Саябақ - елдiң сәнi


Саябақ - елдiң сәнi
Сирек кездесетiн өсiмдiк түрлерi, орман алқаптары, жабайы аңдары мен құстары, судағы балықтары, жалпы табиғаттың керемет туындылары мемлекеттiк қорғауға алынатын қорықтық аумақтарды ұлттық саябақтар деп атайды. Ұлттық саябақ ерекше экологиялық, тарихи, табиғи қорықтарды, ағарту, ғылыми-мәдени және туризм үшiн табиғи кешендер мен нысандарды қорғайтын, экологиялық-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу мақсатында пайдаланылады.
Бүгiнде статистикалық деректер бойынша әлемнiң 106 елiнде 1000-нан астам ұлттық саябақ бар көрiнедi. Олардың ең iрi әрi танымалдары АҚШ, Канада, Оңтүстiк Америка, Африка мен Австрия секiлдi елдерде орналасқан. Дүние жүзi бойынша барлық ұлттық саябақтардың аумағы 230 миллион гектар жердi алып жатыр. Бұл жер бетiндегi құрғақ жердiң 1, 6 пайызына тең.
Жалпы Ұлттық саябақтарды қорғау ережесi мен жүйесi сол бақтар орналасқан мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси, экологиялық және т. б ерекшелiктерiне тiкелей байланысты. Тарихи оқиғалардың аумалы-төкпелiлiгi бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы қабылданған «ерекше жағдайдағы табиғи территорияларды қорғау туралы» концепцияның шетелдiк заңдардан басқаша бағытта дамуына әкеп соқты.
Сондықтан да бiздiң Қазақстан аумағындағы ұлттық саябақтар мәселесi кенже қалып келдi. Қазiргi кезде олар дамудың алғашқы кезеңдерiн бастан кешiп жатыр десе де болады. Күнi бүгiнге дейiн бақтарды дамытудың ықтимал жолдары қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, нормативтi базалар жеткiлiктi түрде дамымаған, бұл мәселелермен айналысатын мамандардың жетiспеуi де қиындық туғызуда. Айтылған жайттардан басқа да әлi шешiлмей жатқан өзектi мәселелер қаншама?. .
Қазақстандағы ұлттық саябақтарды сөз етпестен бұрын азды-кем осы шаруада алдына жан салмайтын бiр ғасырдан астам тарихы бар АҚШ қорықтары мен ұлттық бақтары жайлы айтып кетсек. Мүмкiн бiзге сабақ болар.
АҚШ-тың ұлттық саябақтары
Бiздiң елдi айтпаған күннiң өзiнде Кеңес Одағы тұсында Америка ұлттық саябақтарының пайда болғанына 100 жылдан асып түстi. Ресми дерек көздерiне сүйенсек, бүгiнде АҚШ-та 400-дей ұлттық саябақтар мен қорықтар тiркеуден өткен. Әрине, бұл сан бiздiң елдегi кез келген азаматтың аузын аштыртып қояды. Жалпы Америкада алғашқы ұлттық бақ осыдан 130 жыл бұрын пайда болған екен.
Оның негiзiн салушы ретiнде жабайы табиғатты қорғаушы, қорық шаруасының пионерi мен идеологы саналатын Джон Мюир айтылады. Сол кездегi АҚШ президентi Теодор Рузвельттiң өзi Мюирмен тiкелей байланыста болған деген деректер де жиi ұшырасады. Дж. Мюир сондай-ақ Америкадағы ең беделдi «Сьерра-Клуб» экологиялық ұйымының президентi болған.
Ол 1874 жылы «Иағһ» журналындағы мақаласында: «мен бұл дүниеде табиғаттың шынайы сұлулығына тәнтi болатын адамдардың көзiн ашу үшiн өмiр сүремiн» деген екен. Өзi кезiнде ақтардың табаны тие қоймаған Америкадағы үндiстердiң жабайы да сұлу табиғатын тамашалап, жер жаһанды көп кезген адам болған. Мюир өз кезеңiнде биоцентристiк көзқарасты ұстанған болатын, сондықтан ол адам да табиғаттың бiр бөлшегi деген пiкiрдi алға тартты.
Оның 1896 жылы АҚШ орман шаруашылығының бастығы Пинчотуға Ұлы шатқалдағы тарантуланы өлтiруге жол бермегенi тарихта оқиға ретiнде жазылған. «Әрбiр адам баласы секiлдi оның да өмiр сүруге құқы бар» деп Мюир табиғаттағы кез келген тiршiлiк иесiнiң ең алдымен өзi үшiн тiршiлiк ететiнiн үнемi айтып жүредi екен.
Дегенмен, жабайы табиғаттың жауқазындарын табыс көзiне айналдыруды ойлап тұратын пайдакүнемдер Американың талай керемет жерлерiне ауыз салады. Сан-Францискодағы Хетч-Хитчи ұлттық саябағын сақтап қалу жолында ол талай күрескен де едi. Бiрақ 1873 жылы Вудро Вильсонның әкiмшiлiгi Ақ үйге жайғасқаннан соң, 63-Конгреске Сан-Франциско штатының атынан аталған саябаққа бекет орнату туралы заң жобасы ұсынылады. Дж. Мюир басқарған ұйым мен ұлттық саябақтарды қорғау қоғамы, Йосемитск ұлттық саябағын қорғау Ұлттық комитетi бұл iске жұртты жаппай жұмылдырды.
Көпшiлiк осы мәселе жөнiнде Президентке үндеу жолдайды да. Бүкiл елдiң жүздеген журналдары мен газеттерi жұртшылыққа арнап ұлттық бақты қорғайтын мақалалар жариялады. Сол кезеңде Хетч-Хитчи ұлттық саябағының жабайы байлығының көзiн құрту әрекеттерi АҚШ-тың ұлттық мәселесiне айналған-ды. (бiздiң елiмiзде ұлттық саябақты ұлт мәселесiне айналдыру былай тұрмақ, ол туралы бiреу бiлсе, бiреу мүлдем бейхабар) .
Сол кездегi басшылықтан қолдау таппаған табиғатты қорғаушылардың еңбектерi текке кетiп, бекет салу туралы заң жобасы Президент Вильсонның ветосымен бекiтiледi. Осы жайсыз хабарды естiгеннен соң, Мюир қатты ауырып, бiр жылдан соң көз жұмады. Дегенмен, Мюирдiң есiмi тарихта Американың жабайы табиғатын қорғаушылардың «атасы» ретiнде алтын әрiптермен жазылатыны анық.
Ол қызмет жасаған «Сьерра-Клубтың» тiкелей бастамасымен елдегi ең алғашқы алты ұлттық саябақтың негiзi қаланған болатын. Американдық табиғат сақшылары Хетч-Хитчи үшiн күресте жеңiлiс тапқанымен, олардың бет алысынан қорыққан АҚШ Үкiметi кейiннен 1916 жылы дүние жүзi бойынша ең алғашқы мемлекеттiк табиғатты қорғау ұйымын құруға рұқсат бердi.
Қазiргi күнi осы ұйымның арқасында АҚШ-та жылына 4 миллионнан астам саяхатшылар баратын «Гранд-Каньон» секiлдi ұлттық саябақтары бар. 1903 жылы осы «әлем ғажайыптарын» сақтауды қамтамасыз етуге шешiм қабылдарда Теодор Рузвельт үкiметтегiлерге мынадай кеңес берген екен: «оны сол күйiнде қалдырыңдар . . . Ғасырлар бойы ол қалыптасып келдi - Ал адамзат баласы тегiнде табиғатты ластауға, бұзуға ұста. Оны өзiңiздiң балаларыңызға, олардың балаларына және сiзден кейiн келетiн ұрпаққа сақтаңыз» . . .
Ресейдегi ұлттық саябақтар қалай дамыды?
1908 жылы Санкт-Петербордағы қоғам қайраткерлерiнiң клубында орыстың атақты биологы А. Семенов-Тяншанский «бiзге де Солтүстiк Америка елдерiндегiдей адам аяғы жетпеген орман алқаптарын қорықтық аймақ пен ұлттық саябақтарға айналдырудың кезi келдi» деген екен. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ресейлiк табиғат сақшыларын ұлттық саябақ мәселесi толғандыра бастады.
Кейiннен 1933 жылдың 20 тамызында ВЦИК пен Совнаркомның ұйғарымымен қорықтар мен ұлттық саябақтарды қорғауға алатын және соларды қамтамасыз ететiн арнайы мамандандырылған басқару ұйымы құрылды. Осы ұйым қазiргi Ресей Федерациясының ұлттық саябақтарының дамуына үлкен ықпал еттi.
Бүгiнде Ресейде 100 мемлекеттiк табиғи қорықтар мен 35 ұлттық саябақтар бар. Олардың аумағы 40 миллион гектарды алып жатыр. Бұл дегенiмiз, екi бiрдей Ұлыбритания мемлекетiнiң территориясымен тең. Осы қорықтар мен ұлттық саябақтарда 10 мыңнан астам жұмысшылар жұмыс iстейдi.
Бiр ғасырға жуық тарихы бар Ресей ұлттық саябақтарын әлем мойындаған. Дегенмен, посткеңестiк елдердегi ортақ табиғатты қорғау мәселелерi Ресейде де жоқ емес. Тiптен осы күнге дейiн ұлттық саябақтарды қорғау мен басқару iсi бойынша көп проблемалар туындап отыр.
Қазақ саябақтары қандай күйде?
Кең байтақ елiмiздiң табиғи қорлары өзге елдерден кенде емес. Алайда тәуелсiздiкке қол жеткiзгенге дейiн бiзде ұлттық саябақтар мәселесi өз деңгейiнде көтерiлмей келдi. Тек 1990 жылдардан кейiн жабайы табиғатты қорғайтын ұйымдар құрыла бастады. Соның бiрi Алматы қаласының қоғамдық ұйымы ретiнде тiркелген «Жасылдарды қорғау» қоғамы едi. Оның басты мiндетi Қазақстан Республикасындағы адамдардың экологиялық құқығы мен табиғат құқықтарын қорғау болып табылады.
Бұл қоғамдық ұйым кезiнде «Қазақ КСР-дағы қоршаған ортадағы табиғатты қорғау туралы» (1991 ж. ) және Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» (1997 ж. ) секiлдi бiрнеше заң жобаларын жасауға үлес қосқан.
Осы 1997 жылғы Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи территориялары туралы» заңының «мемлекеттiк ұлттық табиғи бақтар» деген 8-тарауының 39-бабында ұлттық бақтар туралы: «Мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақ - ерекше экологиялық және ғылыми құнды табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды қайта қалпына келтiру мен сақтау үшiн арнайы қорғалатын табиғи территориялар» делiнген.
Ары қарай: «Мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар республикалық дәрежеге ие» дейдi. Олай болған күнде нелiктен бiздiң ұлттық саябақтар осы кезге дейiн тиiстi бағасын ала алмай жүр? Неге бұл мәселе бiзде кенже қалып келедi?
Ресейлiк эколог мамандардың зерттеуiнше ұлттық саябақтардың белгiсiз күйде қалуы көбiне жарнаманың жетiспеуiнен болады екен. Расында бiздiң қорықтар мен табиғи саябақтардың кереметтiгiн жарнамалап, оны туристiк бағытта дамыту әлi қолға алынбай келедi. Негiзiнде 2003 жылғы жүргiзiлген зерттеу бойынша республикада 25 ерекше қорғаудағы, оның iшiнде 9 қорық пен 10 ұлттық саябақ бар табиғи аймақтар тiркелген.
Жалпы аумағы 2978, 9 мың гектар жердi алып жатқан табиғи қорықтардың 23 пайызын (686, 5 мың га) орманды алқап жапса, 10, 4 пайызын (314, 4 мың га) су қорлары құрайды екен. Солай бола тұра, Қазақстанның ерекше қорғаудағы территориялары бүкiл ел аумағына шаққанда 1 ғана пайызын құрайды. Бұл әлемнiң өзге 10 пайызға дейiн жететiн елдерiмен салыстырғанда анағұрлым аз көрсеткiш. Осы қорықтар мен табиғи мекендерде 2108 адам қызмет iстейдi.
Жалпы табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың басым бөлiгi Алматы облысында. Олар Алматы, Алакөл мемлекеттiк табиғи қорықтары мен «Алтын-Емел», «Iле-Алатау» мемлекеттiк ұлттық саябақтары. Қазақстан қорықтары мен ұлттық саябақтары сирек кездесетiн аңдар мен өсiмдiк түрлерiне де бай.
Сондай-ақ, аталған территорияларда туризмнiң түрлерi ендi ғана дамып жатқан көрiнедi. Iстiң көзiн бiлетiн адамға туризм секiлдi саладан түсетiн қаржыны қорықтар мен табиғи саябақтардың негiзгi табыс көзiне айналдыруға болады.
Мәселен, 2003 жылы келген 238, 8 мың туристерден 15 2015, 7 мың теңге пайда түскен. Демек ұлттық саябақтардың мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, туризмдi дамытуға толық негiз бар деген сөз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz