
мүдделерді қорғау үшін сотқа жолдану дейді. Ал басқа авторлардың К.С
Юдельсон, К.И. Комиссаров , В.М. Семенов пікірі бойынша талап бұл
процессуалдық деңгейдегі азаматтық іс жүргізу құқының институты дейді. Олар
субъективтік құқықпен материалдық игілікті талаптан бөлек тұрғыдан
қарастырады. Мұндай құқық талаптың мазмұнын емес, мақсатын құрайды. Олардың
ойы бойынша егер субъективтік құқық туындаса, ол сот процедурасынсыз – ақ
жүзеге асырыла береді. Материалдық құқық нормалар соттың қатысауынсыз және
талап бермей – ақ жүзеге асырылуы мақсатталған. Субъективтік құқықты талап
беру тәртібінен қорғау мүдделі тұлғаға міндетті болып табылады. Соттың
мақсаты материалдық құқықтық қатынастан қатысушылардың материалдық құқық
нормаларын заңмен рұқсат етілген тәртітіпте жүзеге асыруға рұқсат беру.
Сондықтан да сот шешімінің жоғарыда аталып кеткен бұйырымы бөлімінде мәселе
талапқа байланысты емес, ал керісінше субъективтік құқықтың өзіне
байланысты.

1.3. Талап элементтері талаптың құрамдас бөліктері ретінде

ҚР АІЖК – нің 150 – бабына сәйкес талапкер өз талабында өз талабының
негізін, сол талап негізін растайтын дәлелдемелерді және талап затын
көрсетуі керек. Осы көрсетілген заңмен бекітілгеннен құрамдас бөліктері
талап элементі де болып табылады. Талап элементінің арасында тығыз
байланыс бар.

а) Талаптың заты.
Талап заты болып материалдық құқықтық талаптар болып табылады. Яғни
талапкердің жауапкерден талап етіп отырған материалдық игілік болып
табылады.
Талап затының түсінігіне байланысты ғалымдардың бірдей ой – пікірлері
жоқ деуге де болады. Себебі кейбір авторлар талап затын талапкердің
жауапкерден талап етіп отырған даулы қатынастар және материалдық құқықтық
талап. Ал кейбір авторлар жайғана даулы құқықты қатынас ретінде
қарастырады. В.К. Пучинский талап затын “даулы құқықтық қатынас” ретінде
қарастырып сонымен қатар “кез – келген фактілердің жиынтығы тек анықталған
құқықтық қатынастар тыңдататынын дәлелдеп қарастырған”1.
А.А. Добровольский мен С.А. Иванов талапкерді мойындату талабында
жауапкерге белгілі бір әрекеттерді істеуге бағыттамай өз талабын
қанағаттандыруды керекетеді деп есептейді. Сот талапкердің қандай
құқықтары бар екендігін анықтаса болғаны. Соттың, талапкер құқығын
мойындауы билік сипатына ие болады және жауапкер сот шешімін бағынуын
міндетті. Сот арқылы орындату талаптарында сот талапкердің құқығын
анықтап қана қоймай , сонымен қатар жауапкерді орындатуға міндеттейді. Сот
жауапкердің талапкер есебіне нақты қандай әрекеттерді орындауын жауапкерді
шығаруға байланысты істерді сот талапкердің тұрғын үйге деген меншік
құқығын белгілейді, яғни белгілейді, осыдан екінші құқық туындайды
жауапкерді шығару құқығы.
Талап затын даулы құқықтық қатынас объектісі, яғни талаптың
материалдық объектісінен ажырата білу керек. Осыған сәйкес жауапкерден
жауапкер атына белгіленген ақша – соммасын сот арқылы орындатуға байланысты
істерді ақша соммасы талаптың заты болып табылмайды, ал даулы құқықтық
қатынастың, яғни материалдық объектісі болып табылады. Талап затының
мөлшерін азайту немесе ұлғайтуға байланысты істерде ақша қаражатының
мөлшерін өзгертуге байланысты болып табылады.

ә) Талап негізі.
ҚР ҚІЖК – нің 150 бабының – 5 ші – тармағына сәйкес талапкер өзінің
талап арызында өз талабын қандай негіздерге және дәлелдемелерге сүйеніп
отырғандығын көрсетуі керек.
Талап негізі құқық нормаларының нақты фактілерінің жиынтығынан тұрады.
Н.И. Масленникова талап негізінің фактілерін 3 түрге бөліп қарастырады:
1. Құқық өндіруші фактілер, яғни талапкерді субъективті материалдық
құқықтың бар екендігін растайтын және оларды қорғау үшін
сотқа жолдантын фактілер.
Құқық өндіруші фактілерді талапкер өз талабының негіздерінде
көрсетеді. Талап негізі дегеніміз – талапкердің өз талабында құқық
нормаларына сүйенуін айтамыз. Мысалы: Талапкер жұмысына қайта тұруы
туралы талап қойған жағдайда ол еңбек заңдарының нормаларына
сүйенеді.
2. Белсенді және белсенді емес лигитимация фактілері, яғни талапкер
мен жауапкердің материалдық – құқықтық дауларға байланысты ара –
қатынасы. Бұл талапты белсенді және белсенді емес етіп екіге бөліп
талапкерді белсенді жақ, жауапкерді белсенді емес жақ етіп
қарастыруға болады.
Белсенді фактілерге субъективтік материалдық қатынастарды иеленуші
мүдделі тұлғаларға қарасты фактілерді атаймыз.
3. Сотқа жолдануға себеп болған талапқа байланысты фактілер.
Мысалы: жауапкердің өз міндеттерін орындамауы. Азаматтық іс жүргізу
заңы талапкердің талап арызында талап етіп отырған құқықтық
қатынасын көрсетуін міндеттемейді. Талапкер сотқа тек өзі негіздеп
отырған фактілік жағдайларды көрсетуі керек.
Талаптың құқықтық және фактілік негіздері барлық жағдайда сотпен
тура және дұрыс бекітілуі керек.
Бұл жоғарғы бекітілген тезиске В.К. Пучинский келіспейді. Оның
пікірі бойынша “фактілер мен құқықтық қатынастар әр – түрлі
санаттарға жатқызылатын құқық және талап негізінің” ұғымына әр
түрлі құбылыстарды жатқызуға болмайды деп есептейді.

б) Талап мазмұны оның элементі ретінде.
Кейбір ғалымдар (М.А. Гурвич, А.Ф. Клейнман.) талап құрамында үшінші
элементтің бар екендігін айтады. Ол талап мазмұны А.Ф. Клейнман айтуы
бойынша талап мазмұны дегеніміз талапкер қол жеткізген соттың әрекеті.
Талап құрылысындағы үшінші элементінің пайда болуын М.А. Гурвич былай
түсіндіреді.
Талапкердің өз тілегін білдірілуі талап негізіне кірмегенімен ол сотқа
жолдануды білдіреді. Гурвичтің талап құрылысының үш элементтен тұрады деген
пікіріне В.К. Пучинский де қосылады. Оның пікірі бойынша норма
гипотизасымен талап негізінің ортасында және норма дипозициясымен талап
затының арасында байланыс бар.
Бірақ В.К. Пучинский “талап мазмұны деген термин дұрыс емес” ол қорғау
әдісі ұғымы болуы керек дейді. Қорғау әдісі міндетті түрде талап арызда
көрсетілуі керек және осы жерде қолданатын мәжбүрлеу шаралары шегінен асып
кетпеуі тиіс.
Талап құырылысының екі бөліктен тұратындығын дәлелдейтін ғалымдар
талаптың үшінші элементіне мүлдем қарсы және олар талаптың үшінші
элементінің теориялық та, практикалықта та жағынан керектігін жоққа
шығарады.

ТАРАУ II. ТАЛАП ТҮРЛЕРІ.

2.1 Талаптардың сыныпталу негіздері.

Талаптарды түрлерге бөлудің екі жүйесі бар.
Процессуалдық – құқықтық сыныптау.
Талаптардың материалдық – құқықтық сыныпталуы.
Талаптың процессуалдық құқықтық сыныптауын М.А. Гурвич, үш түрге
бөледі:
а) сот арқылы орындалу талаптары;
ә) мойындату талаптары;
б) құқықтық қатынастардың (өзгермелі талаптар) құқықтық қатынастардың
өзгеруіне және тоқтатылуына байланысты талаптар.
А.А. Добровольский талаптарды мақсатына қарай бірнеше түрге бөледі. Ол
барлық талаптарды екі түрге сыныптайды: таныту және сот арқылы орындату
талаптары. Сот, талапкер және жауапкер істі қарауға дейін талаптың мәнін
түсінуі қажет.
Мысалы: виндикациалық сотқа талап берген кезде сот бірден бұл іс
бойынша талапкер екеніндігін, кімнің жауапкер екендігін, және істі шешу
кезінде қандай құқық нормаларына сүйену керек екендігін білу керек. Ал
талапкер өзі қандай фактілерді дәлелдеу керек екендігін және қандай заңмен
қорғалатынын білу керек. Өзіне қойылған талапқа қарсы қорғану мақсатында
жауапкер де жоғары да аталып кеткен мәселелерді білу керек.
Талаптардың істердің әр түрлі категориясын, динамикасын көрсететін сот
статистикасының негізі болып табылады. Сот статистикасының мәліметтері сот
қызметін меңгеруге бағытталған.

2.2 Мойындату талаптары

Тану туралы талаптары талапкердің құқықтарын мойындау жатады.
Тану туралы талаптар құқық қатынастарынының әрекет етуін мойындайтын
талаптар тану туралы талаптары болып табылады.
Талапкердің жауапкерге талабы.
Тану талаптарының заты болып тану талабында талапкер жауапкердің
белгіленген әрекеттерді істеуін талап етпейді, бұл талап түрінде соттың
талапкердің қандай құқықтары бар екендігін және ол құқықтардың мәні неде
екендігін белгілеуі жеткілікті.
Соттың талапкер құқығын мойындап, бекітуі билік сипатында болғандықтан,
жауапкер сот шешіміне бағынуы тиіс болады және талапкердің құқықтарына бас
сұға алмайды. Сонымен тану талаптарында құқықтарды қорғау шешім арқылы
жүзеге асырылады және бұл талап түрінде талаптың орындалуы (ерікті және
мәжбүрлі) жүзеге асырылуы керек.
Тану талаптары сот арқылы орындату талаптарынан өзінің құрамдас
бөліктері арқылы ажыратылады.1
Осыған орай бір авторлардың пікірі бойынша, тану талаптарының заты
талапкердің жауапкерге материалдық құқықтық талабы емес, ол даулы құқықтық
қатынас - дейді. Ал басқа авторлар, тану талаптарының заты сот арқылы
орындату талаптарындағыдай, талапкердің жауапкерге құқықтық талабы деп
түсідіреді.

2.3 Сотпен өндіру талаптары

Сотпен бекітілген жауапкердің өз міндеттерін мәжбүрлі түрде орындатуға
бағытталған талаптар, сот арқылы орындату және атқару талаптары деп
аталады. Бұл талапта талапкер өзінің субъективтік құқықтарын
мойындаудығына талап етпей, сонымен қатар өз пайдасына жауапкердің
белгіленген әрекеттерді істеуін мәжбүрлейді.
Мысалыға, Жантемірова Р.К. сотқа Жантеміров К.Т. атына пәтерге
орналастыру туралы талапкен жолданды. Өз талабын ол мына негіздерге сүйене
берген., олар жауапкер екеуі некеде тіркелуі себебінен пәтерге өз
құқықтарының бар екендігін айтады. Жантемірова Р.К. талапкер атына, ол
дауласып отырған пәтерде талпкер Жантеміров К.Т. ұзақ уақыт бойы
тұрмағандығы негізінде кері талап қойып отыр.
Сәтбаев қаласының халықтық сотының шешімі бойынша, талапкер Жантемірова
Р.К. – ның жалобы қанағаттандырылып, ал жауапкер Жантеміров К.Т. – ның кері
талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі аңқасының ұйғарымымен
халықтық шешімі алынып тасталды.
Ал жоғары соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы облыстық соттың
кассациялық тәртіпте шығарылған ұйғарымының шешімін қалдырды.
Оны былай негіздеді, Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы
туралы” заңының 32 – бабына сәйкес, неке кезіндегі ерлі – зайыптылардың
тапқан мүлігі ортақ болып табылады және оларға ерлі – зайыптылар иелену,
пайдалану және билік ету құқықтары болады.
Осы істен көріп отырғанымыздай талапкердің жауапкерге талабы құқықты
болып табылады және оны сот мойындап дұрыс шешім шығарады.
Егерде тану талабының заты талапкердің жауапкерге талабы болып табылса,
сот арқылы мойындату талабында талап заты талапкердің жауапкерге қойған
материалдық құқықтық талабы болып табылады.

2.4 Өзгерту талаптары

Азаматтық іс жүргізудей даулы мәселе өзгерту талаптарына байланысты.
Азаматтық іс жүргізудей өзгерту талаптарын мойындайтын ғалымдардың бірі
М.А. Гурвич.
Ол өзгерту талаптарын “жауапкер мен талапкердің арасындағы құқықтық
қатынасын өзгеруіне бағытталған” талап дейді. Оның пікірі бойынша өзгерту
талабы дегеніміз – “сот шешіміне талаптардың арасындағы қатынасқа
байланысты жаңа мәселе енгізу” болып табылады. Өзгерту талаптарын
мойындамайтын ғалымдардың пікірі бойынша, сот талапкердің бұрын берген
құқығын қорғау керек және сот субъективтік құқықтарды тоқтатуға немесе
өзгертуге құқығы жоқ делінген.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде бұл норма бекітілгенімен
бұл мәселеге байланысты норманы мойындамауымыз керек.
М.А. Гурвич өзгерту талаптарына азаматтық істердің көбісін жатқызады:
шарттарды бұзу талаптары, мәмілені заңсыз деп тану талаптары, жалпы
меншікті бөлу және алимент мөлшерін анықтау және т.б.
Мүлік жалпы меншікте болуы мүмкін бірақ, меншік иелерінің әрқайсысының
үлестері “үлестік меншік” көрсетілуі керек. Азаматтық кодекстің 209
бабының 2 – ші тармағы.
Сонымен сот 1 кезекте талапкердің субъективтік құқықтарын мойындап,
сонымен қатар болған құқықтық қатынасты өзгертіп, жаңасын енгізеді.
Талапкер сотқа талап бере отырып жалпы меншіктегі мүлікке өзінің үлесін
белгілеп біз құқықтық қожалық меншік үлестік меншікке айналысып, жаңа
құқықтық қатынас туындайды. Сот өз шешімін шығару кезінде заңға сүйенеді.
Талапкердің үлесі анықталғаннан кейін АІЖК – нің 218 бабының 4 – ші
тармағына сүйене отырып, осы ортақ мүліктен өз үлесінің бөлініпберуіне
талап етуге құқы бар.1
Жоғарыда айтылып кеткен мәселе сот практикасында сирек кездеседі.
Осыған байланысты мына жағдайларды айтып кетуге болады; Азаматтық кодекске
сәйкес жалпы меншіктегі мүлік шаруа фермер қожалығы шаруашылық серіктестік
немесе өндіріс кооперативі ретінде қайта құрылуы мүмкін.
Бұл жердегі серіктестік қатысушыларының немесе кооператив мүшелерінің
үлестері шаруа фермер қожалығының жалпы меншіктей мүлігінің үлесіне сәйкес
келеді.
М.А. Гурвич өзгерту талаптарының заты сот арқылы орындату талабының
затынан айырмашылығы бар деп есептейді.
Оның ойы бойынша талап негізін екі мағыналы фактілер құрайды:
1. Өзгертуге немесе тоқтатуға жатқызылған фактілердің құқықтық
қатынастардан туындайды.
2. Құқықтық қатынастың өзгеруін немес тоқтатылуын өзгеретін фактілер
Осыған сәйкес сот талапкердің өзгерту талабын қарап, сол бойынша
өзгерту шешімін шығарып заң құқықтарды белгілемейді, ал керісінше
талапкердің және жауапкердің арасында туындаған құқықтық қатынасты
өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты құқықтарын қорғайды және ол құқықтар
сот шешімінсіз жүзеге асырылмайды.

2.5 Қайта орнатушылық талабы

Азаматтық процесстегі ең даулы сұрақтардың бірі талапты қайта орнатуды
жүзеге асыру туралы сұрақ. Шынымен де сот өзінің шешімімен даулы құқықтық
қатынасты қайта орната алама, немесе сот шешімі тек “қолданыстағы
қатынастарға құқық нормаларын қолдану актісі” болып табылады.
Азаматтық процессте қайта орнатушылық талаптың жүзеге асырылуын
қолдайтындардың бірі Гурвич М.А. Қайта орнатушылық талапты “жауапкермен
арасындағы қатынасты өзгерту немесе тоқтатуға бағытталған талап ретінде
анықтай отырып, ғылым бұл талаптың түгін” құқықтық қатынас тараптарының
арсындағы жаңа қатынасты кіргізетін, сот шешімін шығаруға бағытталған деп
есептейді.
Қайта орнатушылық талаптың теориясын мойындамайтын көптеген ғалым –
процессуалисттер бар, олар барлық жағдайда да сот талапкерде болған құқығын
ғана қорғауы тиіс және сот өзінің шешімімен субъективтік құқықты тоқтатуға
немесе өзгертуге құқығы жоқ, яғни талапкердің сот шешіміне дейін болмаған
құқығы мен міндеттерін тудыру. Қайта орнатушылық талапты арнайы түрге
жатқызу сот әділдігінің мақсатына сәйкес келмейді және сот тәжірибиесі оған
ешқандай қажеттілікті талап етпейді.
ҚР – ның Азаматтық Кодексінде құқықтық қатынасты тоқтату немесе өзгерту
арқылы азаматтық құқықты соттарға қорғауға рұқсат ететін норма
болғанменен1, бұл проблеманы шешемін деп ойлауға болмайды.
Гурвич М.А. қайта орнатушылық талапқа азаматтық істің ең кең және әр
түрлі ортасын жатқызады. Соның ішінде мұнда ол келісім – шартты бұзу туралы
талапты, мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапты, ортақ меншікті болу
туралы, алимент мөлшерін анықтау туралы, ол анықталмаған жағдайда жалақыны
пайызға қатыстылығымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап түсінігі және мағынасы
Мерзім, талаптың ескіруі
Мойындату талаптары
Жасырын тергеу әрекеттері
Азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі
Азаматтық істер жүргізу құқығының негіздері
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Етістіктердің семантикалық құрылымы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктердіңлексика-семантикалық ерекшеліктерініңтеориялық аспектісі
Пәндер