Ата-аналарға психологиялық кеңес



Ата.аналарға психологиялық кеңес
Психологаялық көмектің бағыттары.
Психологаялық түзету.
Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.
Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ата-аналарға психологиялық кеңес
"Үш-ақ нәрсе - адамныц қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек"
АБАЙ.
Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе,
оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп
айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның
психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан
балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның
қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл
аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-
көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологаялық көмектің бағыттары.
Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр
өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары
шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді
де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың
көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына,
тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен
шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін,
бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер
тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап
болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып
табылады.
Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты
үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмектерді атауға болады.
Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-
жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық
тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы
жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар
мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен
қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің
зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай
жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.

Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін
атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы,
"Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді
ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып
қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай
беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық
мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен
қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай
білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен,
баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да,
балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның
қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу
түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып,
тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да,
сенімдерін де жоғалта бастайды.
Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы
жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына
қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады.
Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын
жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін
мәселе дегіміз келеді.

Психологаялық түзету.
Адам баласы өзінің тіршілік ғұмыры ұзақ па, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасын психологиялық қолдау
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
Психологиялық кеңес жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Психологиялық кеңес беру туралы
Ата - аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Психологиялық кеңес берудің қағидалары
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Пәндер