Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері


Тінтудің криминалистикалық түсінігі,
оның түрлері және міндеттері
Қандай қылмыс жасалса да қылмыскер осы қылмыстың ашылмауына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, заттай дәлелдемелерді тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкер-лерінің міндеті - қалай болғанда да кылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алу. Заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекетгерінің бірі - тінту.
Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Заңда егер істің мән-жайына байланысты заттай дәлелдемелерді қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп қана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар заттай дәлелдеме-дерді, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.
Кейбір авторлар қандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда қолданылған қару, жалған құжаттар, қылмыскердің киген киімі, т. б. Бұлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудің ұқсастығы - осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, не пәтер қаралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді.
Оқиға болған жерді қарау оқиғаның қалай болғанын, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын анықтауға бағытталады.
Тінтудің мақсаты - әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.
Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты - тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жұмыстарын тінтумен бірдей деп қарауға болмайды.
Тінтудің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы - оның еріксіздігі.
Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол - жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы немесе басқа ғимараттар мен нысандарды тінту. Әрине, ол іс бойынша керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге қандай нысандар жатады, соған тоқталсақ. Олар - қылмыс жасалғанда қолданылған қару-құралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған құжаттар, тергеуден қашып, тығылып жүрген қылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып қойған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салынатын объектілер - есірткі заттар, порнографиялық суреттер, қопарғыш заттар.
Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жұмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыс ғимараттың қай қабатында жасалғаны, онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде - оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек.
Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек.
Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет.
Дайындық жұмыстары толық аяқталысымен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір тактикалық әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы нысанға жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қабатты болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұраса басқа себеппен келгенін айту керек, мысалы комму-налды мекемеден келген лауазымды адам болып, не басқа бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп түрғанын алдын ала білмеуі шарт.
Топ болып тінту кезінде операцияны бір мезгілде, үйлесімді жүргізудің маңызы айрықша. Бұл қылмыскерлердің бір-бірімен байланыс орнатып, әр түрлі айла-әрекеттер қолданып, жазадан құтылып кетудің жолын кеседі.
Тінтуді топтасып жүргізген кезде де оған дайындық және оны өткізу жеке-жеке жүргізіледі. Алайда, олардың бәрі бір жоспарға бағындырылып, бір жетекшінің басшылығымен ұйымдастырылады. Операцияның жетекшісі оның барлық қатысушыларына нұсқау беріп, тінтудің басталар мезгілін белгілеуге, аяқ астынан туған шараларға, айталық, тінтуді қайтара жүргізу қажет болған кезде, қосымша күш бөлуге міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz