Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз



ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЗБА ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІМІЗ
2. Әбу Ибраһим Исқақ бин Ибраһим әл.Фараби (?.961) тұр.
3. Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл.Жауһари әл.Фараби (?.1002)
4. Мухаммед бин Мухаммед бин әл.Хусейн Мадж ад.дин әл.Усрушани, Мухаммед бин Хусейн әл.Фараби (?.1234)
5. Абдуллаһ бин Мухаммед бин Йусуф Насыр әл.Фараби әл.Әзди.
6. Абд әл.Латиф ибн Ахмад әл.Фараби да жаңа әл.Фараби.
7. Әбу.л Фадл Таһир бин Мухаммед әл.Фараби Заһир
8. Аға Хасан әл.Фарабидің Түркия кітапханаларында сақтаулы еңбегі “Һидая” тәржімасы”
9. Бурһан ад.дин Ахмед бин Абу Хафс бин Йусуф әл.Фараби (?.1174)
10. Әбу.л Қасым Махмуд бин Ахмед әл.Фараби (1130.1210)
11. Қауам ад.дин әл.Итқани әл.Фараби ат.Түркістани (1286.1356)
12. Умдат ад.дин Әбу Талиб Мухаммед ибн Абд әл.Азиз ибн Ахмед ибн Абд ар.Рашид әл.Утрари
13. Ала ад.дин Әбу.л Харис Арслан ибн Дауд ибн Әли әл.Утрари (Отырари) әл.Муаддил әл.Фақиһ (?.1303) “
14. Мадж ад.дин Әбу Әли Фадлаллаһ ибн Мухаммад ибн Ахмад әл.Утрари
15. Умрик
Түркияның көптеген жоғары оқу орындары мен бірқатар мемлекеттік кітапханалары қолжазба қорларында еліміздің ортағасырлық шаһарлары мен кенттерінен шыққан арыс¬тарының әлі күнге дейін жарық көрмеген және ара-кідік басылған да еңбектері бар.
Солардың ішінде Отырар, Сығнақ, (Жазба деректерде осылай көрсетілген – Ә.Д.) Женд, Түркістан, Тараз, Баласағұн ғұлама¬ларының түрлі тақырыпты қамтитын қол¬жаз¬балары көптігімен таңғалдырады. Мысалы Әбу Насыр әл-Фараби, Хұсам ад-дин Хұсейн бин Әли Хажжаж әл-Ханафи ас-Сығнақи, Мухаммед Абд ас-Саттар әл-Кердери, Һиба¬тулла ат-Түркістани ат-Тарази, Мухий ад-дин Женди, Ала ад-дин Түркі¬стани шығармалары және Қожа Ахмет Ясауи “Диуанының” көшірмелері жиі кездеседі.
Түріктер ондай асыл дүниелерді ұзақ ғасырлар бойы Таяу және Орта Шығыстың мәдени, ғылыми, рухани орталықтары Бағдад пен Басра, Дамаск пен Халаб, Мекке мен Мадина, Каир мен Тунистен жинаған. Өйткені, 1517 жылдан бастап аталмыш шаһарлар түріктер құзырында болды. Сол себепті де ел астанасы Ыстамбұлға және Түркияның өзге де қалаларына тек жазба жәдігерліктер ғана емес, сондай-ақ Ибраһим (ғ.с.), Исмаил (ғ.с.), Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарларымыздың жеке заттары, қасиетті Кағбаның кілттері, халифалар мен әскери қолбасшылардың қылыштары да әкелінді. Олардың арасында Алла тағаланың соңғы елшісінің (с.ғ.с.) хаттары да бар. Аса құнды ол заттар қазірге дейін көздің қарашығындай сақталуда.
Иә, Түркия – исламдық жәдігерлер мен мұраларды жинап, сақтауға, зерттеуге ерекше көңіл бөліп келе жатқан өркениетті ел, оның кітапхана қорлары араб, парсы тіліндегі қолжазбаларға байлығымен танымал.
Елдің барлық кітапханаларындағы ислам өркениетіне қатысты ондай дүниелер жайлы мәліметтерді бір жерден, Ыстамбұлдағы ІSAM-нан табуға болады.
ІSAM – қысқартылған сөз, түрікшеден аударғанда “Ислам зерттеулер орталығы” деген мағынаны білдіреді. Ол Түркия уақыфтары бас кеңесіне қарайды. Ғимарат арнайы әдемі салынған. Кітапхана қорына тек Түркиядағы ғана емес, әлем елдерінде басылып жатқан исламға қатысты зерттеу кітаптары да алдырылып отырады, ондағы қолжазбалар каталогі компьютерге түсірілген, көшірмелерін дайындап бере алады.
Жалпы Түркияның ислам саласындағы зерттеуді жеңілдету, ынталандыру жолында техника мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы өзгелерге үлгі деуге болады. Соның бір дәлелі – кітапханаларында сақталған бағалы кітаптар мен қолжазбалардың электронды көшірмесін тез жасатып алу мүмкіндігі.
ІSAM-да орындалып жатқан игілікті жұмыстардың бірегейі – көп томды Ислам энциклопедиясының қазірдің өзінде 38 томының шығып үлгеруі.
Сонымен, Түркиядағы түрлі қорларда сақтаулы қазақ даласы перзенттерінің жазба дүниелерін мерзіміне қарай сөз етер болсақ, әуелі әрине Отырар ұландары бірінші орында тұрады. Фарабтықтардың түрлі тақырыптарды сөз ететін араб және түрік, парсы, ағылшын тілдеріне аударылған еңбектері өз алдына бір төбе. Солардың ішінде энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) бастаған отырарлық ойпаздардың орны бөлек.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЗБА ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІМІЗ

Түркияның көптеген жоғары оқу орындары мен бірқатар мемлекеттік
кітапханалары қолжазба қорларында еліміздің ортағасырлық шаһарлары мен
кенттерінен шыққан арыстарының әлі күнге дейін жарық көрмеген және ара-
кідік басылған да еңбектері бар.
Солардың ішінде Отырар, Сығнақ, (Жазба деректерде осылай көрсетілген –
Ә.Д.) Женд, Түркістан, Тараз, Баласағұн ғұламаларының түрлі тақырыпты
қамтитын қолжазбалары көптігімен таңғалдырады. Мысалы Әбу Насыр әл-Фараби,
Хұсам ад-дин Хұсейн бин Әли Хажжаж әл-Ханафи ас-Сығнақи, Мухаммед Абд ас-
Саттар әл-Кердери, Һибатулла ат-Түркістани ат-Тарази, Мухий ад-дин Женди,
Ала ад-дин Түркістани шығармалары және Қожа Ахмет Ясауи “Диуанының”
көшірмелері жиі кездеседі.
Түріктер ондай асыл дүниелерді ұзақ ғасырлар бойы Таяу және Орта
Шығыстың мәдени, ғылыми, рухани орталықтары Бағдад пен Басра, Дамаск пен
Халаб, Мекке мен Мадина, Каир мен Тунистен жинаған. Өйткені, 1517 жылдан
бастап аталмыш шаһарлар түріктер құзырында болды. Сол себепті де ел
астанасы Ыстамбұлға және Түркияның өзге де қалаларына тек жазба
жәдігерліктер ғана емес, сондай-ақ Ибраһим (ғ.с.), Исмаил (ғ.с.), Мұхаммед
(с.ғ.с) пайғамбарларымыздың жеке заттары, қасиетті Кағбаның кілттері,
халифалар мен әскери қолбасшылардың қылыштары да әкелінді. Олардың арасында
Алла тағаланың соңғы елшісінің (с.ғ.с.) хаттары да бар. Аса құнды ол заттар
қазірге дейін көздің қарашығындай сақталуда.
Иә, Түркия – исламдық жәдігерлер мен мұраларды жинап, сақтауға,
зерттеуге ерекше көңіл бөліп келе жатқан өркениетті ел, оның кітапхана
қорлары араб, парсы тіліндегі қолжазбаларға байлығымен танымал.
Елдің барлық кітапханаларындағы ислам өркениетіне қатысты ондай
дүниелер жайлы мәліметтерді бір жерден, Ыстамбұлдағы ІSAM-нан табуға
болады.
ІSAM – қысқартылған сөз, түрікшеден аударғанда “Ислам зерттеулер
орталығы” деген мағынаны білдіреді. Ол Түркия уақыфтары бас кеңесіне
қарайды. Ғимарат арнайы әдемі салынған. Кітапхана қорына тек Түркиядағы
ғана емес, әлем елдерінде басылып жатқан исламға қатысты зерттеу кітаптары
да алдырылып отырады, ондағы қолжазбалар каталогі компьютерге түсірілген,
көшірмелерін дайындап бере алады.
Жалпы Түркияның ислам саласындағы зерттеуді жеңілдету, ынталандыру
жолында техника мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы өзгелерге үлгі деуге
болады. Соның бір дәлелі – кітапханаларында сақталған бағалы кітаптар мен
қолжазбалардың электронды көшірмесін тез жасатып алу мүмкіндігі.
ІSAM-да орындалып жатқан игілікті жұмыстардың бірегейі – көп томды
Ислам энциклопедиясының қазірдің өзінде 38 томының шығып үлгеруі.
Сонымен, Түркиядағы түрлі қорларда сақтаулы қазақ даласы
перзенттерінің жазба дүниелерін мерзіміне қарай сөз етер болсақ, әуелі
әрине Отырар ұландары бірінші орында тұрады. Фарабтықтардың түрлі
тақырыптарды сөз ететін араб және түрік, парсы, ағылшын тілдеріне
аударылған еңбектері өз алдына бір төбе. Солардың ішінде энциклопедист
ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) бастаған отырарлық ойпаздардың орны
бөлек.

Фарабтық ойшылдар
1. Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950).
а)Араб тілінде:
1) “Рисала фи-л ақл” – “Ақыл (парасат) жайлы трактат”. Қолжазба.
2) “Китабу-л мантиқ” – “Логика жайлы кітап”. Қолжазба. 194 бет.
Топкапы сарайы кітапханасы. Аманат қазынасы.
3) “Диуан” – “Жинақ”. Қолжазба. Баязит мемлекеттік кітапханасы.
4) “Рисала танбиһ ала сабил-с сағада” – “Бақыт жолын көрсету жайлы
трактат”. Қолжазба. Селжуқ, Анкара университеттері, илаһийат факультеті.
5) “Рисала фи-л илми илаһи” – “Тәңірлік ілім жайлы трактат”. Қолжазба.
Сүлеймания кітапханасы.
6) “Рисала фи-л ахлақ” – “Мінез-құлық жайлы трактат” – Қолжазба,
Сүлеймания кітапханасы.
7) “Ат-Тағлиқат” – “Афористикалық (жазбалар”). Қолжазба. Анкара
университеті кітапханасы.
8) “Китабу-л Ибара” – “Сөйлем жайлы кітап”. Қолжазба.
9) “Китабу-т тахлил” – “Талдау (анализ) туралы кітап”. Қолжазба.
10) “Фалсафату-л Аристуталис” – “Аристотельдің философиясы”. Қолжазба.
11) “Китаб ара аһл әл-мәдинату-л фадила” – “Кемел қала тұрғындарының
көзқарасы жайлы кітап”. Қолжазба. Бейрут. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
12) “Рисала фи фадилату-л улум уа-с санаат” – “Ғылым мен түрлі
өнерлердің қасиеті жайлы трактат”. Қолжазба.
13) “Китаб әл-хуруф” – “Әріптер кітабы”. Қолжазба.
14) “Ағмалу-л фалсафия” – “Философиялық жұмыстар”. Қолжазба.
15) “Китаб ихса әл-улум” – “Ғылымдарды жіктеу кітабы”. Қолжазба.
16) “Уйуну-л масаил” – “Мәселелер қайнары”. Қолжазба.
17) “Китабу-л қийас” – “Силлогизм кітабы”. Қолжазба.
18) “Шарх Әбу Насыр әл-Фараби ли-китаб Аристуталис фи-л қийасат” –
“Аристотельдің “Силлогизм” кітабына Әбу Насыр әл-Фарабидің түсіндірмесі”.
Қолжазба. 133 бет. Топкапы сарайы кітапханасы.
19) “Әл-Әлфадуил Афлатунийа уа-т тақуилус сийасату-л мулукийа” –
Қолжазба. Топкапы сарайының кітапханасы.
20) “Китаб мусик әл-кәбир” – “Музыканың үлкен кітабы”. Қолжазба.
21) “Китабу-л аурад” – “Дұға жайлы кітап”. Қолжазба.
22) “Китабу-с-сийасату-л маданийа” – “Азаматтық саясат жайлы кітап”.
Хайдарабад. Мәжіліс баспасы. Анкара университеті илаһийат факультетінің
кітапханасы.
23) “Рисала фима йанбағи ан йуқаддим қабла тағлими фалсафа” –
“Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі жайлы трактат”. Қолжазба.
24) “Китабу-л жадал” – “Диалектика жайлы кітап”. Қолжазба.
25) “Китабу-л мадхал ала синату-л мусика” – “Музыка өнеріне кіріспе
кітап”. Қолжазба.
26) “Фусулу-л мадани” – “Азаматтық (саясат жайлы кітап) бөлімдері”. –
Измир, 1987 Түрік тарихы ұйымы кітапханасы; 19-май университеті
кітапханасы.
27) “Китаб мусик әл-кәбир” – “Музыканың үлкен кітабы”, Париж, 1930
(Түрік тарихы ұйымы кітапханасы).
28) “Әл-Мадинату-л фадила” – “Кемел қала”, Ыстамбұл 1956. Түрік тарихы
ұйымы кітапханасы.
29) “Талхис науамис Афлатун” – “Платон заңдарына қорытынды”. Варвург
институты, 1952.
30) “Рисала ужуһ уа имкан” – “Ұлы Жаратушы және әлем жайлы трактат”.
Қолжазба, (Түрік тарихы ұйымы кітапханасы).
31) “Ихса-ул улум” – “Ғылымдарды жіктеу”. Ыстамбұл, 1990, Ерзурум
университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
32) “Китабу-л жам байна райайни-л хакимайн” – “Екі басым ойды
тоғыстыру жайлы кітап”. Бейрут, 1986.
33) “Китабу-л хуруф” – “Әріптер кітабы”. Бейрут, 1986.
34) “Мабади ала аһл мадинату-л фадила” – “Кемел қала халқының негізі”.
Оксфорд, 1985.
35) “Таалики ибн Уажжа ала мантики-л фадаил” – “Ибн Уажжаның қасиеттер
логикасына түсіндірмесі”. Бейрут, 1994.
36) “Китаб ал-Алфазу-л мустаъмала фи-л мантик” – “Қисын ілімінде
қолданылатын сөздер”. Бейрут.
37) “Мантиқ инда ал-Фараби” – “Әл-Фарабидің логикасы”. Бейрут, 1985.
38) “Китаб ал-имкинату-л маглата” – “Софизмнің мүмкіндігі жайлы
кітап”. Қолжазба.
39) “Рисалатани фалсафиатани” – “Философиялық екі трактат”. Қолжазба.
40) “Рисала фи-л масаили мутафарриқа” – “Әр түрлі мәселелер жайлы
трактат”. Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті университеті.
41) “Ар-Рисалату зийнунийа” – “Зенон трактаты”. Қолжазба. Баязит
университеті.
42) “Әл-Мабади” – “Негіздер”. Қолжазба. 1014.
43) “Китабу-л бурһан” – “Дәлел жайлы кітап”. Қолжазба. 1099.
44) “Рисала шарх рисалати-з зийнуни-л кабири-л йунаний” – “Грек үлкен
Зенон трактатына түсіндірме”. Қолжазба. Анкара университеті илаһийат
факультеті кітапханасы.
45) “Рисала ад-дуаи-л қалбийа” – “Жүрек дұғасы трактаты”. Хайдарабад.
Мәжіліс баспасы. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
46) “Фусул мунтаза”. Қолжазба. – Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
47) “Рисала фи ма йасиху уа ма йасиху мин ахками-н нужум” – “Жұлдыздар
туралы дұрыс және дұрыс емес үкімдер жайлы трактат” Мысыр. Мармара
университеті. Илаһийат факультетінің кітапханасы.
48) “Китабу Аристуталис фи-л ибари” – “Аристотельдің сөйлем жайлы
кітабы”. Бейрут. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
49) “Шарх фусусу-л хикам” – “Кемеңгерлік меруерті (трактатына)
түсіндірме”, Амире баспасы. Анкара университеті кітапханасы.
50) “Фадилату-л-улум уа-с синаға” – “Ғылымдар мен түрлі өнерлердің
қасиеті”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
51) “Китабу-л фусус” – “Гауһар тастар жайлы кітап”. Анкара
университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
52) “Рисала мақалату фи аград ма бада-т табиғат” – Анкара университеті
илаһийат факультетінің кітапханасы.
53) “Рисалату фи исбати-л муфарриқат” – “Бөлушілердің барлығын
дәлелдеу” атты трактат. Анкара университеті илаһийат факультеті
кітапханасы.
54) “Китабу-л милла уа нусусу ухра” – “Ұлт және басқа да деректер
жайлы трактат”. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
55) “Ас-Сиясату-л маданийа ау мабаду-л маужудат” – “Азаматтық саясат
немесе болмыс әлемінің ережелері”. 9 (Eylhl) қыркүйек университеті илаһийат
факультеті кітапханасы.
56) “Әл-Жамиғ байна райи-л хакимайн Афлатун әл-илаһи уа Аристуталис” –
“Екі кемеңгер Аристотель мен Платон ойларының жинағы”. Анкара университеті
илаһийат факультеті кітапханасы.
57) “Мабадиу-л фалсафату-л қадима” – “Ежелгі философия негізі”. Анкара
университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
58) “Рисала ли-л муаллими-с сани фи жауаби масаил суйла анһу” –
“Екінші мұғалімнің сұралған мәселелердің жауаптарын қамтыған трактаты”.
Мармара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
59) “Зийну-л кабири-л йунани” – “Грек үлкен Зенон”. Анкара
университеті илаһийат факультеті.
60) “Әл-Мажмуғ” – “Жинақ”. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
61) “Әл-Мадхал ила синағати-л мусиқа” – “Музыка өнері трактатына
кіріспе”. Көпрулү кітапханасы, Пазыл Ахмет Паша.
62) “Тақуиму-с сиясату-л мулкийа уа-л ахлақи-л ихтийарийа” – “Патшалық
саясатты және ерікті мінезді түзулеу, дұрыстау”. Көпрулү кітапханасы, Пазыл
Ахмет Паша.
63) “Ажайбу-н нусус фи тахзибу-л фусус” – “Гауһарларды реттеу ғажайып
адамдардың орны”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
64) “Фасл мин китабу-с сиясати-л маданийа” – “Азаматтық саясат
кітабының бір бөлігі”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
65) “Рисала фи мабадил-лати биһа әсжам уа-л ағрад” – “Денелер мен
(ағрадтардың) негізі саналатын қағидалар”. Қолжазба. Сүлеймания
кітапханасы.
66) “Рисала фи-л уахид уа-л уахда” – “Жалғыз бен бірлік жайлы трактат”
Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
67) “Рисала фи тафсири китаби-л мадхал фи синағати-л мантық” – “Логика
өнеріне кіріспе кітабына тәпсір жайлы трактат”. Қолжазба. Сүлеймания
кітапханасы.
68) “Әл-Мантиқу-с саманийа” – “Сегіз логика”. Қолжазба. Сүлеймания
кітапханасы.
69) “Әл-Ибара ‘ан аради Аристуталис фи китаби ма бағда-т табиға”.
Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
70) “Әл-Масаилу-л фалсафийа уа-л ажуиуа ‘анһа” – “Фалсафа мәселелері
және олардың жауаптары”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
71) “Әл-Адғийа” – “Дұғалар”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
72) “Әл-Жуғрафия инда-л муслимун” – “Мұсылмандарда жағрафия ілімі”.
Қолжазба. Харран университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
Бұлардан басқа да біршама трактаттар Әбу Насырдың өзге де көне грек
оқымыстылары шығармаларына жазылған түсіндірмелерінен тұрады.
Иә, Түркия кітапханаларында Әбу Насыр әл-Фарабидің негізінен осындай
философия, логика, психология, филология, музыка, география және т.б. ғылым
салаларына қатысты еңбектері сақталған. Түрік ғалымдарының ХХ ғасырдың 50-
жылдарынан бері Отырар перзенті еңбектерін жиірек зерделеп, тіпті түрік
тіліне де аударғаны байқалады. Солардың ішінде Әбу Насырдың “Китабу-л
хуруф” – “Әріптер кітабы”, “Китабу-т тахлил” – “Талдау кітабы”, “Китабу-л
ибда” – “Білдіру кітабы”, “Китабу-л қийас” – “Силлогизм кітабы”, “Рисала
танбиһ ала сабил-с сағада” – “Бақыт жолын көрсету (сілтеу) жайлы трактат”,
“Мантиқ инда әл-Фараби” – “Әл-Фарабидің логикасы”, “Рисалату фи-л ақл” –
“Ақыл жайлы трактат”, “Фусусул мадани” – “Азаматтық [саясат кітабының]
гауһарлары”, “Китаб ара аһл әл-мадинату-л фадила” – “Кемел қала
тұрғындарының көзқарасы” атты еңбектері жиірек ұшырасады. Сондай-ақ оның
“Ихса әл-улум” – “Ғылымдарды жіктеу”, “Сийасату-л маданийа” – “Азаматтық
саясат” секілді шығармаларын да кездестіреміз. Бұлардың бірқатары
қазақстандық фарабитанушыларға таныс, біршамасы аз да болса зерттелген және
орыс, қазақ тілдеріне тәржімаланған.
Түркияда Әбу Насырдың Бейрутте, Каирде, Теһранда, Хайдарабадта
(Үндістан), Оксфордта араб, ағылшын, неміс тілдерінде басылған еңбектері де
бар. Француз, ағылшын, неміс, парсы оқымыстыларын түрік ғалымдары сияқты
Отырар ғалымының философиялық, логикалық, музыкалық шығармалары көбірек
қызықтырған.
Түркияның қолжазбалар қорында Әбу Насыр Әл-Фарабидің Иранның түрлі
кітапханалары мен қолжазба қорларында ұшырасатын біраз дүниелері де бар.
Олардың кейбірін өткен ғасырдың 90-жылдары, Ирандағы сол кездегі елшіміз
Мырзатай Жолдасбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сый
еткен.
Әбу Насыр әл-Фарабидің тек арабша ғана емес, түрік, ағылшын, француз
тілдеріндегі 25 еңбегін Түркияның түрлі кітапханаларынан тапқанымызды да
айта кеткен жөн.
Сонымен Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларына сүйеніп біз Әбу
Насыр Әл-Фарабидің 100-ден астам еңбектерін атадық. Ал ұлы ғұлама қанша
еңбек жазды? Қанша шығармасы біздің заманымызға жеткен деген мәселеге
келсек, орта ғасырларда энциклопедист Отырар перзентінің өмірі мен
шығармашылығын жинап, зерделегендер Ибн ан-Надим (Х ғ.), Ибн Саид әл-
Қуртуби (ХІ ғ.), әл-Байхақи (1169), Йақұт әл-Хамауи ар-Руми (1229), Ибн
Саид әл-Қифти (1248), Ибн Әби Усайбиға (1270), Ибн Халликан (1282), әл-
Қазуини (1283), Әбу-л Фида (1331), Аз-Заһаби (1348), Әл-Йафиғи (1367), Ас-
Сафади (1383), Хаджи Халифа, Ибн әл-Имад (1657), әл-Акари (1678), соның
ішінде Ибн Саид әл-Қифти оның жүзден астам трактаты барын айтумен қатар,
аттарын да атаса, Ибн Әби Усайбиға 105 шығармаларының тізімін берген.
Осы ретте Қазақстандық белгілі психолог ғалым, педагогика ғылымдарының
докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Құбығұл
Жарықбаевтың да еңбегін атап кетуге тиіспіз. Ол да Әбу Насыр шығармаларының
библиографиясын көз майын тауысып жасағаны есімізде.
Бірақ Әбу Насырдың өмірі мен шығармаларына арналған әлемдік деңгейдегі
бір ізді, біртұтас, толыққанды библиография әлі еш жерде, ешқандай елде
жасалған емес.
Біздің соңғы жылдардағы ізденістеріміз бен зерттеулеріміз Отырардан
шыққан дара тұлғалардың көп екенін көрсетіп отыр. Мен осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арғы түркілердің мәдени мұрасы
Осман империясы тұсындағы түрік халқының мәдениеті
Батыс Азия немесе Таяушығыс елдеріне жалпы шолу
Түркиядағы қазақ диаспорасы
Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі
Әлемдік діни мәтіндердің салыстырмалы талдауы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ
Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы
Қазақ елі — жерұйық
Пәндер