Саяси мәдениет түсінігі


Мазмұны
І. Кіріспе
1. Саяси мәдениет түсінігі
ІІ. Негізгі бөлім
- Саяси мәдениеттегі 4 негізгі топқа түсінік.
2. Саяси мәдениеттің жіктелуі
- Саяси мәдениет құрылымы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі - адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпы адамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл ерекшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі - саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әр түрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың, сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
«Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезінетіндігі, оған сан қилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен социологтері елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХVIII ғасырдағы неміс ағар¬тушысы, философ Иоганн Гердер болды.
Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежесін де білдіреді.
Саяси мәдениет түсінігі
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Білімді арттыруда алдымен сауаттылық қажет. Осы орайда В. И. Ленин былай деп жазды: «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады. Оған әуелі әліппені үйрету керек. Мұнсыз саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат емес, тек неше түрлі қауесет, өсек, ертегі, соқыр сенімдер ғана бола алады». (В. И. Ленин, ШТЖ, 44-том, 188-б. )
Сондай-ақ дүниетанымдық белсенділік жеке адамның саяси мәдениеті үшін айқындаушы рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық мүдделер барынша көрініс тауып, соның нәтижесінде жеке адамның қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады.
Саяси мәдениет жиі барлық саяси іс-әрекеттерді қарастырады немесе мінезді анықтайтын фактор ерекше саяси іс-әрекеттің даму деңгейін қарастырады.
Саяси мәдениеттегі 4 негізгі топқа түсінік.
1. Психологиялық түсінік-саяси мәдениет саяси обьектіні бақылау деп алып қарастырады.
2. Талдап қортуға түсінік-саяси мәдени- бағыт мінез-құлық деп түсінеді.
3. Саяси обьективті түсінік-мәдени обьективті белгі, қатысушының мінез-құлқы. Бұл жүйеде негізгісі индивидтің жағдайы.
4. Эвристикалық түсінік-саяси мәденинт гинетикалық конструкт, аналитикалық мақсат құруды қарастырады.
Саяси мәдениет категорияларының құнды қатынастары құрылымындағы келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне байланысты. Әрбір адамның азаматтық міндеттері мен құқықтарына деген көзқарасы оның билік институттарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі арқылы қалыптасады. Бұл орайда саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детер¬минанты ретінде өкіметтің өз мәдени деңгейі көрінеді.
Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі. Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады:
- танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды;
- аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін;
- саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауапкершілікті, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.
- саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді;
- қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады;
- қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат-мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналарды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.
Саяси сананың тағы бір ерекшелігі - мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық - жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеуметтік қорғау», «автономия», «төзімділік», т. б. сияқты саяси қазы¬налардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либералдар деп бөліну де содан келіп шығады.
Саяси мәдениетке тікелей қатысты тағы бір ұғым - ол саяси мінез туралы категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық - басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сайлауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен науқандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберінде өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.
Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеуметтендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдделер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады. Саяси мінез-құлық ғылыми пән ретінде, жалпылама алғанда, саясатты бихевпоралдық (мінез-құлықтық) зерттеудің синонимі ретінде қолданылады.
Саяси мәдениет осы аталғандармен ғана шектелмейді. Ол саяси іс-қызметті де қамтиды. Оған адамның саяси жүйеге қатынасы және т. б. жатады. Әр түрлі елдерде бұл мәселелерге көзқарас та, олардың шешімі де біркелкі емес. Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан қашпауға, оларды басқара білуге немесе одан әрі өрбітпеуге, әлеуметтік «қопарылысқа», сілкініске жеткізбеуге үйретеді.
Саяси мәдениеттің жалпы міндеті - белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Солардың бірі - саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың белгілі бір ережелер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлестіктердің біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім алу, балалар және жастар саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін.
Бұрынғы Кеңес Одағында саяси мәдениеке нұқсан келтірілгені белгілі. Ал Одақ ыдырағаннан кейін кейбіреулер мемлекеттік басқару органдарының толық саясатсыздандырылуына, шақыруда.
Президент Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «соңғы уақытта көзқараста алаңдатарлық тенденциялар байқалуда, ал ол мәдени, саяси құндылықтардан жұрдай жас ұрпақтың өсіп, ержетуіне әкелуі мүмкін. Қоғамдық пәндердің екінші дәрежедегі қатарға құлдырауы практикасымен келісуге болмайды». Керісінше, халық демократиялық жолмен даму тәсілдерін, бұрынғы тоталитарлық тәртіпті болдырмау әдістерін жақсы білуі керек. Сондықтан күні кешегі құбыламыздың - Мәскеу, Меккеміздің - Кремль, құранымыздың - СОКП-ның тарихы, мешітіміздің - партияның саяси ағарту үйлері болғандығын есте сақтай отырып, оның ауылының келмеске кеткендігін де қанағат тұтқандығымыз жөн.
Жалпы алғанда адамның ел ішіндегі және басқа елдердегі жағдайлар жөнінде жақсы хабардар болуы - оның саяси мәдениетінің жоғары, тұрақты болуының кепілі.
Халық арасында мәдениеттілік саясатты жүргізгенде мына мәселелерге мән берілгені жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің саяси құқығын, еркі мен міндеттерін білуі, мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, саяси мәселелерді шешу, қоғам мен мемлекеттік басқарудың түрлері жөнінде хабардар болу, мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу, өкімет пен саясат жөнінде білімі болу және т. с. с. Егер өз мемлекетінің және басқа елдің тарихын, олардың қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы түсінігі болса, тіпті орынды болмақ.
Мәдениеттік саясатты жүргізудің тісілдері мол. Оған ең алдымен оқу-ағарту жүйесін жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады. Қазір БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, жер шарының 700 миллионға жуық ересек халқы сауатсыз.
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г. Алмонд пен С. Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz