Тас (жоғарғы-энеолит) ғасырларындағы антропо-мәдени және шаруашылық жүйесі
1 Тас (жоғарғы.энеолит) ғасырларындағы антропо.мәдени және шаруашылық жүйесі
ӘДЕБИЕТТЕР
ӘДЕБИЕТТЕР
Соңғы палеолитте Европа тұрғындарында (кроманьондық адам) европеоидтық нәсіл, Оңтүстік Жерорта теңізі аймағында – негроидтық, Шығыс жерлерінде – монголоидтық нәсілдік белгілер ерекшеленеді. Ал, біздің жерімізде тұраноидтық нәсілдің қалыптасқандығы белгілі.
Магия да – аңшылардың дүниеге қатынасы негізінде жоғарғы палеолитте пайда болған алғашқы жоралғы – сенім. Көптеген авторлар магия ең ежелгі сенім еді дей келе, оның әрекетпен байланысты екеніне баса назар аударады. Аңшылық магиясында адамның олжасына тап беріп, оны ұстап алу практикасы қайталанады. Мұны жай ғана машықтану деуге болмайды, өйткені жасанды бұл әрекет нағыз шындықтың өзіне баланып, оқиғаның мағынасы мен барысын табиғи күйінде ойнап - орындауға бағытталады. Бұл әрекет «жанды» деуге келмейтін әдет, мейрам және ойын түсін алып, мұнда адам мен қоршаған орта тұтасып кеткен. Магияда, мысалы күннің шығуы мен батуы, өсімдіктің өсіп шығуы, қараңғылықтың түсуі сияқты табиғат құбылыстары қайталанатын-ды. Мұны Австралия жергіллікті тұрғындарының тұрмыс салтынан көруге болады. Олар европалықтар бұл жерге келген кезде (палеолиттен мезолитке) өтпелі дәуірді бастан кешіруде еді. Дж.Фрезердің айтқанындай, табиғат пен адамдарға әсер ету мақсатында қолданылатын магиялық, тылсымдық әдістер обьектінің фигурасы немесе бейнесіне қаратылады-мыс. Ал бөлік бүтінге тең деп есептелінетін магиялық әрекетте бейнелеу үдерісі талап етілмейді, бірақ дуаланатын заттың бір бөлігі (шашы, киімі, сілекейі, т.б,) алынып, әрекет обьектісіне айналады. Жоғарғы палеолит ұжымдық бейсаналықтың негізгі рәміздерін – архетиптерін тудырған дәуір. Осы дәуірде тіл де пайда болған. Б.Ф. Поршневтің пікірінше, антропогенезде еңбек емес, коммуникативтік өзара әрекеттесу басты рөл ойнаған. Басқа экологиялық теориялар бойынша, тіл табиғи – климаттың және аңшылық қауымының тұрмыс салтының өзгеруіне байланысты пайда болған. Суық ауа райында аңшылыққа өту мен байланысты бұйрық берудің рөлі арта түсіп, тіл осылайша қалыптаса барған-мыс. Еуропада ең алдымен жануарларға атау беру үдерісі белең алып, мұның өзі үңгілердегі немесе құралдардағы бейнеленулерде көрінісін тауып, бұдан 25-15 000 бұрынғы жылдарда (ал біздің жағдайымызда бұдан 60-50 000 жылдарда болуы керек деп топшылаймыз) басталған. Одан кейін заттар атауларға ие болды. Ал Еуропада адамдарды бейнелеу үдерісі, зерттеушілердің пікірінше, мезолитте мұз еріп қайық ойлап табылып, керамикадағы орнаменттер пайда болған кезеңге тура келеді.

1. Түркі халықтарының тарихы. Түркістан, 2004, І том, 97–112-б.
2. Никольский В.К. «Очерки первобытной кульуры». М – Пг. 1924, 77-92 беттер.
3. Фрейденберг О.М. «Поэтика сюжета и жанра» (период античной литературы). Москва, 1936, 54-бет.
4. Фрэзер Дж. «Золотая ветвь. Исследования магии и религии». Москва, 1986.
5. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории (Проблемы палеопсихологии). Москва, 1974.
6. Културология. Учебное пособие ... Ростов н/Д. 2000, 128-бет.
7. А.К. Нарымбаева. «Аркаим». Алматы, 2007 ж, көлемі 30,0 б.т.
8. С.Қондыбай. Гиперборея: Түс көрген заман шежіресі. Алматы, 2003; Казахская мифология. Алматы, 2005.
9. Артықбаев Ж.О. Материалы международный Конференции. – Алматы, 1999. – С.37-38.
10. Тайлор Э.Б. Первобытная культура. – М. 1989. – С. 36-37.
11. Фрезер Дж. Золотая ветвь. Исследования магии и религии». Москва, 1986. –– С.252.
12. “Түркология” журналы. Түркістан. Қыркүйек-қазан. 2002. №1, 24-бет.
13. Özkul Çobanoğlu. Türk Uygarlığının Zihniyet Kalıpları Bağlaminda Türk Oünyasini Yeniden Doğusunun Felsefiu Temelleri Üzerine Tespitler // Үчүнчү миң жылдыктын босогосунда түрк цивилизациясы. Ел Аралык илмий конгресстин материалдары. 2-3 октябрь. 2000. Бишкек – Бишкек. 2003. – 102 бет).
14. Эдоков А.В. Основные элементы декоротивно-прикладного искусства алтайцев // Түркология журналы. Түркістан. 2002. – 96-100-беттер.
15. Грязанов М.П. Первый Пазырыкский курган. – Ленинград. 1950.
16. Худяков Ю. Основные проблемы изучения древнетюркского культурного феномена в Центральной Азии // Үчүнчү миң жылдыктын босогосунда түрк цивилизациясы. – Бишкек, 2003 – С.40.
17. Жарылқап Бейсембайұлы. Арғы түрктер ақиқатының ізімен. Алматы, «Қайнар», 2006, 21-б.
18. Народы мира. 1988, 407-408-б.
19. Ж.Бейсенбайұлы. Арғы түрктер ақиқатының ізімен Алматы, «Қайнар», 2006, 29–31-беттер.
20. Бұл да сонда, 47–49-беттер.
21. Бұл да сонда, 52-бет; Пучков. // www cbook.ru.
22. Палеолит СССР, 1984; 136,147.
23. Ренфрю, 1998: 116–117.
24. Окладников, 1956 (а); 124; Массон, 1989 (а): 43; Қараңыз: Ж.Бейсембайұлы, 69-б.
25. “Самаркантская стоянка и проблема верхного палеолита в Средней Азии”. – Ташкент, 1987.
26. Киселев С.В. Древная история Южный Сибири. – М., 1951. – С.63.
27. Бұл да сонда, 22-б.
28. Ж.Бейсембайұлы. 2006: 124.
29. Қазақ радиосы, 2008 ж, 27-ші сәуір.
30. Кәмшат Тасболат – «Айқын». 10 қазан, 2008 ж.
31. Ж.Бейсембайұлы, 127–128, 143–145, 149-беттер.
32. А. Иконников – Галицкий. В лучах аржанского кургана. // Центральная Азия. №35 – 2002. Кызыл. Республика Тува.
33. Абдулазиз Шыңғысхан. Түркістан туралы. – «Түркістан» газеті, 7 тамыз, 2008 ж. (Шағатай тілінен аударған Д. Қыдырәлі).

Соңғы палеолитте Европа тұрғындарында (кроманьондық адам) европеоидтық
нәсіл, Оңтүстік Жерорта теңізі аймағында – негроидтық, Шығыс жерлерінде –
монголоидтық нәсілдік белгілер ерекшеленеді. Ал, біздің жерімізде
тұраноидтық нәсілдің қалыптасқандығы белгілі.
Магия да – аңшылардың дүниеге қатынасы негізінде жоғарғы палеолитте
пайда болған алғашқы жоралғы – сенім. Көптеген авторлар магия ең ежелгі
сенім еді дей келе, оның әрекетпен байланысты екеніне баса назар аударады.
Аңшылық магиясында адамның олжасына тап беріп, оны ұстап алу практикасы
қайталанады. Мұны жай ғана машықтану деуге болмайды, өйткені жасанды бұл
әрекет нағыз шындықтың өзіне баланып, оқиғаның мағынасы мен барысын табиғи
күйінде ойнап - орындауға бағытталады. Бұл әрекет жанды деуге келмейтін
әдет, мейрам және ойын түсін алып, мұнда адам мен қоршаған орта тұтасып
кеткен. Магияда, мысалы күннің шығуы мен батуы, өсімдіктің өсіп шығуы,
қараңғылықтың түсуі сияқты табиғат құбылыстары қайталанатын-ды. Мұны
Австралия жергіллікті тұрғындарының тұрмыс салтынан көруге болады. Олар
европалықтар бұл жерге келген кезде (палеолиттен мезолитке) өтпелі дәуірді
бастан кешіруде еді. Дж.Фрезердің айтқанындай, табиғат пен адамдарға әсер
ету мақсатында қолданылатын магиялық, тылсымдық әдістер обьектінің фигурасы
немесе бейнесіне қаратылады-мыс. Ал бөлік бүтінге тең деп есептелінетін
магиялық әрекетте бейнелеу үдерісі талап етілмейді, бірақ дуаланатын заттың
бір бөлігі (шашы, киімі, сілекейі, т.б,) алынып, әрекет обьектісіне
айналады. Жоғарғы палеолит ұжымдық бейсаналықтың негізгі рәміздерін –
архетиптерін тудырған дәуір. Осы дәуірде тіл де пайда болған. Б.Ф.
Поршневтің пікірінше, антропогенезде еңбек емес, коммуникативтік өзара
әрекеттесу басты рөл ойнаған. Басқа экологиялық теориялар бойынша, тіл
табиғи – климаттың және аңшылық қауымының тұрмыс салтының өзгеруіне
байланысты пайда болған. Суық ауа райында аңшылыққа өту мен байланысты
бұйрық берудің рөлі арта түсіп, тіл осылайша қалыптаса барған-мыс. Еуропада
ең алдымен жануарларға атау беру үдерісі белең алып, мұның өзі үңгілердегі
немесе құралдардағы бейнеленулерде көрінісін тауып, бұдан 25-15 000 бұрынғы
жылдарда (ал біздің жағдайымызда бұдан 60-50 000 жылдарда
болуы керек деп топшылаймыз) басталған. Одан кейін заттар
атауларға ие болды. Ал Еуропада адамдарды бейнелеу үдерісі,
зерттеушілердің пікірінше, мезолитте мұз еріп қайық ойлап табылып,
керамикадағы орнаменттер пайда болған кезеңге тура келеді.
Алыстағы өткен мәдениеттеріміздің сырлы да жұмбақты болып көрінген
нышандарын шырамытып, олардың іздерін мәдениетіміздің кейінгі үлгілерінен
байқай аламыз. Бұл кезеңде жоғары палеолитте тұрақты жергілікті
ерекшеліктер сипатын алған шаруашылық – мәдени типтер төбе көрсеткен. Бұлар
кейініректе тарихи өркениеттердің негізін құраған. Әрине, неолиттен
егіншілік, мал шаруашылығы, үлкен тұрақты мекендер, тайпалық және ұлыстық
одақтардың төбесі анық көрінді. Ал, біздің жоғарғы палеолиттік
менталитетіміздің нобайын жобалап, дөп басып айту қиын. Жергілікті аймақтар
мәдениеттерінң негізінде, тұңғиығында қазіргі заманның бейсаналығының
нышандары жатқан болса да, олар біздің назарымыздан тысқарыда, жасырынып
қалған. Дегенмен де соңғы 30-20 мыңжылдық бедерінде тұрғындардың физикалық
тұрпаты, тұрмыс салты, көркемдік стильдерінің сабақтастығы көрінген, олай
болса бұл ретте өзіміздің регионымызда антропо-мәдени жүйенің орныққандығы
жөнінде сөз қозғауға болады.
Ең ежелгі адамдардың мекен-жайларынан көптен-көп табылған тас құрал-
жабдықтар өткен ең ежелгі тарих жөніндегі жыл санауымыздың,
классификациялауымыздың, жорамалдауымыздың қайнар көзі болып қызмет еткен.
Орта және жоғарғы палеолит шебінде нағыз адамның (Homo sapiens) өмір
сүргендігін зерттеушілер тілге тиек етуде. Бұл дәуірде тас және басқа
құралдардың көбейген үстіне көбейе барып, олардың құрамы өзгере түсті:
құралдардың ұшына сына қағылып, немесе басқа бөлшектер – өткірлеу келген
ұштар кигізіліп орнатыла бастаған еді. Жоғарғы палеолиттің басты әлеуметтік
жаңалығы некелік қатынастардан ең жақын туысқандарды шығарып тастау –
экзогамия болды. Инцеске ( қан араласуына) тиым салу некені қоғамдық
жағынан реттеуді талап етіп, ендігі жерде ру мен отбасы пайда болды. Демек,
жоғарғы палеолит – адамзаттың мәдениет деп аталған топтастырушы –
ынтымақтастарушы байланыстардың тиісті деңгейіне көтеріле алған дәуір.
Сана, тіл, дін, өнер гоминидтердің 3-4 миллиондық эволюциясының ақырында
күшті бір төңкерістің нәтижесінде бір уақытта пайда болған деген пікір
айтылуда. Рәміздік дәстүрлер тараған жерде, адами түсініктің пайда болуы
үшін қажетті материал мен жағдай бар жерде мәдениет басталады.
Археологиялық мәдениет бір уақытта, белгілі бір территорияда пайда
болған материалдық ескерткіштердің бірлігін, бірдейлігін білдіреді. Бірақ
осынау ескерткіштердің иегерлерінің этнографиялық,
әлеуметтік, психологиялық тұрпатын археологиялық емес фактілер жәрдемінде
құрастыруға болады.
Ғылымда үндіевропалық немесе үндіирандық мәдениет деп қате
қабылданған далалық мәдениет Тұранда пайда болып, оны мыңдаған
жылдар бедерінде далалықтар-прототүріктер ғана жаратқан. Ол Евразияның
барлық региондарына тарады. Бұл жерде алғаш рет қоғам топ-тапқа бөлініп,
алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап жеке меншік пен мемлекеттер пайда болған.
Тұран мәдениеті мен тілі өзінің бастауын жоғарғы палеолит дәуірлерінен
алады. Бұл жөнінде С. Қондыбайдың еңбегінде айтылған.
Археологтардың Қазақстан жерінен тапқан көптеген жәдігерлерінің
көрсетіп отырғанындай, бұл жердің тұрғындарының өндірістік белсенділігі
олардың шаруашылық негізінің ғана емес, дүниеге қатынасы, адамдық құрылымы
мен тәртібі, эстетикалық-этикалық дәстүрі мен мағынасындағы аңшылық
өркениеттің көрінісі болып табылады. Жыртқыш аңдарды аулаумен айналысып,
ірі де қауіпті жануарларды қолға түсіру үшін үздіксіз қажырлы күрес
жүргізіп келген палеолит тұрғындарын қалайша әлсіз деуге болады? Аңдардың
артынан түсіп, қуып жүрген адамдар қуатты да төзімділік танытып,
жыртқыштық күшке ие болуы тиіс еді.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани
бастауларының көзін ашып, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап,
бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат етіп отыр. Бүгінгі күннің
талабына сай болу үшін мәдени-өркениеттің бәсәкелестік “сахнасында”
өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмай өзге мәдениеттер даярлаған мол
мұраны, сондай-ақ түркі халықтарының бәріне ортақ болған құндылықтарды
жатсынбай пайдалана білген жөн. Жаңару, жаңғырту халықтың сан ғасырлар бойы
жинақтаған тарихи мұрасы мен тәжірбиесін мансұқтау емес, оларды заман
талабына сай өзгерте отырып, кәдеге жарату деген сөз. Модернизация басқа
топырақта өнгеннің бәрін өзіңнің жеріңе жай ғана, механикалық түрде көшіре
салу емес және оған ұлттық мәдениеттің өміршең жақтарын сақтай отырып,
өзгенің өрнек өркениетінен де нәр алып, ілгерлей даму жатады.
Осы орайда біз кімбіз? Тамырлана өскен шоқ ағаштай секілді болған түркілер
өркениетінің ерекшеліктері қандай? Түркі бастауымыз қалайша және қай
жерлерде тамыр жайған? Қайда, қалай және қандай құндылықтарды малданып бара
жатырмыз деген қаумалаған сұрақтарға жауап беруге тура келеді.
Ең алдымен жұмысымызда түріктердің тас дәуірінен бастап Көктүріктерге
дейінгі аралығындағы өркениетті бір қарастырып алу мақсат етіп қойылған.
Себебі осынау дәуірлерде түріктер өркениетінің, тарихының, дүниетанымының,
олардың жалпы этникалық ерекшеліктерінің бастауы, түп қайнарлары жатыр. Осы
дәуірлердегі тарих пен мәдениет қалайша қамтылып қарастырылса түріктердің
кейінгі кезеңдерінің өркениеті де сол із бен арнада қамтылатын болады.
Түріктердің ежелгі тарихын біз этникалық топтарға бөліп-бөліп қарастыруды
мақсат етіп қоймаймыз. Себебі, регионалдық айырмашылықтар мен
ерекшеліктерді қуалап кету жағдайдың шын мәнінің бұрмаланып көрсетілуіне
жол ашып, түріктердің арғы ата-бабаларының ойкумендік, мәдени және
т.б. біртұтастығын көзден тасада қалдырады да, бұл мәселеге шынайы
көзқарастың қалыптасуына сызат түсіреді. Басқаша айтқанда, мұндай
ыңғай біздің жалпы түркілік және түркологиялық принциптеріміз
бен бағыттырымызға кереғар. Деректерден, еңбектерден, аңыз-әпсаналардан,
дастандардан түріктердің арғы түп-тұқияны мекендеген региондардан біртекті
мәдени-шаруашылық типті, өзара әсерлесуді, ұқсастықты, жақындықты, сондай-
ақ жалғастықты, тамырластықты, сабақтастықты іздестіру жұмысымыздың басты
бағыты болмақ.
Материалдық мәдениеттің руханилықпен түйісетін тұсынан түріктік феномен
басталады. Руханилық орын алған жерден этностық ерекшелік басталмақ. Ол
тіл, діни сенім-нанымдар, этникалық территория, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар
мен этникалық психологияны қамтиды. Осындай жағдайда этноним мен этникалық
өзіндік сана пайда болады. Алғашқы кезеңдерде этностық болмыс ру, кейінірек
тайпа және ұлыс түрінде көрініс береді. Әрине, бұған этнографиялық және
этникалық топтардың да қатысы бар. Демек, түріктік феномен рулық (аналық
және аталық) кезеңнен белең алды деу дұрыс болар еді.Ал аналық қатынастар
Түркістан жерінде сонау неандерталдықтар мен ескі адамдар заманынан
қалыптасқан болуы керек. Олай болса, соңғы палеолиттен түріктер ата тегінің
рулық қатынастары мен ерекшеліктерінің кейбір элементтерін іздестіруге
болатын сияқты. Бірақ мұны жалғыз археология мен антропология ғана анықтай
алады деуге болмас. Археологтар еңбектерінің көпшілігі заттық деректер мен
фактілерді тауып, көрсетуге ғана арналған сияқты. Рас, оларда байырғы
тұрғындардың шаруашылығы мен құрал-жабдықтары жақсы-ақ сипатталған. Ал
олардың рухани мәдениеті мен этникалық топтарының қатынасы, өркениеті мен
діни сенімдеріне (әлеуметтік қатынастарына жерлеу ғұрыптары және т.б.
жәдігерліктер бойынша анықтама берілген) жеткілікті мән берілмеген.
Археологиялық деректерде тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар көмескі
көрінісін тауып жатады. Бұл жерде этнография, тарих, философия,
мәдениеттану, дінтану, фольклордан хабары бар, олардың мағлұматтарын
ұштастыра білген, интуициясы өткір, ойлау қабілеті мығым, түрікшілдік
жағынан жүрегінде оты бар, түркілік болмыс пен мұраларды жан-тәнімен
сезінетін және қастерлейтін мамандар болса мәселенің басын ашуға біраз
септесер еді.
Сондай-ақ, таңбалар мен туларды қарастырудың да маңызы зор деп білеміз.
Осыған қаржы ажыратылса түріктік феноменнің бірсыпыра қыр-сырын ашуға
мүмкіндік туылар еді. Бұл мәсәле бойынша Зейнолла Самашев кандидаттық
дисертация қорғаған. Сондай-ақ, Рогожинский осынау мәселемен айналысып жүр.
Айта кету керек, Максимова мен Трофимованың “Визуальные надписи урочища
Тамгалы” (Алматы, 1985) атты және Марғұланның еңбектері баршылық. Таңба
мәселесі Шәкәрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінен де орын алған. Бұдан
тысқары, ерте замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дәстүрлер мен
мотив-символдарды анықтаудың да маңызы зор. Осыларды зерттеуге
біліктілігі жететін 3-4 маманнан тұратын зерттеу тобы құрылса игі іс болар
еді.
Жалпы алғанда, тас, неолит, қола және темір дәуірлерінде өмір сүрген
адамдардың материалдық мәдениеті, шаруашылығы, тілі, діні, таңбалары,
топонимикасы, эпонимі, этнонимі, олардың сүйектерінің генетикалық
ерекшеліктерінің қазіргі қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен және басқа түркі
халықтарына жақындығы анықталса, олардың қайсы этникалық қауымның өкілдері
болғанына жауап табылар еді, арғы замандардағы біздің ата-бабаларымыздың
қайсы этникалық қауымдастыққа жатқандығы анықталар еді.
Бұл ретте қазақ тарихы мен мәдениетін зерттеу методологиясына қатысты
ойын этногроф ғалым Ж. Артықбаев былай тұжырымдайды: Евразия даласы
көшпенділердің мәдени жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы
өзінің ішкі құрылымы жағынан да, сыртқы құрылымы жағынан да, мән-мағынасы
жағынан да ерекше құбылыс болып табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру
негізінде қабылданбайтын, өзгелермен салыстыруға келмейтін өзіндік
ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мәдени өлшеміне сай
келмейтін ерекше мәдениет қалыптасқан. Осы ерекшелікті сезіну –
методологиялық парадигманы өзгертуге негіз болуы тиіс. Бәрінен бұрын тарихи
таным өзегіне материалдық көрсеткіштер емес, рухани құндылықтар: қоғамдық
сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар сияқты факторлар қойылуы тиіс.
Біздің қатты ұстанған қағидамыз халық тарихы мен өркениет тарихының
қиюласу тұрғысы. Өйткені, шынайы тарихты және өркениетті біз Ресейдің
әйгілі тарихшысы А.М. Карамзин айтқандай: Тарих– халықтардың қасиетті
кітабы, олардың тұрмыс-салты мен тіршілігінің айнасы, жан дүниесі мен әдеп-
ғұрпының көне естелігі, ата-бабаларының қалдырған өсиеті, – деп түсінгенде
ғана дұрыс бағалай аламыз.
Адамзат өзінің өсу жолында көптеген шығармашылық іс-әрекеттер
кезеңдерін басынан өткеріп, құндылықтарын жаратып отырған. Бұлар, әрине
өркениеттік жасампаздықтың нәтижелері. Бірақ қоғамның кемеліне енген
шағында жаратқан құндылықтары өркениет дамуының деңгейін көрсетсе керек.
Сондықтан да көптеген зерттеушілер түркі өркениетінің генезисін Түрік
қағанатының құрылуы мен руникалық жазудың пайда болуымен байланыстырады.
Олардың жалпы түркі тарихы мен өркениетінің өрлеуіндегі осы ауқымды да
маңызды рольін терістеуге болмас, әлбетте. Әйтсе де, Ю.Худяковтың тауып
айтқанындай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және
көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып
қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді.
Қош, бірақ бұл кезеңдерге дейін-ақ түркілік этностар өмір сүрген
және олардың өркениеті мен этникалық тұтастығының бастаулары
болған ғой. Тарих барысында құндылықтардың сақталып қалынбауы немесе өшіп
кетуі белгілі бір халықтың көне мәдениеті өмірде болмаған деген
тұжырым жасауға негіз бола алмайды. Біз Түркілік тұтастықты
осы ізден барып қарастыруға ден қоямыз. Әлбетте, бұған оң көзбен
немесе күдіктене қарайтын авторлар да жоқ емес. Э.Тайлордың өркениетке
берген анықтамасы бойынша, оны жекеленген адам мен бүтін бір басты қоғамды
жоғары бір деңгейде ұйымдастыру арқылы олардың ізгіліктілігі мен қуатын
күшейтуге, бақытты өмір сүруіне жәрдемдесу мақсатында, жалпы адамзат тегін
жетілдіруге қаратылған іс-әрекет деп білу керек. Бұл ретте түркі өркениеті
туралы деректерді сөйлетер болсақ, ең басты назар аударар жәйт, олар –
алғашқы бастаулар. Бұл жөнінде Джеймс Джордж Фрезер былай деп жазады: “В
конечном счете мы не так уж отличиемся от этих первобытных людей, и многим
из того истинного и полезного, что так бережно сохраняем, мы обязаны нашим
грубым предкам, накопившим и передавшим нам по наследству фундаментальные
представления, которые мы склонны рассматривать как нечто самобытное и
интуитивно данное. Мы как бы являемся наследниками состояния, которое
переходило из рук в руки столько раз, что изгладилась память о тех, кто
заложил его основание, поэтому нынешние обладатели читают его своим
изначальным и неотьемлемым достоянием. Более глубокое исследование должно
убедить нас в том, что большей частью этого состояния мы обязаны своим
предшественникам”. Шынында да мыңдаған жылдық тарих қойнауынан тамыр тартып
біздерге дейін жеткен алғашқы нанымдар, жоралар, рәсімдер мен ою-өрнектер
кейінгі дүниежүзілік діндердің негізі болып қаланғандығын біріміз біліп,
біріміз білмеспіз.
Жалпы алғанда, адамзат тарихында тамақ табу, табиғаттың стихияларынан
қорғануға қажетті киім-кешек пен баспанаға ие болу үшін басталып, жалғасқан
талпыныс бүгінгі күнге дейін толастаған емес. Қай заманда және қай қауымда
болмасын адамдардың іс-әрекеті өмір сүру, аман қалу үшін қажетті
нығметтерді іздеп тауып немесе өндіріп, кәдеге жаратумен байланысты
өрбіген.
Ең алдымен А.П.Деревянко есімді зерттеушінің Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым Академиясының 1998 жылы өткен сессиясында жасаған “Казахстан –
колыбель древнейшей цивилизации” атты баяндамасына оқырманның назарын
аудармақшымын. Онда қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары Қазақстанда 1 млн
жылдан бері өмір сүріп келеді делінген. Автор мұндай қорытындыға
Қаратаудағы археологиялық ескерткіштерді сараптамалардың нәтижесінде келген
болатын. Шынында да бұл тұжырымды растайтын деректер мен еңбектер
баршылық. Д.Ш.Рессерат пен В.А.Рано Орта Азияда тас дәуірінде (850000
жылдары) жергілікті тіршілік иелерінің өмір сүргендігі жөнінде жазады.
Байсын тауының Тешік-Таш, Әмір Темір және Мачай үңгірлерінен
неандертальдықтардың мекен-жайы, ал Самарқант қаласының жанынан олар
тұтынған тас құралдар табылды. Ондағы 8-9 жасар баланың склеті жақсы
сақталынған. Бала арнайы қазылған шұңқырға жатқызылып қабірдің айналасына
тау ешкісінің мүйіздері тізіліп қойылыпты “Қошқар мүйіз” алтайлық
орнаменттен орын алып, сақ-скиф дәуірінен бері кең тараған мотив,
Тау ешкісінің стильдік бейнеленуі Орталық Азияның көптеген көшпелі
халықтарының ою-өрнектерінен орын алған белгі - нышан. Зерттеушілер Жер-Су
рухымен тікелей байланыстыра қарастыруда. А.В.Эдоков деген автор қазіргі
алтайлықтардың көркем мәдениетінен мықтап тұрып орын алған ою-өрнектің түп-
тамырларының өте тереңге кететіндігі, тіпті палеолиттен бастау алатындығы
жөнінде жазған. Гразнов және басқалары ою-өрнекті бүкіл исі түркілерге тән
болған өнердің негізі деп санады. Авторлар өрнектердегі мотивтердің,
әсіресе тамғалардағы рәміздердің ондаған-мыңдаған жылдар бедерінде сақталып
қалғандығы, олардың Сібірдегі түпнұсқалары неолит кезеңіне және қола
дәуіріне жататындығы анықталған жәйт жеп жазды. Ю.Худяков тамға
белгілерінің тау ешкісі өрнегінде берілуі көнетүркілерге тән болған жәйт
деп кесіп айтады. Көнетүркілік петроглифтер мен тамғалар, – деп жазады
новосибирлік ғалым, – Қола дәуірінің ортаазиялық мәдени дәстүрінен орын
алған.
ХVІІІ–ХІХ ғасырларда-ақ оқымыстылар Америкадағы үндіс және түрік
тілдерінің туыстығына назар аудара бастапты. Бұл ретте Шығыс тілдерін
білетін Отто Реригтің америкалық үндіс тайпаларының арасында болып,
сиулардың тіліне байланысты жинақтаған материалдары қызғылықты. Ол сиу
тілін орал-алтай тілдері тобына қосуға болады дейді. – Морфологиясы тым
ұқсас. Екеуі де жалғамалы тілдер. Предлогтары жоқ, Фонетикасы жақын: түрік
те, сиу тілдері де үндестікті заңына бағынады.
Бүгіндері қырғын сүргіннен аман қалған сиу тайпасының 70000-дайы ғана
АҚШ пен Канадада өмір сүреді. Бұл мәселе жөнінде түркиялық зерттеуші
И.Доганның еңбегінде де айтылған.
Гәп мынада: бұдан 45000 жылдай бұрын Беринг бұғазы арқылы Америка
асқан қауымдар арасында ілкі түркілік этникалық топтың өмір сүргендігі
туралы шетелдік және орыс ғалымдары шым-шымдап әңгіме тарата бастады.
Боливия мен Перуде де өмір сүрген кечуа тіліндегі көптеген сөздердің түркі
тілдеріндегі ұғымдармен бірдейлігі Б.Ферейрд тарапыанан дәйектелінген.
Сонымен зерттеушілер Америкаға қоныс аударған үндістердің ежелгі
түріктермен етене туыс екендігін анықтады. Олар Америкалық
үндістердің зәузатының қоры А, В, С, Д және Х түрлерінен түзілетінін
анықтап, мұндағы еуропалық Х түрінің қосылуын Американың
тұрғылықты халқының түп-тегінің құрылымына көне европалық нәсілдің
келіп араласқанымен түсіндіреді. Сібір халықтарының, кәрістердің,
тибеттіктердің, қытай-монғолдардың, вьетнамдардың өкілдеріне генетикалық
зерттеулер жүргізген Н.М.Вавилов атындағы Жалпы генетика институтының
зерттеушілері (М.Захаров) Алтай-Саян өңірінен үндістердің ең жақын
жұрағаттарын тауып берді. Барлық “америкалық” 4 ДНК түрі алтайлықтардың
генінде толық құрамда бар екені және олардың ДНК-сында Х-мт сияқты
нышандардың да кездескені анықталды.
Археология Еуразия мен Американың теріскейін қалың мұз құрсауында
қалдырған аса қатты ұзаққа созылған суықтың әсерінен бұдан бұрынғы 70000-
50000 және 25000-11000 жылдар шамасында екі мәрте өткенін айтады. Сонда
50000-25000 жылдар ауқымында Батыс Сібірде күн жылымықтанып ежелгі
адамдардың ежелгі адамдардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай орнаған еді.
Археологтар бұл кезеңде Орталық Азия мен оған қапталдас өңірлерде тіршілік
кешіп жатқан адам жұрағаттарын ілкі гомосапиенстер ретінде таниды. Ғалымдар
Аляскаға өтетін мойнақ 70000-50000, 45-41000, 33-10000 жылдар арасында
ашылып, адамның Америка құрлығына жетуі де осы кезде жүзеге асты дегенге
ден қояды. Генетикалық айғақтар теңіз деңгейінің төмендегені жөніндегі
археологтар пайымдаған шамаға үйлесіп, үндістердің арғы ата-бабаларының
45000 жылдан астам уақыт бұрын Америкаға өтіп үлгергендігі нақтыланды.
Зерттеушілер 13000 жыл бұрын алтай-орал тілді қауымдардың Орталық
Азияны қамти Қиыр Шығысқа дейінгі жерлерді тұтаса жайлағандығын тілге тиек
етеді. Мамандар Алтай дәуірінің ж.с.д. Х–ІІ мыңжылдықтар арасын қамтитынын
жазады. Бұл дәуірде алтай тілдерінің арғы түрік, арғы монғол, арғы мәнжүр,
арғы корей, арғы жапон тілдеріне ыдырауы жүрді. П.И. Пучков алтай тілді
халық әу баста европеоид текті болғандығын, бұл ерекшелік түркі халқында
көп сақталғандығын айтады.
Археологтар Орта Азиядан бастап сонау Алтайдың терістегіндегі жерлер
мен Ангара алабындағы Мальта, Бурет және Байқалдың шығысындағы тұрақтардағы
тас құралдарының үлгілері, фауна қалдықтары, тұрмыс-салт сілемдері және
қолөнер туындыларын сараптай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz